1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ


ІІІ-БӚЛІМ. ЖАҢА ДӘУІРДЕГІ ФОЛЬКЛОР



Pdf көрінісі
бет95/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   135
ІІІ-БӚЛІМ. ЖАҢА ДӘУІРДЕГІ ФОЛЬКЛОР 

 

Жалпы сипаты 

 

Бҧл кезең ХVІІІ ғасырдан бергі  уақытты қамтиды. Ҽлбетте, фольклор  – 



ҿмірдің  ағымы  сияқты  тез  ҿзгере  беретін  қҧбылыс  емес.  Дегенмен,  халық 

тҧрмысымен, оның санасымен тікелей байланысты болған соң ол да ҽр кезде 

ҿзгеріске  ҧшырап  отырады.  Қазақ  хандығының  Жоңғар  хандығымен  ҥш 

ғасырдай  жҥргізген  соғысы  халық  ҿмірінің  барлық  саласына  ҽсер  етті,  ал 

рухани мҽдениетте ерекше із қалдырды. Фольклор да айтарлықтай жаңарып, 

оның  жанрлық  қҧрамы  толыға  тҥсті  ҽрі  кҿркемдік  сапасы  да  артты.  Бізге 

жеткен  фольклор  нҧсқалары,  негізінен,  осы  жаңа  дҽуірде,  яғни  ХVІІІ-ХІХ 

ғасырларда  сҧрыпталып,  кҿркемдік  жағынан  ҽрленіп,  жҥйеленіп,  осы  кҥнгі 

қалпына  жеткен  деуге  болады.  Бҧл  кезеңде  ертеден  келе  жатқан  батырлық 

жырымен қатар жаңа эпикалық жанр – тарихи жыр барынша етек алып, жеке 

тҥр  ретінде  ҥлкен  қарқын  алды.  Тарихи  жырдың  мазмҧны  да  байи  тҥсті. 

Оның  шығармаларында  енді  тек  қана  қалмаққа  қарсы  соғыс  жырланып 

қойған жоқ. Жаңа туындаған тарихи жырда Ресейдің отарлық саясаты мен іс-

ҽрекетіне,  сондай-ақ  қоқандықтардың  шапқыншылығына  кҿрсетілген  елдің 

қарсылығы  жырланатын  болды.  Еліміздің  ҽр  тҧсында  бірінен  соң  бірі  орын 

алған  кҿтерілістерде  қол  жинап,  ел  басқарған  қайсар  азаматтардың 

батылдығы  мен  ерлігі  халық  санасында  тарихи  жыр  тҥрінде  жаңғырып 

жатты.  Бҧл  жағдай  жаңа  жырмен  бірге  кҿптеген  аңыздарды,  ҿлең  мен  ҽн-

кҥйді  дҥниеге  ҽкелді.  Олардың  да  мазмҧны  ҽр  алуан  болды.  Бірде  орыс 

ҽскерімен  ҧрыс  баяндалса,  енді  бірде  қоқандықтарға  қарсы  соғыс 




 

446 


ҽңгімеленеді,  бірде  қазақ  қайраткерлерінің  елшілік  істері  айтылады.  Сырым 

бастаған кҿтеріліс туралы аңыз, ҽңгімелер, «Ерназар-Бекет», «Досан батыр», 

«Жанқожа 

батыр», 


«Кенесары-Наурызбай» 

жырлары, 

Қаздауысты 

Қазыбектің  Қонтажыға  барған  елшілігі  жайындағы  аңыздар  қазақ 

фольклорына  жаңа  тақырып  пен  жаңа  тҥр  енгізіп  қана  қойған  жоқ,  олар 

фольклор қҧрамын ҿзгертті, фольклорға саяси мағына берді.  

ХVІІІ-ХІХ  ғасырларда  қазақ  фольклоры  шешендік  сҿздермен  жҽне 

шежірелермен  молықты,  аңыздың  ішкі  тҥрлерімен,  хикаятпен  жҽне 

ҽпсаналармен толықты.  Тарихи жырдың тағы бір  тҥрі  – реалды тарихи эпос 

қалыптасты 

(«Қаншайым-Наурызбай», 

«Айман-Шолпан», 

«Сҧраншы 

батыр»).  Бҧл  жанр,  негізінен,  Қытай  жерінде  қалған  қазақтардың  да 

«Мырзаш  батыр»,  «Тҥкібай-Шолпан»  сияқты  жырлары  тҥрінде  айқын 

кҿрінді.  Халық  поэзиясының  шағын  тҥрлері  де  туындап  жатты.  Атап 

айтқанда,  тарихи  ҿлең  мен  қара  ҿлең  ҿмірде  болып  жатқан  алуан  тҥрлі 

оқиғаларды  қамтып,  халық  санасына,  эстетикалық  талап-талғамына  сҽйкес 

баяндады. Атақты «Қаратаудың басынан кҿш келеді» мен халық тҧрмысында 

жиі  қолданылатын  ҽдет-ғҧрыптық  мҽндегі  ҿлеңдер  ел  қажеттілігін  ҿтеді. 

Мҽселен,  ел  басына  тҥскен  қиын-қыстау  сҽттерде  қоштасу  сияқты  жанр 

пайдаланылғанын  айтуға  болады.  Кей  жағдайларда  тарихи  ҿлең,  қара  ҿлең, 

қоштасу  –  бҽрі  араласып,  астасып  кетеді  де,  бір  ҿлеңде  бірнеше  жанрдың 

белгісі бірігіп кеткені байқалады. 

Жаңа  дҽуірдегі  фольклорлық  дҽстҥрдің  ҿрлей  тҥсуіне  ақындар  мен 

жыршылар ерекше ҥлес қосты. Олар ҿмірде болған ірі оқиғалардың арасында 

болып,  соның  ізімен  кҿргендері  мен  естігендері  туралы  неше  алуан  ҽңгіме, 

аңыз,  ҿлең  тудырып  отырған.  Олар  тудырған  шығармалар  ауызша  туып, 

ауызша  тарағандықтан  бірте-бірте  фольклорлық  айналымға  тҥсіп,  алғашқы 

авторлық  шығарма  халық  дҥниесіне  айналған.  Бізге  жеткен  кҿптеген 

жырдың, ҿлеңнің, ҽн-кҥйдің фольклорлық сипатта болуының басты себебі  – 

осы.  Ҽрине,  фольклорлық  циклге  тҥскен  шығарма  айтыла-айтыла  ҽрленеді, 

қосымшалармен толығады, сҿйтіп, бірнеше орындаушының ҿңдеуінен ҿткен 

соң халықтың тҥсінік-пайымын бойына сіңіреді ҽрі дҽстҥрлі тҥрде айтылып, 

даралықтан  айрылады.  Сондай  халді  тек  ҿлеңдер  ғана  емес,  бҧрыннан  келе 

жатқан  эпостар  да  бастан  кешірді,  сол  себепті  де  олар  біздің  заманға  кҿп 

нҧсқалы  болып  жетті.  Ақындар  мен  жыршылар  жаңа  оқиғаны  ғана  сҿз  етіп 

қоймай,  олар  ежелгі  жырларды  да  бірде  жаңғырта,  бірде  дҽстҥрлі  тҥрінде 

жырлап, ескі мен жаңаны қатар ҿзінің жадында, репертуарында сақтап жҥрді. 

Қазіргі  кезде  оқып  жҥрген  классикалық  эпостар,  ҽсіресе,  батырлық  жҽне 

ғашықтық  жырлар  осы  кҥнгі  қалпына  сол  ХVІІІ  жҽне  ХІХ  ғасырда  жеткен. 

Ҽйгілі  Жанақ,  Шҿже,  Марабай,  Мҧсабайлардан  ХІХ  ғасырда  жазылып 

алынған мҽтіндер ойымызға толық дҽлел бола алады. 

Айтылмыш  кезеңде  қазақ  фольклорына  исламның,  Шығыс  фольклоры 

мен  ҽдебиетінің  ҽсері  кҥшейеді.  Ғҧрыптық  фольклорға  енді  мҧсылмандық 

нышандары молдап еніп, тҧрақты белгіге айналады. Ел арасына қисса, хикаят 

деген  атаумен  Шығыс  дастандары  кеңінен  тарайды.  Солардың  ҥлгісімен 

ақын-жыршылар  дҽстҥрлі  қазақ  сюжеттерін  дастанға  айналдырып,  ҧлттық 




 

447 


фольклорда  дастан  жанрын  қалыптастырады.  Осының  ықпалымен  хикаялық 

(новеллалық) ертегі ҿріс алды. Ежелгі қиял-ғажайып пен батырлық ертегілер 

жаңа кҿркем сапаға кҿшеді, олар мазмҧн мен идея жағынан хандық мемлекет 

ауанына  ыңғайландырылады.  Жаңа  заманғы  ҧғым-тҥсініктер  талабына  сай 

ескі  кейбір наным-пайымдар  қайта  қаралып,  жоққа  шығарылады,  сыналады. 

Соның нҽтижесінде сықақ кҥшейіп, сатиралық ертегі бой кҿтереді. Осындай 

сықаққа негізделген ҿтірік ҿлең ерекше кҿрініс береді. Ҿтірік  ҿлеңде ежелгі 

ритуалдық  кҥлкінің  орнына  ҽжуа-сықақ  орнығып,  кҥлкі  ҥлкен  сатиралық 

мазмҧнға,  аллегориялық  мағынаға  ие  болады.  Жаңа  жҧмбақтар  мен  жаңа 

мақал-мҽтелдер  де  пайда  болып,  дидактикалық  қызмет  атқарады.  Балалар 

фольклоры  да  осы  кезеңде  орнығады.  Сҿйтіп,  ХVІІІ-ХІХ  ғасырларда  қазақ 

фольклорының  барлық  дерлік  жанры  даму  ҥстінде  болды,  олар  халықтың 

рухани  қажетін  толығымен  ҿтеп  отырды.  Эпикалық  жанрдың  бҧрынғы  да, 

жаңа тҥрлері де, шағын жанрлар да, жаңадан пайда болған жанрлар да – бҽрі 

біртҧтас  кҿркем  жҥйеге  айналды,  қоғамның  мҽдени  сҧранысын  мейлінше 

қанағаттандырды.  Фольклор  толық  сҿз  ҿнері  ретінде  авторлық  ҽдебиетпен 

қатарласа ҿмір сҥрді, ҽдебиеттің біраз қасиетін қабылдады, ал, дастан сияқты 

жанр ҽдебиетке жақындай тҥсті.   

ХІХ ғасырда қазақ даласына тіршіліктің жаңа бір тҥрі – ҥлкен ҿндірістік 

ҿмірдің енуіне байланысты фольклор қҧрамында «жаңа бір сала – жҧмысшы 

жырлары  туып,  дами  бастады...  Кҥнделікті  тірлік,  азапты  ауыр  тҧрмыстан 

туған  ҽңгіме-жырлар  мен  мақал-мҽтелдерден  жҧмысшының  ой-пікірі, 

қоғамдық  қҧрылысқа  деген  кҿзқарасы  да  аңғарылады»

1

.  Қазақ  жҧмысшы 



фольклорын  зерттеушілер  оны  «тақырыбына,  дҽуіріне  қарай  ҥш  салаға 

жіктейді: 1) ауыр еңбек, азапты ҿмір жайындағы ҿлең жырлар; 2) орыс-қазақ 

жҧмысшыларының 

достығы 


мен 

ерлік 


кҥресі 

туралы 


жырлар;                         

3)  империалистік  соғыс  дҽуіріндегі  жҽне  1916  жылғы  кҿтеріліс  жырлары»

2



Ҽрине,  бҧл  жіктеудің  негізінде  кеңес  ҿкіметінің  саяси-идеологиялық 



ҧстанымы  жатқаны  анық.  Дей  тҧрғанмен,  зерттеушілер  қазақ  фольклорында 

мҥлде  жаңа  жанр  пайда  болғанын  дҿп  басып,  кҿре  білген,  оның 

ерекшеліктерін  де  аша  алған.  Сол  себепті  де  біз  ХІХ  ғасырдың  екінші 

жартысында  қазақ  фольклоры  тағы  бір  жанрмен  толыға  тҥскенін  айтуға 

тиістіміз. 

Жалпы,  фольклор  –  табиғатынан  консервативті руханият,  ол  қоғамдағы 

ҿзгерістер  мен  тіршілік  ағымына  ҥнемі  ілесіп  отырмайды,  жедел  ҿзгере 

қоймайды. Бірақ соған қарамастан дҥбірлі ХХ ғасыр фольклорды да айналып 

ҿтпеді,  оған    да  ҿз  ықпалын  жасады.  Кҥллі  мҽдениет  сияқты,  фольклор  да 

кеңес  ҿкіметі  мен  компартияның  саяси-идеологиялық  қыспағына  тҥсті.  Ең 

алдымен,  фольклор  екі  жікке  бҿлініп  қаралды.  Оның  біртҧтас  руханият 

екендігі  жоққа  шығарылып,  оны  бағалауда  таптық  кҿзқарас  негізге  алынды 

да, фольклорды «халықтық» жҽне «халыққа жат» деп тану орнықты. Мҧның 

ҿзі фольклорды біржақты жинап, зерттеуге ҽкеліп соқты. Соның салдарынан 

                                                

1

 Қазақ ҽдебиетінің тарихы. Алматы, 1960. 1-т., 1-кітап. 715-б. 



2

 Сонда. 717-б. 




 

448 


фольклордың дінге, ҽдет-ғҧрыпқа байланысты салалары назардан тыс қалды, 

ал,  классикалық  фольклор  жазба  ҽдебиеттің  заңдылықтарымен  зерттелді. 

«Совет  фольклоры»  болуға  тиіс  деген  идеологиялық  ҧран  ежелгі 

фольклордың  ҿзін  бҧрмалауға  жҽне  жаңадан  жыр,  дастан,  тіпті,  жаңа  ертегі 

мен  ҽпсаналарды  ойлап  шығаруға,  орындауға,  жинауға,  зерттеуге  мҽжбҥр 

етті.  Сҿйтіп,  халық  ақындары  «жаңа»  фольклорлық  шығармалар  туғызды, 

таптық-ҽлеуметтік  жырлар  мен  дастандарды  шығарды.  Партия  кҿсемдері 

туралы  жасанды  ҽңгімелер  мен  ертегілер  дҥниеге  келді.  Бҧл  жасанды 

фольклор  ХХ  ғасырдың  60-шы  жылдарында-ақ  сынға  ҧшырады,  оның  қате 

екені  мойындалып,  ғылым  енді  біртіндеп,  негізінен,  халықтың  ҿткен 

замандарда  тудырған  фольклорын  бҿлмей-жармай,  біртҧтас  мҧра  деп 

бағалап, тереңдей зерттеуге бет бҧрды. 

Алайда,  ақиқатын  айтар  болсақ,  фольклор  ҥлгілері  ХХ  ғасырда  да 

туындап жатты. Бірақ ол ресми саясат қолдаған жасанды фольклор емес-тін, 

ҽрі  ҥлкен  эпос  та,  дҽстҥрлі  ертегі  де  емес  еді.  Бҧл  дҽуірде  пайда  болған 

фольклордың  дені  –  ҿлеңдер  мен  анекдоттар,  аңыздар  мен  ҽңгімелер, 

жҧмбақтар  мен  мақал-мҽтелдер  болды.  Бҧлар  кҿп  жағдайда  болмыстың 

ҿзінен  туындап  жатты,  кейде  ескі  фольклорды  жаңашалаудың  нҽтижесінде 

пайда болып жатты. Жоғарыда айтылғандай, ХХ ғасырдың бас кезінде туған 

жҧмысшы  фольклорының басым  кҿпшілігі бҧрынғы  формада  туған  ҿлеңдер 

мен  аңыз-ҽңгімелер  болды.  Бҧл  жағдайды  1916  жылғы  кҿтеріліске 

байланысты  пайда  болған  фольклордан  да  байқау  қиын  емес.  Мҽселен, 

кҿтерілістің  алғашқы  кезеңіндегі  ел  басына  тҥскен  ауыр  жағдайды 

суреттейтін толғаулар, одан кейінгі шақта, яғни ҧрыстар туралы баяндайтын 

жорық  ҿлеңдері,  ал,  кҿтеріліс  жеңілген  тҧста  туған  қоштасу  ҥлгілері, 

майданға  барған  жігіттердің  елге  жолдаған  сҽлем  хаттары,  бір  жағынан, 

дҽстҥрлі формада болса, екінші жағынан, жаңа тақырыпқа арналған болатын. 

Сҽлем хат жанры бертінгі Ҧлы Отан соғысы жылдарында ерекше дамыды. 

ХХ  ғасырдың  30-40  жылдары  ежелгі  фольклор  ҥлгілерін  жаңғырта 

жырлау  тҽжірибесі  орныққанын  айтпасқа  болмайды.  Атақты  ақындарымыз 

ҿзінің    шығармаларымен  қатар  ескі  эпостарды  жырлаумен  шҧғылданып, 

оларды  кҿркемдік  жағынан  ҽрлей  тҥсті,  бірақ  идеялық  тҧрғыдан  жаңаша 

пайымдады («Ҿтеген батыр», «Нарқыз», т.б.). Ҽлбетте, бҧлар жаңа фольклор 

деп  есептелмеді,  алайда,  олар  кеңестік  ҿмірде  халық  шығармашылығы 

тоқтамағанының  дҽлелі  ретінде  қабылданды.  Ал,  шындығында,  бҧл 

жаңғырулар  идеологиялық  тапсырыс  пен  талаптан  туған  еді.  Сҿз  жоқ,  қай 

заманда да халық шығармашылығы болады, бірақ ол ҽртҥрлі сипатта, ҽртҥрлі 

кҿрініс  береді.  Соның  жарқын  кҿрінісін  ХХ  ғасырдағы  фольклордың 

жағдайынан аңғаруға болады. 

Егер  фольклордың  тарихын  оның  қоғамда  атқарған  ҽлеуметтік  ҽрі 

эстетикалық  қызметі  тҧрғысынан  қарасақ,  қазақ  фольклорының  шарықтап, 

халықтың  бҥкіл  рухани  сҧранысын  ҿткерген  кезеңі  –  ХХ  ғасырдың  бірінші 

жартысымен  шектеледі  деуге  болады.  Бірақ  қазақ  фольклоры  ХХ  ғасырдың 

екінші  жартысында  да  ҿмір  сҥруін  тоқтатқан  жоқ.  Ол  ҿміршеңдік  танытып, 

осы дҽуірде де ҿзінше, профессионалды ҽдебиетпен, мҽдениетпен қатар ҿмір 



 

449 


сҥріп  жатты,  ҽрине,  бҧрынғы  қалпындағыдай  емес.  Ол  ҥш  тҥрлі,  яғни  ҥш 

бағытта  ғҧмыр  кешті.  Біріншісі  –  ескі  жанрлардың  кейбірі  пассивке  кҿшіп, 

ҧмытыла  бастады  (бақсы  сарыны,  арбау,  жалбарыну,  жарапазан,  тҿрт  тҥлік 

туралы  ҿлең,  бҽдік);  екіншісі  –  эпикалық  жанрлар  жаңа  туындылармен 

байыған  жоқ.  Олар  классикалық  мҧраға  айналып,  жаңа  дҽуір  мҽдениетіне 

негіз  болды,  оның  қайнар  кҿзі  ҽрі  ажырамас  бҿлігі  ретінде  ҿмір  сҥрді 

(батырлық  жыры,  ғашықтық  жыры,  тарихи  жыр,  ертегілер).  Олар  кҿркем 

ҽдеби,  музыкалық  шығармаларға  негіз  болып,  профессионалды  кино  мен 

театр туындыларына айналды, сҿйтіп, қоғамға ҽрі тҽлімдік, ҽрі танымдық, ҽрі 

эстетикалық  қызмет  атқарды.  Сондай-ақ,  халықтың  классикалық  мҧрасы 

ретінде фольклорлық шығармалар арнайы тҥрде, ресми мерекелі шараларда, 

кейде  жасҿспірімдер  ҥшін  орындалып  жҥрді  (ҿлеңдер,  халық  ҽндері  мен 

кҥйлері,  халық  биі  мен  қолҿнер  бҧйымдары,  ертегілер);  ҥшіншісі  –  ХХ 

ғасырдың  ҿзінде  де,  бҥгінгі  кҥнде  де  фольклордың  жаңа  тҥрлері  туындап 

жатқаны. Мҽселен, ҿлең, мақал, мҽтел, жҧмбақ сияқты жанрлар Кеңес ҿкіметі 

тҧсында  соны  сипат  ала  отырып,  жаңа  ҥлгіде  де  пайда  болып  отырды. 

Бҧлармен қатар қазақ фольклорында анекдот жанры да бой кҿрсетті. Мҧның 

ҿз  себебі  бар  еді.  ХХ  ғасырда  қазақ  халқының  біраз  бҿлігі  ҥлкен  қалаларға 

қоныс  аударды,  ҿндірісте,  мемлекеттік  мекемелерде,  оқу  орындарында 

жҧмыс  істеді.  Олар  қала  тҧрғындарының  фольклоры  болып  саналатын 

анекдоттарды  дҥниеге  ҽкелді.  Бҧл  процесте  орыс  фольклорының  ҽсері  де 

болды.  Кеңес  ҿкіметінің,  партия  кҿсемдері  мен  мемлекет  басшыларының  

келеңсіз  шешімдері  мен  іс-ҽрекеттері  туралы  халық  ҿз  пікірін,  ресми 

саясаттан  мҥлде  басқа,  кейде  оған  кереғар  кҿзқарасын  осы  анекдот  арқылы 

білдіріп  отырды.  Тҧрмыстық  жҽйттар  мен  қызметтегі,  жҧмыстағы  ҽртҥрлі 

жағымсыз  жағдайлар  жайында  да  кҿптеген  анекдот  айтылып  жҥрді.  Қазақ 

жҧртының арасында да бҧл анекдоттар кеңінен тараған болатын. Қазақтар да 

ҿз  ҿміріне  қатысты  анекдот  шығарып  жҥрді.  Бҧл  ҥрдіс  бҥгінгі  таңда  да  бар. 

Ел  арасында  қазіргі  тҧрмысқа,  кейбір  оқиғаларға  байланысты  ҿткір 

анекдоттар  айтылуда.  Олар  халықтың  ҿмірдегі  қҧбылыстар  мен  тҧрмыстық 

жағдаяттарға  деген  бейресми  қатынасын  кҿрсетеді.  Демек,  анекдот  бҥгінгі 

қазақ фольклорының жеке жанрын қҧрайды деп айта аламыз, ҿйткені, халық 

ешқашан  ештеңе  шығармай  отыра  алмайды,  ҿмірге,  оқиғаға,  жеке  тҧлғаға 

деген  ҿз  ойын,  кҿзқарасын  білдіріп,  бейжай  қарай  алмайтынын  кҿрсетеді. 

Ҽрине,  бҧл  анекдоттар  халықтың  эстетикалық,  кҿркемдік  сҧранысын  ҿтей 

алмайды. Бҧл тҥсінікті де. Ҿйткені, бҥгінгі ҿркениет заманында, кино, театр, 

теледидар сияқты ғаламат ҽсер ететін кҥштер тҧрғанда, қоғамның, халықтың 

мҽдени талап-тілегін фольклор қандай тҥрде болса да орындай алмайды. Рас, 

фольклордың  кейбір  тҥрлері  жаңа  дҽуір  талаптарына  байланысты    басқа 

тҥрге кҿшіп, жекелеген топтар мен қауымдардың қажеттігін атқара алатынын 

кҿруге болады. 

ХХ 


ғасырдың 

жетпісінші 

жылдарынан 

бастап 


фольклор 

кҿркемҿнерпаздар  ҥйірмелері,  отбасылар  ансамблі,  халықтық  театрлар 

тҥрінде  де  кҿрініс  бергені  белгілі.  Олардың  репертуарында  дҽстҥрлі 

фольклормен  қатар  ҽдеби  шығармалар  да,  ҽуесқой  сазгерлер  шығарған  ҽн-




 

450 


кҥйлер де орын алды. Халықтық театрлар профессионалды сахнада қойылып 

жҥрген  «Қозы  Кҿрпеш  –  Баян  Сҧлу»,  «Айман-Шолпан»  секілді  эпостық 

туындыларға  негізделген  пьесаларды  да  қамтып  жҥрді.  Ҽрине,  бҧлар 

фольклор  туралы  классикалық  тҥсінік  тҧрғысынан  қарағанда  таза  фольклор 

бола алмасы анық. Алайда, бҧл жерде басты критерий етіп алуға негіз болар 

нҽрсе – халықтық ҿнер мен шығармашылық. Орындаушылар да, авторлар да 

кҽсіби  актер,  я  болмаса  композитор  емес.  Олар  ежелгі  ақын-жыршылардың 

рҿлін  атқарды,  яғни  «жалғыз  актер  театрының»  орнын  басып,  белгілі 

дҽрежеде бҧқара кҿпшіліктің кҿңілінен шығып жҥрді. 

Тҽуелсіздікке  қол  жеткеннен  кейінгі  тҧста  қазақ  фольклорының  бҧрын 

шет қалып жҥрген жанрлары, ҽсіресе, тарихқа, ҽдет-ғҧрыпқа, наным-сенімге 

қатысты  тҥрлері  қайтадан  активті  процесті  бастан  кешіруде.  Ҥйлену  салты 

бойынша  орындалатын  жар-жар,  беташар  сияқты  жанрлар  жаңаша  тҥрде, 

соны  мазмҧнмен  айтылатын  болды.  Егер  ертеде  жар-жар  қыз  ауылында 

жігіттер мен қыздардың диалог тҥрінде айтылатын ҿлеңі болса, бҥгінде тойға 

жиналған  қауым  тҥгел  бірігіп  айтады,  ал  беташар  мазмҧн  жағынан  мҥлде 

ҿзгеріске  тҥсті.  Сол  сияқты  аңыз,  шежіре,  шешендік  сҿз  тҽрізді  жанрлар  да 

ҥлкен сҧранысқа ие болды, олардың жаңа нҧсқалары да пайда болып жатыр, 

бірақ  бҧрынғы  фольклор  секілді  ауызекі  айтылу,  елге  тарау  цикліне  тҥсіп 

жатқан жоқ. 

Қазіргі  таңда  ескі  халық  ҽндері  мен  кҥйлері  де,  қолҿнер  бҧйымдары  да 

жаңа сапада кҿрінуде, сҿйтіп, олар елдің бҥгінгі мҽдени қажеттігін ҿтеп отыр. 

Ҽндер мен кҥйлер жаңаша аранжировкаға тҥсіп, ҧлттық музыкалық аспаптар 

эстрадалық аспаптар мен техникалық қҧралдардың қосындысы арқылы соны 

саздық ҽуенге, ырғаққа, эстетикалық мҽнге ие болды. 

Сонымен  ойымызды  қорыта  айтқанда,  жаңа  дҽуірде  қазақ  фольклоры 

нағыз  кҿркем  ҿнер  болып  қалыптасып,  бізге  классикалық  мҧра  ҽрі  ҿнер 

тҥрінде  жетіп,  бҥгінгі  мҽдениеттің  бір  бҿлігі  ретінде  ҿмір  сҥруде,  қоғамға 

қызмет етуде. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


 

451 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет