1 зертхана-тәжірибелік-жұмыс Microsoft Access ДҚбж-ң негізгі объектілері Мәліметтер базасында қолданылатын мәндер типі


«Код» өрісіндегі мәліметтерге шектеу қою керек, себебі, бұл мәліметтер қайталанбауы қажет



бет3/4
Дата20.10.2022
өлшемі419,47 Kb.
#44493
1   2   3   4
«Код» өрісіндегі мәліметтерге шектеу қою керек, себебі, бұл мәліметтер қайталанбауы қажет. Оқытушылардың кодтары қайталанбауы керек, бірақ оларды өзгерту мүмкіндігі де сақталуы керек.

  • Общие қыстырмасында Индексированное поле жолына шертіңіз;

    Ескерту. Индекс — бұл Access-тің кестеде мәліметтерді іздеу мен сұрыптауды жеделдететін құралы. Кестенің кілттік өрісі (алғашқы кілттің өрісі) автоматты түрде индекстеледі. MEMO және Гиперсілтеме типті өрістерге немесе OLE нысандарының өрістері үшін индекстер құруға болмайды.

    • Тізімнен Да (совпадения не допускаются) пунктін таңдаңыз;

    • Оқытушылар кестесінің басқа өрістерін жоғарыдағыға ұқсас тәсілмен анықтаңыз.

    Кесте 1.

    Имя поля

    Тип данных

    Размер поля

    Аты

    Текстовый

    20

    Тегі

    Текстовый

    15

    Әкесінің аты

    Текстовый

    25

    Туған күні

    Дата/время

    Формат поля: Краткий

    Қызметі

    Текстовый

    9

    Пәннің коды

    Числовой

    Целое

    Пән атауы

    Текстовый

    11

    Телефон

    Текстовый

    9

    Еңбекақы

    Денежный

    Формат поля: Основной,
    Число десятичных знаков: 0

    • Құрылған кестені Оқытушылар деген атпен сақтаңыз. Ол үшін «Закрыть» белгісіне шертіп, пайда болған терезегге кестенің атын жазыңыз да, ОК батырмасын басыңыз.

    2-жаттығу. Мәліметтер қорын түзету.

    1. Жобаланатын кесте үшін Конструктор режиміне кіріңіз. Егер сіз МҚ терезесінде болсаңыз, онда Оқытушылар кестесін таңдап, батырмасына шертіңіз.

    2. «Қызметі» өрісіне енгізілетін мәліметтерге шектеу қойыңыз; бұл жерге Профессор, Доцент немесе Ассистент сөздері ғана жазылуы керек.

    Енгізілетін мәліметтерге шарт қою үшін:

    • «Қызметі» өрісіне шертіп, терезенің төменгі жағындағы Общие қыстырмасында Условие на значение жолына барыңыз;

    • Өрнектерді құрушының көмегімен, шарттарды анықтау үшін батырмасына басыңыз;

    1. Пайда болған терезеде Профессор сөзін жазып, батырмасын басып (бұл батырма ИЛИ функциясын орындайды), Доцент сөзін жазып, тағы да сол батырмаға басыңыз, Ассистент сөзін жазыңыз және «ОК» батырмасын басыңыз. Осылайша сіз «Қызметі» өрісінде тек жоғарыда көрсетілген мәндер ғана енгізілу үшін шарт қойдыңыз. «Қызметі» өрісінде енгізілген қателіктер туралы хабарлама мәтінін енгізіңіз. Сообщение об ошибке деген жерге "Мұндай қызмет жоқ, мәліметті дұрыс енгізіңіз" сөйлемін енгізіңіз.

    3-жаттығу. Кесте режиміндегі жұмыс.

      1. Кесте режиміне көшіңіз:

    • саймандар тақтасындағы батырмасына басып Режим таблицы бұйрығын орындау арқылы;

    • Кестені сақтау туралы сұраққа «Да» батырмасына шертіңіз.

      1. Кестені 2-кестедегі мәліметтермен толтырып, жүйенің «Қызметі» өрісіне дұрыс енгізілмеген мәліметтерге әрекетін бақылаңыз.




    Кестедегі өрістердің енін жазылған мәліметтердің ұзындығына сәйкес өзгертіңіз:

    1. Кестеден оқытушы Асхатовты табыңыз:

    • Курсорды «Тегі» өрісінің бірінші жолына орнатыңыз;

    • Главная мәзірінде Найти бұйрығын орындаңыз;

    • «Образец» параметрлер жолында Асхатов деп жазыңыз;

    • «Найти» батырмасына шертіңіз. Курсор төртінші жазбаға келіп, Асхатов сөзін ерекшелейді;

    • «Найти далее» батырмасына шертіңіз. Курсор жетінші жазбаға келіп, тағы да Асхатов сөзін ерекшелейді;

    • Іздеу режимінен шығу үшін «3акрыть» батырмасын басыңыз.

    1. Мәліметтерді алмастырыңыз: профессор Тарасованың еңбекақысын 84300-ден 92000-ға өзгертіңіз:

    • Курсорды «Еңбекақы» өрісінің бірінші жолына ауыстырыңыз;

    • Главная мәзірінде Заменить бұйрығын орындаңыз;

    • Ашылған терезедегі «Образец» жолына 84300 деп жазыңыз;

    • ал «Заменить на» жолына 92000 деп жазыңыз;

    • «3аменить все» батырмасына шертінің. мәліметтер ауыстырылды.

    1. «Еңбекақы» өрісіндегі мәліметтерді өсу ретімен сұрыптау.

    • «Еңбекақы» өрісінің кез келген жолына шертіңіз;

    • саймандар тақтасындағы батырмасына шертіңіз. Кестедегі барлық мәндер «Еңбекақы» өрісіндегі жазбалардың өсу ретіне сәйкес сұрыпталады.

    1. Сүзгіні қолданып үйреніңіздер:

    а) «Қызметі» және «Пән атауы» өрістері бойынша сұрыптауды жүргізіңіз:

    • «Қызметі» өрісіндегі Доцент жазбасына шертіңіз;

    • батырмасына шерткенде кестеде тек доцент қызметіндегі оқытушылар туралы ғана мәліметтер қалады;

    • «Пән атауы» өрісіндегі Информатика жазбасына шертіңіз;

    • батырмасына шерткенде кестеде тек информатика кафедрасының доценттері туралы мәліметтер ғана қалады;

    • Сүзгілеуді болдырмау үшін батырмасына шертіңіз кезде пайда болған мәзірден Снять фильтр с Пән атауы бұйрығын орындаңыз. Кестеге барлық мәліметтер қайтадан шығады.

    б) Есімдері «А» әрпінен басталатын оқытушылар туралы мәліметтерді шығару үшін:

    • Курсорды Имя өрісінің алғашқы жазбасына қойып, Сортировка и фильтр бөлімінен батырмасына шерткенде пайда болған бұйрықтар тізімінен суреттегідей қажеттісін таңдаңыз;


    Кестені сақтаңыз.

    4-жаттығу. Үш кесте құрыңыз: «Студенттер», «Бағалар» және «Пәндер».

    1. «Студенттер» кестесін құрыңыз:



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет