1. Тұрмыс-салт жырлары, олардың түрлері, ерекшелігі


Жаңылтпаштардың бала тәрбиесіндегі орны



бет3/3
Дата04.11.2022
өлшемі20,17 Kb.
#47473
1   2   3
Байланысты:
Жауап парағы

3. Жаңылтпаштардың бала тәрбиесіндегі орны
Қазақ әдебиетінің фольклоры өте бай. Соның бірі де бірегейі – жаңылтпаштар жанры. Ахмет Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде жаңылтпашқа мынадай анықтама береді: «Жаңылтпаш деген аты жаңылтудан шыққан. Қатарынан қайта-қайта шапшаң айтқанда, иә тіл келмейтін, иә тіл басқа сөз қылып бұзып кететін сөздердің басын құрап, келістірген шығарма жаңылтпаш деп аталады». Халқымыздың сөйлеу тілін дамытатын басты құрал жаңылтпаш жанры екендігіне тоқталып өтеді.
Зерттеуші Нәзір Төреқұлов «жаңылтпаш халықтық поэтикалық шығармалардағы фольклордың шағын жанрына жататын, дыбыс үйлесімділігіне негізделген, тез және айқын айтылуы қиын сөздер тізбегі» деген анықтама бере отырып, жаңылтпаш, мақал-мәтел, жұмбақтарды дидактикалық шағын жанрға жатқызады.
Жаңылтпаш – қай халық фольклорында болмасын кең таралған жанрлық түр. Қазақ жаңылтпаштарына да зерттеушiлер ертеден назар аударып келедi. Оның тұңғыш хатқа түскен үлгiлерiн 1862 жылы жазылған Әбубәкір Диваев, М.Ф.Гаврилов жазбаларынан кезiктiремiз. Қазақ әдебиетінде жаңылтпаш жанрының ғылыми маңызына алғаш рет назар аударып, зерттеген адам – Сәкен Сейфуллин едi. Ол 1931 жылғы жазған «Қазақ әдебиетi» атты зерттеуiнде былай деп жазады: «Жастардың, бала-шағаның жиналып ойын-күлкi «дүкенiн» құрған орында айтылатын айтыстың бiрi – жаңылтпаш. Бұл да – ертек, өлең, жұмбақ айтысу тәрiздi жастардың, балалардың тiл ұстауларына, ойнақы, қырлы сөздердi қақпақылша атқылап, билеп еркiн сөйлеуге төселулерiне өз әлiнше әдемi сабақ, тәжiрибе болатын ойын кiтапта зерттеушi жаңылтпаштың тәрбиелiк мәнi мен атқаратын қызметiн айқын аша отырып оның ойындық сипатына да назар аударады. Яғни, жаңылтпаш жеке баланың ермегi емес, ол – көбiнесе жұрт жиналған жерлерде балалардың тез де, жаңылыссыз, дыбыстарды анық сөйлеуiне дағдылануына үйрететiн өлең-ойын. Оның ойындық сипаты балалардың бiр-бiрiмен жарыса кезекпе-кезек айтысуында жатыр. Ол тiл жаттықтыру мақсатын ғана көздемейдi, жаңылтпаштағы сөздер дұрыс айтылмаса, құлаққа мүлде басқаша естiлiп, күлкi де туғызады.
Мәселен:
«Ақ тай ақ па?
Қара тай ақ па?», - деген сияқты жаңылтпашты интонацияны дұрыс сақтамай, жылдамдата айтса, «Ақ таяқ па? Қара таяқ па?», болып мағыналық жағынан мүлде өзгерiп кетедi. Ертеректе, жаңылтпаш балалар ғана емес, ересектердiң де ермегi болған. Бiрақ ол үлкендер арасында басқашалау қызмет атқарған. «Ерте кезде ойын-сауықтарда жаңылтпаш айтқызу қазақтың салты болған. Жаңылтпаш жиналған жұртты күлдiру, тiл ұстартуды көздеумен қатар, ол өлең, ән бiлмейтiн жастарға берiлетiн жазба есебiнде қолданылған» , – деп жазады белгiлi фольклорист ғалым Мәлік Ғабдуллин, жаңылтпаштың үлкендер арасындағы қолданысы жөнiнде. Дегенмен, жаңылтпаштар негiзiнен балаларға тән мұра. Ол жөнiнде қазақ балалар әдебиетiнiң бiлгiрi Шеген Ахметов: «Бұл жанр тек қана балалар әдебиетiне арналған, көбiне мектеп жасына дейiнгi балалар мен бастауыш мектеп оқушыларына лайықты. Олай дейтiнiмiз жеке дыбыстармен айтылуы қиын кейбiр сөздердi дұрыс сөйлеуге үйрету – көбiне балаға ғана тән нәрсе. Мұнда мiндеттi түрде оқыту арқылы ғана емес, баланы талғамы күштi қызық та көркем сөздерге әуестендiру, соған елiктiру арқылы жаттығу жүргiзу үшiн қолданылған шеберлiк бар» , – дейдi. Бұл пiкiр жаңылтпаштың балалар фольклоры құрамындағы функциясын толық ашады. Бiрақ жаңылтпаштың шығу тегi мен оның алғашқы функциясы ғылымда жете тексерiле қойған жоқ. Егер жаңылтпаштың күрделi өлең құрылысына назар аударсақ, оны шығарушылардың ересектер екенiне күмән тумайды. Яғни, ерте заманда пайда болып, үлкендер репертуарында өмiр сүрген жаңылтпаш келе-келе балалар ортасына көшкен.
Жаңылтпаш адамды өнерге, ойын дамытуға, тілін жаттықтыруға үйрететін этнопедогогикалық туынды болып есептеледі. Жаңылтпаш - баланың ойлау қабілетін дамытуда, тілін ширатуда, дүниетанымын дамытуда маңызы зор. Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ойы қиялы дамиды, тәлім-тәрбие алады.
Жаңылтпаштың басқа жанрлармен байланысын зерттеу, оның қалыптасуы, даму жолдары, көркемдік ерекшеліктері жайлы ғылыми еңбектер жазу әдебиеттану ғылымына қосылған нәтижелі іс деп білеміз. Жаңылтпаштар фольклордың басқа жанрларымен де тығыз байланысты. Халықтық шығармаларды басқа жанрларымен салыстырудың өзгешеліктерін айқындауға мүмкіндік береді. Басқа жанрлармен байланысты зерттеу арқылы жаңылтпаштардың тарихи шығу жолын, даму және өзгеру жолдарын байқаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет