1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» І нұсқа



бет11/20
Дата25.04.2022
өлшемі446,05 Kb.
#32145
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Байланысты:
жиынтық бағалау тапсырмалары

«Жас ұлан» қоғамдық қоры  оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында тамыз айының 5-10 күндері аралығында Нұр-Сұлтан қаласына саяхат ұйымдастырады. Саяхат барысында Нұр-Сұлтанның ең көрікті жерлерін тамашалау көзделіп отыр. Саяхаттау маршруты:

  • «Бәйтерек» монументі;

  • «Думан » ойын-сауық орталығы;

  • «Ханшатыр»;

  • Қазақстан Ұлттық мұражайы;

  • Тәуелсіздік сарайы;

  • «Қазақ елі» монументі;

Орындар шектеулі екендігін ескертеміз!

Мекен-жайымыз: Шымкент қаласы, Төле би көшесі, 45.

Байланыс нөмірі: 8 7768971223
Оқылым

Тапсырма

1. Екі мәтінді салыстырып, олардың стильдеріндегі ерекшеліктерді көрсетіңіз.

А мәтіні

Айгүл Жексенбайқызы: «Менің хоббиім – менің өмірлік жобама айналды»

Айгүл Жексенбайқызы, жалпы, киізден бұйымдар жасау қайдан ойыңызға келді?

Бұл кәсіп, менің бойыма ата-бабаларымнан дарыса керек. Ары бармай-ақ, берідегі әкемнің әкесі аңшылық өнермен қатар, ағаштан ойып-қашап, қазақы дүниелер жасаған екен. Ал, әжеміздің аң-құстың терісінен ішік жасап, киіз басып отырып  әнге салатын сәттері  әлі күнге дейін көз алдымда. Ес кіргелі бері танып-білген киізді заттарды жинау – хоббиіме, хоббиім – менің өмірлік жобама ай­налды. 

Сіздер дайындайтын өнімге қаншалықты сұраныс түсуде? Көбінесе, қандай бұйымдарға  қызығады?

– Қазіргі таңда киізден дайындалатын өнімдерге сұраныс өте көп. Алғашқы кездері халыққа қажетті деген бұйымдарды жасап, мекемелерге, ауыл-аймақтарға жар­намалаған едік. Енді, біздің өнімді өздері іздей бастады. Өйткені, шеберханамыздағы киізден жасалатын заттардың еш зияны жоқ, сапасы да жоғары.

Компанияда неше адам жұмыс жасайды?

– Бүгінде жеке кәсіпкер ретінде компаниямызда 15 адам жұмыс жасайды. Негізінде, 13 жыл ішінде 250 келін­шекті осы өнерге баулыппын. Осы күнге дейін олармен бірлесе жұмыс жасап, біршама жетістіктерге жеттік. 

Сұхбатыңызға рахмет. Ұлттық брендіміздің ең үздік үлгісі болыңыздар!

Сұхбаттасқан  Мөлдір Нұртай.
Ә мәтіні



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет