1-тоқсан батырлық жырлар, батырлар жыры


ҚАРАҒАЙ ***** САНСЫЗБАЙ САРҒАСҚАЕВ



бет44/60
Дата08.03.2022
өлшемі231,27 Kb.
#27231
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   60
Байланысты:
7-сынып мәтіндер

ҚАРАҒАЙ
*****
САНСЫЗБАЙ САРҒАСҚАЕВ (1925–1995) 29 сәуірде Жамбыл облысының Красногор селосында туған. Аудандық «Красногоршы» газетінің жауапты хатшысы, редакторы, Красногор ауаткомында жауапты хатшы, «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактор, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметін атқарған. Балаларға арнап көптеген повестер мен әңгімелер жазды. Ол дүниелері кезінде оқырмандарының жылы ілтипатына бөленді.
ТӘМПІШ ҚАРА

Толық мәтіні қосымша материалда берілді
*****
ШЕРХАН МҰРТАЗАҰЛЫ МҰРТАЗА (2 қыркүйек 1932 жыл, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Талапты ауылы − 8 қазан 2018 жыл, Алматы) — жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1992).

Әкесі Мұртаза 1937 жылы сталиндік репрессияның құрбаны болып кетті. Шерхан Мұртаза 8 жасында қазіргі Жуалы ауданы өзі туған Талапты ауылындағы мектептің бірінші сыныбына барған. Әкесіне ерте айырылған бала оқу мен еңбекке ерте араласады. Балалық шағы да соғыстың тауқыметті кезеңдерімен тұспа-тұс келген. Сондықтан болар жазушының түсіне жиі балалық шағы оралып отырған. Тауқыметті кезеңдерді бастан өткізген соң болар, жазушының балалық шағы бала көңілмен өтпеді.


Шерхан Мұртазаның тұмарындай болған туындысы – «Қызыл жебе» эпопеясы. Бес кітаптан тұратын шығарма - қазақ халқының бір туар ұлы Тұрар Рысқұлов туралы көлемді туынды. Ұлт қайраткері Тұрар Рысқұловтың тағдыры арқылы қазақ халқының басынан кешкен қилы-қилы кезеңдерін қамтиды. «Қызыл жебе» халықтың ыстық ықыласына бөленген шығарма. Тұрар Рысқұлов сияқты күрделі тұлғаны әдебиетке әкелу жазушының үлкен ізденімпаздығы, тарихи оқиғаларды таразылауы үлкен ерлікке пара-пар деп айтсақ, асырып айтқандық емес. Шын мәнінде Шерхан Мұртаза Тұрар Рысқұлов сияқты ел тұтқасы бола білген азаматты әдебиеттендіру арқылы қазақ әдебиетіне үлкен бір сом туынды қоса отырып танытып берді. М. Әуезов «Абай жолы» романы арқылы қазақ халқының ғасырлық тарихын дүниеге паш етсе, Шерхан Тұрар бейнесі арқылы қарама-қайшылыққа тұнып тұрған қазақ халқының тарихындағы ең күрделі, ең ауыр кезеңін шынайы суреттей білді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет