1. Возможность получать самую интересную информацию о состоянии медицины на настоящий момент 2



Pdf көрінісі
бет9/14
Дата12.03.2017
өлшемі7,49 Mb.
#9216
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

#1
65
Казахстанский   
Медицинский
   Журнал

открывающимися и закрывающимися (или раздвиж-
ными) дверями, в коридорах – вдоль стен поручнями 
для перемещения инвалидов.
96.  В  туалетах  для  инвалидов,  перемещающихся 
в креслах-колясках, предусматривается кабина шири-
ной не менее 1,65 м и глубиной не менее 1,8 м, обо-
рудованная специальными приспособлениями в виде 
скоб, вмонтированных в стену. В душевых устраивается 
вертикальный поручень на высоте 90-130 см от уровня 
пола, в ванной – горизонтальные поручни.
97.  В палатной секции должен быть санитарный узел 
для персонала и санитарная комната площадью не ме-
нее 6 м
2
, оборудованная сливом и раковиной.
98.  В жилом корпусе центра предусматриваются: про-
цедурная, раздельные кладовые для чистого и грязного 
белья, бытовая комната, комната дежурного персонала 
и помещение для хранения уборочного инвентаря, мо-
ющих и дезинфицирующих средств.
99.  Общая площадь патологоанатомической организа-
ции и морга при стационаре до 100 коек предусматри-
вается не менее 44 м
2
, при большей мощности из рас-
чета на 1 койку в стационаре на 200 мест – 0,77 м
2

300-400 мест – 0,83 м
2
, 800 мест – 0,78 м
2
, 1000 мест – 0,68 
м
2
. Площадь отделения судебно-медицинского центра 
определяется объемом производимых исследований.
100.  Патологоанатомическое отделение и морг должны 
иметь три входа-выхода, два для раздельного приема 
и выдачи трупов, третий для пользования персоналом.
101. В  морге должны быть следующие помещения: 
приема и хранения трупов, секционные, в том чис-
ле малая секционная для вскрытия и выдачи трупов 
людей, умерших от инфекционных заболеваний, с от-
дельными наружным входом и подъездными путями, 
ритуальных процедур и выдачи трупов, хранения фик-
сированного материала, одежды, гробов и другого иму-
щества, бытовые помещения для персонала.
102. В патологоанатомическом отделении дополни-
тельно должны быть лаборатории для исследования 
секционного материала.
Для хранения вещественных доказательств при выпол-
нении судебно-медицинской экспертизы выделяется 
отдельная комната.
103. Помещения, связанные с транспортировкой тру-
пов внутри здания, проведением вскрытия, обработкой 
и хранением нефиксированного секционного материа-
ла разделяются тамбуром или коридором от гистоло-
гической лаборатории, помещений для врачей и обслу-
живающего персонала, музея и бытовых помещений.
104. Помещение для хранения трупов допускается раз-
мещать в подвальном и цокольном этажах здания.
105. Не допускается размещать секционные помещения 
в непосредственной близости с помещением выдачи 
трупов. Помещение, предназначенное для вскрытия 
трупов людей, умерших от инфекционных заболева-
ний, должно иметь отдельный запасной наружный 
вход-выход.
106. Планировка дверных проемов и конструкция две-
рей в помещениях для хранения трупов, предсекци-
онной, секционной, комнате для одевания трупов и в 
траурном зале должны обеспечивать свободный про-
нос носилок и проезд каталок.
107. На территории восстановительного лечения и ме-
дицинской реабилитации в зоне физкультурно-оздо-
ровительных сооружений располагаются спортивные 
площадки (из расчета 20 м
2
 на 1 место) и площадки 
для занятий лечебной физкультурой, оборудованные 
с учетом возрастных групп пациентов.
108.  На  территории  восстановительного  лечения 
и медицинской реабилитации должны быть участки 
для трудотерапии (садоводство, цветоводство, огород-
ничество).
109. При восстановительном лечении и медицинской 
реабилитации допускается устройство пляжа. Пляж 
размещается на обособленном участке береговой тер-
ритории водоема на расстоянии не более 1,2 киломе-
трав (далее – км) от спальных помещений (корпусов) 
с удобными подъездными путями, подходами и спу-
сками  или  оборудуется  подъемно-транспортными 
средствами.
110. На территории пляжа размещаются аэрарий, со-
лярий, площадка лечебной физкультуры, теневые на-
весы, зонты с учетом пользования до 40 % отдыхающих 
на пляже, медицинский и спасательный пункты, каби-
неты врача-климатотерапевта, душевые, санитарные 
узлы, гардеробные. Граница зоны купания обознача-
ется опознавательными знаками.
#1(25) февраль, 2012г. 
66
ОФиЦиальнЫе материалЫ

Представительство “WÖRWAG PHARMA GmbH&Co.KG” в Казахстане и Средней Азии
Тел./факс: +7 (727) 255 83 48, 255 85 18
Регистрационное удостоверение РК-БАД - № 000570 от 25.06.2010 г.
Разрешение на рекламу БАД № 000073 от 10.12.2009 г.

МЕДиЦиНАНЫң
 
САПАСыН ҚАЙТСЕК 
КӨТЕРЕМіз?
68
#1 (25) ақпан, 2012ж.
ЕРЕКШЕ ПІКІР

Бүгінде медициналық көмектің 
неғұрлым сапалы атқарылуы басты 
мәселе болып отыр. Медицина сала-
сына қайта-қайта жасалып жатқан 
реформалардың да көздегені – осы. 
Шетелде медициналық мамандар-
ды  дайындау  үрдісі  өте  жоғары. 
Оларда  студентке  оқумен  бірге 
білім, біліммен қатар тәжірибе беру 
қалыптасқан.  Студенттер  оқумен 
және  ғылыммен  қатар  айналы-
сып, тәжірибе жүзінде біліктілігін 
арттыра түседі. Бізге де еліміздегі 
медициналық  көмек  көрсету  са-
пасын  арттыру  үшін  ең  алдымен 
білікті  дәрігерлерді  дайындауға 
күш  салу  керек.  Еліміздегі 
медициналық  университетті 
бітірген  маманның  дүниежүзінің 
кез-келген  бұрышында  жұмыс 
істеп кете алатындай қабілеті бо-
луы қажет. Ауру түрлері жыл өткен 
сайын көбейіп бара жатқандықтан, 
дәрігерлер  соңғы  жұмыс  күніне 
дейін әр күн сайын өзін-өзі шыңдай 
түсуі тиіс. Осы орайда адам өміріне 
жауапты  дәрігер  мамандығын 
таңдаған балалар оқуға қабылданар 
алдында  үлкен  дайындықтан 
өтуі  керек.  Мәселен,  хирургияны 
таңдаған балалар пышағына түскен 
науқас  тез  жазылып  кететіндей 
қолы  жеңіл  болғаны  абзал.  Ше-
телде  жастарды  мамандыққа 
таңдағанда  арнайы  осындай  те-
стерден  өткізіп  іріктейді.  Дәл 
осы жүйе бізге де қажет. Әйтпесе 
бүгінде  балалар  өзі  қалаған 
мамандығына қарай емес, бөлінген 
гранттың түріне қарай мамандық 
таңдайтын  болған.  Медицинаға 
«мен біреудің өмірін сақтап қалғым 
келеді, науқасқа шынайы көңілден 
жанашырлықпен көмек көрсеткім 
келеді» деген балалар қабылдануы 
керек.  Егер  мамандарды  үлкен 
дайындықпен даярласақ, біз өзгенің 
қаңсығын  таңсық  көріп,  қолына 
науқастарды сеніп тапсырмас едік. 
Кеше ғана шетелдік мамандар ота 
жасаған  балаларымыздың  ауыр 
халі  жайлы  барша  жұрт  естіді. 
Шетелден  ат  арылтып  маман 
шақыртып,  оның  ісіне  көңіліміз 
толмай,  өкпе  артқанша,  сол  ма-
манды  өзіміз  даярлап  шығуға 
неге күш салмасқа?! Мемлекетіміз 
де  жоғары  сапалы  медициналық 
көмекті  ұйымдастыра  алуы  үшін 
дәрігерлерге  жағдай  жасауы 
тиіс. Бүгінде адам өмірін бірінші 
орынға  қоятын  дүниежүзіндегі 
елдердің  барлығы  дәрігердің 
айлығын  көтеру  арқылы  жоғары 
сапалы медициналық көмекке қол 
жеткізіп отыр. Ал біздің елімізде 
дәрігерлердің өз бетімен ізденуіне 
де  жағдай  жасалмаған.  Соңғы 
жылдары  шыққан  ауруды  ем-
деу  жолдарын  танытатын  жақсы 
кітаптардың  құны  –  10-15  мың 
теңге. 40-45 мың теңге айлығымен 
дәрігер  мұндай  оқулықтарды, 
журналдарды  сатып  ала  алмасы 
белгілі. Ендеше осынша айлығы бар 
дәрігерден  сапалы  медициналық 
көмек,  жан-жақты  білім  талап 
ете  аламыз  ба?  Болса  да  елімізде 
дәрігер  мамандары  жетіспейді. 
Онсыз да бұл салада 5 мың дәрігер 
жетіспеушілігі сөз болып жатқан 
кезде, айықтырғыштардың да осы 
салада болуы дәрігерлерге қосымша 
салмақ  салуда.  Сондықтан  бұл 
өзгеріс  айықтырғыш  мекемелері 
жұмысының тиімділігін арттырады 
деп айта алмаймын.
Та ғ ы   б ір   ж а й т,   б і з д і ң 
учаскелік  дәрігерлеріміз  күннің 
ыстық-суықтығына  қарамай, 
қарамағындағы үйлерді жаяу ара-
лайды. Ал мемлекетіміз олардың 
көп  жаяу  жүргені  үшін  ерте  то-
затын тәпішкесі мен етігіне ақша 
қарастырып  отырған  жоқ.  Бір 
кездері  Сталин  «жақсы  дәрігерді 
халық  өзі  асырайды»  деген.  Яғни 
дәрігер  науқасқа  жақсы  қараса, 
біреуі  картобын,  енді  біреуі 
үйінен сүтін, жұмыртқасын тасып, 
дәрігердің жағдайын жасайды де-
ген сөз. Бірақ бұл қазіргі заманда 
Бүгінде балалар өзі қалаған мамандығына қарай емес, бөлінген 
гранттың түріне қарай мамандық таңдайтын болған. Медицинаға 
«мен біреудің өмірін сақтап қалғым келеді, науқасқа шынайы 
көңілден жанашырлықпен көмек көрсеткім келеді» деген балалар 
келуі керек.
онсыз да бұл салада 5 мың 
дәрігер жетіспеушілігі 
сөз болып жатқан кезде, 
айықтырғыштардың да осы 
салада болуы дәрігерлерге 
қосымша салмақ салуда.
#1
69
Казахстанский   
Медицинский
   Журнал

коррупция  саналады.  Сондықтан 
бүгінгі дәрігердің жағдайын мем-
лекет жасауы керек. Сонда дәрігер 
науқастың қалтасына емес, ауруына 
үңіледі. Дамыған елдерде ең жоғары 
айлық заңгерлер мен дәрігерлердікі. 
Америкада  дәрігерлер  8-10  мың 
АҚШ  доллары  көлемінде  айлық 
алады. Біздің елімізде ең болмаса 
осының 25 пайызындай айлық алса, 
олар  Шымкент  қаласындағыдай 
бомждардан қан алып, қала бой-
ынша  АҚТЖ  жұқтырғышын  та-
ратып  жібермес  еді.  Адам  аш 
болса,  қылмысқа  жақын  тұрады. 
Халқымызда  «бір  күн  аш  болған 
адамнан 40 күн ақыл сұрама» деген 
сөз бар. Дәрігер жейтін наны мен 
суын уайымдамауы керек, өйткені 
дәрігер адам өмірінің арашасы бол-
са, дәрігерді бағу қоғамның міндеті 
болуы  тиіс.  Бізде  осы  түсініктер 
қалыптасса, бәрі орнына келер еді.
Жалпы  бізге  бәсекелестікке 
қабілетті  дамыған  ел  болу  үшін 
алдымен  денсаулық  сақтау  са-
ласына көңіл бөлу қажет. Өз басым 
еліміздің денсаулық сақтау саласына 
бөлініп жатқан қаржыны қомақты 
деп  айта  алмас  едім.  Денсаулық 
сақтау  саласына  дамыған  елдер 
жалпы  ішкі  өнімнің  10-12  пайы-
зын жұмсайды. Бізде ол – 2,5 пай-
ыз ғана. Дүниежүзілік денсаулық 
сақтау  ұйымының  ұсынысы  бой-
ынша, әр ел жалпы ішкі өнімінің 
6-8 пайызын жұмсап отыруы тиіс. 
Біздің  меже  оның  жартысына  да 
жетпейді.  Салыстырмалы  түрде 
қарағанда,  бөлінген  ақша  мар-
дымсыз. Тағы бір атап өтер жайт, 
бөлінген  қаржы  діттеген  жеріне 
жетіп  те  жатқан  жоқ.  Бөлінген 
қаржы  тозығы  жеткен  аурухана-
лар  мен  емханалардың  жөндеу 
жұмыстарына, тілін түсінбесе де, 
төрімізде тұрса болды деп бөлінген 
ақшадан  жырымшылап,  қымбат 
медициналық қондырғыларды са-
тып алуға ретсіз жұмсалып жатыр. 
Осы секілді медицина саласында 
желге ұшып жатқан қыруар қаржы 
өте көп. Кезінде халыққа міндетті 
сақтандыру жүйесін енгіземіз деп 
қыруар ақша жиналды. Бүгінде сол 
ақшаның өзі түгіл, ізі де жоқ, қайда 
кеткенін ешкім де білмейді. Егер 
сол ақшаны өз орнымен жұмсасақ, 
халқымыздың  денсаулығы  үшін 
үлкен  көмек  болар  еді.  Осыдан 
келіп  қоғамда  «бізге  міндетті 
сақтандыру жүйесі керек емес» де-
ген түсінік қалыптасты. Ал, шын 
мәнінде,  әлемнің  барлық  елінде 
дерлік міндетті сақтандыру жүйесі 
бар.  Кейде  кейбір  кәсіпорындар 
өндіріс барысында зардап шеккен 
жұмысшыларына  өтемақыны  да 
дұрыс бермейді. Еліміздегі толып 
жатқан  мұнай,  құрылыс,  өндіріс 
компанияларына  өздерінің  жұ-
мысшыларының  денсаулығын 
өздері  сақтандыруды  міндеттеу 
қажет.  Өйткені  мемлекеттік 
бюджеттің халықтың бәрін бірдей 
өзі  көтере  алатын  жағдайы  жоқ. 
Сондықтан  кәсіпорындардың  өз 
жұмысшыларының  денсаулығын 
өздері сақтандыратын жүйе керек.
Қорыта  айтқанда,  медицина 
саласына  кім  көрінгеннің  келуі 
науқас  пен  дәрігер  арасындағы 
қарым-қатынастың  дұрыс  болма-
уына,  халықтың  дәрігерге  деген 
көзқарасының  өзгеруіне  әкеліп 
соғуда. Сондықтан ақылы оқу ор-
нына  тапсыратын  балалардың 
өзі  таң даған  маман дығына 
қаншалықты бейімдігіне қарай өте 
жоғары деңгейдегі іріктеуден өтуі 
керек.  Осы  орайда  барлық  адам 
өз  мамандығын  адаспай  табуы 
үшін  алдын  ала  арнайы  тестер-
ден  өтсе,  дұрыс  болар  еді.  Біздің 
елімізде кейбір мамандықтар бой-
ынша ғана жастар шығармашылық 
байқаудан өтеді. Негізі, бұл басқа да 
мамандықтарға қабылдау кезінде де 
керек-ақ…
  Белгібай Шахметов, 
медицина ғылымының 
докторы, профессор, 
психотерапевт 
Денсаулық сақтау саласына 
дамыған елдер жалпы ішкі 
өнімнің 10-12 пайызын 
жұмсайды. Бізде ол – 2,5 
пайыз ғана.
Еліміздегі толып жатқан 
мұнай, құрылыс, өндіріс 
компанияларына өздерінің 
жұмысшыларының 
денсаулығын өздері 
сақтандыруды міндеттеу 
қажет.
70
#1 (25) ақпан, 2012ж.
ЕРЕКШЕ ПІКІР

ДӘРіГЕРліК ҚызМЕТ  
ЖӘНЕ ОНыҢ ҚОғАМДАғы 
ПРоБЛЕМАЛАРЫ
#1
71
Казахстанский   
Медицинский
   Журнал

«Дәрігерлердің  басындағы 
қазіргі  өзекті  проблемалары,  ол 
қызметтің  қиындықтары  мен 
ауыртпалығы жайлы неге басылым-
дар аз жазады?» деген ой мені жиі 
мазалайды.
Шынында, неге қазіргі дәрігерлер 
өз  проблемалары  жайлы  кезде-
се  қалған  сәтте  өзара  күңк-күңк 
еткеннен  ары  бармайды.  Ия,  бұл 
күндері  өз  ойларын  көпшілікке 
күнделікті  басылымдар  арқылы 
ашық  жеткізетін  дәрігерлер 
бірен-сараң,  тіпті,  жоқтың  қасы. 
Неге  бұрынғы  дәрігерлер  біздің 
замандастарымызға  қарағанда 
әлдеқайда белсенді, батыл болды, 
ой-пікірлерін көпшілік алдына са-
лып, қоғам мен көпшілік оны қолдай 
білді?  Дәрігерлік  қызмет  бүгінгі 
қоғамда  беделсіз,  құнсыз  болып 
құлдырап бара жатқанына не себеп?
М.Монтель  «Денсаулық  –  баға 
жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. 
Ол жақсы болу үшін не уақытты, 
не  күш-жүгерді,  не  енбекті,  тіпті 
барлық  дүниені  аямай  жұмсау 
керек.  Денсаулық  үшін  өмірдің 
бір  бөлігін  де  қиюға  болады. 
Денсаулықсыз  өмір  –  қызықсыз 
әлем деп есептеймін» деген екен.
«Ақшаға төсек сатып алуға бола-
ды, бірақ ұйқыны сатып алуға бол-
майды. Тамақ сатып алуға болады, 
бірақ тәбет сатып алуға болмайды. 
Дәрі  сатып  алуға  болады,  бірақ 
денсаулықты сатып алуға болмайды. 
Үй сатып алуға болады, кітаптар са-
тып алуға болады, бірақ ақыл-ойды 
сатып  алуға  болмайды.  Зергерлік 
заттарды сатып алуға болады, бірақ 
сұлулықты  сатып  ала  алмаймыз. 
Ән-күйді сатып алып, ойнатқанмен, 
бақытты  сатып  алуға  болмайды. 
Дінді сатып алғанмен, қорғанысты 
сатып ала алмаймыз», – деп Поль 
Брэгг қалай орынды айтқан.
Мыңдаған кесел мен дерт «то-
нын  айналдырып»,  сан  құбылып, 
жүз өзгеріп адамзаттың денсаулығы 
мен өміріне қауіп төндіріп жатқан 
қазіргі  уақытта  дәрігерден  терең 
білімділікті,  сезімталдықты, 
байқампаздықты,  аңғаруы  мен 
түйсігі  мол  болуды  талап  етеді. 
Олай  болмаса  дәрігер  сырқаттың 
түрін  дер  кезінде  анықтауда, 
емдеуде  қателік  жіберуі  әбден 
мүмкін.  Егер  олай  болса  сырқат 
денсаулығына, өміріне қауіп бұлты 
қоюлана түсетіні мәлім.
Әрине, бұл күндері медициналық 
технология  жан-жақты  жақсы 
дамыған  кезде  дәрігерлердің 
қызметі едәуір жеңілдей түскені рас. 
Өкінішке орай, жас дәрігерлердің 
көпшілігі жаңағы диагностикалық 
аппараттар  мен  жабдықтарға  иек 
асып,  клиникалық  ойлау,  сарап-
тау  қабілетінен  ажырай  бастады. 
Диагноз қою үшін сандаған тексе-
ру кабинеттеріне, зертханаға ауру-
ды  жұмсап,  кейде,  негізсіз  алтын 
уақытты созып алатыны да бар. Енді 
оның басты-басты себептеріне аздап 
болса да тоқтала өтелік.
Біріншіден,  қазіргі  меди-
цина  тым  тарылып,  жеке-жеке 
мамандыққа айналып кетті. Мыса-
лы, көз дәрігері басқа саланы біле 
бермейді. Дәрігер-кардиолог болса 
бауыр, асқазан ауруларын емдей 
алмайды, өйткені оның білімі оған 
жетпейді. Хирург тамақ-мұрын ау-
руларын анықтай алмайды, немен 
емдеу керек екенін білмейді. Бала 
дәрігері ересек адамды қалай емдеу 
жолын  айта  алмайды.  Өкінішке 
орай,  бұл  күнделікті  өмірде 
кездесіп  отырған  ащы  шындық. 
Сондықтан осы кемшіліктерді жою 
үшін  соңғы  жылдары  еліміздегі 
медициналық  университеттер-
де «жалпы практикалық дәрігер» 
деген  мамандық  бойынша  жас 
мамандарды  дайындай  бастады. 
Олар  келешекте  емханалар  мен 
ауылдық  емдеу  мекемелерінде, 
жедел медициналық жәрдем топ-
тарында еңбек ететін болады.
Екіншіден, бұрынғы дәрігерлер 
әрбір  сырқатқа  ерекше  назар 
салып,  тәптіштеп  аурудың  не-
ден, қалай басталғанын қазбалап 
сұрап,  тамырын  ұстап,  қолымен 
сипалап, фонендоскоппен мұқият 
тыңдап,  зертханалық  тексерудің 
қорытындысына  қарап,  терең 
ойланып,  талдап,  қиналған  кез-
де  әріптестерімен  ой  бөлісіп, 
бір  шешімге  келіп,  ауру  диагно-
зын  анықтап,  ем-дом  жүргізетін. 
Не  дегенмен  ол  кезде  қазіргідей 
диагностикалық  аппараттар  (фи-
броэндоскоптар, ультрадыбыстық 
зерттеу  құралдары  және  т.с.) 
жоқтың қасы еді. Соған қарамай 80 
пайыз дұрыс диагноз қойылатын. 
Ал  қазір  әлгі  аппараттарға  сеніп 
(олар  не  дегенмен  машина, 
қателесуге  хақылары  бар),  ауру-
дан  сұрап-білмей,  терең  ойлан-
бай, жүрдім-бардым диагноз қоя 
салу үрдіске айналып бара жатыр. 
Қате  диагноз  –  қате  жүргізілген 
ем,  жіберіп  алған  уақыт  деп 
ұққанымыз абзал.
Үшіншіден,  дәрігер  де  адам. 
Әркімнің  қабілеті,  білімі  мен 
ойы, түйсігі, тіпті, мінезі әрқалай. 
Әркімнің  өз  ерекшелігі,  бойында 
кемшілігі бар. Сондықтан, дәрігерлік 
мамандықты таңдар алдында әрбір 
жас «мен өзі сол мамандықты игеріп 
кете  алам  ба,  оған  менің  білімім, 
мүмкіншілігім  жете  ме?»  деп 
ойланғаны әбден жөн. Әйтпесе, кей-
де жеңілдікке салынып, ойланбай 
медициналық ЖОО түскеннен кейін, 
көп уақыт өтпей (2-3 курсқа келгенде) 
«бұл мамандық маған қол емес екен» 
деп өкініп жүргендерді шын аяйсың. 
«Әйтеуір диплом алсам» деп ілбіп 
жүрген  жігерсіз  жастардан  ертең 
жақсы дәрігер шығады дегенге үлкен 
күмәнмен қараймын. Өйткені, ондай 
біздің мамандықта мүмкін емес. Сол 
себеп болар, қазіргі медициналық 
университеттерді бітірген жастардың 
30  пайызы  басқа  салаға  (бизнеске, 
мененджерлікке,  қаржы  саласы 
мен банктерге) кетіп, екінші, тіпті 
кейбірі, үшінші білім алып жатыр. 
Дер  кезінде  дәрігерлік  қызметтің 
күрделілігін, қиындығын ұғып, ой 
таразысынан өткізіп, жүрек қалауын 
түсінген  олардың  бұл  ісі  орынды 
болар.  Әйтпесе,  жаны  сүймейтін 
дәрігерлік  қызметке  барып,  өмір 
бойы өзін қинап, қамшылап, азапқа 
салып өтер еді ғой.
Дәрігерлік қызмет – науқас адам 
алдында  үлкен  жауапкершілік 
жүктейді. Жаман актер, жаман агро-
ном, жаман технолог, жаман зоотех-
ник болсаң да, жаман дәрігер болуға 
еш хақың жоқ. Адам денсаулығымен, 
тіпті, кейде оның өмірімен ойнауға 
болмайды.  Адамның  денсаулығы 
алтынмен,  күміспен,  ақшамен, 
дүниемен  өлшенбейді.  Адам 
денсаулығы мен өмірі ең қымбат, ең 
қасиетті, еш дүниемен өлшенбейтін 
баға жетпес құндылық.
72
#1 (25) ақпан, 2012ж.
ЕРЕКШЕ ПІКІР

Білімімен қатар, дәрігер мінезге 
бай, санасы биік, ойы таза, түйсігі 
мол,  жүрегі  жомарт,  мейір  мен 
ізгілікке жаны құмар жан болуы ке-
рек. Ондай болмаса ол он ойланса да, 
жүз толғанса да сыйлы дәрігер бола 
алмайды, абыройға ие болмайды.
Төртіншіден,  дәрігерге  де-
ген  қазіргі  қоғамдағы  көзқарас 
жөнді  емес.  Дәрігердің  алды-
на  көпшілігі  міндетсініп  келеді. 
Болмашы  нәрседен  шу-жанжал 
шығарып,  «жоғарыға  арызданам, 
сені жоқ қылам» деп беттен алып, 
дәрігердің жүйкесіне тиетін ауыр 
сөздер айтып, бетпақтықпен түтіп 
жейді.  «Гиппократқа  дәрігерлік 
ант бергенсің» деп көкитіндер де 
бар.  Ерте  заманда  Гиппократқа 
ант берген болар, қазір ешкім он-
дай ант бермейді. Олар Қазақстан 
дәрігерлерінің антын қабылдайды. 
Бірақ, сол анттың өз дәрежесінде 
орындалуы үшін қоғам, көпшілік, 
атқару  органдары  да  оған  тиісті 
жағдай жасау керек емес пе?!
Абайсызда базбір себептермен 
қия  басып,  қит  еткен  дәрігерді 
көпшілік жерден алып, жерге са-
лады, гу-гулеген жанға жағымсыз 
әңгімені желді күні шөпке түскен 
оттай  тез  таратады.  Дәрігердің 
жүйкесі  темір  емес.  Орынсыз 
айтылған  айып  сөзге,  негізсіз  іс-
әрекетке ол міндетті түрде жауап 
қатады. «Қатты таяқ етке батады, 
ауыр  сөз  сүйекке  батады»  деген 
мақал бар емес пе қазақ халқында.
Оған  қосымша,  бесіншіден, 
қазіргі  газет-журнал,  теледи-
дар  журналистері  медицина 
қызметкерлерінің  жақсы,  ерлікке 
толы  абзал  іс-әрекеттері  туралы 
жылы сөздерге қарағанда, базбірде 
әйтеуір бір себептерден орын алған 
бірен-сараң  оқиға  төңірегіндегі 
сыбыстарды  іліп  алып,  оның  ақ, 
қарасын  анықтамай-ақ,  отқа  май 
құйғандай, түймені түйедей етіп, 
делбелері қозып бұқараға қаралап 
жеткізуге  жандары  құмар  (басқа 
саланың  мамандары  жөнінде  тіс 
жармайды: мысалы, аспаз дәмсіз, 
құнарсыз тамақ дайындаса, агро-
ном дұрыс егін ектірмесе, шаштараз 
жөнді шаш алмаса, тігінші дұрыс 
киім  тікпесе…).  Сондай  хабарды 
көрген қарапайым халық дәрігерлер 
туралы  не  ойлайды?  Медицина 
қызметкерлерінің беделі одан кейін 
қалай көтеріледі, ел қалай оларды 
сыйлайды? Тіпті, халық арасында 
кейде  дәрігерге  деген  сенімсіздік 
пайда  болмай  ма?  Ал,  сеніп 
бармаған сырқатқа ем қонбайды.
Дәрігерлердің  көңіл-күйіне, 
денсаулығына  әлгідей  жайсыз 
ақпараттар,  жалпы  медиктерді 
қаралайтын теріс мақалалар оларға 
қалай әсер етеді? Әттең, оған ешкім 
көңіл бөліп, зер салып жатқан жоқ…
Рас,  «бес  саусақ  бірдей  емес», 
әрбір мамандық иелері арасында 
«аласы да бар, құласы да бар», яғни 
жақсылары да бар, жамандары да 
бар. Бірақ, орын алған бір ыңғайсыз, 
келеңсіз  факті  төңірег ін де 
«дәрігерлер  сондай  екен,  мұндай 
екен» деп қара бұлтты қоюлата беру 
ешкімге әбүйір әпермейтіні мәлім. 
Тіпті, дұрыс емес дегеніміз жөн.
Көңіл  аударсаңыз  соңғы  кез-
де  теледидар  мен  газет-журнал-
дар  әлемнің әр түкпірінде болып 
жатқан әртүрлі қайғылы оқиғалар 
жайлы жарыса хабарлап жатады: 1)
ұшқыштардың жіберген қателігінен 
үлкен ұшақ пәленбай елде апат бо-
лып, жүзден астам жолаушы қайтыс 
болды; 2) кеме капитаны басқаруды 
дұрыс  қоймағанынан  түгенбай 
теңізде кеме апатқа ұшырып, жүзге 
жуық адам су астына кетті…
Осындай  хабарды  тарқатып 
о т ы р ғ а н   ж у р н а л и с т   ә л г і 
ұшқыштарды,  немесе  кеме  капи-
танын  «убийцы»,  «палачи»  деп 
қараламайды.  Ал,  хирургиялық 
операция  кезінде,  немесе  опера-
циядан кейін белгілі себептерден 
көз жұмған науқастың жақындары 
істің ақ, қарасына жетпей жатып, 
себептерін анықтамай-ақ әлгі жа-
нын шүберекке түйіп, тәуекелге бел 
байлап операция жасаған дәрігер-
хирургті «қанішер», «қасапшы» деп 
жермен  жексен  етіп,  есекке  теріс 
мінгізуге дайын тұрады.
Медицина қызметкерлерінің мар-
дымсыз жалақысы жайлы айтыла-
айтыла жауыр болған тақырып. Бар 
болғаны 70-80 мың теңге үшін дәрігер 
күнді түнге ұрып, түнді күнге ұрып 
аянбай еңбек етеді (күндізгі жұмыс, 
түнгі  кезекшілік,  ертеңіне  тағы 
кешке дейін үйреншікті дәрігерлік 
қызмет).  Ол  кезде  отбасы  жай-
лы  ойлауға  да  кейбірінің  уақтысы 
да  жоқ.  Мардымсыз  жалақысын 
бала-шағасының тамағы мен киім-
кешегіне,  оқуына  қалай  жеткізем 
деп жүріп, негізгі жұмысынан басқа 
жерде (жекеменшік емханалар мен 
мед училищелерде)  жұмыс  істеуге 
мәжбүр. Әрине, одан кейін қызмет 
сапасы  төмендейді,  қателіктер 
жіберіледі?  Оның  кітап,  журнал, 
газет  оқып,  өз  бетінше  білімін 
жетілдіруге уақтысы, тіпті, мұршасы 
жетпейді.
Оның  үстіне  қазіргі  күндерде 
денсаулық саласында жыл сайын ты-
нымсыз жүріп жатқан реформалар 
мен бір бітпейтін, еш аяқталмайтын 
өзгерістер  дәрігерлердің  ба-
сым  көпшілігін  қағазбасты  етіп 
жібергенін  жасырмауымыз  ке-
рек (тіпті, кейде аурумен асықпай 
бетпе-бет  сөйлесуіңе,  тамырын 
ұстап, қан қысымын өлшеуге, хал-
жағдайын сұрауға уақыт тапшы). Ол 
қағаздарды (науқаснама) дер кезінде 
дұрыс толтырып, өткізбесең ертең 
сөгіс аласың, айлықтан қағыласың. 
Күндіз-түні  жұмыс  туралы,  ауыр 
науқас  жайлы  ойлап,  денсаулығы 
сызат беріп, жүйкесі тозып жүрген 
дәрігерлердің ерлікке толы еңбегін 
біздің  қоғам  өз  дәрежесінде 
қадірлеп,  сыйлап,  баға  беріп  жа-
тыр  ма?  Жоқ,  кім  қалай  ойла-
сын,  ал  менің  көңілім  толмайды. 
Қай  дәрігерден  сұрасаңыз  да  осы 
сөзіміздің рас екеніне көзіңіз жетеді. 
Ия,  дәрігердің  қызметі  – 
біреулерге барлық білімі мен күш-
қажырын  сарып  етіп,  «Біреуге 
бақыт  сыйлай  жүріп  –  өзім 
сөнемін!»  («Светя  другим  –  сго-
раю сам!») дегендей өзге жандарға 
денсаулық,  қуаныш,  бақыт,  өмір 
сыйлай жүріп, кейде денсаулығы 
сыр беріп, өкінішке қарай, өзі қалай 
«сөніп» қалғанын кейде байқамай 
қалады.  Қай  дәрігер  болмасын, 
өздерінің өмірінен осы тақырыпқа 
ондаған мысал келтіре алар еді.
Мамандығын  сүйген,  кәсіби 
білімі  терең,  шеберлігі  жоғары 
нағыз дәрігерлер, тәуба, ортамызда 
әлі де баршылық. Оған шүкір. Сол – 
үміт  отын  маздатып,  сеніміңді 
үзбейді. Жақсы дәрігердің адамдық 
жарқын  бейнесі,  көпшілікке 
атқарған  игілікті  істері  көптің 
жүрегінде,  халықтың  ойында 
қалады, әріптестерінің ардағына ай-
налады. Әлі де солай бола бермек…
Француздың ағартушы педаго-
гы Жан Жак Руссо «Ұстаздық уақыт 
ұту емес. Өз уақытын аямау, өзгенің 
бақытын  аялау»  деп  көрсеткен 
екен. Мен кей-кейде осы бір сөздер 
дәрігерлерге де қатысы бар-ау деп 
ойлаймын. Демек, біз адам жанының 
арашашысы болып жүрген дәрігерді 
өз уақытын, білімі мен күш-жігерін 
сырқаттардан еш аямайтын, өзгенің 
бақытын аялайтын жеке тұлғаға ай-
налдыра білуіміз керек!

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет