1. Топсаяхатты білім беру түрі ретінде дәлелдеу. Топсаяхат


Тақырыбы: Көктем басталды



бет5/5
Дата27.02.2022
өлшемі24,34 Kb.
#26531
түріСабақ
1   2   3   4   5

Тақырыбы: Көктем басталды.



Міндеттер: Ерте көктем табиғаты жайында ғылыми түсінік беру. Табиғатты бақылау, көру, тыңдау. өлі табиғат пен тірі табиғаттың байланысын айқындай түсу. Оқушыларды бұрын алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйрету. Табиғат күнтізбесімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Базалық білім: Табиғатта болған өзгерістер (өсімдік, бунақденелер, құстар, аңдар тіршілігінің өзгерісі), өлі табиғат өзгерісінің тірі табиғатқа тигізетін әсері. Тірек білім: Күнделікті бақылаулар нәтижесі, оқушылардың өмір тәжірибесі. Құралдары, ұйымдастырылуы, әдістері Мұғалім топсаяхаттың кіріспе бөлімінде оның мақсатын, окушылардың атқаратын жұмыс түрлерін айтып түсіндіреді де, олардың көңілін аудару мақсатымен бір шумақ жұмбақ өлең оқиды: Қар су болып жөнеледі, Қалды дала жалаңаш. Күн нұрына кенеледі, Бүршік атып бар ағаш. Бұл қай жыл мезгілі? Неге олай ойлайсыңдар? өлеңнің әр жолының мағынасын жеке талдау арқылы оқушылардың көктем табиғатын бақылаулары керек екендігі ұғындырылады. Оқушылар табиғатты бақылап, онда болған өзгерістерді байқау керек деген тұжырымға келеді. Мұнан кейін мұғалім бақылау барысында әрбір құбылысқа саналы көзқараспен қарау үшін көктемнің өлең жолдарында айтылған бірнеше ерекшеліктеріне оқушылардың көңілін аударады. Не себептен қар су болып жөнеледі? “Қалды дала жалаңаш” дегенге қалай түсінесіңдер? Дала қандай жабындысынан айрылды? “Күн нұрына кенеледі” дегенді қалай түсінесіңдер? Осыдан кейін мұғалім оларды үш топқа бөліп, жеке-жеке тапсырма береді. Бірінші топқа өлі табиғатта болған өзгерісті бақылау, оның тірі табиғатқа тигізетін әсері туралы ойлану; Екінші топқа өсімдікке бақылау жүргізу, онда болған өзгерістің себебін анықтау; Үшінші топқа жануарлар: (бунақденелілер, құстар, аңдар) бақылау жүргізу, олардың тіршілігіндегі өзгерістерді байқау, себебін анықтау тапсырылады. Осы тапсырмаларды орындау үстінде оқушылар табиғатты бақылап, бір-бірімен пікір алысады, көздеріне түскен ерекше тартымды құбылыстарға көңіл аударады. Жекелеп берілген тапсырманы орындау оқушылар арасындағы (бір топпен екінші топтың) жарысқа айналады. Олар тез және нәтижелі жұмыс істеуге тырысады. Бақылау нәтижесін әр топ жеке-жеке қорытады. өлі табиғатты бақылаған топ топырақ жылуын, ылғалын, күн көзінің қызуын, аспанның қалпын т.б. өлі табиғат ерекшеліктерін айтып, оның өсімдікке тигізетін пайдасына тоқталады (өсімдік қажеттілігін оқып келеді).

Ауа райын бақылағандары (аспанның қалпы, желдің бағыты т.б.) байқағандарын бақылау күнделігіне белгілеуге кіріседі. Келесі топтағы оқушылар өсімдік топтарының атын атап (шөп, бұта, ағаш), оларды қыстағы қалпымен салыстырады, шөптің көгеруі, ағаштың бүршіктеуі, жылылық пен ылғалдың жеткіліктілігінен екенін дәлелдейді. өсімдіктің топырақ арқылы қоректік заттар алатынын да естеріне түсіре (оқып кеткен) кетеді. Көздеріне түскен жануарларды қандай жерден көргендерін (жерде ме, ауада ма, шөп арасында ма т.б.), оның себебін және жануарлар тіршілігінің өзгеруіне күннің жылуының тигізген әсерін анықтау тірі табиғатты бақылаған оқушылардың бір тобының үлесіне тиеді. Оқушылардың жауабын тыңдап, оны толықтыруға бүкіл сынып қатысады. Олардың ойлау қабілетін дамыту және алған білімдерін саналы меңгеру мен білімдерін жаңа жағдайда қолдану дәрежесін байқау мақсатымен “өсімдікті тап” ойыны ұйымдастырылады. өсімдікті ауызша жалпы сипаттау бойынша, не жапырағының пішіні, түсі арқылы оқушылар тез тауып, анықтауға жаттығады. Мұндай ойындар олардың эмоциялық жай-күйіне, білімінің тиянақталып, білікке айналуына әсерін тигізеді. өсімдік, жануар, жалпы алғанда табиғат жайында жұмбақтар айтып, оның шешуін іздету оқушылар дүниетанымын кеңейтуге, олардың ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі. Оқушылардың топсаяхатта бақылағандарына сүйене отырып, және олардың бұрын алған ұғымдарын естеріне түсіру, оны жаңа түсініктерімен байланыстыру, сөйтіп олардың дүниетанымдық деңгейін кеңейту мақсатымен түрлі сұрақтар қойылып, тапсырмалар беріледі. қанқызы қоңызын тауып, түрі-түсін, пайдасын айтыңдар. қанқызды құс неге шұқымайды? Ең жебір бунақденеліні ата (шегіртке). Ең күшті бунақденеліні тауып, көрсет, атын ата. Тағы қандай пайдалы бунақденелілерді білесің? Ағаш басында отырған құс өзіне төнген қауіпті сезгенімен, неліктен ұшып кетпей отыр? ұя салмай басқа құстарға жұмыртқасын бастыратын қандай құс? Көктемде ең алғаш қай құс ұшып келеді? Неліктен? т.б. Бұл сұрақтар мен тапсырмаларды орындау нәтижесінде оқушылардың білімдік, біліктік деңгейі көтеріледі. Экологиялық білім мен тәрбие мақсатын жүзеге асыру үшін көктем бүкіл тіршіліктің өсетін, өзгеретін, көбейетін кезі екендігі, сондықтан табиғат аясында мұқият болудың керектігі оқушыларға ескертіледі. құс ұясын бұзбау, маңайды таза ұстау, өсімдікті таптамау сияқты жұмыстарды оқушылар өздігінен орындайды. Саяхат кезінде кездескен объектіге байланысты экологиялық тәрбиенің тақырыбы өзгеріп отырады. Саяхаттың қорытынды бөлімін еркін әңгімелесу, ойын ұйымдастыру, көктем туралы өлең, ән айтқызумен аяқталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет