21
1.6 Есептің қойылымы
Дипломдық
жұмыстың
мақсаты
сақтандыру
компаниясының
қызметтерін on-line режімде қолдануға мүмкіндік беретін web сайтты құру
болып табылады.
Құрылатын сайт арқылы қолданушылар өздеріне қажетті сақтандыру
полистеріне тапсырыс беруге, компанияның қызметтерімен және олардың
бағаларымен танысып, қажетті жұмыстарды есептегіш арқылы on-line
режімде есептеуге мүмкіндіктері болуы керек.
Дипломдық жұмыстың нәтижесінде келесі негізгі тапсырмалар
орындалуы қажет:
web-қосымшаның құрылымын құру;
программалау тілін таңдау;
мәліметтер қорын таңдау;
тиімді және түсінікті программалық интерфейсті құру;
клиенттердің тіркелуін ұйымдастыру;
сайт бойынша іздеу жүйесін ұйымдастыру;
жобаның экономикалық тиімділігін анықтау;
еңбек қауіпсіздігін талдау.
Web-қосымшаны құру барысында JavaScript,РНР тілі және MySQL
деректер қоры қолданылады және СMS жүйе ретінде Drupal таңдалды.
22
2 «G&N Garant» сақтандыру компаниясының web cайтын құру
2.1 Сайтты құрудың
кезеңдері
Кез келген өнім сияқты web-сайттың өзінің өмірлік циклының кезеңдері
болады (2.1 - сурет).
2.1 cурет - Web-сайттың өмірлік циклының кезеңдері
Жобалау мақсаты мен міндеттері.
Компания жауапкершілігі шектеулі
серіктестік ретінде 2010 жылы ұйымдастырылған. Компанияның толық аты –
«G&N Garant» жауапкершілігі шектеулі серіктестік. «G&N Garant» ЖШС ҚР
Конституциясына сай құрылған. «G&N Garant» ЖШС негізгі мақсаты пайда
табу мақсатында сақтандыру қызметін ұсыну болып табылады. Серіктестіктің
I. Жобалау мақсаты мен
міндеттері
II. Сайтты құру
1. Мақсаты мен міндеттерін анықтау;
2. Мақсатқа жету критерийлерін анықтау;
3. Мақсатты пайдаланушылар сегментін
анықтау;
1.
Жобаның архитектурасы мен дизайнын жасау;
2.
Технологиялық негізін құру;
3.
Контентпен толтыру;
4.
Дайын шешімдерді тестілеу;
5.
Хостингтік платформаға көшіру;
6.
Жобаны жүзеге асыру.
1.
Іздеу жұйелеріне тіркеу және оңтайландыру;
2.
Web-қорлар каталогтарында тіркеу;
3.
Тематикалық қорларда кәсіпорын және сайт
туралы ақпаратты орналастыру;
4.
Іздеу жарнамасы;
5.
Баннерлік жарнама;
6.
Рейтингтік жүйелерде тіркеу.
III. Сайтты жылжыту
IV. Сайттың қызмет
көрсетуі
1.
Актуалдылығы және дамуы;
2.
Іздеу машиналарына оңтайландыру;
3.
Ендіру жұмыстары.
V. Сайттың жұмыс істеу
тиімділігі
1.
Экономикалық тиімділік;
2.
Компанияның бизнес жобаларының сайтпен
интегрирленуі;
3.
Сайт жұмыс істеу тиімділігінің төмендеуі.
—
23
ағымдағы қызметін басқару жалғыз атқарушы органмен жүзеге асырылады,
яғни Серіктестіктің бас директоры Ержанова Раушан Зейнуллаевнамен
жүзеге асырылады. «G&N Garant» ЖШС 2010 жылдың 24 қазанында
тіркелген. Компания көлік түрлерін, мүлік, денсаулық, кепілдіктерді, қаржы
шығындарын сақтандыруды ұсынады.
Серіктестік принциптері.
Серіктестік қызметін ҚР қолданыстағы
заңына сүйене отырып жүзеге асырады. Компания жұмысының негізі болып
келесілер табылады: адамгершілік нормаларын ұстану және жақсы бизнес-
репутацияны қолдау.
-
кәсіпқойлық және біліктілік;
-
құпиялылықты сақтау;
-
тапсырыс берушінің мүддесін қорғау;
-
әр клиентке жеке дара тіл табу.
Компания қызметтері:
-
көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру;
-
тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық- құқықтық
жауапкершілігін сақтандыру;
- аудиторлардың және аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін сақтандыру;
- қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен
денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін сақтандыру;
- Жеке нотариустардың азаматтық құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру;
- туроператордың және турагенттердің азаматтық құқықтық
жауапкершілігін сақтандыру;
- экологиялық сақтандыру.
Сайтты құру
бірнеше кезеңдерді қамтиды:
1)
Бастапқы кезең. Бастапқы кезеңнің мақсаты – жобаның дизайны мен
технологиялық негізінің талаптарын анықтау, сонымен қатар ресурстың
мақсаттары мен міндеттерін белгілеп, жобаны құрастырудың жоспарын
бекіту. Жобаның графикалық безендірудің талаптарын қамтитын «дизайнның
брифі» құрастырылады.
2)
Жобаның дизайны мен архитектурасын жасау. Сайттың дизайнымен
байланысты жұмыс келесі кезеңдерді қарастырады:
-
пайдаланушы интерфейсіне қойылатын талаптар анализі;
-
материалдардың интуитивті түрде түсінікті ұйымдастырылуы мен
ойластырылған өтулер;
-
дизайн
концепциясының
құрастырылуы.
Жобаның
барлық
функционалдық мүмкіншіліктерін жақсы жағынан ұсынып, мақсатты
аудиторияның сұраныстарын қанағаттандыруға көмектесу;
-
дизайнды бекіту. Жобаның бастапқы дизайн концепциясына қажетті
өзгертулер енгізіп, соңғы шешімге келу.
24
Тапсырыс берушінің қойған негізгі талаптары келесідей:
a)
сайттың бірінші бетінде компания жайлы слайд болуы;
b)
сайтта іскерлік әдеп сезілуі;
c)
сайттағы тустердің кара және сұр тустері болғаны;
d)
жоғарғы горизонталь және сол жақ вертикаль мәзірлердің болуы.
3)
Технологиялық негізін жасау; Технологиялық негіздеме мен
бекітілген дизайн концепциясы бойынша мәліметтер қорының оңтайлы
құрылымы жасалады. Сондай-ақ сайт бөлімдерінің шаблондары мен
интерактивті сервистері бапталып өңделеді.
Сайттың қызмет көрсету функциялары мен материалдарын компания
қызметкерлеріне оперативті түрде өзгертуге мүмкіндік беретін сайттың
әкімшілік жүйесінің интерфейсі мен механизмдерін құрастыру жұмыстары
жүргізіледі.
Аталған кезеңде графикалық және мәтіндік материалдарды енгізуге
болатын сайттың жұмыс нұсқасы жасалады.
4)
Контентпен толтыру;
Бұл кезеңде сайттың мәліметтер қоры контентпен толтырылады. Тиісті
шаблондар мен механизмдер құрастырылғаннан кейін барлық мәтіндер,
файлдар және қажетті көрсетілімдер енгізіліп немесе әкімшілік интерфейс
арқылы мәліметтер қорына көшіріліп сайтта жарияланады.
5)
Дайын шешімді тестілеу;
Жүйені интегрирлеу мен интернет өкілеттіліктің құралдырының
баптаулары аяқталған соң тестілеуге ұсынылады.
6)
Құралдарды баптау және хостингтік платформаға көшіру;
Мұнда провайдерді таңдау, хостингті алу, домендік атты таңдау және
сайтты интернетке жүктеу әрекеттері жүргізіледі.
7)
Жобаны іске асыру; Барлық процедуралар аяқталғаннан кейін сайтты
тестілеп, жобаны қолдау бойынша мамандардың нұсқауларынан өткеннен
кейін сайт оның кірушілеріне ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: |