1. Зейін, зейіннің негізгі қасиеттері



бет9/9
Дата21.06.2023
өлшемі43,91 Kb.
#102894
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
20-25

Мыстан кемпір.Ол - айлакер әйел, қулықпен күн кешкен. Алдап-арбаудың небір түрлерін, амал-айласын білген. Өзімізге жақсы таныс «Алпамыс батыр» жырында батырдың алдын орап, майда тілмен оны дегеніне көндіріп, шырмауына түсіретіні белгілі. Сонда мыстанның тіліне еріп, батыр өзінің жан серігі Байшұбардың басын шауып тастай жаздайды.
Мыстанның сырт бейнесі жырда жасы үш жүзге жеткен, көрінгенмен ұрысқан, қабағы қатып тырысқан, өзін туғаннан құдай айтқан, бір кез ширек бойы бар, адам таппас ойы бар, тізесіне шекпені жетпеген, басынан жаманшылық кетпеген деп беріледі. Осы мыстан ханның қызы Қаракөзайымды бас қылып, қырық отауды Алпамыс келетін жолға тіктіріп, қырық келіншек пен қырық құты шарап алып, Алпамыстың жолын тосады. Батырмен жолыққан мыстан оны тілімен алдап, сусын орнына шарап ұсынып, «атыңды шалдырып, деміңді ал» деп отауға баруға көндіреді. Алпамыс мыстанды Байшұбарына мінгізбекке оңтайлана бергенде, есті жануар қос аяқтап теуіп, кемпірді жолатпайды. Сонда мыстан:
Бәлені жабы бастайды,
Жігіттің жолын ашпайды.
Айналайын қарағым,
Қазанат тауып берейін,
Басын кесіп тастай көр, - деп азғырады.
Бұған сеніп, ашу қысқан Алпамыс Байшұбардың басын шаппаққа, ақ қанжарын суырғанда, ғайып ерен қырық шілтен қолынан қағып, тұлпары аман қалады. Тілегін орындата алмаған мыстан енді өзі алдына түсіп жол бастап, тіккен отауына әкеліп, шарапқа масайтып, қолға түсіреді. Сөйтіп, бір айласынан екіншісі айласы асқан тілі майда, ісі зұлым мыстан Алпамыстың басына қатер төндіреді. Мыстан бейнесінің жырларда берілуі жөнінде зерттеуші Ш. Ыбыраев мынадай пікір айтады: «Мифтік ұғымдардан қазақтың көне эпостарында көптеген белгілер сақталған. Жалпы, көне эпостарда ерекше жинақталып, тұтас көрінетін жауыздық бейне - мыстан кемпір. Ол бірде айлакер, барлық жағдайды күні бұрын болжап отыратын, сөйтіп, батырдың жолына алдын ала тор құратын жауыз кемпірдің кейпінде суреттелсе, бірде жеті басты жалмауыз, нағыз дүлей күштің иесі ретінде суреттеледі». Яғни, мұндай сырт кейпі ұсқынсыз бейне жыр сюжетін ерекше қызықты, шытырманды ете түседі.
Албасты - мифологиялық көне кейіпкер. Бұл ретте ғалым С.Қасқабасов мынадай ой айтады: «көне мифологиядағы рух-иелер алғашқы қауым мифінде дүниені жаратушы әрі күллі әлемнің иесі болып көрсетіледі. Мұндай кейіпкерлердің қалдығы кейінгі заманда қалыптасқан жанрларда да, мысалы ертегі, эпостарда да көрініс береді».
Албасты - әйел түрінде беріледі. Зерттеу еңбектерде оның екі түрі бар делінеді: қара албасты және сары албасты. Олардың түр әлпеті де мыстан кемпірдікі секілді қорқынышты сипатта беріледі. Албасты кейде бір түрден екінші түрге алмасады да. Мәселен, І. Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасында:
Көмбеде Құлагерге тағы барды,
Шықты да алды-артына көзін салды.
«Арқаның албастысы бұл шығар» деп,
Ішінен Құлагерден қауіптенді, - деген шумақта албасты бейнесі атқа қарата айтылған. Мұнда фольклордағы бейненің бастапқы қалпы сақталғанымен, жұмсалу аясы өзгерген.
Перікөбіне салқын жерде, көбіне су жағасын мекендейді. Ол сұлу қыз түрінде көрінеді. Перінің мұсылман және кәпір перісі болады. Мұсылман перісі көбіне адам үшін зиянсыз болады. Бұл бейне де ертегі-аңыздарда әйел бейнесінде беріледі. Ол кейде әдеби шығармада да қолданылады. Мәселен, С. Мұқановтың мына бір өлеңінде:
Пай-пай, шіркін, күлуін,
Есі жоқ, жынды есалаң,
Битті күң, шайтан, перістан, - дейді. Мұнда бай есігінде жүрген Мәлипа, Күңшаштардың есімін атамай, «битті күң, пері» деп жер-жебіріне жетеді. Яғни, бұл кейіпкерлер көнедегі ойлаудан туған құбылыс болса да, олар адамға ұқсайды, әр түрлі әрекеттері де адамға тән. Тіпті олардың өзі де адамға жақын келіп, тіл қатады. Міне, бұл кейіпкерлер адамның көне ойлаудағы танымынан хабар бере отырып, халықтық байырғы ұғымдардың мәнін ашады.
адам өмірінде, не хайуанат дүниесінде болуға лайық, әр алуан қызық, кейде тіпті ғажайып оқиғаларды ойдан шығарып, өсіре әңгімелейтін көркем баян, әсерлі хикая.. Көркемдік жағынан алғанда, ертегінің көлемі қысқа, сюжеті ықшам, композициясы жинақы, тілі ауызекі айтуға лайық қарапайым, бірақ образдары өткір, дәл, мазмұны тартымды, идеясы бүкпесіз, ашық. Оқиғаға қатысатын адамдар санаулы, мінез-құлқы көбіне бір қырынан көрініп, ең елеулі ерекшелігімен көзге түседі.
Тұжырымдама.Әдебиеттің ұлттық ерекшелігі халықтың тарихи дамуымен тығыз байланысты. Ал, оның қайнар бұлағы - фольклорлық мұра - көркемөнер дамуына ұдайы елеулі ықпал жасап отыратын шығармашылық фактор.
25-тәжірибелік тапсырма

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет