1. туынды оқыту әДlстемесl Жоспары. Туынды ұғымын енгізу туралы жалпы мәселелер Туынды ұғымына келтірілетін есеп



бет1/11
Дата31.12.2021
өлшемі270,52 Kb.
#22173
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
9. Туынды


1. ТУЫНДЫ ОҚЫТУ ӘДlСТЕМЕСl

Жоспары.

1.Туынды ұғымын енгізу туралы жалпы мәселелер

2. Туынды ұғымына келтірілетін есеп

3. Ұғымға атау беру

4. Туындының анықтамасы және оның геометриялық мағынасы



5. Функцияның туындысын табу алгоритмі

6. Туынды табу ережелері
1.Туынды ұғымын енгізу туралы жалпы мәселелер

Туынды мен интегралды енгiзудiң әр түрлi тәсiлдерi көп жағдайларда функцияның нүктедегi шегi ұғымына байланысты. Қазiргi кездегi математикада, әдетте туынды ұғымы мен интеграл ұғымы функцияның нүктедегi шегi ұғымына байланысты анықталады.. 1981 және 1985 жылғы қабылданған бағдарламалар функцияның нүктедегi шегiн арнаулы тақырып ретiнде қарастырмайды, сөйтiп туынды және интеграл ұғымдарын шек ұғымын айқын түрде қолданбай өтуге негiзделген болатын. Оның сенбебі де бар еді. Математикада алдымен туынды және интеграл ұғымдары тұжырымдалған, ал кейiннен бұл ұғымдарды жалпылау нәтижесiнде функцияның шегi ұғымы пайда болғаны белгiлi. Туынды мен интегралды оқытудың бұл тәсiлiн шартты түрде тарихи тәсiл деп есептейдi. Мектеп оқулықтарында туынды мен интеграл ұғымдарын мұндай тәсiлмен енгiзу орта мектептегi туындыны оқытудың теориялық емес, практикалық аспектiлерiне баса назар аударуды көздейдi.

Ал қазіргі кездегі мектеп оқулықтарында туынлды шек ұғымы арқылы енгізіледі. Сондықтан орта мектепте туындыны оқыту мынадай ретпен жүзеге асырылады:

1) туынды ұғымының физикалық немесе геометриялық мағынасын анықтайтын есеп қарастырылады;

2) туынды ұғымына атау беру;

3) туынды ұғымының анықтамасын тұжырымдау, оның геометриялық мәнiн түсіндіру;

4) функцияның туындысын табу алгоритмін көрсету;

5) туынды табу ережелер;



6) туындының қолданылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет