«Кинематика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Дата27.09.2023
өлшемі29,8 Kb.
#111071

«Кинематика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



    1. Вертолет түзу сызық бойымен 400 км ұшып, 900 бұрыш жасай бұрылып, тағы да 300 км ұшты.

а) Вертолеттің жолын және орын ауыстыру формулаларын жазыңдар (2)
ә) Катердің жолын және орын ауыстыруының формуласы пайдаланып анықтаңдар (2)

б) График арқылы жүрген жолы мен орын ауыстыруын сызба ретінде көрсетіңіздер. (1)



  1. Екі велосипедшінің қозғалысы мынандай теңдеулермен берілген: х1=5t, x2=150-10t.

а) х=х(t) тәуелділік графиктерін салыңыздар. (1)
ә) жүрген жолдың және уақыттың формуласын жазыңыздар (2)

б) Олардың кездесетін жерін және уақытын табыңыздар. (2)



  1. Тыныштық қалпынан 60 м/с2 үдеумен қозғалып келе жатқан ракета 750 м жол жүргенде қандай жылдамдыққа ие болады?

а) теңайнымалы қозғалыстың формуласын жазыңдар (1)

ә) жүрген жолдың уақытын табыңдар (1)


4. Диаметрі 40 см болатын турбинаның роторы 12000 айн/мин жиілікпен айналады. Турбина қалақтары ұштарының центрге тартқыш үдеуі мен бұрыштық жылдамдығы қандай?


а) нормаль үдеуінің формуласын және бұрыштық жылдамдықтың формулаларын жазыңыздар. (2)

ә) өлшем бірліктерді ХБЖ-ға айналдырыңдар (1)


б) нормаль үдеуін және бұрыштық жылдамдықты анықтаңдар.(2)

5. Өлшеулер кезінде ең үлкен аспаптық қателік қалай табылады? (1)





Бағалаукритерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білімалушы

Ілгерілмелі қозғалыс

1 (а)


Нүктенің орын ауыстыруы және оның жүрген жолының формуласын пайдаланады.

2

1(ә)

Нүктенің орын ауыстыруы және оның жүрген жолының мәнін анықтайды

2

1(б)

График арқылы координаталарын сызады

1



Түзу сызықты бір қалыпты қозғалыс. Қозғалыстың салыстырмалылығы

2 (а)

х=х(t) тәуелділік графигін салады

1

2 (ә)

Дененің жүрген жолының және уақыттың формуласын пайдаланады

2

2 (б)

Дененің кездесетін жерін және уақытын табады

2



Бір қалыпты үдемелі қозғалыс

3(а)


теңайнымалы қозғалыстың формуласын жазады

1

3(ә)

Дененің бір қалыпты үдемелі қозғалыс кезіндегі уақытты анықтайды

1



Шеңбер бойымен бір қалыпты қозғалыс

4


Дененің шеңбер бойымен жүрген жолының үдеуін және бұрыштық жылдамдық формуласын пайдаланады

2

ХБЖ-ін пайдаланады

1

Дененің шеңбер бойымен жүрген жолының үдеуін (айналу жиілігін) және бұрыштық жылдамдықты анықтайды

2

Өлшулер мен есемтеулердің дәлдігі




Өлшеулер кезіндегі аспаптың қателіктерін сипаттайды

1

Жалпы балл

16


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет