1 зертхана-тәжірибелік-жұмыс Microsoft Access ДҚбж-ң негізгі объектілері Мәліметтер базасында қолданылатын мәндер типі



бет4/4
Дата20.10.2022
өлшемі419,47 Kb.
#44493
1   2   3   4
Имя поля

Тип данных

Размер поля

Студенттің коды

Числовой

Целое

Тегі

Текстовый

15

Аты

Текстовый

12

Әкесінің аты

Текстовый

15

Сынақ кітап №

Текстовый

10

Телефон

Текстовый




Шәкіртақы

Логический

Да/Нет




! Кілттік өріс ретінде «Код студента» болсын. Кестені «Студенттер» деген атпен сақтап, жабыңыз.

  1. Келесі «Пәндер» кестесін құрыңыз:

Имя поля




Тип данных

Размер поля

Пәндер коды




Числовой

Целое

Пән атауы




Текстовый

30

! Кілттік өріс «Пәндер коды» болады. Бұл кесте де форма режимінде толтырылады.

  1. «Бағалар» кестесін құрыңыз:




Имя поля

Тип данных

Размер поля

Код

Числовой

Целое

Студенттің коды

Числовой

Целое

Пәндер коды

Числовой

Целое

Бағалар

Числовой

Байт

! Кесте өрістеріндегі мәліметтер қайталануы мүмкін болғандықтан, мұнда кілттік өріс болмайды. Кестені алдыңғы кестелер сияқты форма режимінде толтырыңыз.

  1. Мәліметтер сызбасын жасаңыз, яғни Оқытушылар, Студенттер, Бағалар, Пәндер кестелерінің арасында байланыс орнатыңыз:

  • Работа с базами данных мәзірінде батырмасына шертіңіз. Экранда «Схема данных» терезесі пайда болады;

  • Связи, Добавить таблицу бұйрығын орындаңыз;

  • Ашылған терезеде төмендегі суретке сәйкес кестелерді ретімен орналастырып, <Добавить> батырмасына басыңыз;

  • <3акрыть> батырмасына басып, терезені жабыңыз;

  • Пәндер және Бағалар кестелерінің арасына байланыс орнатыңыз. Ол үшін тышқан курсорын Пәндер кестесіндегі «Код Пәндер» өрісіне қойып, тышқанның сол жақ батырмасына шертіп тұрған бойда, курсорды Бағалар кестесіндегі «Пәндер коды» өрісіне қойыңыз да тышқан батырмасын босатыңыз. Экранда «Связи» терезесі ашылады;

  • жалаушаны Обеспечение целостности данных қасиетіне оған шерту арқылы орнатыңыз. Алайда екі өрістің типтері бірдей болып қойылмаса, бұл амалды орындай алмайсыз.

  • жалаушаны Каскадное обновление связанных полей және Каскадное удаление связанных записей қасиеттеріне орнатыңыз;

Ескерту. Каскадное обновление связанных полей және Каскадное удаление связанных записей қасиеттеріне жалауша орнату сізге Пәндер кестесіндегі мәліметтерді ғана емес, сондай-ақ Бағалар кестесіндегі мәліметтерді де түзетуге мүмкіндік береді, бұл байланысқан жазбалармен орындалатын амал болғандықтан, автоматты түрде жасалады. Мысалы, егер сіз Пәндер кестесінен бір пәнді алып тастасаңыз Бағалар кестесіндегі осы пәнге байланысты барлық жазбалар алынады.

  • «Создать» батырмасына шертіңіз. Байланыс орнатылады;

  • Осыған ұқсас Пәндер кестесіндегі «Пәндер коды» өрісі мен Оқытушылар кестесіндегі «Пәндер коды» өрісінің арасына, Студенттер кестесіндегі «Студенттің коды» және Бағалар кестесіндегі «Студенттің коды» өрістерінің арасына байланыс орнатыңыз. Нәтижесі келесі суретте көрсетілген.

  • Енгізілген өзгерістерді сақтай отырып терезені жабыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет