1. Зат алмасу және энергия алмасу. Организм үшін зат алмасудың маңызы


Тағамның арнайы-динамикалық әсері. Тамақтанудың физиологиялық негіздері. Тамақтану теориясы



бет3/26
Дата21.09.2023
өлшемі85,63 Kb.
#109535
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
физиология рк 5

3.Тағамның арнайы-динамикалық әсері. Тамақтанудың физиологиялық негіздері. Тамақтану теориясы.
Тағамының құрамында күрделі ағзалык заттар бар. Тағамдық заттар алдымен ерітінді күйге айналып, содан кейін қанға сіңіріледі. Қан аркылы ұлпалар мен жасушаларға жеткізіледі. Тағам құрамындағы минералдык заттар, витаминдер және су ағзаға тікелей сіңіріледі. Адам ағзасында тағамдық заттар көптеген қызмет атқарады. Солардың ішінде екі түрлі кызметін ерекше болып келеді. Біріншіден - тағамдық заттар адам ағзасындағы тіршілігін жойған жасуша құрылымдарының орнын басады. Оны тағамның құрылыстық қызметі дейді. Екіншіден - тағамдық заттар ағзадағы химиялық энергияның бірден-бір көзі болып саналады. Тағам құрамындағы күрделі ағзалық заттар ыдырағанда энергия бөлінеді де, энергияның басқа түріне айналады.
Тамақтану - ағзаның қуат шығынының орнын толтыруға, тіндер құрылуына және жаңартылуына және қызметтерін реттеп отыруға кажетті, ағзаға түсетін заттардың қорытылу, сіңу және сіңірілу үрдістері, ағзаның өмір сүруге, денсаулықты және жұмысқа қабілеттілікті сақтауға қажет нәрлі заттарды бойға сіңіру процесі. Тамақтану организмнің қалыпты жағдайда тіршілік етуінің, оның денсаулығын және еңбек ету қабілетін қамтамасыз ететін маңызды фактор. Тамақтану жайлы ғылымды нутрициология дейді.
Организмге қажетті энергия және құрылыс материалдар тағам құрамымен күнделікті үзіліссіз сырттан түсіп тұруы шарт. Тамақтану үрдісі жүйке және гуморальды жолмен реттеледі. Осы өте күрделі тамақтану үрдісімен қатар организмнің сол тамақты іздеп табу тәртібін қамтамасыз ететін жүйе бар, оны қызметтік тамақтану жүйесі дейді.
Тамақтану теориясы.
Үйлестірілген тағамның теориясы - тиімді тамақ және ұтымды үйлестірілген тағам туралы бекітуге апарады. Ол организм шығындарынын және организмнің физиологиялық белсенділігінің нәтижесінде жоғалған энергияның орнын толтыратын қоректік заттардын организмге түсуін қамтамасыз етеді. Бұл теорияның алты негізі туралы айтуға болады:

  • Тиімді тамактану болып, егер де астың түсуі оның шығынына сәйкес келуі табылады;

  • Тағамдық заттардың организмге түсуі, тамақтың құрылымдары және пайдалы заттардың сіңірілу нәтижесінде, яғни, организмнің пластикалык және энергетикалық қажеттіліктері қамтамасыз ететін метаболизм үшін кажетті нутриенттермен қамтамасыз етіледі;

  • Тағамның сіңірілуі организмнің өзімен іске асырылады;

  • Тағам бірнеше компоненттерден: физиологиялық маңызы бойынша әр түрлі нутриенттерден, балласт және зиянды заттарынан, улы қосылыстардан тұрады;

  • Организмнің метаболизмі амин қышқылдары, моносахаридтер, май кышкылдардың дәрумені және бірқатар тұздар деңгейімен аныкталады:

  • Көп нутриенттер, қуыс және жасуша ішілік ас қорыту нәтижесінде болған, ферменттер гидролизінің нәтижесінде босайды.

Үйлестірілімді тамактану теориясы қоректік заттардың тұтынуының соны мен бірге дәрумендер, алмастырылмайтын амин қышқылдар, май қышқылы, макроэлементтер жетіспеушілігіндегі көптеген нутриентті тапшылықтарды және ауруды жеңуге арналған ғылыми - негізделген нормаларға мүмкіндік берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет