1 зертханалық ЖҰмыс тақырыбы: Жыныссыз көбеюдің цитологиялық негіздері. Митоз. Мақсаты



Дата31.10.2022
өлшемі15,02 Kb.
#46527
Байланысты:
1 зертханалық жұмыс


1 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС


Тақырыбы: Жыныссыз көбеюдің цитологиялық негіздері. Митоз.
Мақсаты: Әр түрлі организмдердің кариотиптерімен, жасушаның митоздық бөлінуімен танысу және хромосомалардың нәзік құрылысын зерттеу.
Құрал жабдықтар: Микроскоп, өсімдіктердің өсінділері, зат және жабындық шынылар, препараттық ине, бояу, спирт, су, сорғышқағаздар, дайын тұрақты препараттар (өсімдіктер мен жануарлар жасушасынан жасалған), сурет салатын аппарат.
Зертханалық жұмысты орындау тәртібі:

  1. Микроскоптың құрылысымен және жұмыс жасау тәртібімен танысу.

  2. Митоз фазаларын анықтау.

  3. Хромосома құрылысымен танысу.

  4. Жануарлар мен өсімдіктер кариотиптеріне талдау жасау.

Жұмыстың барысы:Микроскоптың құрылысы және онымен жұмыс жасау.Митоздың фазаларын анықтап, суретін салу.Өсімдік және жануар жасушаларына тән митоз фазаларының, түрлі организмдердің кариотиптерінің суреттерін салып, олардың астына нысандардың атын жазып қоюы керек, дрозофиланың алып хромосомаларының препаратын дайындап, оны зерттеп суретін салуы керек.
Тапсырмалар:

  1. Әртүрлі өсімдіктердің (пияз, бұршақ, бидай) кариотипін үйрену үшін уақытша препарат дайындау әдісін игеру;

  2. Препараттардан митоз стадияларын табу. Пияздың тамырша жасушаларынан жасалған препараттан митоз фазаларының суретін салу;

  3. Хромосома құрылысымен танысып, суретін салу.



Бақылау сұрақтары:

  1. Жасушаның тіршілік циклі дегеніміз не?

  2. Митоздық циклдің анықтамасы?

  3. Митоздық бөлінуге дайындық кезеңі қалай жүреді?

  4. Митоздық бөлінудің фазалары?

  5. Интерфаза және митоз кезінде хромосомалар қандай күйде болады?

  6. Анафазада жасуша полюсіне хромосома тартыла ма немесе хромаматид тартыла ма?

  7. Митоздық бөлінуде хромосома жиынтығының саны өзгере ме?

  8. Митоздық бөліну қандай жасушаларда жүреді?

  9. Митоздың биологиялық маңызы?

  10. ДНҚ молекуласы еселенуінің мәні неде?

  11. Көп рет еселеніп, ажырымаған хромосомалар қалай аталады?

  12. Хромосомалардың диплоидтық жиынтығы деген не?

  13. Жасушада хромосомалар көрінсе, ал ядро мен ядрошық жоқ болса, бұл митоздың қай фазасына жатады?

  14. Амитоз деген не? Қандай организмдер амитоз жолымен бөлінеді?

  15. Эндомитоз дегеніміз не, оның ерекшелігін атаңыз?

  16. Политения дегеніміз не, мысал келтір?


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет