1-тоқсан батырлық жырлар, батырлар жыры



бет10/60
Дата08.03.2022
өлшемі231,27 Kb.
#27231
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   60
ЕЖЕЛГІ ДӘУІР ӘДЕБИЕТІ
«КҮЛТЕГІН» ЖЫРЫ

Күлтегін Құтлық (Елтеріс) қағанның екінші ұлы, Білге қағанның (Могилян) туған інісі. Шешесі Елбілге қатұн. Жеті жасында әкесі Құтлық (680-692 жж. билік құрған) қайтыс болады. Қаған тағына оның інісі Қапаған (692-716 жж.) отырады. Күлтегін мен Білге, Қапағанның інісі Бөгүні (716ж.) тақтан тайдырып, қағандық билікті Білге қолына (716-734жж.) алады.

Тарихи деректерге қарағанда, Күлтегіннің он жасында ер атанып, алғаш көзге түскен соғысы – 694 жылғы Жау жыу және Дин жыу аймақтарында болған соғыс. Қапаған осы соғыста 90 мың тұтқынды қолға түсірген. Міне, осыдан былай Күлтегіннің ерлік жолы басталады. Тарихи деректер сол кездегі ел тәуелсіздігін сақтап қалу жолында болған қырғын соғыстардың бірде-біреуінің Күлтегінсіз өтпегенін аңғартады.

Батыр 47 жасқа жетіп, қаза тапқанда, төрткүл дүниеден түгел елшілер келіп, рухына тағзым етіпті. Басына ел тарихын жазып, алып ескерткіш орнатыпты. Сол ескерткіштің ғылыми көшірмесі бұл күнде тәуелсіз еліміздің астанасында, Еуразия Ұлттық университетінің бас ғимаратының төрінде тұр.
І

Алдымен


Тұла бойынан

Бу менен дым бүріккен

Алай-дүлей жел тұрды.

Дүниені басып жатқан

Қара балшықтай қою,

Күйедей қап-қара,

Түнек серпілді.

Жоғарыда


Ішіне жұлдыздар жапсырған,

Алып қазандай төңкерілген,

Төсіне Ай ілген, Омырауына Күн таққан

Аспан пайда болды;

Күркіреп, күркілдеп

От шашып жатқан;

Алып денесінен

Қып-қызыл болып

Өрт қашып жатқан

Тау менен тастар пайда болды.

Жел алып келген

Дым менен будан

Бұрқырап тасып жатқан

Сулар пайда болды.

Найқалған нулар пайда болды.

Сонан кейін Адам шықты.

Ашыған қамырдай боп

Көтеріліп деміккен

Қара жерді басып көрді,

Жүндей боп ұйысқан

Қара бұлттарды

Қолымен олай-бұлай аударып

Ашып көрді.

Алтай тауым

Бесік болып тербеткен,

Жарқылдаған от пен

Сарқыраған судың ішінде

Ержеткен –

Көк тәңірінің оғландары

Бүкіл түрік жұртының

Арландары мен қабыландары,

Бумын қаған мен

Істемі қаған таққа қонды.

Елімді ел етемін деп,

Жерімді көгертемін деп

Оттай асау,

Оқтай ұшқыр

Атқа қонды.

Ормандар аңға толды.

Өрісі малға толды.

Жерінің тегінен

Май ағып тұрған,

Ағаштарының балағынан

Бал ағып тұрған

Ел болды.

Құнары асыл

Жер болды.

Сол елдің

Айналасы түгел –

Бұзылған сеңдей

Жапырып кеткісі кеп тұрған;

Көшкен селдей

Түп-тамырымен қопарып

Батырып кеткісі кеп тұрған

Дұшпан екен.

Күндердің күнінде

Жан-жағынан олар

Құрсаудай бүріп

Қысқан екен.

Сол кезде

Көк түріктердің кеуделері

Көріктей ісінген.

Жаяулыны – құмалақтай! –

Найзасының ұшына іліп,

Аттылыны – қуалап жүгіріп! –

Бөріктей түсірген.

Бастыны –

Бастары жерге тигенше

Идірген –

Табаның жалатып,

Арттарын сүйдірген.

Тізеліні –

Тізелерін дірілдетіп

Түйедей бақыртып

Шөгерген.

Қалғандары

Оқ тиген мақұлықтай қашып,

Тау менен тастардан асып

Алды-артына қарамай

Жөнелген.

Халқына

Ілгеріде жатқан

(Күн шығыстағы)

Қадырқан қойнауын сыйлап,

Керіде жатқан

(Күн батыстағы)

Темір қақпаны жайлатқан.

Жеңіспенен желпіндіріп

Отыз күн бойы ойнатқан,

Қырық күн бойы тойлатқан.

Екі қаған да

Емендей берік,

Бәйтеректей зор,

Төбені сүйреп әкетердей

Алып болған.

Сол екеуінің тұсында

Ел-жұрты

Молшылыққа малғытып жүзіп,

Ырыс пен құтқа

Кеңірдектерінен келіп

Қарық болған!...
Жырдың толық нұсқасы:

https://adebiportal.kz/kz/news/view/kultegin_zhiri_erkin_adebi_nuska__1488


Тоныкөк (Тонйұқық) (646- 741ж.ж.) - Екінші Шығыс Түркі Қағандығының негізін қалаушылардың бірі, оғыз тайпасынан шыққан ұлы дана, заманында Түркі қағанатының үш бірдей қағанына уәзір болып, түркі елінің халқын көбейтіп, жерін кеңейтуге үлкен үлес қосқан кемеңгер.

Көшпелілер тарихында артында өшпес атақ даңқын қалдырып; ақыл парасатына, қол қайратына, көрегендігіне табындырып; ел жұртының қасіретін, қуанышын, ерлігі мен елдігін тасқа жыр ғып қашап, мәңгілік мұра қалдырған Тоныкөктей тұлға болған емес.

Сол тас жазуда: «Мен, Білге Тоныкөк, табғаш (қытай) елінде тәрбиеленіп өстім. Түркі халқы ол кезде табғаштарға бағынышты еді» деп жазылған. Бұдан Тоныкөктің түркі тайпасы көсемдерінің бірінің баласы екені анық аңғарылады. Өйткені ол кезде көшпелілердің тек ел басыларының қытайға аманатқа берген балалары ғана император сарайында оқып, тәрбиелене алған.

Қытай сарайында жүріп, олардың өз еліне жасап жатқан қорлық-зорлығының бәрін көріп, біліп өскен Тоныкөк ақыры шыдай алмай, 683 жылы шыли иуән тайпасының басшысы Құтылықпен бірігіп, табғаштарға қарсы көтеріліске шығады. Көтерілісшілер жеңіске жетіп,көп ұзамай әйгілі Екінші Шығыс Түркі қағанатының шаңырағын көтереді. Құтылықты «Ел төресі» деген атпен қаған етіп сайлайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет