1. Түркиядағы «əріп төңкерісі»



бет2/4
Дата12.03.2023
өлшемі61,7 Kb.
#73469
1   2   3   4
Байланысты:
4 лекция

Бап №1. Мемлекеттік, қалалық ресми орындарда жазу жұмыстары мен есеп- қисап жұмыстарында халықаралық сандардың қолданылуы қажет.
Бап №2. Бұл заң 1 маусым 1928 жылынан күшіне енеді.
Ұлы ұлттық мəжіліс 20 мамыр 1928 жылғы жиналыста халықаралық сандардың қолдануы жөнінде заң қабылдады, 1 маусым 1928 жылы Түркияда халықаралық сандар ресми түрде қолданыла бастады. Бұл жиналысқа қатысушылардың көбі əріптердің де өзгертілуі туралы əңгіме қозғады. Осыған байланысты газет пен журнал беттерінде латын əрпінің қабылдануы мəселесі жөнінде тартыстар басталды. Араб əріптерінде қалу пікірін қолдағандар да болды.
Мемлекетте дайындық жұмыстары жүріп жатқанда, латын əріптерін түрік тіліне қолдана бастағандар да болды. Парижде оқыған доктор Рыза Нур 1928 жылы «Огуз- нама» атты кітабын латын əрпінде бастырды.
Бұл жағдайға байланысты Білім жəне ғылым министрі жазушы мен педагогтер- ден құрылған комиссия тағайындады, комиссияның жұмысы латын əрпі негізінде түрік тілінің құрылымына сəйкес келетін тиімді жəне оңай «Жаңа түрік алфавитінің» шығатынына кəміл сенді.
Осыған сəйкес, Білім жəне ғылым министрлігінің 20.05.1928 жылы берілген бұй- рығына сəйкес маусым айының ортасында қолданыста болған араб əліпбиіндегі жазу- лардың латын негізіндегі түрік əріптерімен жазылу жұмыстарын түзету мақсатында Тіл комиссиясы құрылды. Комиссия француз, неміс, ағылшын, италия, венгр секілді бірнеше ұлттың əліпбиін зерттеді. Гази Мустафа Кемалдың басшылығымен алғашқы жиналысын 1928 жылдың 26 маусымында жасады. Комиссияда үш депутат, министрлік жағынан үш адам, үш маман – барлығы 9 адам, сонан соң тағы да бес адам қосылып, комиссия құрамында 14 адам болды. Осы комиссияның берген есебі бойынша, Түрік тілі мекемесінің жетекші маманы А.Дилачардың энциклопедия үшін дайындаған
«Тіл төңкерісі» атты жұмысында латын əліпбиімен жазатын тілдерді зерттеуден шыққан нəтижені былайша ұсынды: «Əліпби есебі. Тамыз айында жарияланған 41 беттік «Əліпби есебіндегі» бөлімдер мыналар: 1) түрік тіліндегі дыбыстардың саны жəне ерекшеліктері, 2) латын əріптерінің тұрақтылық ерекшеліктері, 3) Еуропада қолданылған латын негізіндегі əріптер: латын, италия, испан, француз, ағылшын, неміс, швед, финн, венгр, поляк, чех, хорват, албан, əзербайжан, Совет Одағындағы түркі тілдес халықтар, 4) осы əліпбидегі əріптердің таңбалары мен тұрақтылық ерекшеліктері (кестеде), 5) түрік тіліне тəн латын əріптерінің таңдалуы жəне осы- ған қатысты негіздер, 6) əртүрлі алфавиттердегі қостаңбалы əріптер, таңбалы əріптер, латын əліпбиіне қосылған əріптер, 7) түрік əліпбиін құрайтын əріптердің басқа тілдердегі баламалары, 8) əліпбидің сапасы, тілімізге сəйкес келуі, дыбыстық ұғымдар арасында түсінбестік болмауы тиіс, басқа дыбыстармен арадағы өлшемді сақтау, ұлттық болуы, оқу жəне жазу барысында оңай болуы, стереотип түрінде бол- мау, емледегі түсінбестікті жою, эстетикаға сай болу ».
29 əріптен тұратын жаңа түрік əліпбиінде барлық дауыссыз əріптердің соңына «е» əрпі қойылып айтылды. Мысалы: f-fe, l-le, m-me. Бірақ «к» əрпіне «ка», «һ» əр- піне «һа» дегендер де болды. Бұл қате болып саналды. Кейін түрік əліпбиінде бұл əріптердің айтылуы да басқа əріптер секілді «е» əрпінің жалғануымен айтылуы тиіс болды.
Латын əліпбиінде жазатын көптеген халық бұл əліпбиді өз тілдерінің ерекше- ліктеріне сəйкестендіру үшін диакретикалық таңбаларды қолданады. Түрік əліпбиін- де де кейбір əріптерге диакритикалық таңбалар қойылған: «ч-ç», «ш-ş», «ғ-ğ» сияқты.
Анықталған жаңа түрік жазуында шетелдік əліпбилердегі ch, sch секілді диграф пен триграф жоқ, кестеде əр əріптің бір ғана таңбасы бар.
Қорытындылай келе, түрік əліпбиі 29 əріптен тұрады:
A, b(be), c(ce), ç(çe), d(de), e(e), f(ef),g(ge),h(ha), i(i), ı(ı), j(ji), k(ka), l(el), m(em),


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет