1.2 Қазақстандағы интернет-сақтандыру жүйесі Қазіргі уақытта Қазақстанда қаржылық қызметтің көптеген онлайндық
нұсқасы бар. Интернетте жасалынған биржалық келісімнің саны дәстүрлі
жасалынған келісімнен артып түседі. Банктердің желілік өкілдері өздерінің
тұтынушыларына интернет арқылы өз қаржыларын қашықтықтан басқару
әдісін кеңінен ұсынуда. Интернет-дүкендерде қоғамның бөлінбес бір бөлігіне
айналып баруда. Отандық төлем-ақылырдың сан-түрлі әдістерінің халыққа
ұсынылуы интернет жүйесінің елімізде кеңінен тарап, халықтық қолданысқа
ие болды.
Қазақстанда 50 аса сақтандыру компаниялары интернет желісінде
көрсетілген. Бұл ретте көптеген сақтандыру компаниялардың Web-сайты тек
мәлемет жеткізу мен өз қызметтерімен таныстыру рөлін атқарып отыр.
Осы және өзгеде себептерге байланысты қазақстандық сақтандырушы
компаниялардың Web-сайтын ол компаниялардың Интернет-өкілдігі деп айта
алмаймыз. Қазақстанда полисті тұтынушыға Интернет желісі арқылы беру
туралы арнайы заң болмайына байланысты, сақтандыру полисі сақтанушыға
тек почта арқылы (бұлжағдайда сақтандырушының бір жақты қолы
қойылады), курьерлік қызмет компаниясы арқылы немесе сақтанушы офиске
келіп өзі алып кетеді. Тағы маңызды проблеманың бірі, сақтандырушы мен
сақтанушы арасындағы төлем ақының жүруі. Екі жақты төлем ақы жүргізу
жүйесіне сенімсіздіктің салдарынан интернет жүйесінде пластикалық карта,
цифрлық ақшаны қолданбайды. Әдетте салымды ақша мен қолма-қол төлеу
жүргізіледі.
Яғни, қазақстандық сақтандыру компанияларының негізгі мәселесі
болашақ тұтынушыға компания жайлы және көрсететін қызметі жайлы
жеткілікті дәрежеде мәлемет жеткізу. Компания жайлы мәлеметке келесідей
тармақтар кіру қажет:
-
компанияның даму тарихы;
-
негізгі қаржылық есептіліклің қысқа нұсқасын ұсыну;
-
үлкен, белгілі серіктестер жайлы мәлемет;
-
басты офис пен бөлімшелердің мекен-жайы.
Бұл тұста тұтынушы мен сатушының арасындағы сенім маңызды рөл
атқарады. Сол себепті қаншалықты осы мәлеметтер сенімді түрде жеткізілсе,
соншалақты тұтынушының компанияға деген көз-қарасы жақсы болып, соң
кезекте сақтандыру полисіне тапсырысты тап осы сақтандырушыға беретініне
кепіл.