Дағды – алғашқыда саналы орындауды қажет ететін әрекеттің жаттыға беру нәтижесінде автоматты қалыптасуы.
Психофизиологиялық қызметтер іс-әрекет процесінің органикалық ірге тасын құрайды.
Сенсомоторлық процестер қабылдау мен қимыл-қозғалыстың байланысын жүзеге асырады.
Идеомоторлық процестер қимыл мен оның орындалуы туралы түсініктерді байланыстырады. Бейне және оның моторлық актілерді реттеудегі ролі мәселесі – адамның дұрыс қимылы психологиясының негізгі мәселесі болып табылады.
Эмоционалдық-моторлық процестер – қимылдың орындалуын эмоциямен, сезіммен, психикалық күймен, адамның уайымдарымен байланыстырады.
Интериоризация – бұл сыртқы, материалдық әрекеттен ішкі әрекетке өту процесі.
Экстериоризация – бұл ішкі психикалық әрекеттің сыртқы амалдарға айналу процесі.
Әрекеттің түрлерін қарастырғанда, адамзат дамуының ерте генетикалық деңгейінде әрекет адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасын орнатудың негізі мен оның психикасын қалыптасу факторы ретінде түсіндіріледі.
2-тапсырма
Поэма — эпостық жанрдың бір түрі; белгілі бір оқиғаны, адам тағдырын, заман шындығын эпикалық не лирикалық үлгідегі өлеңмен сипаттайтын көлемді поэтикалық шығарма.
Поэманың және бір түрі – лиро-эпостық поэмалар. Лиро-эпостық поэмаларда эпостың элементі де, лириканың эле менті де болады. Әсіресе лирикалық жақтары басым келеді. Батырлар жырында негізгі тақырып – патриоттық. Суреттейтіні, дәріптейтіні ерлік, батырлық болса, ал лирикалық жырда көбіне тақырыбы сүйіспендік, дәріптейтіні сүю жолындағы қаһармандардың басынан өткізген қиыншылықтары болады. Мысалы, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш», «Айман–Шолпан», т.б. Бұлардың кейбір жерлері александрлық романға да дәл келіп қалады.
Поэманың ерекше бір түрі – сюжетсіз поэмалар. Сюжетті поэмадан ерекшелігі – сюжетсіз поэмалар адамдардың араларындағы тартысты емес, сол тартыстардан туындайтын нәтижені образдап көрсетеді. Дегенмен, сюжетсіз поэма жазу – бұл кез келген ақынның қолынан келе бермейтін, үлкен шеберлікті қажет ететін күрделілік. Қаламгер кейіпкер күресінің нәтижелерін ықшам әрі қызықты етіп бейнелей алмаса, ой қайталаушылыққа ұрынып, шығармасы жалаң схема қуушылыққа айналады да, сенімсіз, өлі туынды болып шығады. Жалпы поэма дегеннің өзі сюжеттердің шеберлікпен қиюласқан тізбегі екендігін мойындағанымыз жөн.