1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет98/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   135
§ 3. Аңыз 

 

 

Тарихи аңыз. Аңыз жанрын ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас 

кезіндегі  тарихи  оқиғалар  аясынан  да  кездестіруге  болады.  Оның  мҽнісі, 

аңыздың тарихи тегі мен аңыздалған дҽуірі бір-біріне сай келе бермейді.  

 

Мысалы, Сыр бойында сақталған Оқшы ата мазары бар. 1994 жылы сол 



мазардың шырақшысынан мынадай аңыз естігенім бар.  

 

Ертеде қазақ даласын Тоқбура есімді қалмақ билеп тҧрған  заманда бір 



жетім бала қайыр сҧрап, кҥн кҿреді екен. Оны бір кемпір мен шал бала етіп 

асырап  алып,  ҿздерінің  жалғыз  қызына  аға  етеді.  Тоқбура  елдегі  жас 

қыздардың тізімін жасатып, жасы он беске толған қыздарды қойнына басып 

отырған. 

 

Жетім  бала  шал  мен  кемпірдің  қолында  ҿсе  береді.  Оны  ел  Кҿгентҥп 



атап  кетеді.  Бірде  ол  ҧзақ  сапарға  шықпақ  болады.  Бірақ  ҽкесі  оған  қарсы 

болып, қарындасың жақын арада он беске толады, соны қалмақтан аман алып 

қалудың  шарасын  ойластыр  дегенді  айтады.  Бала  ҿз  айтқанынан  қайтпай, 

Қарнақ  шаһарына  барып,  қысқы  азығын  жинауға  кіріседі.  Жол  жҥріп  бара 

жатып,  ҽкесіне:  «Егер  қалмақтың  ханы  қарындасыма  кісі  жҧмсаса,  менің 

атымды айтып ҥш рет айқайла, мен есітемін де, жылдам жетемін,» – дейді.  

 

Кҿгентҥп  арпа  жинап  жҥргенде  қарындасы  он  беске  толып,  ізінше 



Тоқбураның жендеттері қыз бен бір қойды алып кетеді. Қапаланған ҽкесі бар 

дауысымен «Кҿгентҥп» деп айқайлайды. Оның даусын Қарнақтағы Кҿгентҥп 

естіп,  бір  уыс  арпаны  жҧлып  алып:  «Я  қҧдайдың  мылтығы  ҧрсын,  Тоқбура 

қалмақты арпаның қылтығы ҧрсын,» – дейді.  

 

Еліне  келсе,  Тоқбура  қалмақ  ҿлген  екен.  Ел  іші  қуанышты.  Ауылдың 



кейбір  белсенділері  оны  мен  ҿлтірдім  деп,  ҿзара  таласуда  екен.  Кҿгентҥп 

болған  жайды  баяндап  береді.  Мҧны  естіген  ел  ҿлі  денені  сойып  кҿрсе,  бір 

уыс арпаның қылтықтары оның жҥрегіне қадалған екен. Содан бері Кҿгентҥп 

ҽулие саналып, Оқшы ата атанған екен деседі аңыз. 

 

Аңызда  Тоқбура  есімді  қалмақ  ханы  аталса  да,  оқиға  Қоқан 



билеушілерінің  іс-ҽрекетіне  кҿбірек  ҧқсайды.  Он  беске  толған  қыздардың 

тізімін жасату, негізінен, солардың кҽсібі болған. Жанқожа оқиғасы да осыны 

білдіреді.  Сондықтан  бҧл  ХVІІІ  ғасыр  емес,  ХІХ  ғасырдың  екінші 

жартысында  болған  оқиғаға  қҧрылған  аңыз  болып  шығады.  Ешбір  жазбаға 




 

462 


тҥспегеніне қарағанда, аңыз фольклорлық айналымға бергі жерде тҥскен.  

 

Аты  аңызға  айналған  орта  ғасыр  қалаларының  бірі  –  Жанкент.  Ол 



туралы  деректер  араб  саяхатшыларының  жазбаларынан  кездессе  де,  ХХ 

ғасырдың бас кезінде В.Аничков, Н.Веселовский, В.Верещагин, В.Григорьев, 

П.Лерх,  А.Макшеев,  Л.Мейер  секілді  орыс  ориенталистері,  «Петербургские 

академические  ведомости»,  «Петербургские  ведомости»,  «Москва», 

«Сибирские  ведомости»,  «Русский  инвалид»  секілді  басылымдар  да  тҥрлі 

деректер  жариялаған.  Солардың  бірқатары  аңызға  жуық.  Оларда  Жанкент 

бірде жер асты қаласы, бірде кҿне, тағы бірде Жаңақала болып аталады. Бҧл 

жерде Шаншар ханның сарайы болған-мыс.  

 

Жанкент  –  тҥрлі  аңыз  сюжеттерінің  тууына  себеп  болған  қала.  Оған 



қатысты аңызды Е.Александров «Туркестанские ведомости» газетінде (1885, 

№45-46),  одан  соң  А.Нестеров  1898  жылы  жазып  алып,  жариялаған. 

Айтушысы – Т.Жайлаубаев. Аңыздың желісі мынадай:  

 

Ертеде  Сыр  бойы  шамамен  32  жастағы  Жҽңгіт  ханға  қарапты.  Ҧзын 



бойлы, келбетті ханмен ешкім кҥш сынаса алмайды екен. Оның Айсҧлу атты 

жанындай жақсы кҿретін ҽйелі бар екен.  

 

Бірде Жҽңгіт аң аулап, саят қҧруға шығады. Айсҧлу болса, ҥйде қалып, 



қалың  қара  шашын  тарап  отырады.  Бір  сҽтте  шауып  келе  жатқан  аттың 

дҥбірін  естіп,  Жҽңгіт  келеді  екен  деп  қуанып  отырса,  қақпадан  араб  қҧл 

кіреді. Айсҧлу жаман хабар ҽкелген деп шошып, сҧрақ қоюға бата алмайды. 

Артынан  есін  жиып:  «О,  менің  иемнің  қҧлы!  Не  болып  қалды,  айтшы  

маған?» – дейді.     

 

Жҽңгіттің амандығын, сарайда аңға шыққанда пайдаланатын қылышын 



тастап  кеткенін  айтқан  қҧл  ҿзінің  Айсҧлуға  ғашықтығын  білдіріп:  «Сені 

қҧшағыма  алып,  сағынышымды  басқым  келеді.  Егер  Жҽңгіт  аман  қалсын 

десең,  менің  айтқаныма  кҿн.  Егер  қуып  жіберсең,  сені  ҥлкен  қайғы  кҥтіп 

тҧр,» – дейді.  

 

Қҧлға  қылышты  ҧстатқан  Айсҧлу  оның  жағынан  тартып  жібереді  де: 



«Жылдам  шап,  қара  ниетті  қҧл,  ханға  барғанда  басыңды  иіп  тҧр,  мына 

қылыш сенің ҿміріңді ҿшірсін,» – дейді. 

 

Қҧл  ханға  кҿп  кешігіп  келеді.  Хан  ашу  шақырып,  оның  себебін 



сҧрағанда, қҧл:  «Айсҧлу сіздің кҿзіңізге шҿп салғысы келді. Мені қҧшағына 

алғанда басым айналып, бірақ ат кісінеп, тез есімді жиып алдым,» – дейді. 

 

Жҽңгіт ордасына қарай шауып, алдынан шыққан Айсҧлудың қолдарын 



шауып  тастайды.  Осы  кезде  қызын  кҿруге  Айсҧлудың  ҽкесі  келген  еді.  Ол 

қызының  жайын  кҿріп  себебін  сҧрайды.  Болған  жайды  білген  соң:  «Егер 

қызым кінҽлі болса, оны Алла ең қиын жазамен жазаласын,» – дейді. 

 

Сонда  Жҽңгіт  хан  тҧрып:  «Егер  Айсҧлудың  кінҽсі  жоқ  болса,  Алла 



тағала мені жазаласын,» – дейді. 

 

Осы  кезде  қыз  орнынан  тҧрып,  ҧзын  қолдарын  ҽкесіне  созады.  Қала 



ҥстінен  қатты  қҧйын  тҧрып,  қараңғылық  орнайды.  Жан-жақтан  сҧсты 

жыландар қаптап, шаһарды басып қалады. Жҽңгіт, оның қҧлдары опат болып, 

ақбоз ат мінген Айсҧлулар ғайып болады.  

 

Бҧл  ХІХ  ғасырдың  аяқ  шенінде  хатқа  тҥскен  аңыз  болса  да,  ҽлі  кҥнге 




 

463 


дейін  фольклорлық  айналымнан  тҥспеген.  Оның  шағын  бір  ҥлгісін             

1978  жылы  біз  де  жазып  алғанбыз.  Мазмҧны  Жанкент  шаһарын  жыландар 

басып қалыпты деген ҧғымға саяды.  

 

Жанкент – бҧл аймақты мекендеген халықтардың ой-санасынан елеулі 



орын  алған  шаһар.  Ол  туралы  аңыздан  циклдану  процесі  де  байқалады.  Бір 

қызығы, бҧл аңыздың жалғасы бар. Оның қысқаша сюжеті мынадай: 

 

Жанкент орпатынан соң бҧл шаһарға ешкім бармаған. Бара қалғандары 



қайтып оралмаған. Сондықтан ел қаланы айналып ҿтетін болған.  

 

Шаһарды  жылан  басып  қалса  да,  аман  қалған  екі  кісі  бар  еді.  Олар 



Кҿкалтас жҽне Мірғаран медресесіне тҥсіп, оқиды. Арада жылдар ҿтеді. Мал 

қымбаттап, бір қойшы Қазалы жерінен Бҧхарға қой айдап барады. Малдарын 

Сырдариядан  тҥнде  ҿткізіп,  таң  қылаң  бере  қараса,  серкенің  мҥйіздеріне 

оралып  тҧрған  қос  жыланды  кҿреді.  Олар  сабырлы  кейіп  сақтап,  қозғалмай 

тҧрған  соң,  қойшының  да  жҥрегі  орнына  тҥседі.  Кҥн  бата  жыландар  жоқ 

болып,  таң  ата  қайта  пайда  болады.  Осы  бетімен  қойшы  Бҧхар  шаһарына 

жетеді.  Жыландар  да  серке  мҥйізінен  тҥсіп,    ҿз  беттерімен  кетеді.  Олардың 

бірі  Мірғаран,  екіншісі  Кҿкалтас  медресесіне  қарай  бет  алып,  баяғы  аман 

қалған екеуді шағып ҿлтіреді. 

 

Аңыз  мҧнымен  де  аяқталмайды.  Бҧхар  билеушісі  Жанкент  туралы 



сансыз  аңыз-ҽңгімелер  естіп,  оның байлығына  қызығады.  Қҧсбегін  бас  етіп, 

10  000  ҽскер  жҧмсап,  жыландар  басып  қалған  жердегі  байлықьты  алып 

келуге  бҧйырады.  Бірақ,  олардың  бірде-біреуі  қайтып  оралмайды.  Мҧны 

кҿрген  патша  сиқыршы  кҥшімен  ҥш  ай  бойы  жыландарды  арбатып,  ақыры, 

байлықты қолына тҥсіреді. Қалаға алғаш кірген ҥстіне ақ кҿйлек, басына ақ 

шалма байлаған, намаз оқитын қария болады

1



 



Қазақ  фольклорында  эпостық  жырлардың  циклдануы  байқалады.  Ал 

аңыз  жанрының  тармақталуы  сирек  қҧбылыс.  Жанкент  туралы  аңыздардың 

бірнеше  саладан  тҧратыны  оның  ел  санасына  елеулі  орын  алғанын 

аңғартады. Басы – миф, аяғы – ислам идеясы. 

 

Осыған жуық аңыз Ҿзгент шаһарына байланысты да айтылады. Ертеде 



Ҿзгент  Аққорғанға  дейін  созылып  жатқан  ҥлкен  шаһар  екен.  Бірде  кҿрші 

тауда  адам  жҧтатын  жылан  пайда  болып,  тыныштық  бермейді.  Ақыры, 

ҿзгенттіктер  оған  кҥніне  30  жігіт  жҽне  30  қыз  беріп  тҧруға  уағдаласады.  Ел 

жыланнан зардап кҿріп, Аллаға жалбарынумен болады. Ақыры, Алла оларға 

Қылышбурхан  есімді  жігіт  беріп,  ол  тауға  барып,  тоғыз  басты  жыланды 

ҿлтіреді.  Бірақ  олар  жыланды  кҿмуді  ҧмытып  кеткен  еді.  Ел  жиналып,  той 

жасап  жатқанда,  жыланның денесі  сасып,  халықты  улайды.  Сол  кезден  бері 

Ҿзгент қаңырап, бос қалыпты дейді. 

 

Мҧндағы  тоғыз  басты  айдаһармен  кҥрес  –  қазақ  ертегілерінде  жиі 



кездесетін сарын. Жыланға қыз беру де қазақ фольклорына бҧрыннан белгілі. 

Бҧл  халықаралық  сюжет.  Бірақ  бҧл  аңыздың  соңында  ҿзгешелік  бар.  Ол 

Ҿзгент шаһарының тағдырына қатысты болып, оның не себепті бос қалғанын 

                                                

1

 Қоңыратбаев Т. Ертедегі ескерткіштер. Алматы, 1996. 160-164-б. 



 


 

464 


анықтап тҧр.     

 

Мҧның  бҽрі  кейінгі  заманда  аңыздалған  сюжеттер.  Бірақ,  бҧдан  аңыз 



жанры  ХІХ  ғасырмен  тҧйықталады,  ХХ  ғасырда  туған  аңыз  жоқ  деуге  тағы 

болмайды.  Орыс  халқындағы  Чапаев,  Буденный,  Котовскийлер  секілді, 

есімдері  қазаққа  мҽлім  Қажымҧқан,  Ҽміре,  Сҧлтанбек  Қожанов,  Ғани 

Мҧратбаев,  Бауыржан  Момышҧлы,  т.б.  туралы  аңыз-ҽңгімелердің  туып, 

фольклорлық айналымға тҥсуін аңыз жанрының жалғасы ретінде қабылдауға 

болады.  Кҥш  иесі  Қажымҧқан  тҧсында  оның  дҥлей  кҥші  марапатталса, 

Ҽміренің  даусы  7-8  шақырымға  жетеді-міс.  Сҧлтанбек  Голощекин, 

Сталиндерге  бой  бермесе,  аты  аңызға  айналған  тҧлғалардың  бірі  –  Ғани. 

Кеңес  Одағының  батыры  Бауыржан  Момышҧлының  Ҧлы  Отан  соғысы 

кезіндегі істері де аңызға ҧласа бастаған сюжеттер.   

 

Аңыз  жанрына  арқау  болған  тақырыптар  тҧсында  мынадай  ерекшелік 



байқалады.  Олар  бірде  мифологиялық  (Кҿгентҥп),  бірде  топонимикалық 

(Жанкент,  Ҿзгент),  бірде  антропологиялық  (Қажымҧқан,  т.б.)  болып 

отырады. Бҽрінің арқауында тарихи шындық жатса да, олар аңыздық сипатқа 

ие бола бастаған.  

Ҽрине, қазақ аңыздары бҧл сюжеттермен ғана шектелмейді. Ол кҿбіне 

елеулі болған тҧлғаларға қатысты туып, бірте-бірте фольклорлық айналымға 

тҥсіп  отырса  керек.  Қоғам  бар  жерде  сол  қоғамның  кҿркем  бір  кҿрінісі 

ретінде аңыз да мҽңгі жасай бермек. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет