Басылым: алтыншы



бет1/49
Дата31.12.2021
өлшемі0,68 Mb.
#21763
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
Тезисы лекций (1)




Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәннің оқу-әдістемелік кешені

Басылым: алтыншы




ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

ДӘРІС №1 тақырыбы: Химияның негізгі ұғымдары мен заңдары


ДӘРІС тезистері:

  1. Зат массасының сақталу заңы (Ломоносов 1748, Лавуазье - 1789).

  2. (Пруст 1808). Құрам тұрақтылық заңы.

  3. Еселік қатынас заңы. (Дальтон 1803ж.).

  4. Газдардың көлемдік қатынас заңы (Гей.Люссок 1888).

  5. Авогадро заңы (1811ж.).

  6. Эквивалент заңы (1803ж.).

1. Зат массасының сақталу заңы.

Реакцияға қатысқан заттардың массасы реакция нәтижесінде түзілген заттардың массасына тең болады.

2H2+O2=2H2O

4 32 36


Бұдан мынадай қорытынды жасауға болады. Химиялық реакциялар кезінде элементтер атомдары сақталады, яғни жоқтан бар болмайды, бір зат жоқ болмайды.

2. Құрам тұрақтылық заңы (1789).

Алыну жолына қарамастан молекулалық құрылысты әрбір химиялық таза заттың сапалық және сандық құрамы тұрақты болады.

N2 + 3H2  3NH3

NHCl + MaOH  NH3 + NaCl + H2O



3. Еселік қатынас заңы (Дальтон 1803 ж.)

Екі элемент бір-бірімен бірнеше молекулалық қосылыс түзетін болса, онда бір элементтің белгілі бір тұрақты массасына сәйкес келетін екінші бір элементтің массаларының өзара қатынасы кіші бүтін сандардың қатынасындай болады.







N2O

NO

N2O3

NO2

N2O5

Оттегі массасы

16

16

48

32

80

Азот массасы

28

14

28

14

28

Азоттың тұрақ. т.

8

16

24

32

40

Оттегінің тұрақ. т.

1

2

3

4

5


4. Газдардың көлемдік қатынас заңы (Гей.Люссак)

Реакцияға қатысқан газдардың көлемдерінің өзара қатынасы және олардың реакция нәтижесінде түзілген газдар көлемдеріне қатынасы кіші бүтін сандар қатынасындай болады:

Н2(2) + Cl2(2) = 2HCl(2)

22,4л 22,4л 48,8л

1 : 1 : 2
5. Авогадро заңы (1811)

1811 ж. итальян ғалымы Авогадро өзінің гипотезасын ұсынды. «Авогадро заңы» былай делінген: бірдей көлемде бірдей жағдайдағы молекулалар саны да бірдей болады. Авагадро заңынан мынадай салдарлар шығады:



  1. бірдей жағдайда газдардың бірдей молекулаларының көлемі де бірдей болады.

  2. қалыпты жағдайда кез келген газдың 1 молі 22,4 л көлем алады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет