Қажетті-құрал жабдықтар мен реактивтер: спирт шамы, сынауықтар, мырыш түйіршіктері (немесе мырышталған темір) 20% күкірт қышқылы (немесе тұз қышқылы (1:5)) мыс (ІІ) оксидінің ұнтағы.
1.Металдарға қышқылдармен әсер ету арқылы сутек алу.
27 а-суретте көрсетілгендей қондырғы жинаңдар. Сынауыққа мырыштың бірнеше түйірін салып, 5 мл 20% күкірт қышқылын құйыңдар да, сынауықтың саңылауын
27-сурет. Сутекті алу, оны жинау және “тазалығын” тексеру
|
ұшы жоғары қарай бағытталған газ шығаратын түтігі бар тығынмен жабыңдар (27 б сурет). Сутектің “тазалығын” тексеріңдер. Бұл үшін ішінде сутек бар сынауықты жаймен көтеріп, саусақпен жаба отырып (27 в сурет) түбін жоғары қаратып сынауық
|
ты көлденең бағытта ұстап тұрып, спирт шамына жақындатып, аузын ашыңдар (27 г сурет). Сутектің тазалығына көз жеткізгеннен кейін (оқытушының қатысында), оны түтікшенің аузында жанған шыбықпен жағып көруге болады. Таза сутек жанғанда әлсіз дауыс естіледі. Сутек жалынының үстіне суық құйғы немесе шыны пластинка ұстаңдар. Нені байқауға болады? Сутек алудың реакция теңдеуін молекулалық және ионды-электрондық түрде жазыңдар. Лаборатория жағдайында сутек алу үшін басқа қандай металл және қышқылды ұсынуға болады? Сутек алу үшін концентірлі күкірт қышқылын қолдануға бола ма? Жауаптарыңды дәлелдеңдер. Сутектің жану реакциясының теңдеуін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |