2. Сілтіге алюминиймен әсер ету арқылы сутек алу. (Тәжірибені тартқыш шкафта жүргізіп, көзілдірік киіп жасау керек).
Сынауыққа 2-3 мл 20% NaOH ерітіндісін құйыңдар. Оған бірнеше түйір алюминий ұнтақтарын салыңдар да, ұшы жоғарыға қарай бағытталған шыны түтікше кигізілген тығынмен жабыңдар. Егер реакция баяу жүретін болса, онда қыздыру керек. Бөлініп жатқан сутектің тазалығын тексеру қажет. Құрғақ сынауыққа сутек толтырып, оны жағып көріңдер.
Алюминийдің сілтімен әрекеттесу реакциясының теңдеуін молекулалық және ионды-электрондық түрде жазыңдар. Бұл жағдайда қандай өнімдер түзілуі мүмкін?
Достарыңызбен бөлісу: |