1-вариант география



бет31/86
Дата31.10.2022
өлшемі4,36 Mb.
#46393
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   86
Байланысты:
0000c21b-5f1ff089

35-вариант
ГЕОГРАФИЯ

1. Айсбергтер пайда болатын аймақтар :
A) Антарктида, Отты жер аралы
B) Антарктида, Гренландия
C) Гренландия, Корея түбегі
D) Гренландия, Арабия түбегі
E) Антарктида, Үндістан түбегі

2. Н.А. Северцовтың еңбегі :
A) «Арал теңізі»
B) «Түркістан»
C) «Түркістан өлкесіне саяхат»
D) «Жоңғария очерктері»
E) «Орталық Азия»

3. Жердегі белгілі бір зат пен солтүстік бағыт арасындағы бұрыш :
A) масштаб
B) полюс
C) рулетка
D) нивелир
E) азимут

4. Қарағай, шырша, майқарағай өсетін табиғат зона :
A) арктикалық шөлдер
B) орманды тундра
C) аралас ормандар
D) тайга
E) тундра

5. Материктік жер қыртысыныњ қалыњдыѓы
A) 10-12 км
B) 20-30 км
C) 5-6 км
D) 10-50 км
E) 30-80 км

6. Қазақстандық Алтайдағы ірі су қойма.
A) Сергеев.
B) Бұқтырма.
C) Вячеслав.
D) Қапшағай.
E) Кеңгір.

7. Мемлекет басшысы король, император, т.с.с болып келетін басқару түрі.
A) Әмірлік.
B) Монархия.
C) Теократия.
D) Республика.
E) Федерация.

8. Қалдық қалдырмайтын өнеркәсіп саласы.
A) Жеңіл.
B) Химия.
C) Тамақ.
D) Металлургия.
E) Ағаш өңдеу.

9. Қытай тілінен аударғанда «Тянь-Шань» тауының мағынасы.
A) Алтын таулар.
B) Тәңір шыңы.
C) Қарлар мекені.
D) Мыс таулар.
E) Әлем шатыры.

10. Олимпиада ойындарының отаны:
A) Дания.
B) Португалия.
C) Греция.
D) Италия.
E) Испания.

11. Топырақ деп ... айтамыз.
A) жердің беткі, жұқа, құнарлы қабатын
B) құммен араласқан өсімдікті
C) шаң - тозаңды, батпақты
D) шөлдегі батпақты жерлерді
E) таулардың үгілуін

12. Халқының саны жөнінен алдыңғы орындағы мемлекет:
A) Бангладеш.
B) Үндістан.
C) Пәкістан.
D) Қытай.
E) Жапония.

13. Сағасы жоқ (құмға сіңіп кететін) өзен.
A) Іле.
B) Жайық.
C) Қаратал.
D) Тобыл.
E) Шу.

14. Республикадағы балық зауыты … орналасқан.
A) Атырау, Балқашта
B) Петропавл, Балқашта
C) Ақтау, Оралда
D) Атырау, Қоңыратта
E) Арал, Ақтауда

15. Урбандалу - бұл
A) экономикалық даму деңгейінің теңесу процесі
B) елдің немесе регионның тұрғындар санының өсуі
C) сыртқы миграция
D) ауылдан қалаға қоныс аудару миграциясы
E) қала халқының өсу процесі

16. Тәулігіне бағытын екі рет өзгертетін жел.
A) Бриз.
B) Арыстанды-Қарабас.
C) Муссон.
D) Сайқан.
E) Ебі.

17. ЖЭС жұмыстарына байланысты проблемалардың бірі:
A) Ауаның ластануы.
B) Отын ресурстарының біркелкі бөлінбеуі.
C) Отын ресурстарының жеткізу кезіндегі қиындықтар.
D) Электр энергиясын тасмалдау.
E) Отын ресурстарының терең орналасуы.

18. Қарақұмық жармасын шығаратын зауыт:
A) Алматыда.
B) Аягөзде.
C) Өскеменде.
D) Семейде.
E) Текеліде.

19. Кофе экспорттаушы ел:
A) Зимбабве.
B) Египет.
C) Алжир.
D) Эфиопия.
E) Ботсвана.

20. Барлық көлік түрлерінің жиынтығы:
A) Ауыл шаруашылығы.
B) Өнеркәсіп.
C) Көлік кешені.
D) Байланыс.
E) Мәдениет.

21. Шығыс Қазақстандағы қорық.
A) Алматы
B) Қорғалжын
C) Үстірт
D) Ақсу-Жабағылы
E) Марқакөл

22. Табиғат ресурстарының көптүрлілігі тән елдер:
A) Оман, Сауд Аравиясы.
B) Норвегия, Финляндия.
C) Ресей, Қытай.
D) Австрия, Австралия.
E) Жапония, АҚШ.

23. Қазақстанда медициналық прибор және рентген аппаратурасын шығаратын завод ... қаласында орналасқан.
A) Ақтөбе
B) Қарағанды
C) Атырау
D) Астана
E) Ақтау

24. Үндістан Қазақстанға ... береді.
A) мұнай және газ
B) пайдалы қазбалар
C) тоқыма бұйымдарына арналған құрал-жабдықтар
D) шәй, дәрі-дәрмек, тұрмысқа қажетті заттар
E) автомашиналар

25. Латын Америкасындағы "жасыл революцияның " негізін салушы:
A) Аргентина.
B) Эквадор.
C) Мексика.
D) Перу.
E) Бразилия.

26. Қала халқының үлес салмағы ... көрсеткіші
A) еңбек тиімділігінің
B) индустрияландырудың
C) ұлттық құрамының
D) жастардың
E) өндіріс құралдарының

27. Жер көлемі 2,7 млн. ш.ш., халық саны 16,5 млн. адам болғандағы халықтың орналасуының орташа тығыздығы.
A) 1 ш.ш-ға – 0,1 адам.
B) 1 ш.ш-ға – 7,8 адам.
C) 1 ш.ш-ға – 3 адам.
D) 1 ш.ш-ға – 6 адам.
E) 1 ш.ш-ға – 0,8 адам.

28. Эфиопия таулы қыратында өмір сүруге және егіншілікке қолайлы белдеуі:
A) 1000 м - 1700 м.
B) 1700 м - 1800 м.
C) 200 м - 1000 м.
D) 2400 м - 3000 м.
E) 1800 м - 2400 м.

29. Географиялық қабықтың дамуындағы ең ұзақ алғашқы кезең:
A) Биогендікке дейінгі.
B) Палеогендік.
C) Органогендікке дейінгі.
D) Антропогендік.
E) Неогендік.

30. Егер таудың етегінде атмосфералық қысым 760 мм, басында – 460 мм сынап бағанасына тең болса, таудың биіктігін анықтаңыз:
A) 500 м.
B) 2000 м.
C) 4000 м.
D) 3000 м.
E) 1000 м.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет