1 Ясауидің әкесі Ибраһим шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз


Кесенеде жерленген Тама Бижігіт батыр Бұзауұлы туралы айтыңыз



бет41/47
Дата11.02.2023
өлшемі203,3 Kb.
#67111
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   47
Байланысты:
Suraktar-2023

85

Кесенеде жерленген Тама Бижігіт батыр Бұзауұлы туралы айтыңыз



Бижігіт Бұзауұлы (туған жылы белгісіз - 1796) - қазақ батыры. Бұзау Жарасұлының үлкен ұлы.
«Шудың аяғынан бері Маңқанай дейтін жер бар. Ол Үйсінбайдан бері жиырма шақырымдай жер. Бұл бұрынғы «Созақ» кеңшарының аумағына кірген. Маңқанай деген әйелдің аты. Мынау Бұзау руы бес атаға бөлінеді. Олар Бижігіт, Түке, Ақжүніс, Малқара, Жаңғара, Есқара. Ал Маңқанай – солардың шешелері. Сол кісіні құрмет тұтып, үй тіккен жерінің атымен «Маңқанай» атанған» [1]
Бұзау батырдың үлкен баласы Бижігіт жас кезінде жоңғар басқыншыларына қарсы соғыста ешкімге дес бермеген батырын көзінен көздеп атып, мерт қылады. Бірақ ұрыс аяқталған соң, ерлігін ешкімге жария қылмай, қосынына қай­тып кетеді. Хан қол астындағыларға жоңғар батырын кім өлтіргенін анықтауды тапсырады. Ең соңында уәзірлері: - Бұзаудың Бижігіт деген баласы қана келмеді. Қалғандарынан тұтас сұрастырып шықтық. Әзірге жебенің кімдікі екені анықталмады, - дейді. Билеушінің бұйрығымен келген Бижігіт: - Хан ием, батырдың басынан бақайшығына дейін оқ өтпейтін темір сауытпен құрсалған екен, тек екі көзі және астындағы ақбоз атының екі көзі, екі танауында ғана саңылау бар екен. Оң көзіне қадалған жебе болса, онда ол менікі, - дейді. Құралайды көзге атқан мергендігіне тәнті болған Абылай хан ақ батасын беріп, жоңғардың қаза болған батырының астындағы ақ боз аты мен ақ сауытын сыйға тартыпты. Кейін сол ақ боз ат Қарқаралыда өткен бәйгеде бас жүлде алған көрінеді.
1796 жылы өмірден өтіп, көз жұмарда өзінің сүйегін Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жерлеуді аманаттайды. Бижігіттің ұрпақтары әкесі Бұзау батырдың жанына арулап қояды.
2015 жылдың 29 қазанында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің ғылыми кеңесі «Тама Бижігіт батыр Бұзауұлы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген» деген тұжырымды растап, кесенеде жерленген тарихи тұлғалардың тізімі жазылған тақтаға қосу туралы шешім қабылдады.[2]





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет