1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет35/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   135
Бақсы сарыны 

 

Қазақтың «бақсылық» ҧғымына ҽлемдік этнография мен фольклортануда 

ҽбден  қалыптасып,  бекіген  «шаманство»  термині  сҽйкес  келеді.  Бҧл 

терминнің,  ҽсіресе,  мол  қолданылған  кезі  –  XIX  ғасырдың  соңы  мен  ХХ 

ғасырдың  басы.  Одан  кейінгі  уақытта  «шаманизм»  атауы  ҥстем  бола 

бастайды,  бірақ  «шаманство»  да  қатардан  қалмайды.  Бертін  келе  екеуінің 

аражігін ашып,  жеке-жеке ҧғымда  қолданайық дейтін пікірлер де туады. Біз 

де осы соңғы кҿзқарас жағындамыз.  



Бақсылық.  Бақсылар  да  ақын,  жырау,  сал-серілер  сияқты  фольклор 

жасаушылардың  байырғы  ҿкілдерінен  саналады.  Бірақ  бақсының  аталған 

тҧлғалардан  алабҿтен  айырмашылығы  бар.  Оның  негізгі  міндеті  кҿркем 

шығармашылықпен  айналысу  емес,  белгілі  бір  дҥниетанымға    негізделген 

діни культті атқару болып табылады. Бҧл ретте бақсының профессионалдық 

бітімі  ақын,  жырау,  сал-серіден  гҿрі  молдаға,  ламаға,  пасторға,  раввинге 

жақын.  Молда,  лама,  пастор,  священник,  раввин  жалғыз  қҧдайға  сенушілік 

(монотеистік)  тҥсініктерді  уағыздап,  Қҧдай  мен  адам  арасына  дҽнекершілік 

етсе,  бақсы  жасаған  иелерге,  аруаққа,  жынға  табынатын  кҿзқарастардың 

уағызшысы,  солардың  негізінде  қалыптасқан  жораларды,  ғҧрыптарды 

атқарушы. Сондықтан да бақсыны профессионалдық тҧлғасынан бҿліп алып, 

жеке қарастыру мҥмкін емес. 

Сҿз  жоқ,  бақсы  –  шаман  дініндегі  басты  тҧлға,  діни  культті  атқарушы. 

Бірақ кез келген басқа қҧбылыстар сықылды шаман діні де бір орында қатып 

қалған  нҽрсе  емес,  оның  да  туу,  қалыптасу,  даму,  жоғалу  кезеңдері  бар. 

Соған  сҽйкес  бақсының  қоғамдағы  орны  да,  атқаратын  қызметі  де  жҽне  ол 

жҿніндегі тҥсініктер де ҽртҥрлі болуы мҥмкін. 

В.Г.Богораз-Тан  шамандық  дамудың  тҿрт  тҥрлі  кезеңін атайды:  бірінші 

жҽне  ең  ерте  кезеңі  –  ҥй  ішіндегі  бақсылық  (семейное  шаманство).  Бҧл  – 

шамандықтың  рулық  қоғамға  дейінгі  сатысы.  Екінші  кезең  мамандалған 

бақсылар (шаманы-специалисты) пайда  болады. Дегенмен, бҧл кезеңде олар 

ҿз  алдына    бҿлініп  шыққан  ҽлеуметтік  топқа  айнала  қоймаған.  Тҧқым 

қуалаушылық  жолына  да  бақсылық  ҽлі  тҥспеген.  Бақсылардың  арнайы 

тігілген ғҧрыптық киімдері жоқ,  дабылдарында арнайы нышандық белгілері 

жоқ,  кҥнделікті  тҧрмыста  қолданылатын  дабылмен  бірдей.  Бақсылық 

дамудың  бҧл  кезеңі  эксимостар  мен  чукшаларда  сақталған.  Ҥшінші  кезең 

рулық  қоғаммен  байланысты  (мысалы,  тҧңғыстар,  ненецтер,  нивхлар). 

Бақсының    кҿмекшісі  болады.  Бақсылардың  ҽлеуметтік  жҽне  экономикалық 

ықпалы бҧрынғыдан ҽлдеқайда кҥшті. Ол енді ҿндіріске  жҽне ҿнімді бҿлуге 

жетекшілік  етеді.  Ерекше  бақсылық  киімі,  ерекше  дайындалған  дабылы 

болады.  Бҧл  кезең  тайпалық  қоғамға  немесе  ерте  таптық  қоғамға  ҧласады 



 

169 


(сахалар,  буряттар).  Бақсы  қоғамдық  мерекелер  мен  қҧрбандықтарды 

ҿткізуде  белгілі  бір  қызметтерді  атқарады.  Тҿртінші  кезең  –  дамыған 

тайпалық  жҽне  таптық  қоғамда  –  бақсылық  ыдырап,  іріп-шіриді. 

Бақсылықтың бҧл типі шорларға, ҽсіресе, қазақтарға тҽн

1



Бізге мҽлім жазбаша бақылауларға қарағанда, XVIII ғасырдың соңы мен 



XIX  ғасырдың  басындағы  қазақ  бақсылығының  аясы  емдеу,  болашақты 

болжау, жоғалғанды іздеу сияқты қызметтермен шектелетінін аңғарамыз. 

Сонау жоғарғы палеолит, неолит дҽуірлерінде туып, ҧзақ ғасырлар бойы 

дамыған  шаман  діні  аталған  кезеңге    ҿзінің  кҿп  қасиеттерін,  белгілерін 

жоғалтып жеткен. Соған орай бақсының да ырыми қызметтері, атрибуттары, 

реквизиті  жоғарыда  В.Богораз-Тан  айқындаған  соңғы  кезеңге  сҽйкестене 

бастаған болатын. 

Бақсылардың  ҽлеуметтік  ҿмірдегі  орны  XIX  ғасырдың  соңына  қарай 

тіптен  тарыла  тҥседі.  Оның  бір  себебі  1868  жылы  қазақ  даласын  билеудің 

жаңа  ережелеріне  сҽйкес  бақсылыққа  заң  жҥзінде  тыйым  салынуынан, 

екіншіден, мҧсылманшылықтың ҿршуінен (молдалар жын шақыру шариғатқа 

қарсы  келеді,  сондықтан  бақсыдан  кҿмек  сҧрау  кҥнҽ  болады  деп  уағыз 

жҥргізеді), ҥшіншіден, қазақ даласына етек жая бастаған орыс медицинасы да 

бақсылыққа ҿре-тҧра қарсы болады

2



Қазақ бақсылығының кейінге дейін қаймағы бҧзылмай сақталған негізгі  



қызметі  –  емшілік.  Шамандық  сенім  бойынша  адам  екі  тҥрлі  жолмен 

ауырады:  1.  Зиянкес  (злые  духи)  тҽнді  жайлап  алады;  2.  Зиянкес  тҽннен 

жанды ҧрлап алады. 

Бақсылық  емі  де,  негізінен,  осы  екі  зиянкестік  ҽрекетке  қарсы 

бағытталады,  яки  бақсының  емшілік  қызметі  мынадай:  1.  Тҽннен  зиянкесті 

қуу; 2. Ҧрланған жанды тҽнге қайтару. 

Қазақ  демонологиясы  мен  шаманизмдегі  адамға  қас,  зиянкес  кҥштер 

мыналар:  дию,  жын,  пері,  албасты,  марту,  ҥббе,  обыр,  жезтырнақ,  сҿрел, 

кҿнаяқ,  т.б.  Бҧлардың  ҽрқайсысының  ҿзіне  тҽн  қастандық  жасау  жолдары 

бар. Соған орай зиянкестермен кҥресудің тҽсілдері де алуан-алуан. 

Халықтың  тҥсінігінде  жын-шайтандар  ҿз  бет-бейнесімен  кҿзге 

кҿрінбейді, тек шыбын-шіркей, ҿрмекші, бақа, кесіртке, жылан, тҥлкі, мысық, 

ешкі, т.б. тҥрде елестеуі мҥмкін. Қай бейнеге енсе де, олар антропоморфтық 

қасиеттерінен айырылмайды. 

Бақсылар, негізінен, жҥйке ауруына ҧшырағанда, есі ауысқандарға, ауыр 

толғақ  қысқан  ҽйелдерге,  сарып,  сал  ауруымен  ауырғандарға  ем  жасаған. 

Халқымыздың  шаманистік  тҥсінігінде  мҧндай  аурулар  жын-шайтанның 

ҽсерінен  болады.  «Жынды»,  «жын  соққан»,  «перінің  салқыны  тиген», 

«албасты басқан» деп ат қою да сондай тҥсініктерден шыққан. «Қояншық» та 

осы  қатарға  қосылады.  Аталған  сырқат  тҥрлерінің  кҿбін  бақсылар 

психотерапиялық  ҽдіспен  (бақсының  ойыны  арқылы)  емдеген,  алайда,  олар 

                                                

1

  Богораз-Тан  В.Г.  Религия  как  тормоз  соцстроительства  среди  малых  народностей  Севера  //  Советский 



Север. 1932. № 1-2. С. 153-154. 

2

  Отчет  члена-сотрудника  С.Рыбакова  о  поездке  к  киргизам  летом  1896  г.  по  поручению  ИРГО  //  Живая 



старина. 1897. Вып. 2. С. 207. 


 

170 


қажет  кезінде  аллопатиялық,  гомеопатиялық,  хирургиялық  ҽдістерді  де 

қолданған.  Мҽселен,  мерезді  қызылмия  мен  тамыр-дҽрінің  жҽне  басқа 

шҿптердің  қосындысы  арқылы  емдеген

1

.  Қайсыбір  бақсылар  ҥлкен  ісіктерді 



кесіп, алып тастайтын, іріңді жараларды жарып, қызған темірмен кҥйдіретін

2



жіліншікті тесіп, шіріген майын ағызып жіберетін

3

, т.с.с. 



Бақсылардың  негізгі  ырыми  қызметтерінің  бірі  –  болжаушылық.  Қазақ 

бақсылары  болашақты  ҽртҥрлі  ҽдістермен  болжаған.  Бҧлардың  ең  бастысы, 

ҽрине,  жындардың  кҿмегіне  сҥйену.  Бақсы  кез  келген  уақытта  жындармен 

араласа алмайды, ойын ҥстінде ғана тілдеседі. Ал, бақсының ойыны біреудің 

тілегімен,  ҿтінішімен  ғана  ҿткерілетіні  белгілі.  Бақсылар  жалпылама 

сҽуегейлік  жасамайды,  нақты  адамдардың  тағдыр-талайына,  денсаулығына, 

ісіне қатысты болжамдар жасайды. 

Біздің  ойымызша,  бақсының  болжаушылық  қызметі  кейіннен  пайда 

болған дейтін пікір  жаңсақ. Себебі мамандалу процесі ҽрқашанда жалпыдан 

жалқыға  қарай  дамитыны  белгілі.  Ҽу  баста  бақсыға  тҽн  кҿп  қызметтер 

кейіннен  арнайы  мамандарға  кҿше  бастайды.  Соның  бірі  –  болжаушылық 

міндет. Қазақта ол бірте-бірте жауырыншыға, ырымшыға, балгерге ауысқан. 

Келтірілген мысалдар бақсы бойындағы болжаушылық қызметтің  реликтілік 

сипаттарын  айқындайды.  Бҧл  –  бір.  Екіншіден,  бақсының  басты  қызметі 

емшілікке  келетін  болсақ,  бақсы  сырқатты  емдеп  қана  қоймайды,  оның 

ҿткені мен болашағына міндетті тҥрде болжам жасайды: 

 

Науқастанып, қария, 



Кез болыпсың аранға. 

Жалғыз жатып ҧйықтапсың 

Кҥздігҥні сабанға. 

Балаңменен екеуің 

Бидай қаптап алғанда, 

Ашық қалып бетіңіз 

Кірбіңдеп содан қалыпсыз. 

Тамақ жҧқпай бойыңа, 

Етің кетіп, арыпсың. 

Бола ма деп бір себеп 

Ҽр тҽуіпке барыпсың. 

Дҥниеде жан – тҽтті,  

Ҿлемін деп налыпсың. 

Мен айтайын дауасын, 

Ақала, можын, мҥсҽтір  

Талқандап, бҽрін аласың, 

Бір қойыңды соясың, 

                                                

1

 Альфонс Я. Киргиз-кайсацские степи и их жители. СПб., 1845. С. 64. 



2

 Тронов В.Д. Материалы по антропологии и этнологии киргиз // Записки ИРГО по отделению этнографии. 

СПб., 1891. Т.XVII. Вып.2. С. 62. 

3

 Тҧрсынов Е. Қазақ ауыз ҽдебиетін жасаушылардың байырғы ҿкілдері. Алматы, 1976. 57-б. 



 


 

171 


Басқа тамақ қоясың, 

Дҽріменен боласың. 

Ҿлемін деп қорықпа, 

Айтып отыр жындарым: 

Сексен беске барасың, –  

 

дейді. Болжам магиялық тҽсілдерді қолданумен ғана шектелмейді. Бақсылар 



кҿбінше  тамырдың  бҥлкіліне  қарап-ақ  аурудың  себебі  неден  болғанын жҽне 

неге апаратынын айырады. 

Сҿйтіп,  болжаушылық  –  бақсы  атқаратын  негізгі  ырыми  міндеттердің 

бірі  болып  табылады.  Бақсыларға  тҽн  тағы  бір  қызмет  –  жоғалған  малды  не 

затты жындардың кҿмегі арқылы іздеу, анықтау

Міне,  жоғарыда  аталған  қызметтер  жымдаса  келіп,  бақсының  ерекше 

тҧлғасын  жасайды.  Бҽрінің  басын  қосып,  ҧйытқы  болып  тҧрған  –  тҽңірі-

иелерге  деген  нық  сенім.  Бақсы  –  иелермен  тіл  қатысып,  сҿйлесе  алатын, 

айтқанын істете алатын жалғыз ҿкіл. «Бақсы болу ҥшін адамға мың сан жын 

қонуы шарт. Бақсылықтың кҥші де шайтандардың кҿмегіне байланысты»

1



Бҧл  ҽңгімелерден  байқайтынымыз:  тҧқымында  бақсылық  бар  кісі  «мен 



бақсы  боламын»  деп  болмайды,  бҧған  оны  жындар  мҽжбҥр  етеді,  еріксіз 

бақсы  болады.  Қарсы  келгендер  жындардың  қаһарына  ҧшырайды.  Еріксіз 

бақсы болу сарыны бақсының жырында: 

 

Аспандағы менің бес перім, 



Қырық пышақ салдырып, 

Қырық ине маған тҥрітіп, 

Тҿбеме айдар қойдырып, 

Жынға мойын қойдырып, 

Кҿнбегенге кҿндірген, 

Қу ағашқа тҿндірген, 

Ақсақалдан бата алдырған, 

Ақ сарыбас қойды сойдырған, – 

 

деп суреттеледі



2

Жалпы,  «бақсы  ауруын»  инициацияға  қатысты  алып  қарау  дҧрыс 



сияқты.  Ҿйткені,  бақсы  дегеніміз  қатардағы,  жай  адам  емес,  «қайта  туған 

адам»,  яки  пірлер,  жындар  дҥниесімен  араласуға  лайықталып,  «қайта 

жасалған» адам. Бақсы атағын алу ҥшін неше тҥрлі ауыртпалықтарға кҿнуге 

тура келеді. Бақсылық ғҧрыпты атқарушылар – аруақтар, жындар дҥниесінің 

ҿкілдері. Олар былайғы жҧрттың кҿзіне шалынбайды, болашақ бақсыға ғана 

кҿрінеді.  Мҧның  жылдар  бойы  азап  шегуі,  арпалысуы  –  жоғары  кҥш 

иелерімен  араласуға  дайындық  белгісі,  жай  адамнан  ерекше  қасиет  иесіне 

айналу процесі, яки инициациялық ғҧрыпты атқару кезеңі. 

                                                

1

 Живая старина. 1897. Вып.2. С. 207. 



2

 Радлов В.В. Образцы народной литературы тюркских  племен, живущих в Южной Сибири и Дзунгарской 

степи. СПб., 1870. Ч. III. С. 48. Бҧл жайында кеңірек қараңыз: Абылқасымов Б. Телқоңыр. Алматы, 1993. 



 

172 


Осынау  аса  қиын  ҿтпелі  шақ,  адамға  тҽн  қызық,  қуаныштардан 

айырылып,  бҿтен,  тылсым  дҥниеге  бейімделудің  шырғалаңды  ауыр  жолы 

бақсы сарынында: 

 

– Уай, уай, айналайын, Қҧдайым, 



Бір ҿзіңе жылайын. 

Алды-артымды байқасам, 

Қараңғы тҧман – уайым. 

Қанатымнан қайрылып, 

Табанымнан тайрылтып, 

Жасыған жездей майрылтып, 

Туысқан, туған бауырдан 

Тірідей мені айрылтып, 

Кҿнбес бір іске кҿндіріп, 

Қу ағашқа тҿндіріп, 

Жаратқан ие, неңді алдым? – 

 

деп  суреттеледі.  Бақсылық  –  жындардың  бере  салған  оңай  олжасы  емес, 



еріксіз  мойынсҧнудан  туған  тер  тҿгіс,  қиын  міндет,  ауыр  жҥк.  Оның  ҥстіне 

жындардың  болашақ  бақсыны  таңдауы  бала  кҥннен,  тіпті,  жҿргектен-ақ 

басталуы  мҥмкін.  Бірақ  жабысу  мен  табысудың  арасында    белгілі  бір уақыт 

ҿтетін  кҿрінеді.  Ол  –  «бақсылық  ауруы»  кезеңі.  Кесімді  мҿлшері  жоқ:  бес 

жыл  (Диваев),  он  жыл  (Ҧзақбай  бақсы),  он  бір  жыл  (Радлов),  он  тҿрт  жыл 

(Бала бақсы), яки ҽртҥрлі

1

.       


Шамандық наным-сенім бойынша, айналадағы жанды-жансыз заттардың 

немесе қҧбылыс атаулының бҽрінің иесі бар. Бақсы – солардың тілін білетін, 

қыбын табатын адам. Иелері ҿздері таңдап алғандықтан да бақсы – алабҿтен 

қасиетке  ие,  жоғарғы  кҥштер  мен  адамдар  арасын  жалғастырушы  дҽнекер. 

«Бақсылық ауру» осы сенімді одан ҽрі тереңдете тҥсу ҥшін ҿте-мҿте қажет. 

Бақсының синкретті ҿнерінің бір саласы – кҥйшілік, аспабы – қобыз, ал, 

одан да бҧрын – даңғыра, дабыл. Даңғыра, дабыл тарихы кҿк тҥрік дҽуірінен 

ҽрі  асып,  гун  кезеңіне  тіреледі.  Сібір  шамандығында  даңғырадан  ҿзге 

музыкалық  аспап  мҥлде  қолданылмайды.  Сахалар  мен  тубалар  оны  дҥңгір 

десе,  алтайлар  тҥңгір  дейді.  Шамандық  салттарды  атқаруда  даңғыраның 

ырыми қызметтері орасан зор болған.  

Қазақтың  бақсылары  даңғыра,  дабылдан  қашан  қол  ҥзе  бастағанын  дҽл 

айту  қиын

2

.  Даңғыра  XVIII  ғасырда  да  қолданылғанымен



1

, бақсының  негізгі 

                                                

1

 Сағайлықтардың нанымы бойынша, болашақ бақсы туғаннан-ақ дімкес, сырқат болады, бірақ естен тануы 



бақсы болардың алдында кҥшейе тҥседі. Е.Қызыласов дегеннің айтуынша, ол 23 жасында ауруға ҧшырап, 30 

жасқа  келгенде  бақсылық  қонған.  Шорлардың  сенімінде  «бақсылық  ауру»  бір  жылдан  ҥш  жылға  дейін 

созылады  деп  есептелген.  Тубалар  арасында  «бақсылық  аурумен»  сырқаттанудың  басы  10  жас  пен  37 

аралығында  болатын,  т.с.  –  Қараңыз:  Алексеев  Н.А.  Шаманизм  тюркоязычных  народов  Сибири. 

Новосибирск, 1984. С. 112-115. 

2

  Орталық  Қазақстандағы  Жаңғабыл  ҿзені  маңынан  табылған  кҿне  тҥркі  дҽуіріне  жататын  балбал  таста 



арқасына дабыл, бҥйіріне қобыз асынған адамның суреті қашалған. Қараңыз: Шулембаев К. Маги, боги и 

действительность. Алма-Ата, 1975. С. 45. Тҽрізі, ол кездегі бақсылар аталған екі аспапты қатар қолданғанға 

ҧқсайды.  



 

173 


аспабы бҧл кезде қобызға айналып болғанға ҧқсайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет