Неке қияр. Қазақ жеріне ислам дінінің орнығуынан пайда болған
жанрлық тҥрдің бірі – неке қияр. Жалпы, отбасылық ғҧрып фольклорында
кҿне тҽңірлік діннің ҿзегі берік сақталғанмен де, ҿлең мҽтіндерінде ислам
дінінің ҽсері де молынан ҧшырасады. Ол «бісмілла сҿздің басы екен» деген
сияқты рҽсім басталардағы «ҽлқиссадан» басталып, ҿлең ҿзегіне шым-
шымдап енгенін байқау қиын емес. Оның біраз кҿрінісін «Аушадияр»
жырынан байқасақ, жар-жар, сыңсу, беташар мҽтіндерінен де молынан
кездестіреміз. Ал, жоқтауларда оның тамыры тереңірек бойлаған. Онда
пайғамбардан қалған сҥннеттер таратыла айтылатын сҽттер аз емес. Ал неке
қияр болса, тікелей ислам дінінің ғҧрпынан туған жыр. Шариғатқа сҽйкес
неке қию рҽсімі бойынша молда екі жасқа неке суын ішкізіп, дҧғасын оқып,
некелерін бекіту ҥшін екі адамды куҽлікке тартады, бірақ куҽлік сҿзін
ҿлеңдетіп айту шарт емес. Ал, қазақ арасында ол ҿлеңге айналған. Мҧның ҿзі
қазаққа «қара сҿзден, ҿлең оңай» екендігінен болса керек. Оны алғаш
ғылыми айналысқа тҥсіруші – А.Байтҧрсынов: «Неке қияр сҿз деп неке қияр
кезде екі арада жҥретін екі куҽнің – кҥйеу мен қыздың ырзалығын сҧраған
уақытта айтатын сҿздерін айтамыз. Бҧл ҽнмен айтылмайды. Бірақ ҿлеңде
ҧйқасқан, дҽйім бір қалыпта айтылады:
Куҽ – куҽ – куҽдҥрміз,
Куҽлікке жҥрҽдҥрміз.
Мҧнда халық қасында,
Таңда хақ қасында
Екі кісі хаққа куҽлік бередҥрміз.
Пҽленшеден жазған (ҽкесін айтады),
Пҽленшеден туған (шешесін айтады)
Пҽленше қызды (атын айтады),
Қалал жҥптілікке қабыл кҿріп алдыңыз ба? –
дейді.
Қызға айтқанда да бҽрін осы қалыпша айтып, аяғында «пҽленшеге жҥпті
болдыңыз ба?»
1
– дейді. Куҽгерлердің ҿз сҿзін бҧлайша ҿлеңдетіп айтуы
мҧсылманша неке кию рҽсімінде жоқ. Онда арнайы дҧға оқылып, сҧрақтарға
қара сҿзбен жауап беріледі. Дегенмен, кезінде орнығып қалған ғҧрыптық
рҽсімге байланысты туған бір ауыз ҿлең болса да, жеке қарастырылып келеді.
Оны былайша жеке жанрлық тҥр ретінде қарауға негіз беретін басты сипаты
– оның белгілі ғҧрыпқа байлаулы болып келуінде. Бір ауыз ҿлең болса да,
1
Байтҧрсынов А. Аталған еңбек. 254-б.
89
неке қию ғҧрпы кезінде ол міндетті тҥрде орындалады, сондықтан оны
елемеуге болмайды. Тҧсаукесу жыры да осы тҽріздес бірер шумақтан ғана
тҧрады.
Той жырының қатарында аталып жҥрген ҿлеңнің тағы бірі – тойтарқар.
Ол жҿнінде алғаш мағлҧмат беруші Б.Уахатов: «Тойтарқар қыз беріп, қыз алу
салтының кҿп кҽде, жора-жосықтары ҽбден аяқталып болған соң айтылады.
Бірнеше тҽулікке созылған тойдың ең соңғы кҥні қыз-келіншектер мен жас
желең бозбалалар жиналып келіп, ақырғы қоштасу кешін ҿткізеді. ...Сол
кезде ойын-сауықты басқарып жҥрген ақын жігіт тойтарқар ҽнін бастап,
бҧған ҿзгелер қосылады»
1
, – дей келіп, бір шумақ ҿлең келтіреді:
– Оу, халайық, халайық!
Кҿп отырдық думанмен,
Ҥркер ауып кетіпті
Тойтарқарға салайық
2
!
Ҿкінішке орай, осы бір шумақтан басқа ел ішінен ҿзге ҿлең ҥлгілері
табылмай келеді. Сірҽ, бҧл жанрлық тҥр уақыт тезіне шыдамай, жойылған
болуы керек. Ал, той соңында халайықтың:
Қош бол, сҽулем, кҿргенше,
Қайта айналып келгенше, –
деген сияқты қоштасу жырын айтып, тарқасатын сҽттер кездеседі, бірақ ол
міндетті тҥрде орындалатын салтқа жатпайды. Яғни «тойтарқар» той
соңында орындалатын міндетті рҽсім емес, оған қатысты тҧрақты
орындалатын шығармалар да жоқ. Былайша айтқанда, жоғарыда келтірілген
бір шумақ ҿлең «тойтарқарды» жанрлық тҥр ретінде бҿле-жара кҿрсетуге
жетімсіздеу деп білеміз.
Сонымен той жырының ішкі жанрлық тҥрлері: тойбастар, жар-жар,
сыңсу, аушадияр, беташар, неке қияр болып бҿлінеді. Олар тақырыптық-
мазмҧндық сипатымен, орындалу мҽнерімен, ғҧрыптық рҽсімдерге
қатысымен, ҿлең тҥрімен бір-бірінен ерекшеленгенмен, тойдың ҽр кезеңінде
айтылатын біртҧтас идеялық нысанымен бір жанрлық топ қҧрайды. Оларды
бір арнаға біріктіретін алғашқы дҽнекер – ҥйлену ғҧрпымен байланысып
келетін қызметтік мақсат-мҧраты. Олар тойдың басталуынан бастап,
тарқағанға дейінгі аралықтағы рҽсімдерді сҿзбен ҿрнектеп, оның
атқарылуына қызмет етеді. Ҽрине, той жырлары тек осы практикалық
міндеттерді атқару зҽрулігінен ғана тумаған. Бҧл жырлар, ең алдымен,
халықтың рухани қажеттілігінің жемісі. Сондықтан оларда тек практикалық
қажеттілік, тҧрмыстық мағына ғана емес, кҿркем ҿнерге тҽн эстетикалық нҽр
де жоғары. Міне, осы екі сипаттың тоғысы ҥйлену ғҧрып фольклорының
1
Уахатов Б. Аталған еңбек. 190-б.
2
Сонда.
90
жанрлық табиғатын мазмҧндық, кҿркемдік ерекшеліктерін айқындайды.
Қыздың ҧзатылуынан келін болып тҥскенге дейінгі ҿтпелі ғҧрыптардың
ҽр кезеңін мазмҧнына арқау еткен жанрлық тҥрлердің композициялық
қҧрылымы да, кҿркемдік болмыс-бітімі де алуан тҥрлі. Солардың барлығына
ортақ сипат ретінде ҥйлену ғҧрып фольклорында диалогқа қҧрылған,
драмалық сипаты басым. Соған орай ҥйлену ғҧрып жырларының басым
кҿпшілігінің композициялық қҧрылымы, кҿбінесе, кҥрделі болып келеді.
Мҽселен, сыңсу сияқты жанрлық тҥрлер қыздың мҧңын шағып, жылауы,
ағайындардың жҧбатуы, қыздың қоштасуы сияқты бірнеше бҿліктерден
қҧралады. Ондай мазмҧнды кҥрделілікті тойбастардан да, жар-жар мен
беташардан да кҿреміз. Сонымен бірге ҥйлену ғҧрып фольклоры
метафораларға, символдық қолданыстар мен эпитет, теңеу сияқты кҿркемдік
айшықтарға ҿте бай. Жалпы, той жырларының ішінде ғҧрыптық мҽнінен
жырақтап, кҿркем фольклорға айнала бастаған шығармалар да кҿп. Оған
оның адамның ішкі мҧңын шертетін лирикалық табиғаты себеп болса керек.
Сҿйтіп, ҥйлену ғҧрып фольклоры – мазмҧн-мҽні бай, поэтикалық ҽлемі
кҿркем, ғҧрыптық лириканың арналы саласы.
Достарыңызбен бөлісу: |