1-вариант физика



бет3/101
Дата25.12.2022
өлшемі10,1 Mb.
#59506
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101
3-вариант
ФИЗИКА

1. Вертолет горизонталь бағытта түзу сызық бойымен 40 км ұшып, 90° бұрыш жасап бұрылып, тағы 30 км ұшты, оның жолы
A) 50 км
B) 70 км
C) 25 км
D) 35 км
E) 10 км

2. Жерден көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалыс траекториясының ең жоғары нүктесіндегі үдеудің бағыты. Ауамен үйкелісті ескермеңіз.
A) Жоғары.
B) Нөлге тең.
C) Жылдамдық векторының бағытымен бағытталған.
D) Траектория бағытымен.
E) Төмен.

3. Шеңбер бойымен бір қалыпты қозғалған дененің сызықтық жылдамдығын 2 есе кемітіп және шеңбер радиусын 4-есе арттырса, оның центрге тартқыш үдеуі:
A) 8-есе артады.
B) 2-есе артады.
C) 8-есе кемиді.
D) 2-есе кемиді.
E) 16-есе кемиді.

4. Күштің физикалық мағынасына сәйкес келмейтін ұғым
A) Күш – физикалық шама
B) Күш – үдеудің себепкері
C) Күш – бір дененің басқа денеге әсерін білдіреттін физикалық шама
D) Күш – векторлық шама
E) Күш – уақыт бірлігінде атқарылатын жұмысты көрсететін физикалық шама

5. Адамның тыныштықтағы салмағы 900 Н. 0,5 жылдамдықпен бір қалыпты төмен қарай қозғалып бара жатқан эскалатор сатысындағы серіппелі таразыда тұрған адамның салмағы:
A) 900 H.
B) 855 H.
C) 904,5 H.
D) 895,5 H.
E) 945 H.

6. Дене h биіктігінен нөлдік деңгейге дейін төмен түскенде, ауырлық күшінің жұмысы
A)
B)
C)
D)
E)

7. Тыныштық күйден  жылдамдыққа дейін автомобильді үдету үшін двигатель 1000 Дж жұмыс атқарды.  жылдамдықтан 2 жылдамдыққа дейін автомобильді үдету үшін двигательдің атқаратын жұмысы
A) Дж.
B) 3000 Дж.
C) 1000 Дж.
D) 4000 Дж.
E) 2000 Дж.

8. Дене h биіктіктен еркін құлады. h/4 биіктіктегі дененің потенциалдық және кинетикалық энергияларын салыстырыңыз.
A)
B)
C)
D)
E)

9. Иіндікке әрекет ететін күш 300 Н, күш иіні 30 м. Күш моменті
A) 600 Н∙м.
B) 450 Н∙м.
C) дұрыс жауабы жоқ.
D) 9000 Н∙м.
E) 330 Н∙м.

10. Көмірқышқыл газының молекуласының массасы 7,310-26 кг. Егер молекулалардың концентрациясы 2,71020 м-3, ал орташа квадраттық жылдамдығы 9104 болса, онда ыдыстағы газдың қысымы:
A) 59 мПа.
B) 6 Па.
C) 59 Па.
D) 0,06 Па.
E) 0,59 Па.

11. Суретте көрсетілген процестер

A) Изохоралық, изотермиялық, изобаралық.
B) Изохоралық, изобаралық, изотермиялық.
C) Изохоралық, изобаралық, изохоралық.
D) Изохоралық, изотермиялық, изохоралық.
E) Изобаралық, изотермиялық, изохоралық.

12. Сыртқы күштер әсері тоқталғаннан кейін толық жойылатын деформация
A) Материалдың аққыштығы.
B) Беріктік шегі.
C) Серпінді.
D) Қаттылық.
E) Пластикалық.

13. Газға 2104 Дж жылу мөлшерін бергенде, ол 5104 Дж жұмыс атқарған болса, ішкі энергиясының өзгерісі
A) -2104 Дж.
B) 3104 Дж.
C) 5104 Дж.
D) -3104 Дж.
E) 7104 Дж.

14. Электр өрісінің қандай да бір нүктесінде 10-7 Кл зарядқа 410-3 Н күш әсер етеді. Егер нүктенің қашықтығы 0,3 м болса, онда осы өрісті туғызған зарядтың шамасы (k = 9109 Нм2/Кл2)
A) 510-7 Кл.
B) 610-7 Кл.
C) 310-7 Кл.
D) 410-7 Кл.
E) 210-7 Кл.

15. Электрон жүрген электр өрісінің потенциалдық айырмасын 10 есе өсірсе, оның кинетикалық энергиясының өзгерісін анықтаңыз
A) 10 есе өседі.
B) 10 есе кемиді.
C) Өзгермейді.
D) 20 есе кемиді.
E) 20 есе өседі.

16. Өткізгіштің ұзындығы 1,2 м, көлденең қимасының ауданы 0,4 мм2, ал кедергісі 1,2 Ом болса, оның меншікті электр кедергісі:
A) 0,510-6 Омм.
B) 0,610-6 Омм.
C) 0,410-6 Омм.
D) 0,210-6 Омм.
E) 0,310-6 Омм.

17. а) схемадан б) схемаға көшкенде амперметрдің көрсетуінің өзгерісі

A) өзгермейді.
B) 2 есе артады.
C) 2 есе кемиді.
D) 4 есе артады.
E) 4 есе кемиді.

18. Ферромагнетикте магнит өрісінің түзілуі
A) Зарядтардың қайта орналасуы әсерінен.
B) Сыртқы электромагниттік өріс әсерінен.
C) Ферромагнетик ұштарында пайда болатын потенциалдар айырмасы салдарынан.
D) Электрондардың «өзінің айналуы» салдарынан.
E) Электрондардың ядроны айнала қозғалуы әсерінен.

19. Электромагниттік индукция құбылысын ашқан
A) Кавендиш.
B) Максвелл.
C) Фарадей.
D) Кулон.
E) Ампер.

20. Тізбектегі К кілтті айырғанда амперметр арқылы токтың жүретін бағыты

A) Схема жұмыс жасамайды.
B) Ток бастапқы бағытына қарсы жүреді.
C) Ток бұрынғы бағытымен жүреді.
D) Амперметр арқылы ток жүрмейді.
E) Катушка арқылы ток жүрмейді.

21. График бойынша тербелістің периоды

A) Т = 0,3 с.
B) Т = 0,4 с.
C) Т = 0,1 с.
D) Т = 0,2 с.
E) Т = 0,5 с.

22. Толқын ұзындығы 60 м, жиілігі 2 Гц, толқын жылдамдығын есептеңіз.
A) 60 м/с.
B) 120 м/с.
C) 30 м/с.
D) 0,03 м/с.
E) 90 м/с.

23. Тербелмелі контурдағы ток күшінің гармониялы тербелісінің теңдеуі:
A) I = -w0qm×sin(w0t + j0).
B) I = em×sin(w0t + j0).
C) I =
D) I = xm×cos(w0t + j0).
E) I = qm×cos(w0t + j0).

24. Телевизиялық сигналды таратуда қолданылатын принцип
A) Кескінді тізбекті электр сигналына түрлендіру.
B) Детектирлеу.
C) Фотоэффект.
D) Амплитудалық модуляция.
E) Гюйгенс-Френель принципі.

25. Вакуумға ќатысты ортаның сыну көрсеткіші-
A) абсолют сыну көрсеткіш.
B) салыстырмалы сыну көрсеткіш.
C) сыну тұраќтысы.
D) сыну коэффициенті.
E) толыќ сыну тұраќтысы.

26. Қос дөңес линзаның фокус аралығы 40 см. Нәрсенің шын кескінін 2 есе кішірейту үшін, нәрсені линзадан орналастыру қашықтығы
A) 1,2 см.
B) 12,5 см.
C) 120 см.
D) 12 см.
E) 125 см.

27. Электронның тыныштық массасына (me=9,1·10-31кг) тең массаға ие болу үшін, фотон энергиясы (с = 3·108 м/с)
A) 6,7·10-19Дж.
B) 7,1·10-15Дж.
C) 10-15Дж.
D) 82·10-15Дж.
E) 8,2·10-15Дж.

28. Бөлшектің релятивистік массасы тыныштық массасынан 2 есе көп болғанда, оның жылдамдығы:
A) 2,6106 м/с.
B) 2,6105 м/с.
C) 2,6108 м/с.
D) 2,6107 м/с.
E) 2,6109 м/с.

29. Сутегі атомының құрылысы:
A)

B)

C)

D)

E)


30. Маңайында радиоактивті препарат жоқ кезде де, Гейгер санағышының иондаушы бөлшектерді тіркеуінің себебі:
A) Санағышқа атом импульсі әсер етеді.
B) Санағышқа молекуланың үлкен массасы әсер етеді.
C) Санағышқа космостық сәулелер әсер етеді.
D) Санағышқа молекулалардың жылулық қозғалысы әсер етеді.
E) Санағыш ішіндегі атомдардың ретсіз қозғалысы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет