Байланыстардың типтері: 1:1: «один-к-одному» қатынасы. Мысалы: (студент –сынақ кітапшасының№) 1:N: «один-ко-многим» қатынасы. Мысалы: Бір тауар жеткізуші...а) ... бірнеше тауар түрлерін әкелуі мүмкін, ...б) ... бірақ әр тауарды жеткізуші бір ғана адам болуы керек. (Топ-студенттер) N:M: «многие-ко-многим» қатынасында А кестесіндегі бір жазбаға В кестесінен бірнеше жазба сәйкес келуі сол сияқты В кестесіндегі бір жазбаға А кестесінің бірнеше жазбасы сәйкес келуі мүмкін. Мысалы: (Студенттер - олар қатысатын курстар) 1-жаттығу. Microsoft Office Access 2007 құжатын ашып, жаңадан «Деканат» мәліметтер қорын құрыңыз. Жаңа МҚ құру үшін:
Access қосымшасын жүктеп, пайда болған терезеде Новаябазаданныхпунктіне шертіңіз;
«Файл новой базы данных» терезесінің Имя файла өрісіне МҚ-ның аты ретінде Деканатдеп жазып, сіздің құрған МҚ орналасатын буманы құрыңыз немесе таңдаңыз.
Мәліметтер қоры терезесінің жоғарғы жағындағы мәзірде Access нысандарының барлық типтерін (кестелер сұраныстар, формалар және т.б.) басқаруға арналған элементтер шоғырланған. Терезеден құрылатын құжаттың типін таңдайсыз. Сізге, ең алдымен, кесте құру керек, сондықтан Таблица қосымшасын таңдап, Создать батырмасын басыңыз.
«Жаңа кесте» сұхбат терезесі ашылып, оның оң жағында ары қарай жасалатын жұмыстардың нұсқалар тізімі келтіріледі.
Бұл жердегі бірнеше нұсқалардың ішінен Конструктор режимін таңдап, ОК батырмасын басыңыз. Конструктор терезесі ашылады.
1-ші кестеге сәйкес кестенің өрістерін анықтаңыз.Ол үшін:
«Тип данных» бағанының өрісінде тізім батырмасына шертіп, мәліметтердің сандық типін анықтау үшін Числовое, ал өрістің өлшемін ОбщиеөрісіненЦелое типін таңдаңыз;
Оқытушының кодыөрісін кілттік өріс етіп алыңыз. Ол үшін саймандар тақтасындағы кілттің суретіне шертіңіз немесе контекстік мәзірді шақырыңыз.