2. Туынды ұғымына келтірілетін есеп
Қозғалыстағы дененiң, белгiлi бiр мезеттен бастап t уақыттың iшiнде жүрген жолын S деп белгiлесек, t-ның өзгеруiне S-тiң оған белгiлi мәнi сәйкес келетiн болады. Сондықтан жүрген жол өткен уақыт t-ның функциясы, яғни S=f(t) болады. Бұл теңдеу қозғалыстың теңдеуi немесе қозғалыс заңы деп аталады. Осы берiлген қозғалыс заңына сүйенiп, дененiң берiлген уақыт мезетiндегi жылдамдығын табу керек болсын. Ол үшiн қозғалыстағы дененiң берiлген t уақыт мезетiндегi жылдамдығы деп ненi айтамыз, сонны анықтайық. Берiлген t уақыт мезетiнен кейiн, тағыда бiраз уақыт өтсiн, оны t деп белгiлейiк. Осы аз уақыттың iшiнде қозғалыстағы дене S жол жүрсiн. Сонда қатынасы дененiң t уақыттың iшiндегi орташа жылдамдығы болатыны белгiлi:
.
t неғұрлым аз болса, орташа жылдамдық соғұрлым аз өзгередi де t уақыт мезетiндегi дененiң қозғалысын дәлiрек анықтайды. Сондықтан мынадай анықтама бере аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |