1. XVIIII ғ. басындағы саяси жағдайдың әлсіреуінің негізгі себептерін анықтаңыздар. Жоңғар басқыншыларына қарсы күресте Әбілқайыр ханның қазақ жасақтарының басшысы болып сайлану қажеттігін айқындаңыз



бет1/3
Дата08.04.2023
өлшемі27,73 Kb.
#80504
  1   2   3
Байланысты:
Тарих 8


Тақырып : «Ақтабан шұбырынды», «Алқакөл сұлама», қазақ батырлары, казақ-башқұр, казақ-қалмақ қатынастары, Әбілқайыр хан, Кіші және Орта жүз сұлтандары (XVIII ғ. 40-жж.), Бөкей ордасы, Жәңгір хан.
1. XVIIII ғ. басындағы саяси жағдайдың әлсіреуінің негізгі себептерін анықтаңыздар. Жоңғар басқыншыларына қарсы күресте Әбілқайыр ханның қазақ жасақтарының басшысы болып сайлану қажеттігін айқындаңыз.
Жоңғар шабуылының салдарынан қазақтардың басына түскен аса ауыр жағдай оларды қалайда күш біріктіруге мәжбүр етті. Осылай ету қажеттігін үш жүздің өкілдері түгел түсінді.
Жауға соққы беруді ұйымдастыру жөнінде бастама көтерген Кіші жүздің ханы Әбілқайыр болды. Ол 1723 жылы 20 мың жауынгері бар жасақты бастап, жоңғарлардың қандас одақтасы Еділ бойындағы қалмақтарға қарсы бірнеше жеңісті жорық жасады. Өз тылын осылайша қауіпсіз еткен ол қалың қолын бастап, Сырдария бойына қарай бет алды. 1724 жылдың көктемінде Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласына жетіп, оны тікелей шабуылмен азат етті. Қаланы бір жыл бойы өз қолында ұстап тұрды. Бірақ жаудың еселенген көп күшінің тегеурінді қысымымен Түркістанды және сол аймақтағы басқа да қалаларды тастап шықты.
1725 жылы құрамында 50 мың жауынгері бар бірлескен қазақ-карақалпақ әскерінің қолбасшысы болды. Сөйтіп жоңғарларға қарсы бірнеше сәтті жорық жасады. Осы кезде оның ұйымдастырушылық таланты, ірі әскери қолбасшы ретіндегі қабілеті, жеке өз басының қаһарман ерлігі айқын танылды. Жауға неғұрлым жылдам әрі күйрете соққы беруді ұйымдастыру қажеттігі бүкіл қазақтың күш-жігерін біріктіруді талап етті. Осы мақсатпен 1726 жылдың күзінде Ордабасы тауында (қазіргі Шымкент қаласының батыс жағында) Бүкілқазақтық Құрылтай болып өтті. Оған қазақтың хандары, үш жүздің сұлтандары, билері, батырлары келді. Қазақ халқының ең таңдаулы өкілдерінің бас қосқан бұл жиынында жауға күйрете соққы беруді, орталықтандырылған күшті басшылықты қалай ұйымдастыруды шешу керек болды.
Қазақтар бір-біріне барынша берілген, адал болуға осы Ордабасыда ант берісті. Құрылтайға қатысушылардың бірауыздан ұйғаруымен Әбілқайыр хан бүкілқазақтық әскери жасақтың бас қолбасшысы болып сайланды. Бүкілхалықтық әскери жасақтың бас сардарбегі болып батырлар арасынан Қанжығалы Бөгенбай бекітілді. Ордабасыдағы осы Құрылтай жиналысының шешімдері қазақ халқының жоңғар басқыншылығына карсы азаттық күресінде өте маңызды рөл аткарды. Қазақ қоғамының бүкіл күш-жігерін нақты іс жүзінде біріктіру қолға алынды. Әрбір ру өзінің жауынгерлік жасақтарын құрып, бүкілқазақтық үлкен жасаққа алып келіп қосуды қасиетті міндетіміз деп білді.
2.Қазақстандағы отарлық кезеңнің басталуының негізгі себептерін талдаңыз: Қойбағар Көбековтың дипломатиялық миссиясы, Сейітқұл Қойдағұлов пен Құтлұмбет Қоштаев бастаған Әділқайыр ханның елшілігі және т.с.с.
Жоңғар қаупінің жойылмауы билеушілерден сыртқы қауіптен құтқаратын жол іздеуді талап етті. Кіші жүз ханы Әбілқайыр (1680-1748) Ресейдің құрамына енуді ойластырды. Ол көздеген мақсаттардың ішіндегі ең бастысы Жоңғарларға қарсы күресте Ресеймен бірігу болды. Әбілқайыр ханның мақсаттары қазақ ауылдарының шаруашылық мұқтажымен де байланысты болды. Жайықтың төменгі ағысы, Есіл, Ертіс, Ор өзендері бойындағы қазақтардың мал жайылымдары үшін бейбіт өмірді сақтауды Ресеймен келісімге келу арқылы шешуді ойластырды. Бұдан басқа қалмақтар мен башқұрттардың Қазақ жерін шабуылдауын тоқтатуды көздеді. Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, аға хандыққа таласта қарсыластарын жеңуді де ойлады. Қазақ жері арқылы өтетін керуен жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету- оның мақсаттарының бірі болды. Кіші жүз ақсүйектерінің талабы Ресеймен əскери одақ құру болды.
Əбілқайыр хан Петербургке аттанған елшілері – Сейітқұл Қойдағұлұлы мен Құтлымбет Қоштайұлына Ресейдің қол астына кіру туралы құжат тапсырды. 1731 жылғы 19 ақпанда Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы хан ұсынысын императрица Анна Иоанновна қабылдады. 1731 жылғы 10 қазанда Кіші жүздің 29 старшыны Ресейдің қол астына кіруге ант берді. Барақ сұлтан, Бөкенбай батыр топтары Кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі шараларды аяқсыз қалдыруға тырысқанмен, бұл қарсылық сəтсіз аяқталды.
18 ғасырдың 30-40 жылдары қазақ халқының саяси дамуындағы күрделі кезең болды. 1740 жылы Иран əміршісі Нəдіршахтың Хиуаны талқандап, Сырдария өңіріне жақындауы қазақтардың жағдайын ауырлата түсті.
Орыс үкіметі Қазақ өлкесі жөнінде отаршылдық саясат ұстанып, 1714-1720 жылдары Ертіс өзенінің жоғары ағысында бекіністер тұрғызған болатын. Ол бекіністер – Жəміш, Омбы, Колбасинск, Железинск, Семей, Коряков (Кереку), Өскемен. Патша үкіметі қазақ-жоңғар соғысын пайдаланып, бекіністер салу арқылы Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу мақсатын көздеді. 1734 жылы мамырда Сенат хатшысы И.К.Кириллов басқарған «Қырғыз-қайсақ экспедициясы» жабдықталып, Қазақстанға жіберілді. 1735 жылы Ор өзені бойында Ор бекінісінің негізі қаланды. 1738 жылы тамызда Орынбор комиссиясының басшысы, тарихшы В.Н.Татищев Орынборда қазақ сұлтандарының сьезін өткізді. Кіші жүз бен Орта жүзден барлығы 60-қа жуық старшын Ресейге берілгендігін қуаттап екінші рет ант берді. 1740 жылы тамызда Əбілмəмбет хан мен Абылай сұлтан Ресейге ант берді. Алайда Орта жүз дербестігін әлі де сақтады.
Ресей үкіметі қазақтарды қорғау деген желеумен зеңбірек пен əскери бөлімдерді Ертіс, Алтай өңіріндегі бекіністерге орналастырды. Олар экономикалық мүдделерін бірінші орынға қойып, кенге бай Алтай өңірін отарлауды тезірек аяқтауға тырысты.
1741-1742 жылдары қонтайшы Қалдан Серен (Галдан Цэрэн) Орта жүз бен Кіші жүзге екінші “ақтабан шұбырынды” жорықтарын жасады. Орта жүз қазақтары Ор бекінісіне дейін ығыстырылды. 1742 жылы 20 мамырда Ресей Сенаты қазақтарды жəне шекаралық бекіністерді қорғау жөнінде жарлық шығарды. 1742 жылы 2 қыркүйекте Орынбор комиссиясының төрағасы И.Н. Неплюев Қалдан Серенге жолдаған хатында Ресейдің қарамағындағы қазақтарға қысым жасамауды талап етті. Кіші жүз ханы Əбілқайырдың беделі өсіп, Орта жүздің Арғын, Керей, Уақ, Қыпшақ рулары оны аға хан ретінде мойындады. Орта жүз ханы Əбілмəмбет Түркістанға, Əбілқайырдың жауы Барақ сұлтан оңтүстік-шығыс аймаққа ығыстырылды. Кіші жүз ханы ауыр жағдайға қарамастан, қазақ жерін өз қолына біріктіруге тырысты. Ресей үкіметі Əбілқайырдың дара билігінің күшеюіне қарсы болды. Империяның қысымына шыдамаған Əбілқайыр Ресейден қайтадан бөлініп кетуді ойластырды. 1748 жылы Əбілқайыр Барақ сұлтанның қолынан қаза тапты.
Ресей империясы құнарлы жерлерді иемденіп, оларды төрелерге, қожаларға берді және ресейлік ірі помещиктер Юсупов пен Безбородкоға Каспий жағалауының құнарлы жерлерді бөліп берді. Бұл Бөкей Ордасындағы көтерілістің басталуының себептерінің бірі еді.
Əбілқайыр ханның 1731 жылы Ресей билігін мойындауы Қазақстан тарихындағы өзекті оқиға. Бұл қадамның жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншылығына белгілі дәрежеде шек қойғаны мәлім.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет