Электртоғының тығыздығы- электр тогының векторлық сипаттамасы, деп өткізгіштің көлденең қимасы арқылы өтетін токты айтады: , ал өлшем бірлігі – А/м2.
Металдарда электр тоғын тасымалдаушылар – электрондар, электролиттерде – оң және теріс иондар, газдарда – оң иондар мен электрондар және жартылай өткізгіштерде – электрондар мен кемтіктер болып табылады.
Ом заңы – электр тогының негізгі заңдарының бірі. Ом заңын 1826 ж. неміс физигі Г. Ом (1787 – 1854) ашқан.
Тізбек бөлігіндегі Ом заңы - тізбек бөлігіндегі ток күші осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал және оның кедергісіне кері пропорционал. Бұны мынандай формула арқылы келтіруге болады: U = I * R, Мұндағы U - электр кернеу, I - тоқ күші, ал R - кедергі.
Тұйықталған тізбек үшін - тұйық контурдағы ток күші ток көзінің ЭҚК-інің тізбектің жалпы кедергісіне қатынасына тең. I= E/R+r,мұндағы r- тоқ көзінің ішкі кедергісі, R- сыртқы тізбегінің кедергісі, E- электр қозғаушы күштер
Дифференциалдық түрдегі Ом заңы- токтың тығыздығы өткізгіштің шексіз шағын қимасы үшін қарқындылық пен өткізгіштікке тура пропорционал.
j=yE, мұндағы j– тоқтың тығыздығы, y- тоқтың өткізгіштігі. Ток көзі деп басқа бір энергияны электр энергиясына түрлендіруге арналған қондырғыны немесе аспапты айтады. Мысалы аккумуляторы электр генераторы машина термоэлектр генераторы фотоэлемент ,т.б.
Электр энергиясын тасымалдайтын тарататын құрылғылар мен қондырғылар және басқаратын аспаптарға электр желілері, трансформаторлар, сақтандырғыштар, релелер,магниттік жібергіш т.c.c.жатады.
Трансформатор қажеттігі электр энергиясының оны таратқан кездегі шығынын азайту және сымдық материалды үнемдеу мақсатынан келіп туған.
Сақтандырғыш электр тізбектерін асқын жүктелуден және қысқа тұйықталу тогынан қорғауға арналған аспап. Құрылысының қарапайымдылығы , бағасы мен жегу шығындарының арзандығы , мөлшерінің кішілігі , ажыратқыштық қабілетінің жоғарлығы оны кең қолдануға мүмкін етті. Сақтандырғыштың әрекеттік парқы ондағы балқығыш қыстырғының токтың әсерінен қатты қызып, балқып үзілуіне негізделген.
Реле деп белгілі-бір мөлшерлі физикалық шаманың әсерінің нәтижесінде екінші-бір жүйенің күйін секірмелі өзгертуге арналған аспапты айтады. Реле әртүрлі салада әртүрлі қызмет атқарады.