20-тәжирибелік тапсырма А-3. В-4. С-1. Д-2.
21- БИЛЕТ 1-тапсырма Іс-әрекет – бұл қажеттіліктер мен қызығушылықтарды қанағаттандырумен байланысты саналы қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған адамның белсенділігі.
Іс-әрекетсіз адамзат өмірі мүмкін емес. Іс-әрекет үстінде адам қоршаған дүниені танып біледі. Іс-әрекет адамға материалдық жағдайды – тамақты, киімді, баспананы жасайды. Іс-әрекет барысында рухани дүниелер жасалады: ғылым, әдебиет, музыка, сурет. Іс-әрекет үрдісінде адам қоршаған шындықты өзгертеді, өзінің еңбегі арқылы айналадағы әлемді жаңартады: шөл дала гүлденген баққа айналады, өзендер өзінің арнасы мен бағытын өзгертеді, тундра мен тайгада қалалар пайда болады. Іс-әрекет адамның өзін қалыптастырады және оның өзін , оның еркін, мінезін, қабілетін өзертеді.
Психиканың маңызды қызметі – тіршілік иесінің мінез-құлықтарымен іс-әрекетін басқару болып табылады. Іс-әрекет заңдылықтарын зерттеуде зор үлес қосқан кеңес психологтары А.Н. Леонтьев пен Л.С.Выготский болды. Адамның әрекеті мен оның белсенділігі оны жануарлар дүниесінен ерекше ажыратып тұрады.
Адам психикасының бірінші әрі басты айырмашылығы – оның санасының болуында, адам мақсатты және оған жету тәсілдерін түсінеді, нәтижені көре біледі (А.Н.Леонтьев). Сананың пайда болуының жетекші факторлары еңбек пен тіл болды.
Адамның іс-әрекеті жануарлардың қылықтарынан, тіпті ол аса күрделі болса да өзгеше болады. Екіншіден, адамның іс-әрекеті еңбек құралын жасаумен, қолданумен және сақтаумен байланысты. Үшіншіден, адамның іс-әрекетінің қоғамдық сипаты болады, себебі ол ұжымда және ұжым үшін жасалады.
Іс-әрекет сияқты әрекеттің де құрлымы болады: мақсат-мотив, тәсіл-нәтиже. Әрекеттің мынадай түрлері бар: сенсорлық (объектіні қабылдау), моторлық (қимыл-қозғалыс), еріктік, ой, мнимикалық (ес), сыртқы, заттық (сыртқы дүниедегі заттардың күйі мен қасиетін өзгертуге бағытталған) және ақыл-ой ( сананың ішкі жоспарында орындалатын). Әрекеттің мынадай компоненттері ажыратылады: сенсорлық (сезімдік), орталық (ақыл-ой) және моторлық (қимыл-қозғалыс).
Операция – бұл әрекетті орындаудың нақты тәсілі. Операциялардың сипаты оның орындалатын жағдайына және адамның тәжірибесіне байланысты болады. әдетте олар саналылықты аз қажет етеді не мүлде қажет ете қоймайды, яғни бұл автоматты дағдылар деңгейі болып табылады.