1 зертханалық ЖҰмыс


Мыс оксидін сутекпен тотықсыздандыру



бет9/12
Дата09.02.2022
өлшемі297,09 Kb.
#25054
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
1 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС (копия)

4.Мыс оксидін сутекпен тотықсыздандыру.

(“Үстел бойынша” жасалынатын жұмыс). 29-суреттегі құрылғыны жинап, герметикалылығын тексеріңдер. U-тәрізді түтікке сусыз кальций хлоридін (алдын-ала күйдірілген) сал-





29-сурет. Мыс оксидінің сутекпен тотықсыздануы

ыңдар (не үшін?). Хлоркальцийлі түтіктің кеңейтілген жеріне 0,3-0,5 г мыс оксидін салыңдар. Құтыға (сыйымдылығы 250 мл) 40-50 г мырыш түйіршіктерін салыңдар да, құтының түбіне дейін түсірілген құйғы арқылы 100-150 мл 20% H2SO4 ерітіндісін құйыңдар.

Сутектің тазалығына көз жеткізгеннен кейін ғана құрылғыны қыздыруға болады! Құрылғының сутек шыға тын жерін шырақпен жағып көріңдер. Құрылғыдағы ауа толығымен сутекпен ығыстырылғаннан кейін түтікті ұзына бойы, одан соң мыс оксиді бар жерін күштірек қыздыруға болады. Жанып тұрған сутек жалынының азаймауын бақылап отыру керек. Егер жалын өшіп қалса немесе азайса, қыздыруды тоқтатыңдар.

Тотықсыздану біткен кезде (оны қалай білуге болады?) қыздыруды тоқтатып, сутектің жіберілуін жалғастыра отырып (неліктен?), құрылғыны бөлме температурасына дейін суытыңдар Әрекеттеспеген мырышты сумен шайып, лаборантқа өткізіңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.


15 жұмыс. Сутек пероксиді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет