1. Тұрмыс-салт жырлары, олардың түрлері, ерекшелігі


Жұмбақтар, олардың мәні. Жұмбақтың көркемдік ерекшеліктері



бет2/3
Дата04.11.2022
өлшемі20,17 Kb.
#47473
1   2   3
Байланысты:
Жауап парағы

2. Жұмбақтар, олардың мәні. Жұмбақтың көркемдік ерекшеліктері
Ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді, жұмбақтардың да өзіне тән ерекшеліктері бар. Ең алдымен жұмбақтар тапқырлыққа құрылады. Жұмбақтың өзі де, оның шешуі де асқан тапқырлықпен құрылуы тиіс. 
Жұмбақта фантазиядан да деректілік, нақтылық басым келеді. Жұмбақ өз көлеміне енетін заттарды сыртқы белгісі, сыртқы кескін көрінісімен сипаттайды. Мұнымен қатар жұмбақ әрбір затты құлаққа естілетін дыбыс белгісімен де бейнелейді. Мысалы: «Әуеден күбі түсті, күбінің түбі түсті» деп күннің күркіреуін жұмбақтайды. 
Жұмбақтың өзіне тән ерекшелігі – жұмбаққа алынатын нәрселерді атқаратын қызметіне қарап көрсетуінде. Мәселен, құлыпты жұмбақ етіп жасырғанда: 
Ә, керемет бір ит бар, 
Үй бағады, үрмейді, 
Аяғы жоқ жүрмейді. 
Рұқсатсыз ол иттен, 
Ешкім үйге кірмейді, - деп келеді. Жұмбақтардың көпшілігінде осы ерекшелік көзге түсіп отырады. 
Кейде жұмбақ әрбір заттың неден істелгенін, тегі қандай екенін, кейіннен, қандай күйге түскенін де сипаттайды. Жұмбақтарда көп кездесетін ерекшеліктердің бірі – заты жақын заттарды парлап, қосарлап айтуында. Ай мен Күн, Жер мен Көк, қыс пен жаз, күн мен түн, қол мен аяқ т.б. жұбымен алынып жұмбаққа қосылады. Бұл ретте, мысалы, Күн мен Ай мына түрде жұмбақ етіледі: 
Біреудің бір ұлы бар және қызы, 
Біледі ол екеуін дүние жүзі.
Ұйықтайды ұлы түнде, қызы күндіз, 
Жүргенде білінбейді басқан ізі. 
Жұмбақтың қайсысы болса да негізгі ойды образ, оралымды ұшқыр сөз арқылы білдіреді. Көркемдік суреттеу құралы болатын теңеу, метафора жұмбақта көп қолданылады. 
Қазақ әдебиетіндегі жұмбақтар өзінің құрылысы, сөз айшығы жағынан мақал мен мәтелге ұқсайды және көбінесе өлең түрінде келеді, ұйқасып, ырғақтарды сақтап отырады. Сонымен қатар, жұмбақтарда да дыбыс үндестігі, дыбыс қайталаушылық, сөйтіп барып айтайын деген ойға тыңдаушының көңілін бөлу көп кездеседі. Мұны «Тақиям толған тары» (жұлдыз), «Өлсең де өлмейді, өлмесең де өлмейді» (адамның есімі), «Ти десем тимейді, тиме десем тиеді (ерін) сияқты жұмбақтардан көреміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет