1-тоқсан батырлық жырлар, батырлар жыры


ҚАРТТАРЫМ, АМАН-САУ ЖҮРШІ



бет58/60
Дата08.03.2022
өлшемі231,27 Kb.
#27231
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
ҚАРТТАРЫМ, АМАН-САУ ЖҮРШІ
Дүниеге келер бір рет,

Дария-кеуде,

Тау-мүсін,

Құрыштан құйған құдірет —

Қарттарым,

аман-саумысың ?


Өздерің болсаң жанында,

Ел іші жомарт,

Еңселі,—

Дән иісі жүрген қанында

Даламның бір-бір бөлшегі.
Арада жылдар жөңкіліп,

Алыстап кеттім біртіндеп,

Айта алмай ауыз толтырып,

«Ассалаумагалейкум!» деп.

Өзге бір менде жоқ тілек,

Өздерің


көзбен баққаным,

Жайлы жер іздеп кетті деп,

Жазғыра көрме,

Қарттарым.


Ердім бір сиқыр қаламға,

Шығардым бөлге жыр көшін.

Болғам жоқ алаң,

Даламда,


Әулие қарттар жүргесін.

Жанды ғой бағы даланың,

Сендерге қуат,

дем берсін.

Киесі де оның сендерсің,

Иесі де оның сендерсің.


Алдында жүрші көзімнің

Асылым,


алтын қазынам.

Ауыра қалсам,

өзіңнің

Пейіліңмен-ақ жазылам.


Сағынтып талай жыр туар,

Оралар әлі-ақ сан жыршы.

Даламның иісі бұрқырап,

Қарттарым,

аман-сау жүрші!
*****
ЖӘРКЕН БӨДЕШҰЛЫ 1944 жылы 15 мамырда ҚХР-дың Тарбағатай аймағы Толы ауданындағы Жайыр тауында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты – Жармұхаммед.

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Түркі тілдер елдері поэзиясы ІІ фестивалінің лауреаты, Қ.Сәтбаевтың 150 жылдық мерейтойына арналған халықаралық мүшәйраның бас жүлдегері. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында бөлім меңгерушісі болған. Қазір Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының әдеби кеңесшісі. Мерзімдік басылымдарда және мемлекеттік Кітап палатасында жауапты қызметтер атқарған.



Әр алуан басылымдарда ақынның «Аңырақай бекетіндегі ой», «Қарауыл төбе», «Генерал Жаһар Дудаев», «От пен су» («Сорос– Қазақстан» қорының жүлдесі берілген), «Тас бесік», «Бостандықтың басы», «Шер», «Жалғыз» атты дастандары жарияланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет