1. Тұрақты ток. Тұрақты электр тоғы. Электр тізбегі. Электр энергиясының көздері. Электр тізбегінің элементтері. Электр тізбегінің физикалық шамалары


Электр тізбегін параллель жалғағанда-



бет6/44
Дата29.10.2023
өлшемі241,88 Kb.
#121129
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
1. Тұрақты ток. Тұрақты электр тоғы. Электр тізбегі. Электр энер-emirsaba.org

Электр тізбегін параллель жалғағанда- барлық элементтер олардың басы бір ортақ нүктеге, ал ұштары екіншісіне қосылатындай етіп қосылған.
Iобщ=I1+I2+I3
E=U1=U2=U3
Электр тізбегін аралас жалғағанда- тізбекті және параллельді тізбектің қосындысы, яғни оның элементтері тізбектей де, параллель де қосылады.
Потенциалдар айырмасы - электр заряды бір нүктеден екінші нүктеге орын ауыстырғанда электр өрісі күшінің атқаратын жұмысының сол зарядтың шамасына қатынасы. Потенциалдар айырмасының өлшем бірлігі — вольт (В). Потенциалдар айырмасы ұғымы өріс күшінің жұмысы зарядтың қозғалыс траекториясына тәуелсіз болғанда ғана қолданылады
Кернеу- екі нүктенің потенциалдар ацырымы, яғни электр зарядының бір нүктеден екінші нүктеге ауысуы жұмысының сол заряд шамасына қатынасымен анықталады.
Өлшем бірлігі — вольт (В). V=A\q. A- жұмыс, q-электр заряды.
Қоректендіру көзі тізбектің ішкі бөлігін, ал қабылдағыштар сыртқы бөлігін құрайды. Бұл бөліктер ұштарындағы полюстерімен айырмашылықта болады. Екі полюспен бөлінген тізбек екіұшты деп аталады. Егер екіұшты тізбекте бір активті элемент болса, онда ол активті екіұшты тізбек деп аталады. Пассивті екіұшты тізбек тек пассивті элементтерден тұрады.
Кез келген күрделі электр тізбегін активті екіұшты тізбекті пассивті екіұшты тізбекке қосқан сияқты көрсетуге болады. Пассивті екіұшты тізбекке қосылған активті екіұшты тізбектің жұмысы нақтылы (номинальды), жұмыстық емес (салт жүру тәртібі), қысқаша тұйықталу, келісілген жұмыс тәртібімен сипатталады. Жұмыс тәртібі жүктеме кедергісі мен қоректендіру көзінің ішкі кедергісі арасындағы қатынаспен анықталады.
Қабылдағышты тізбектей қосқанда тізбекте бірдей тоқ өтеді.
Қабылдағыщтарды паралель қосқанда бұл қабылдағыштардағы кернеу бірдей болады.
Конденсаторды тізбектей қосқанда – әрбәр жеке конденсатор басқа жеке конденсатор басқа жеке конденсаторға тек бір нүктеде қосылатын тізбек түріндегі екі немесе одан көп конденсаторлардың қосылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет