1 Зоология пәні және оның міндеттері, маңызы



Pdf көрінісі
Дата19.05.2023
өлшемі419,68 Kb.
#94883
Байланысты:
1 Зоология п ні ж не оны міндеттері, ма ызы 230509 201410



1)Зоология пәні және оның міндеттері, маңызы. 
Зоология – жануарлар туралы ғылым.Зоология – жануарлар әлемінің алуан 
түрлілігін,олардың сыртқы және ішкі құрылысын, зат алмасу процесін, 
тіршілік ету ортасы мен өзара қарым-қатынасын, таралуын, дамуын, шығу 
тегін, тарихи даму зандылықтарын, табиғаттағы және адам өміріндегі 
маңызын зерттейтін ғылым. 
Зоологияның міндеттері – жануарлардың негізгі типтерінің және 
кластарының өкілдерімен таныстыру, олардың морфологиясын, 
физиологиясын, экологиясын, этологиясын, көбеюін, дамуын, маңызын, 
филогениясын оқып білу. 
Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зор және 
алуан түрлі. Олардың бірқатары пайдалы жануарлар болып табылады. Азық- 
Түлік, әр түрлі өнеркәсіп шикізат өнімдерін: ет, май, CYT, тері, жүн, бал, 
балауыз, жібек, мүйіз, бақалшақ және т. Б. Береді. Жануарлардың пайдасы 
мұнымен бітпейді. Олардың көпшілігі ауыл шаруашылық дақылдарын 
тозаңдатушылар, топырақ түзушілер, басқа жануарларға азықтық қокеледі 
мен органикалық заттардың ыдыратушылары болып келеді. 
2.Қарапайымдылардың құрылысы.
Қарапайымдылар – бір клеткалы, өте ұсақ, микроскоп арқылы көрінетін 
жәндіктер. Морфологиялық жағынан қарағанда қарапайымдылар бір 
клеткалы формалар, ал тіршілік қасиеттері жағынан алғанда дербес өмір 
сүретін жеке организм, тірі организмге тән зат алмасу, қозғалу, тітіркену, 
ортаға бейімделу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, даму т. Б. Қызметтерін 
атқарады. Қарапайымдылардың клеткасының пішіні және мөлшері алуан 
түрлі болады. Олардың мөлшері 3-4 микроннан бірнеше миллиметр 
шамасында болады. Мысалы, инфузория стентордың ұзындығы – 1,5 мм. 
Қарапайымдылардың құрылысы көп клеткалылардың клеткасының 
құрылысымен бірдей – цитоплазмадан, ядродан және органоид 
бөлшектерінен құралған. Цитоплазма екі қабат түзейді, ашық түсті сыртқы – 
эктоплазма және қоңырқай, түйіршікті ішкі – эндоплазма. Қоймалжың сұйық 
цитоплазмада көптеген органоидтар орналасқан: митохондриялар, 
эндоплазмалық тор, рибосомалар, Гольджи аппараты, т. Б. Цитоплазмада ас 
қорыту вакуолі түзіліп тұрады, олар ас қорыту ферменттерін шығарып, қорек 
заттарды қорытады. Органикалық заттар мен сұйықтық тамшылар клеткаға 
фагоцитоз және пиноцитоз жолымен өтеді. Тұщы суларда тіршілік ететін 


қарапайымдыларда жиырылғыш вакуолі зәр шығару, осмос қысымын реттеу 
және тыныс алу қызметін атқарып отырады. Клеткадағы зат алмасу жолында 
пайда болған несеп заттар сыртқа жиырылғыш вакуолі арқылы шығарылады. 
Тұщы суда тіршілік ететін карапайымдылардың цитоплазмасындағы тұздың 
және басқа ерітіндінің концентрациясы өзін қоршаған судың 
концентрациясынан әлдеқайда жоғары болғандықтан, осмос қысымына 
байланысты сыртқы ортадағы су клетканың ішіне енеді, ал жиырылғыш 
вакуоль артық суды үнемі сыртқа шығарып тұрады, соның нәтижесінде 
клетка жарылмай бірқалыпты түрде сақталынады. Судың құрамындағы 
ерітілген оттегі цитоплазмада қалып, сыртқа су арқылы көмірқышқыл газы 
шығарылып отырады, осылайша тыныс алу процесі жүреді 
Қарапайымдыларда қозғалыс органойдтары жақсы жетілген. Олар, жалған 
аяқтары, яғни псевдоподиялары - және жіптәрізді талшықтар мен 
кірпікшелер. Қарапайымдылардың көпшілігі жыныссыз және жынысты 
жолымен көбейеді. Жыныссыз көбеюінде клетканың негізгі бөліну тәсілі – 
митоз. Қарапайымдылардың бір ерекшелігі – қолайсыз жағдайларда (су 
кеуіп 
Қалса, мұзға айналса, қорек жетпесе, т.б.) клетка сыртына қалың қабық 
шығарып, цистаға айналады. Циста қүйінде қарапайым ұзақ уақыт тіршілік 
етеді. Қолайлы жағдай болғанда клетка циста қабығын тастап әрекетті 
тіршілікке кіріседі 
3.Саркодалылар. Кластың сипаттамасы мен системасы және маңызы. 
Бұларға 10000-ға жуық түрлер жатады; олар негізінен теңіздерде , тұщы 
суларда және таопырақта кездеседі. Олардың цитоплазмасы жіктелмеген, 
бір немесе бірнеше ядролары болады. Дене пішіні тұрақсыз, қозғалу 
органоидтары болып жалған аяқтары саналады. Жалған аяқтары қозғалумен 
қатар жемтікті қармау қызметін де атқарады. Ауыз қуысы болмайды, 
жасушаға заттардың енуі және жасушадан заттардың сыртқа шығарылуы 
денесінің кез келген жері арқылы жүзеге асады. Жиырылғыш вакуолядары 
біреу. Көбеюі негізінде жыныссыз жолмен жасушаның екіге бөлінуі арқылы 
жүреді. Бұл класстың өкілдерінің ішінен бір отряд өкілдерінің маңызы 
белгілі, Ол амебалар отряды. Саркодалылар мен талшықтылар ерте кезде екі 
эволюциялық бағытта дамыған және көптеген күрделі құрылысты 
қарапайымдыларды берген. Олардың ішінде ең күрделі құрылысты 
кірпікшелілер класының өкілдері болып саналады. Қозғалыс мүшелерінің, 
талшық пен кірпікшенің ұқсастығы инфузория мен талшықтыларды бір-біріне 


жақындастырады да, инфузориялар талшықтылардан пайда болған деген ой 
туғызады.Инфузориялар көп таралып қарқынды эволюцияға ұшырап, күрделі 
формаларға қарай дамыған. Кірпікшелі инфузориялардан сорғыш 
инфузориялар дамыған, бұған дәлел – сорғыш инфузориялар дамыған 
кезінде пайда болған жас бүршіктерінде кірпікшелерінің болуы. 
Споралылардың да арғы тегі талшықтылар болуы мүмкін, өйткені бұлардың 
тіршілік циклындағы ерекшеліктері де ұқсас (грегариналар кокцидиялардың 
гаметаларының тұрақты болуы, талшықтың болуы талшықтылармен 
жақындастырады). Книдоспоридиялар мен микроспоридиялардың шыққан 
тегі саркодалылар деп санауға болады, олар дамуының алғашқы 
кезеңдерінде амеба тәрізді жалғанаяқтары арқылы қозғалады және ешбір 
уақытта талшықтары болмайды. Тұрақты колония құрып тіршілік ететін 
талшықтыларды эволюциялық тұрғыдан қарағанда – олар көп клеткалы 
(Metazoa) жануарлардың арғы тегі екендігі дәлелденген.
4.Хордалы жануарларға тән белгілер.
Хордалылар, желілілер (Chordata) — жануарлар дүниесінің тарихи дамуының 
ең жоғары сатысында тұрған тип. Қазіргі кезде хордалылардың 3 тип 
тармағы: басжелілілер, қабықтылар және омыртқалылар, 40 мыңнан астам 
түрі белгілі. Бұлар Жер шарының барлық аймақтарында таралған. 
Хордалылардың өздеріне тән бірнеше белгілері бар: 
1) денесінің арқа жағында ұзына бойына орналасқан арқа желісі — хордасы 
болады; 
2) хорданың үстіңгі жағында ұзына бойына орналасқан орталық. Жүйке 
жүйесінің қызметін атқаратын жүйке түтігі бар. Төменгі сатыдағы 
хордалыларда бұл өмір бойы сақталады, ал жоғары сатыдағы хордалыларда 
даму барысында оның алдыңғы бөлігі миға, артқысы жұлынға айналады; 
3) хордалылардың жұтқыншағының екі бүйірінде көптеген желбезек 
саңылаулары болады. Бұл төменгі сатыдағы хордалыларда өмір бойы 
сақталады да, жоғары сатыдағы хордалыларда өкпеге айналады; 
4) хордалылардың көпшілігінің қан айналымы тұйық және олардың жүрегі де 
денесінің құрсақ жағында орналасады. Тек қандауырша тәрізділердің жүрегі 


болмайды, оның қызметін құрсақ қолқа қантамыры атқарады. 
Хордалыларда бұдан басқа, омыртқасыз жануарларға да ұқсас белгілері де 
болады. Мысалы, екінші реттік дене қуысы, екінші реттік ауыз қуысы, 
денесінің екі жақты симметриялы болуы, бұлшық еттерінің метамерлі 
орналасуы, т.б. Хордалылардың табиғатта және адам өмірінде атқаратын 
маңызы өте зор. Олар биосферадағы зат пен энергия айналымында, әсіресе, 
тірі организмдер арасындағы қоректік тізбек құруда елеулі рөл атқарады. 
Олардан алынатын өнімдер (терісі, жүні, еті, жұмыртқасы, уылдырығы) 
шаруашылықтың түрлі салаларының бәрінде қолданылады; қара 
Дөңгелекауыздылар, Балықтар, Қосмекенділер, Бауырымен жорғалаушылар, 
Құстар, Сүтқоректілер. 
5.Қарапайымдылардың зат алмасу типтері және қоректену әдістері. 
Қоректену тәсіліне қарай карапайымдылар екі топқа бөлінеді:автотрофты 
және гетеротрофты. Автотрофты қарапайымдылар (жасыл эвглена, вольвокс 
т. Б.) органикалық заттарды хлорофилл дәндерінің жәрдемінен синтездеу 
арқылы алады, немесе фотосинтез арқылы қоректенеді. Гетеротрофты 
қарапайымдылар дайын органикалық заттармен қоректенеді 
(бактериялармен, көк-жасыл балдырлармен, ұсақ қарапайымдылармен). 
Кейбір гетеротрофты қарапайымдылар және паразиттік тіршілік ететін 
карапайымдылар дайын органикалық заттарды осмос жолымен бойына 
сіңіру арқылы қоректенеді. Мұндай қоректену тәсілін сапрофиттік қоректену 
деп атайды. Бұларға топырақтарда тіршілік. Ететін қарапайымдылардың 
кейбір түрлері және паразиттер: трипаносома, лейшмания, трихомонас, 
безгек плазмодиясы т. Б. Жатады. Кейбір қарапайымдылар автотрофты және 
гетеротрофты тәсілімен қоректене алады, бұларды миксотрофты жәндіктер 
деп атайды. Мысалы, жасыл эвглена -миксотроф.
6.Шеміршекті балықтар класына сипаттама, жіктелуі.
Шеміршекті балықтар (Chondrichthyes) — омыртқалылар класы.
Қазба қалдықтары девонның орта шенінен белгілі. 2 класс тармағы: 
тақтажелбезектілер (Elasmobranchіі) және бүтінбастылар (Holocephalі), 140-қа 
жуық туысы, 730 түрі бар. Шеміршекті балықтардың денесінің ұзындығы 6 
см-ден 20 м-ге жетеді. Қаңқасы тек шеміршекті, қаңқасының ізбестенгендері 
(сүйектенбеген) жиі кездеседі. Егер қабыршағы бар болса, ол плакодты 
(тісшелі). Көпшілігінде ұзынша тұмсығы болады, аузы тұмсығының астында 


көлденең саңылау сияқты көрінеді. Қанат қалақшалары эластинді 
талшықтармен бекіген. Құйрық қанаттарының қалақшалары тең емес, үстіңгі 
қалағы үлкен, 5 — 7 жұп желбезек саңылаулары сыртқа жеке ашылады. 
Торсылдағы болмайды. Тоқ ішегінде иірлі қатпарлы қақпақшасы, жүрегінде 
артериалды конусы бар. Ас қорыту және несеп-жыныс жүйелері құрсақ 
қанаттарының жанындағы ортақ қуыс — клоакаға ашылады. Іштей 
ұрықтанады. Аталықтарының жұп шағылысу органдары (птеригоподилері) 
құрсақ қанаттарының сыртқы талшықтарынан дамыған. Шеміршекті 
балықтар тірі туады (сирек) немесе ұрықтанған жұмыртқа салады (тірідей 
жұмыртқа туу). Шеміршекті балықтардың ішкі осмостық қысымы негізінен 
қанда еритін мочевина арқылы реттеледі. Дене қуысы сұйығының қысымы 
сыртқы ортаға қарағанда жоғары болады. Шеміршекті балықтар негізінен 
теңізде тіршілік етеді. Бұларды тұщы суға жіберсе, ішкі осмостық қысымы 
төмендейді де, олар тез өліп қалады. Араларында тұщы суда кездесетін 
түрлері бар, олар осмостық қысымын сақтау үшін өте көп мөлшерде зәр 
бөледі. Шеміршекті балықтардың барлығы да жыртқыштар. Бұлардың көп 
аулануына қарамастан, кәсіптік маңызы шамалы. 
Терісі 2 қабаттан тұрады. Сыртқысы – эпидермес, көп қабатты эпителий, ал 
ішкі – нағыз тері қабаты дәнекер ұлпасынан түзелген. Эпидермисінде безді 
жасушалар көп. Шеміршекті балықтардың қабыршақты ұсақ бүртікті. 
Плокоидты (грекше «плакс» - тақташа, «ейдос» - пішінді) қабыршақтармен 
қапталған. Тақтажелбезектілерге – акулалар мен скаттаржатады. 
Акулалардың 350-ге жуық түрі бар. Олар мұхиттарда, теңіздерде таралған. 
Дене пішіндері алуан түрлі. Акулалардың ішінде адамға қауіптісі – сұр 
акулалар. Олардың кеңінен таралған түрі – жолақ акула. Ол мұхиттардың 
субтропикалық және тропикалық теңіздерде кездеседі. Скаттардың да 350-
дей түрі бар. Денесі жалпақ әрі көкірек жүзбеқанаттары тұмсығымен тұтасып 
кеткен. Желбезек саңылаулары денесінің құрсақ жағында орналасқан. 
Олардың көпшілігі су түбінде тіршілік етуге бейімделген. Ең ірі түрі – манта, 
оның денесі көлденеңінен 6 метрге жетеді. Кейбір скаттардың денесінде 
электр қуатын шығаратын мүшесі болады. Тұтасбастыларға 30-дай түрлері 
жатады. Көпшілігі судың терең қабаттарында тіршілік етуге бейімделген. 
Дене пішіні ұзынша ұршық тәрізді. Терісінде қабыршақтары болмайды. 
Сырты қалың қабықпен қапталған ұрықтанған уылдырық шашып көбейеді. 
Баренц теңізінде ұзындығы 1 метрдей еуропа тұтасбасы кездеседі. Олардың 
көпшілік түрі теңіз түбіндегі жәндіктермен қоректенеді. Кәсіптік мәні жоқ. 
Шеміршекті балықтар 2 класс тармағына бөлінеді: 


1.Тақтажелбезектілер; 2. Тұтасбастылар. 
7.Инфузория. Типтің сипаттамасы және көбеюі: конъюгация, аутогамия. 
Бұл типке көп ұсақ кірпікшелері бар қарапайым жәндіктер жатады, 7000-нан 
астам түрі белгілі. Бұлардың ерекшелігі – денесінде екі түрлі ядросының 
болуы – үлкен вегетативті ядро макронуклеус және кішкене генеративті – 
микронуклеус. 
Тіршілік етуі 
Дене пішіні түрліше болып келеді. Өлшемі 30-40мкм-ден 1000-2000мкм 
дейін. Қозғалу органоидтары болып кірпікшелері саналады. Кейбіреулерінің 
қорғаныстық қорғаныстық қызмет атқаратын- трихоцисталары болады. 
Оларда қарапайым ауыз қуысы- цитофаринкс кездеседі. Қорытылмаған ас 
қалдығы ерекше тесікше- қылаулатқыш арқылы сыртқа шығарылады. 
Кірпікшелі инфузориялардың денесін (өмір бойы) кірпікшелер қаптап 
тұрады. Кірпікшенің құрылысы талшықтың құрылысына өте ұқсас. 
Кірпікшенің ортасында қалың орталық 2 фибрилла, ал қалған 9 фибриллалар 
екеуінің айналасында орналасқан. Фибрилдер кинетосомаға жалғасады. 
Кірпікшелілер жыныссыз және жынысты – конъюгация жолымен көбейеді 
Жыныссыз жолмен бірнеше рет бөлінген инфузория, енді жынысты жолмен 
көбеюге көшеді. Жынысты көбею жолы конъюгация деп аталады. 
Коньюгацияның копуляциядан айырмашылығы – екі ядроның қосылуы. 
Конъюгация кезеңі екі инфузорияның бауыр жағымен бірігуінен басталады. 
Бүлардың пелликулалары аздап ісінеді, сондықтан инфузориялар бір-біріне 
тығыз жанасып тұрады. Бұндай инфузорияларды коньюганттар деп атайды 
Сөйтіп конъюгация нәтижесінде екі жанасқан инфузориядан 8 жас 
инфузориялар пайда болады. Бір эксконьюганттан 4 жас инфузориялар пайда 
болады Инфузориялар коньюгациядан басқа жынысты – автогамия жолымен 
де дамиды. Автогамия кезеңі коньюгацияға өте ұқсас, бірақ инфузориялар 
бір бірімен жанаспай, ядро құбьшысы тек қана бір инфузорияда өтеді. 
Автогамия кезінде бір инфузорияның макронуклеусы ыдырай бастайды да, 
түгел еріп кетеді. Осы кезде микронуклеус 2 рет бөлінеді. Бұл 
микронуклеустың бөлінуі мейоз жолымен жүреді. Хромосоманың жиынтығы 
гагшоидты болады. Микронуклеустың екі рет бөлінуі нәтижесінде 4 ядро 
пайда болады.Конъюгация кезіндегі сияқты, бұдан кейінгі инфузорияның екі 
рет бөліну кезінде микронуклеустер бөлінеді, ал макронуклеустер бөлінбей 


жас инфузорияларға тарап кетеді. Сөйтіп автогамия нәтижесінде бір 
инфузориядан төрт жас инфузориялар пайда болады.
8.Сүйекті балықтар класына сипаттама жіктелу.
Сүйекті (костные) балықтардың қазіргі кезде 20 000 – нан астам түрлері бар. 
Дене пішіндері де түрліше. Денесі бас тұлға және құйрық бөлімдеріне 
бөлінген. Сүйекті балықтардың терісі жалпақ ірі қабыршықтармен қапталған. 
Қабыршықтарында ағаш дініндегі жылдық сақиналарға ұқсас сызықтар бар. 
Осы сызықтарға қарап, балықтың жасын ажыратуға болады. Сүйекті 
балықтардың қаңқасында сүйектер өте көп. Сүйекті балықтарда торсылдақ 
болады. Іші ауаға толы торсылдақ ұрықтың даму кезеңінде ішектен бөлінеді. 
Ол балықтың дене салмағын өзгертіп, судың түрлі қабаттарына өтуіне жағдай 
жасайды. Торсылдақ кейбір балықтарда тыныс алуға, дыбыс шығаруға 
қатысады. Сүйекті балықтарда да екі бүйрек, екі несепағар өзегі бар. Сүйекті 
балықтарда алғаш рет зәрдің уақытша сақталатын мүшесі қуық пайда болған. 
Зәр шығаратын тесік те сыртқа жеке ашылады. Сүйекті балықтар миының 
құрылысы шеміршекті балықтардың миымен салыстырғанда қарапайым әрі 
кіші. Алдыңғы миы шағын, екі миы сыңарына бөлінбеген. Ортаңғы ми мен 
мишығының көлемі үлкендеу.Сүйекті балықтардың 2 класс тармағы 
бар:Сәулеқанатты балықтар қалаққанатты балықтар.
9.Талшықтылар кластың сипаттамасы және системасы.
• Талшықтылар класы – • Талшықтылар класы 
• Өсімдіктектес талшықтылар класс тармағы. • Жануартектес талш кл.тар 
• Хризомонадалар отряды •Жағалы талшықтылар отряды 
• Сауыттылар отряды •Тамыраяқты талшықтылар отряды 
• Эвгленалар отряды. •Кинетопластидалар отряды 


• Фитомонадалар –. • Көпталшықтылар отряды 
• Гипермастигиналар отряды 
• Опалинина отряды
Талшықтылар класына 6000-нан аса қарапайымдылардың түрлері жатады. 
Олар тұщы суларда, теңіздерде, ылғалды топырақтарда және адамның, 
жануарлардың денесінде паразиттік тіршілік етіп, қауіпті ауруларды 
туғызады. Талшықтыларда – бір, екі немесе бірнеше талшық болады, бұлар 
дененің алдыңғы жағында орналасқан, қозғалу қызметін атқарады. Барлық 
өкілдерінің талшықтарының құрылысы бірдей болып келеді. 
Талшықтылардың клеткасы сыртынан мембранамен 
қапталған.Цитоплазмасы сыртқы жұқа мөлдір эктоплазма және ішкі 
түйіршікті эндоплазмаға бөлінеді. Эктоплазма қабаты тығыздалып пелликула 
деп аталатын қабықша түзейді, осыған байланысты талшықтылардың денесі 
өзгермей тұрақты болып келеді. Олар ұршық тәрізді не ұзынша сопақтау, 
цилиндр, шар, эллипс пішіңдес болып келеді.Талшықтылардың көбісінде 
клетка бір ядролы, тек опалинина отрядының өкілдерінде ядролары көп. 
Жиырылғыш вакуолі жақсы дамыған, бұған қосымша вакуольдері 
жалғасады. Бұлар зәр шығару, осмос қысымын реттеу және тыныс алу 
қызметін атқарады. Кейбір талшықтылардың клеткаларының ішінде 
хлорофилл пигменттері сіңген хроматофора органоидтары болады, олар 
фотосинтез қызметін атқарады. Бұл белгілер өсімдіктерге тән қасиет, сол 
себептен жасыл түсті талшықтыларды өсімдіктер мен жануарлар арасындағы 
аралық формасы деп есептейді.Талшықтылардың арасында колония құрып 
тіршілік ететін түрлері де кең тараған.Талшықтылардың басым көпшілігі 
жыныссыз жолмен көбейеді. Ядро митоз әдісімен бөлінеді, содан кейін 
цитоплазма клетканың алдыңғы жагынан бастап артқы жағына қарай 
ұзынынан бойлай екіге бөліне бастайды.Талшықтыларды қоректену тәсіліне 
қарай – автотрофты, гетеротрофты және миксотрофты топтарына 
бөледі.Автотрофты жолымен қоректенетін талшықтылардың 
цитоплазмасында жасыл түсті хроматофора органоидтары болады. Осыған 
байланысты бұлар фотосинтез жолымен қорекгенеді.Гетеротрофты жолымен 
қоректенетін талшықтылардың хроматофора органоидтары болмайды. Олар 


дайын органикалық заттармен,бактериялармен, бір клеткалы балдырлармен 
т. Б. Қоректенеді. Миксотрофты талшықтылар автотрофты және 
гетеротрофты жолымен қоректене алады.
10.Инфузориялар. Олардың құрылысы, тіршілік циклы, қоректену әдістері. 
Инфузориялар тұщы суларда, теңіздерде, планктонды, су түбінде, су 
өсімдіктерінде немесе теңіз жағасындағы құмның арасында (псаммофильді 
түрлері) тіршілік етеді.Паразит инфузориялар да кездеседі. Денелерінің 
ұзындығы 30 – 40 мкм-нан 1 мм-ге дейін.Кірпікшелі инфузориялардың 
денесін (өмір бойы) кірпікшелер қаптап тұрады. Кірпікшенің құрылысы 
талшықтың құрылысына өте ұқсас. Кірпікшенің ортасында қалың орталық 2 
фибрилла, ал қалған 9 фибриллалар екеуінің айналасында орналасқан. 
Фибрилдер кинетосомаға жалғасады. Инфузория денесінің алдыңғы 
жағында ауыз ойығы немесе перистомы болады. Перистомның түп жағында 
ауыз тесігі – немесе цитостом орналасқан, ол «жұтқыншақка – 
цитофаринкске жалғасады. Жұтқыншақ цитоплазмаға ашылады. 
Инфузориялар ұсақ организмдермен қоректенеді (бактериялармен, көк-
жасыл балдырлармен, ұсақ қарапайымдылармен). Перистом айналасындағы 
кірпікшелердің қозғалуы нәтижесінде қоректік заттар сумен бірге ауыз 
тесігіне және жұтқыншаққа түсіп жатады. Жұтқыншақтың түбінде ас қорыту 
вакуольдері қоректік затқа толып, цитоплазмаға ауысады. Ас қорыту 
вакуольдері дененің ас қорыту циклозы (айналымы) жолымен қозғалады, 
ферменттер арқылы асты қорытып, плазмаға өткізіп тұрады. Сіңбеген 
қалдықтарды арнайы тесігі арқылы (қылаулатқыш) шығарып тастайды. Ас 
қорыту вакуольдердің құрылуы сыртқы температураға байланысты. 
Қоршаған ортасы неғұрлым жылы болса вакуольдің түзілуі де тез болады, 
инфузорияның қоректенуі де жиілейді. 
11.Шеміршекті және сүйекті балықтар зәр шығару.
Осы заманда тіршілік ететін балықтардың ішіндегі қанқасы шеміршектен 
тұратын қарапайым құрылысты шеміршекті балықтар. Желбезек тесіктері 
өзара перделермен бөлініп, денесінің сыртына ашылады. Желбезек 
қақпақшалары болмайды. Сыртқы қабыршақтарының құрылысы күрделі 
емес, плакоиды болады. Жүзү торсылдақтары болмайды. 


Зәр шығару жүйесі. Зәр шығару қызметін мезонефрос деп аталатын алғашқы
бүйрек атқарады. Бүйректерден шыққан зәр заты қос волъфров 
каналшалары арқылы клоакаға келіп құйылады. 
Зәр шығару Бүйрек->несепағар->клоака 
Сүйекті балықтар барлық жер шарындағы мұхиттарда, теңіздерде және тұщы 
суларда тіршілік етеді. Тіршілік жағдайларына қарай балықтардың сыртқы 
пішіні де алуан түрлі болып келеді. Барлық балықтардың 99% (20мың түр) 
осы сүйекті балықтар 
Зәр шығару жүйесі. Денедегі зиянды заттар зәр шығару жүйе арқылы сыртқа 
шығарылады. Омыртқа жотасының астында лента тәрізді қызғылт қоңыр 
түсті созылып жатқан екі бүйрегі бар. Бүйректер арқылы қаннан бөлініп 
шыққан несеп зәр түтіктері арқылы қуыққа жиналып, одан несеп қуық тесігі 
арқылы сыртқа шығады. 
Зәр шығарумүшелері Бүйрек->несепағар->қуық->зәр->аналь тесігі.
12.Жасыл эвгленамен вольвокстың ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
Эвгленалар жасыл түсті, бір талшықты, автотрофты және гетеротрофты 
жолымен қоректенетін талшықтылар. Бұлар көбінесе органикалық заттары 
мол таза, тұщы және ластанған таяз суларда, ылғалды топырақтарда тіршілік 
етеді. Олардың негізгі өкілі жасыл эвглена – Euglena viridis (8, А-сурет). Денесі 
ұршық тәрізді, екі ұшы сүйірлеу болып келеді. Денесінің алдыңғы жағында 
ұзын талшығы орналасқан, осының көмегімен эвглена бұранда тәрізді 
козғалыс жасайды. Гетеротрофты тәсілімен қоректенген кезде талшықтың 
үздіксіз тез қозғалу нәтижесінде ұсақ органикалық заттар (бактериялар, көк-
жасыл балдырлар т.б.) ауыз тесігіне жиналып жүтқыншаққа өтеді. 
Жұтқыншақтың түбінде ас қорыту вакуольдері пайда болып, солардың ішінде 
ас қорытылады, ал қорытылмаған заттар ауыз тесігі арқылы сыртқа 
шығарылып тұрады. Эвгленаның денесінде көптеген жасыл түсті 
хроматофоралары болады. Осыған байланысты эвглена автотрофты 
жолымен қоректенеді, ал негізінде жасыл эвглена миксотрофты 
организмдер қатарына жатады. Үздіксіз қоректену арқасында цитоплазмада 
көптеген қор заты ретінде парамил түйіршіктері пайда болады, олар 
крахмалға жақын көмірсу – парамиласы. Денесінің алдыңғы жағында жарық 
сезгіш көзшесі – стигма орналасқан, қызыл пигмент – гематохромнан 
құралған. Зәр шығару және осмос қысымын реттеу жұмысын жиырылғыш 
вакуолі атқарады. Оны бірнеше қосымша ұсақ вакуольдері қоршап жатады. 


Қосымша вакуольдерінен жиналған сұйық зат және зәр жиырылғыш 
вакуольден резервуарға құйылады да, жұтқыншақ арқылы сыртқа 
шығарылады. Ұзынынан бойлай бөліну арқылы жыныссыз жолмен көбейеді. 
Қолайсыз жағдайларда эвглена сыртына қалың қабық шығарып, соған 
қапталып цистаға айналады. Фитомонадалар отряды – Phytomonadina Жасыл 
түсті, екі талшықты, автотрофты, не миксотрофты, тұщы суларда және 
теңіздерде тіршілік ететін қарапайымдылар. Хроматофоралары тостағанша, 
ассимиляция нәтижесінде крахмал пайда болады. Кейбір түрлері 
Chlamydomonas braunii, Ch. Steinii бір клетка құрылысты, ал басым көпшілігі 
клетка жиынтығынан құралған колония түзейді. Колониялы формаларына 
эударина (Eudorina), пандорина (Pandorina), вольвокс (Volvox) туыстары 
жатады. Эударина – 32 клеткадан, пандорина – 16, вольвокс мыңнан аса 
клеткалардан құралған колония. Вольвокстар тұщы суларда кең тараған, 
колониясы шар тәрізді, жасыл түсті. Колонияны кілегейлі зат қоршап тұрады, 
ішінде бір-бірімен цитоплазмалық көпірше (түтікше) арқылы байланысқан 
клеткалары орналасқан, әрбір клетканың талшықтары колонияның сыртына 
қарай шығып тұрады (8,Б,В-сурет). Колониядағы особьтардын саны 500-ден 
20000-ға дейін жетеді. Клеткаларының құрылысы эвгленаға өте ұқсас, 
айырмашылығы – екі талшықтың болуында. Вольвокстың клеткалары 
атқаратын қызметтеріне қарай ірілі-ұсақты болып келеді. Ірі клеткалары 
немесе генеративті-көбею қызметін атқарады, аналық және аталық 
гаметаларды түзейді (макро- және микро-гаметаларды). Ал ұсақ клеткалары 
немесе соматикалық көбеюге қабілеті жоқ, сондықтан барлық қалған 
қызметтерін атқарады (жылжу, ас қорыту тағы басқаларды). Вольвокс 
жыныссыз палинтомия жолымен көбейеді, шар тәрізді колонияның ішінде 
жас колониялар түзіледі. Олардың ұлғаюынан аналық шардың қабырғасы 
жыртылады да, жас шарлар сыртқа шығып, өз бетінше тіршілік ете бастайды. 
Жас колония өсе келе ересек колонияға айналады. Вольвокс жынысты 
жолмен де көбейеді. Генеративті клеткалардан пайда болған макро және 
микрогаметалар қосылып зигота түзейді, зиготаның бөліну нәтижесінде 
колония түзіледі. 
13.Гемоспоридиялар,олардың тіршілік циклы.(безгек плазмодиясы).
Гемоспоридиялар немесе Қан споралылар отряды – Кең тараған паразиттік 
тіршілік ететін қарапайымдылар. Адамның, омыртқалы жануарлардың қан 
клеткаларында тіршілік етеді. Бұлардың кокцидиядан айырмашылығы 
спорогония кезеңі сыртқы ортада емес, қан сорғыш насекомдардың яғни 


Anopheles туыстас масалардың ішегінде өтеді және масалар осы 
паразиттерді тасымалдаушылар болып табылады.
Безгек масасы адамды шаққанда сілекеймен бірге адам қанына 
спорозоиттар түседі. Спорозоиттар өте майда 5-8 мкм, құрт тәрізді немесе 
орақ тәрізді. Олардың құрылысы кокцидиялардың зоит құрылысына өте 
ұқсас, тек коноиды болмайды. Қанға түскен спорозоиттар қан тамырлары 
арқылы бауырға жиналады. Осы жерде шизогония көбеюі кезеңі басталады. 
Бауыр жасушаларында бөліну нәтижесінде түзілген жас плазмодиялар 
мерозоиттар қанға түсіп, эритроциттерге енеді. Эритроциттерде олар 
алдымен трофозоиттерге содан кейін шизонттарғаайналады. Осылайша, 
шизогонияның екі формасы бөлінеді: тіндік және эритроциттік. 
Эритроциттердің шизогониясы нәтижесінде эритроциттерді жойып, қанға 
түсіп, келесі эритроциттерді зақымдайтын 10–20 мерозоит түзіледі. 
Эритроциттердің жойылуымен плазмодийдің улы қалдықтары да қанға 
енеді. Плазмодиумның бұл түрінде эритроциттік шизогония 48 сағатқа 
созылады. Безгек шабуылдарының циклділігі эритроциттерден қан 
плазмасына мерозоиттердің және олардың метаболизм өнімдерінің циклді 
түрде бөлінуіне байланысты. 
Шизогонияның бірнеше циклінен кейін эритроциттерде гамонттар түзіледі, 
олар маса организмінде макрогаметалар мен микрогаметтерге айналады. 
Маса ауру адамның қанын сорғанда гамонттар масаның ішегіне еніп, 
гаметаларға айналады. Микрогамонтадан 4–8 микрогаметалар, 
макрогамонтадан жұмыртқа жасушасы түзіліп, гаметалар көбейеді. Ұрықтану 
нәтижесінде түзілген зигота қозғалғыштыққа ие және оны окинета деп 
атайды. Оокинета масаның ішек қабырғасы арқылы өтіп, ішектің сыртқы 
бетіндегі ооцистаға айналады. Ооциста ядросы бірнеше рет бөлінеді және 
ооцист спорозоиттердің орасан зор санына – 10 000-ға дейін ыдырайды, бұл 
процесс спорогония деп аталады. Спорозоиттар масалардың сілекей 
бездеріне барады. Сонымен безгек плазмодиясының тіршілік циклы өте 
күрделі және олар иесін алмастырып отырады, жыныссыз көбеюі адам 
қанында, ал жынысты көбеюі безгек масасының ішегінде өтеді. 
Плазмодияның негізгі иесі – безгек масасы, ал аралық иесі – адам. 
14.Балықтар экологиясы.
Теңіздерде, тұщы суларда, ыстық қайнарларда және жерасты үңгірлердегі 
көлдерде тіршілік ететін көне омыртқалы жануарлар. Балықтардың біреуі 


судың үстіңгі қабатында тіршілік етсе, басқалары судың терең астында, ал 
тіпті судың терең түбінде де тіршілік ететін балықтар бар. Тірщілік ортасына 
байла*нысты олардың дене пішіні де алуан түрлі болады.
Қазақстанның табйғат қорғау «Қызыл кітабына» балықтың 4 түрі тіркелді: 
Сырдария тасбекіресі, Каспий албырты, арал албырты, шортан тәрізді 
ақмарқа.
Балықгарды қорғау. Дүниежүзінде балықтың 20 мыңға жуық түрі бар. ТМД 
суларында балық түрі 1500-дей деп саналса, соның 250-300 дейінің 
кәсіпшілік маңызы бар. Қазіргі кезде дүние-жүзінде жылына 70 миллион 
тонна балық ауланса, соның 10% ТМД елінің үлесіне тиеді. Жалпы бекіре 
түқымдас балықтың 95-97 пайызы ТМД территориясыңдағы сулардан 
ұсталады. Бізде ақсаха (сиги) бекіре, хамса, табан, сазан, камбала 
балықтарының қоры мол. 
Қазір өр түрлі елдерде адамга қажетті белоктік заттар арасында балықтан 
жасалған тағам үлесі 17 пайыздан 83 пайызға дейін деп саналады. Көптеген 
елдердің экономикасында балықтың алатын орны ерекше. 
Сулы өңірлерде таралган балықтың ішінде Қазақстанда 150-ден астам түрі 
кездеседі. Олардың ішіңце сазан, кексерке, табан, ақмарқа сияқты бағалы 
түрлері бар. Қазақстан балық шаруашылыгы жөнінен РСФСР мен Украинадан 
кейін үшінші орын алады, ал ішкі су қоймаларында бағалы сазан, көксерке, 
табан, шортан, жайын балықтарын аулауда РСФСР-даи кейінгі екінші орында 
келеді. 
15..Споралылар.Типтің сипаттамасы және системасы.Дамуының 
ерекшеліктері. 
Споралылар буылтық құрттардың, моллюскалардың, буынаяқтылардың, 
омыртқалы жануарлардың және адамдардың ішегінде, дене қуысында, қан 
клеткаларында паразиттік тіршілік ететін бір клеткалы қарапайым жәндіктер. 
Паразиттік тіршіліктің әсерінен ас қорыту, жиырылғыш вакуольдері 
жойылған, қоректік заттарды бүкіл денесі арқылы сіңіріп алады, ешқандай 
қозғалыс органоидтары болмайды, тек жынысты клеткаларында – 
микрогаметаларында – талшығы болады. Споралылар жыныссыз, жынысты 
және спорогония жолымен көбейеді. Жыныссыз көбеюі ядроның көпке 
бөлінуі арқылы жүзеге асады, бұны шизогония процесі деп атайды, 
нәтижесінде мерозоиттар деп аталатын жас особьтар шығады. Жынысты 
жолы – гаметогония деп аталатын, гаметалардың пайда болуы. Копуляция 


нәтижесінде түзілген зигота қалың қабықшамен қапталынып ооцистаға 
айналады. Осыдан спорогония кезеңі басталады. Ооцистаның ішіңце, 
спорогонияның нәтижесінде, ең алдымен споробластар – бұлардан майда 
спорозоиттар пайда болады және олар споралардың ішінде орналасады. 
Споралылар типі екі класқа бөлінеді: Грегариналар – Gregarinina және 
кокцидиятәрізділер – Coccidiomorpha. 
Грегариналар жынысты жолмен көбейеді. Екі грегарина бір-біріне, яғни 
біреуінің протомериті екіншісінің дейтомеритіне жабысып, сизигия түзейді. 
Содан кейін әрқайсысының денесі жұмырланып, екеуінің төңірегінде қалың 
қабықша бөлініп шығады. Екі грегаринаның ядросы митоз жолымен бірнеше 
рет бөлініп, көптеген ядролар түзіледі. Бұл ядролар дененің шет жағына 
қарай жылжып, цитоплазмамен қапталынып, гаметаларға айналады. 
Алдыңғы грегаринадан макрогаметалар пайда болады, оны примит деп 
атайды, артқы грегаринадан микрогаметалар – ол сателлит. Гаметалар 
қосылып зигота құрайды. Әрбір зигота қалың қабықшаға оранып ооцистаға 
айналады. Ооцистаның ішінде спорогония процесі өтеді. Ядро бөлініп 8 
ядроға бастама береді. Бастапқы екі бөліну мейоз жолымен жүреді, 8 ядро 
түзілгеннен кейін, әрбір ядро цитоплазмамен қапталынып, ооцистаның 
ішінде 8 спорозоиттар пайда болады. Спорогония процесі осылай бітеді. 
Ооцисталар ауру жануарлардың ішегінен сыртқа нәжіспен бірге шығып, ары 
қарай даму үшін басқа жануарлардың ішегіне түсуі керек. Онда ооцисталар 
ішек сөлдерінің әсерінен жарылып, спорозоиттар шығып эпимерит бөлімі 
арқылы ішек клеткаларына бекініп өсе бастайды. 
Кокцидиялардың даму сатысы өте күрделі. Мысал ретінде қояндардың 
паразиті – эймерия туысының даму сатысын қарастырайық. Эймерия 
кезектесіп тұратын шизогония, гаметогония және спорогония жолдарымен 
дамиды. Ооцисталар су және шөп арқылы қоянның ішегіне түсіп, ооцистаның 
қабырғасы ішек сөлдерінің әсерінен жарылып, ішінен 8 спорозоит 
шығады.Коноид және роптриялар арқылы спорозоит клеткаға еніп, денесі 
дөңгеленіп шизонтқа айналады. Шизонттың ядросы бірнеше қайтара 
бөлінеді. Сол ядролардың бөлінуін шизогония дейді. Бұл жыныссыз көбею 
кезеңі. Шизогония нәтижесінде пайда болған әрбір ядроның төңірегінде 
цитоплазма жиналып, олар ұсақ мерозоиттарға айналады. Мерозоиттар 
эпителий клетканы әбден зақымдап болғаннан кейін ішек қуысына шығады 
да, қайтадан жаңа клеткаларға еніп, денесі дөңгеленіп шизонтқа айналады. 
Шизонттың ядросы көпке бөлініп шизогония арқылы тағы да мерозойттар 
пайда болады. Шизогония бірнеше рет қайталанып, паразиттердің саны 
көбейеді. Шизогониядан кейін гаметогония кезеңі басталады. Бұл кезеңде 


мерозойттар гамонттарға айналады, бұлардан гаметалар пайда болады. 
Макрогамонттар бөлінбей өсіп макрогаметаларға айналады, ал 
микрогамонттардын. Ядросы көпке бөлініп, цитоплазмамен қапталынып, екі 
талшығы бар майда микрогаметаларға айналады. Микрогаметалар жылжып 
макрогаметалармен қосылады. Копуляция нәтижесінде пайда болған зигота 
сыртынан тығыз қабықпен қапталып ооцистаға айналады. Ооцисталар 
қоянның нәжістерімен бірге сыртқа шығарылады. Сыртқы ортада 
ооцистаның ішінде спорогония кезеңі өтеді. Ооцистаның ішіндегі ядро екі рет 
бөлініп, төрт ядро пайда болады. Оларды цитоплазма қоршап, төрт 
споробласт деп аталатын клетка түзіледі. Әрбір споробласт арнайы қабықпен 
қапталынып, спораға айналады. Әрбір спораның ядросы екіге бөлініп – екі 
спорозоит түзіледі. Сөйтіп ооцистаның ішінде төрт спора пайда болып, 
олардан сегіз спорозоиттар түзіледі. Осындай ооцисталар сау қоянның 
ішегіне түскенде, оның қалың қабықшасы ішек сөлдерінің әсерінен 
жарылып, ішіндегі 8 спорозоиттар шығады да, иесінің ішек клеткаларында 
даму циклын бастайды. 
Системасы: 
Патшалық тармағы Protozoa – Қарапайымдылар 
Тип Sporazoa – Споралылар 
Класс Gregarinina – Грегариналар 
Отряд Eugregarinida – Нағыз грегариналар
Өкілі –Грегарина 
Патшалық тармағы Protozoa – Қарапайымдылар 
Тип Sporozoa – Споралылар 


КлассCoccidiomorpha – Коксидия тәрізділер
Отряд Coccidiida – Коксидиялар 
Өкілі Eimeria sp – Эймерия 
16..Кокцидия құрылысының ерекшелігі,таралуы,даму циклі және жұғу 
әдістері.
Өздігінен тіршілік ете алмайды,басқа ағзаларда ғана тіршілік ете алады. 
Кокцидиялардың денесі сопақша келген, алдыңғы жағы үшкір, артқы жағы 
доғал пішінді болады, бұларды зоит деп атайды (спорозоит, мерозоит). 
Зоиттың сырты үш мембраналы қабық – пелликуламен қапталынған. Оның 
астында түтікшелі фибриддер болады, олар субпелликулярлы 
микротүтікшелер деп аталады. Пелликуламен бірге олар зоиттын қаңқасын 
құрайды.Зоиттың денесінің алдыңғы жағында екі айрықша органоидтар 
орналасқан. Олар спираль тәрізді фибрилді – коноид және қапшық тәрізді іші 
сілекей затқа толған саны 2-ден 14-ке дейін – роптриялар. Осылар арқылы 
паразит иесінің клеткаларының ішіне кіреді. Роптриядан шыққан сұйық зат 
иесінің эпителий клетка мембранасын ерітеді де, ал коноид арқылы зоит 
бұранда арқылы клетканың ішіне кіреді. Кокцидияларда, клеткаларға ортақ 
бірқатар органоидтар болады – митохондриялар, Гольджи аппараты, 
эндоплазмалық торы, т. Б. 
Кокцидияның даму циклі: I шизогонияның 1-ші ұрпағы; II щизогонияның 2-ші 
ұрпағы; III шизогонияның 3-ші ұрпағы; IV гаметогония; V спорогония; 1 – 
спорозоит, 2 – жас шизонт, 3 – көп ядролы өсіп келе жатқан шизонт, 4 –
мерозоиттар, 5 – макрогаметалардьгң дамуы, 6 – микрогаметалардың 
дамуы, 7 – зигота, 8 – спорогонияға кірісіп жатқан ооциста, 9- 4 споробласты 
ооциста, 10 – споралардың түзілуі,11- 8 спорозоиттар түзілген ооциста 
17.Дөңгелекауыздылар класына сипаттама.


Дөңгелек ауыздылар (Сусlоstоmаtа) Жалпы сипаттама. Дөңгелек ауыздылар 
осы кезде тіршілік омыртқалылардың ішіндегі өте қарапайым құрылысты 
жануарлар. Осыған сәйкес олардың жартылай немесе толық паразиттік 
тіршілік жағдайына бейімделген өзіндік белгілері бар.Сыртқы көрінісі. Денесі 
балықтардың денесі сияқты ұзын және үш бөлімнен: бас, көкірек және 
құйрық бөлімдерінен тұрады, аяқтары болмайды.Ас қорыту органдары — 
воронкадан, тілден, жұтқыншақтан және ішектен құралады. Ауыздың 
алдыңғы жағында ішінде мүйізді тістері бар воронка орналасқан. Дөңгелек 
ауыздыларда ғана желбезек аппараты энтодермальдық қабаттан пайда бо-
лады, ал басқа желбезекпен тыныс алатын омыртқалылардың желбезек 
аппараты эктодермадан дамиды. 
Тыныс алғанда су желбезек тесіктерінен желбезек қапшық-тарына еніп, ал 
тыныс шығарганда осы жолмен қайта шығарылады.Сезім органдары — өте 
қарапайым. Есіту органы ішкі құлақтан ғана тұрады. Көздері де нашар 
жетілген. Миногала-рының қасаң қабығы жетілмеген, ал миксиндердің 
паразиттік тіршілігіне байланысты көздері өте нашар жетілген. Иіс орга-ны 
дара болғанымен иіс нервтері жұп болады.Зәр шығару органдары — 
мезонефрикалық (теsоперһгоs) бүйректерден құралады. Бұлардың алдыңғы 
бөліміне пронефростың (ргоперһгоs) қалдықтары жалғасады. Зәр заттарын 
шығару түтігінің қызметін вольфов каналдары атқарады. 
18.Грегарина құрылысының ерекшеліктері, таралуы және даму циклі 
Грегариналар омыртқасыз жануарлардың паразиттері, әсіресе олар 
насекомдарда көп кездеседі. Бір ядролы сопақша келген. Цитоплазмасы 
екіге бөлінеді: эктоплазма және эндоплазмаға. Эктоплазмасында ұзына бойы 
және көлденең жатқан фибриллалары (мионем жіпшелері) кездеседі. Сол 
фибриллалардың қысқаруы нәтижесінде грегариналар өз еркімен 
қозғалады.Басқалары алға карай сырғуы арқылы жылжиды немесе мүлде 
жылжымай бір жерге жабысып тұрады. 
Бір клеткалы денесі 3 бөлікке бөлінген: 
Бірінші – эпимерит, бұнда жіңішке ілмешектері не қармақшалары болады, 
Солар арқылы грегарина ішек клеткаларына бекініп тұрады.
Екінші –протомерит, цитоплазмаға толған, ядросыз бөлік. 
Үшінші – дейтомерит, ядро орналасқан үлкенірек болып келген бөлік. 


Грегаринаның даму циклі; 1 – спорозоит, 2-грегаринаның өсу кезеңі, 3 – 
сизигия, 4 – циста, 5 – ядролардың бөлінуі, 6 – гаметалардың түзілуі, 7 – 
гаметалар, 8 – копуляция, 9 – ооциста, 10 – ядроның бірінші рет бөлінуі, 11 –2 
ядролы ооциста, 12 – ядроның екінші рет бөлінуі, 13- 4 ядролы ооциста, 14 –
ядроның үшінші рет бөлінуі, 14- спорозоит.
19.Губкалардың төменгі сатыдағы көп клеткалф жануарлар ретінде жалпы 
сипаттамасы.
Губкалардың денесі сыртқы дермальды-эктодерма және ішкі гастральды-
энтодерма клеткалы қабаттарынан құралған. Екеуінің аралығында мезоглея 
деп аталатын коймалжың зат орналасқан. Денесінің ішіндегі кең қуысты – 
парагастраль қуысы деп атайды. Парагастраль қуысы сыртқы ортамен 
оскулум (osculum) деп аталатын арнайы тесігі арқылы байланысады. 
Губкаларға тән қасиет – денесінде көптеген саңылауларының болуы. 
Саңылаулары (поралары) арқылы су парагастраль қуысына еніп, оскулум 
арқылы қайтадан сыртқа шығады.Губкалардың сыртқы эктодерма қабаты 
пинакоцит деп аталатын жалпақ клеткалардан құралған Олар эпителийдің
жабындық қызметін атқара отырып, губканың ішкі ортасын сыртқы орта 
әсерлерінен қорғап тұрады.Энтодерма қабаты хоаноцит деп аталатын 
талшықты жағалы клеткалардан құралған.Хоаноцит клеткаларының 
талшықтары бір бағытта қозғалып, судың үнемі парагастраль қуысына қарай 
өтуін камтамасыз етеді және сол талшықтары арқылы сумен бірге келген 
ұсақ жәндіктерді, бактерияларды ұстап клетка ішінде қорытады. 
Губкалардың мезоглея қабатында көптеген әр түрлі клеткалар кездеседі. 
Колленциттер – жұлдыз тәрізді клеткалар, түрлі бағыттарда айқаса және 
ұштарымен жабыса орналасады да тірек, тасымалдаушы, түйістіруші 
қызметін атқарады. Склеробласт, спонгиобласт клеткалары – әр түрлі 
инелерді дамытып губканың қаңқасын қалыптастырады. Амебоцит 
клеткалары – еркін қозғалатын, мезоглеяға түскен ұсақ қоректік заттарды 
ұстап қорытады.Губкаларда регенерациялық қабілеттілігі күшті дамыған. 
Сонымен қатар,мезоглея қабатының орналасуына қарай 3 ке 
бөлінеді:лейкон,аскон,сикон. 
Асконның мезоглея қабаты жұқа және талшықты жағалы клеткалары 
бірқатар орналасып, парагастраль қуысын түгелімен астарлап жатады.


Сикон құрылысты губкалардың мезоглеясы қалың, ішкі қабаты мезоглеяның 
ішіне ойысып, талшықты жағалы клеткаларымен астарланған көптеген 
қалталар түзіледі.
Лейконнында мезоглея қабаты әлдеқайда қалыңдап, оның ішінде талшықты 
жағалы клеткалармен астарланған көптеген бірінші,екінші реттік камералар 
орналасады.Губкалардың қаңқасы минералды заттардан – кремнезем 
(кремнидің оттегімен қосылысы) немесе көмір қышқыл ізбестісінен және 
органикалық, заттардан – спонгиннен немесе кремнезем мен спонгиннің 
қосындысынан тұрады. 
Губкалардың негізгі белгілері: 

Губкалардың ас қорытуы жасушаішілік (жасуша ішінде) және диффузия 
процесі арқылы фагоцитозды жүзеге асыратын коаноциттермен жүзеге 
аасырылад 

Олардың қан айналым жүйесі жоқ. Тамақты амебоциттер 
тасымалдайды. 

Олардың тыныс алу жүйесі жоқ. Тыныс алу өзгерістері диффузия жүйесі 
арқылы әр жасушадан жеке жасалады. 

Губкаларда жүйке жүйесі немесе бұлшық еттері жоқ. 

Жөкедегі және одан тыс суды тері тесігінің ашылуын басқаратын 
миоциттер орындайды 

Губкаларда сыртқы қаңқа бар. Бұл губка талшықтарынан немесе 
кристалды спицулалардан (кальций карбонаты немесе кремний) тұрады. 
20.Губкалардың құрылысы ( аксон,сикон,лейкон) 
Губкаларды мезоглея қабатының қалыңдауына, талшықты жағалы 
(хоаноцит) клеткаларынын орналасуына және осы клеткалар арқылы қорегін 
ұстап, қорытуына байланысты, оларды морфологиялық құрылысы жағынан –
аскон, сикон, лейкон деп аталатын үш типке бөледі. Ең қарапайым 
құрылысты – аскон. Асконның мезоглея қабаты жұқа және талшықты жағалы 
клеткалары бірқатар орналасып, парагастраль қуысын түгелімен астарлап 
жатады .Денедегі саңылаулары (поралары) тікелей парагастраль қуысына 
ашылады. Осы қуысқа су арқылы түскен ұсақ қоректік заттарды талшықты 
жағалы клеткалары толығымен ұстап ала алмайды.Сикон құрылысты 
губкалардың мезоглеясы қалың, ішкі қабаты мезоглеяның ішіне ойысып, 


талшықты жағалы клеткаларымен астарланған көптеген қалталар түзіледі. 
Осы қалталарды талшықты қалталар деп атайды.Күрделіленген лейконнында 
мезоглея қабаты әлдеқайда қалыңдап, оның ішінде талшықты жағалы 
клеткалармен астарланған көптеген бірінші, екінші реттік камералар 
орналасады. 
21.Салқынқанды жылықанды омыртқылаларға түсініктеме беріңіз.
Жылықанды жануарлар, гомойотермді жануарлар (грек. Homoіos – ұқсас, 
бірдей және therme – жылу) – дене температурасы сыртқы орта 
температурасына тәуелсіз, үнемі тұрақты әрі жоғары болатын жануарлар. 
Осыған байланысты Жылықынды жануарлардың ас қорыту, қозғалыс, сезім 
мүшелері мен орталық жүйке жүйелері өте жақсы дамыған. Жылықынды 
жануарларға сүтқоректілермен құстар жатады. Жылықанды жануарларғаға 
тән ерекшелік – олардың организмінде жылудың пайда болуы мен жылудың 
сыртқа шығуы химиялық және физикалық жолдармен өздігінен реттеліп 
отырады. Жылықанды жануарлардың сыртқы орта жағдайына бейімделу 
механизмі өте күрделі әрі жақсы жетілген. Мысалы, сүтқоректілер баласын 
тірі туып, өзінің сүтімен қоректендіреді. Ана сүті – сыртқы ортаның қолайсыз 
жағдайына төтеп беретін иммунитет қалыптастырады. Сондықтан бұл 
жануарлардың тіршілік етуі, көбінесе табиғи орта жағдайына тәуелді болмай 
жоғары дәрежеде дамиды. 
Салқынқанды жануарлар, пойкилотермді жануарлар (грек. Poіkіlos — әр 
түрлі, өзгермелі және therme — жылу) — дене температурасы тіршілік 
ортасы температурасына байланысты өзгеріп отыратын жануарлар. 
Салқынқанды жануарларға барлық омыртқасыздар, омыртқалы 
жануарлардан — балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар 
жатады. Бұлардың дене температурасы, әдетте, айналасындағы 
температурадан бар болғаны 1 — 2 С артық не сол шамада болады. 
Салқынқанды жануарлардың дене температурасының көтерілуі күн сәулесін 
сіңіруден (жылан, кесіртке) не бұлшық еттерінің белсенді әрекет етуінен 
(ұшатын жәндіктер мен тез жүзетін балықтар) болады. Бұл жағдай оларда 
жылу реттеу процесінің жетілмегенін көрсетеді. Тіршілік ортасының 
температурасы аса төмендеп не жоғарылап кеткенде cалқынқанды 
жануарлар ұзақ ұйқыға кетеді. 
22.Шеміршекті және сүйекті балықтардың асқорыту жүйесі.


 Асқорыту жүйесі. Шеміршекті балықтардың ауыз қуысын қоршап тұратын 
жақтарында ірі тістері болады. Сондықтан шеміршекті 
балықтардың көпшілігі жыртқыштар. Олардың ішектері, 
сүйектері балықтармен салыстырғанда қысқа болады. 
Сүйекті балықтардың ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталып, 
жұтқыншаққа жалғасады, ол өңешке ашылады. Өңеш қарынға – қарын аш 
ішекке, ол тоқ ішекке ашылады. Тоқ ішек аналь тесігімен сыртқа ашалыды. 
Бауыр мен ұйқы бездің өт және сөл жүретін жолы аш ішекке ашылып, қорек 
қорытылады. Кенеулі заттар қабырғалары арқылы қанға өтіп бүкіл денеге 
таратылады.
23.Ішек қуыстылар типінің сипаттамасы,құрылысының ерекшеліктері, көбеюі 
,дамуы және маңызы.
Ішекқуыстылардың басты белгілерінің бірі онтогенездік дамуы барысында 
тек екі ұрық жапырақшалары қалыптасып және олар ересек особьтарында 
айқын сақталып, бір-бірінен мезоглея қабатымен бөлінген эктодерма және 
энтодерма қабаттарын құрайды.Энтодерма қабатындағы клеткалары қуыс 
ішіне ас қорыту сөлін шығарып, асты қуыстың ішінде қорытады. Осыған 
байланысты ішекқуыстылардың дене қуысы гастральды ішекқуыстылардың 
дене қуысы гастральды қуыс деп аталады.Ішекқуыстылардың басым 
көпшілігі теңіздерде, аз ғана өкілдері тұщы суларда мекендейді. Олардың 
9000-ға жуық түрлері белгілі. Дене пішіні цилиндр, шатыр, табақша, қоңырау 
тәрізді болып келеді.Ішекқуыстылар бір затқа бекініп немесе суда еркін жүзіп 
тіршілік етеді.Ішекқуыстылар жыныссыз, жынысты және ұрпақ алмасуы – 
метагенез арқылы дамиды.Ішекқуыстылар өте ертедегі жануарлар, олардың 
ізбесті қаңқасы болғандықтан көпшілігі қазба күйінде жақсы 
сақталынған.Ішекқуыстылардың типі 3 классқа 
бөлінеді:гидрозоа,сцифоза,полиптер 
Сцифомедуза Aurelia-ның даму циклі: 1-жұмыртқа, 2-планула (личинка),3- 
Сцифистома , 4-бүршіктенген сцифистома, 5-сцифистоманың көлденеңінен 
бөлінуі , 6-жас медуза, 7-ересек медуза 
Гидраның дамуы:Гидралар жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. 
Жыныссыз көбеюі бүршіктену арқылы жүзеге асады. Денесінің бүршіктену 
белдеушесінің аймағында бірнеше бүршіктер пайда болып (гидраның 
құрылысына ұқсас), кейіннен олар аналық особь денесінен бөлініп, 
субстратқа бекініп, дербес тіршілік ете бастайды.Күзге таман гидралар 


жынысты жолмен көбейеді. Ұрықтанған жұмыртқа қатты қабықпен 
қапталып, тыныштық күйде қыстап шығады да, көктемде ол бөлшектеніп, 
бластуладан кейін қос қабатты гаструла сатысында ересек түріне айналады. 
Маңызы:гидра-су тазалайды.Маржан полиптері-рифттер түзеді. 
Құрылысының ерекшеліктері: 

1.атқыш және нерв клеткаларының болуы 

2.Сәулелі симметриялы болуы 

3.2 ұрық жапырақшасының болуы яғни,эктодерма және энқорытад 

4.энтодерма қабатындағы клеткалары қуыс ішіне ас қорыту сөлін 
шығарып, асты қуыстың ішінде қорытады.
24.Ішекқуыстылар типінің жалпы сипаттамасы,системасы, симметриясы.
Ішекқуыстылардың басым көпшілігі теңіздерде, аз ғана өкілдері тұщы 
суларда мекендейді. Олардың 9000-ға жуық түрлері белгілі. Дене пішіні 
цилиндр, шатыр, табақша, қоңырау тәрізді, ұзындығы 1 мм-ден бірнеше см- 
ге дейін. Ірі түрлері де кездеседі. Ішекқуыстылар бір затқа бекініп немесе 
суда еркін жүзіп тіршілік етеді.Ішекқуыстылардың басты белгілерінің бірі 
онтогенездік дамуы барысында тек екі ұрық жапырақшалары қалыптасып 
және олар ересек особьтарында айқын сақталып, бір-бірінен мезоглея 
қабатымен бөлінген эктодерма және энтодерма қабаттарын 
құрайды.Энтодерма қабатындағы клеткалары қуыс ішіне ас қорыту сөлін 
шығарып, асты қуыстың ішінде қорытады. Осыған байланысты 
ішекқуыстылардың дене қуысы гастральды ішекқуыстылардың дене қуысы 
гастральды қуыс деп аталады.Ішекқуыстылар жыныссыз, жынысты және 
ұрпақ алмасуы – метагенез арқылы дамиды.Денесі – сәулелі симметриялы 
және атқыш,нерв клеткалары бар.Ішекқуыстылардың типі 3 классқа 
бөлінеді:гидрозоа,сцифоза,полиптер. 
Патшалық тармағы – Көпклеткалылар 


Бөлім үсті – Нағыз көпклеткалылар 
Бөлім – Сәулелілер 
Тип – Ішекқуыстылар
Класс – Гидрозалар ,Класс – Сцифомедузалар, Класс – Маржан полиптері 
Класс тармағы – Гидроидтылар,Класс тармағы – Алты сәулелі маржандар 
Отряд – Гидралар Отряд – Семаеостомеа,Отряд – Актиниялар Отряд – 
Тамырауыздылар 
Өкілі – гидра ,Өкілі – Аурелия-аурита, Өкілі Өкілі-актиния. 
Симметриясы:сәулелі 
25.Құстардың ұшуына байланысты пайда болған белгілер қандай.
Құстар (лат. Aves)[1] — омыртқалы жануарлар тип тармағының бір класы. 
Құстар — жылықанды омыртқалы жануарлар (омыртқасы бар жануарлар). 
Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі. Олар 
артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғң аяқ-қолдары қанаттарға айналған. 
Құстардың барлығы жұмыртқа салады. Құстардың денелері жеңіл 
болғанымен, мықты және ұшуға ыңғайлы болады. 
ҰШУ БЕЙІМДЕЛУГЕ ҚҰСТАРДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ 
Қанатты мастер әуе ортасын мүмкіндік негізгі ерекшеліктері болып 
табылады: 
- қауырсындар; 
Қанаттарымен ішіне Байқау өзгерту; 
- жылы қанды; 
- жеңіл қаңқасы; 
- арнайы сүйек болуы – киль; 
- қос тыныс ; 
- қысқартылған ішек; 
- аналық бір Аналық бездердің болмауы; 


- сондай-ақ дамыған жүйке жүйесі 
26. Қосарлы тыныс алу механизмі.
Құстардың тынысалу жүйесі өте күрделі құрылысты болып келеді. Құстарда 
сыңар сақина тәрізді және жұп ожау тәрізді шеміршектерден түзілген 
жоғарғы көмекей және кеңірдектің екі бронхыға бөлінген жерінде төменгі 
көмекейі болады. Төменгі көмекей тек құстарға ғана тән және ол дыбыс 
шығару қызметін атқарады. Құстардың өздеріне тән ұсақ бронхы 
тармақтарынан қабырғасы жұқа, әрі созылмалы 5 жұп ауа қапшықтары 
түзіледі. Ауа қапшықтары ауаның сыйымдылығын арттырады. Ауа 
қапшықтары ішкі мүшелердің арасында орналасып, құс ұшқан кезде дене 
салмағын жеңілдетеді және жылудың реттелуін қамтамасыз етеді. Ауа 
қапшықтарындағы ауаның сыйымдылығы өкпеден 10 есе артық. Ауа 
қапшықтары мойын, бұғана 
Аралық, алдыңғы кеуде және артқы құрсақ ауа қапшықтары деп аталады. 
Олардың ең көлемдісі жұп құрсақ ауа қапшығы. Құстардың тыныс алу 
механизмі кеуде қуысының бірде кеңейіп, бірде тарылуы арқылы жүзеге 
асады. Құстардың өкпесі арқылы ауа үнемі тек бір бағыт бойынша ғана өтеді, 
яғни өкпеден → артқы ауа қапшықтарына → одан қайтадан өкпе арқылы → 
алдыңғы ауа қапшықтарына → одан сыртқа шығарылады. Сонымен, 
құстардың өкпесінде қан тыныс алған кезде де және тыныс шығарған кезде 
де оттекпен тотығады. Бұл құстарға ғана тән құбылыс. Мұны қосарлы тыныс 
алу деп атайды. 
1) қонақтап отырғанда: төсін көтеріп, түсіру арқылы; 
2) ұшып жүргенде: ауа қапшықтары арқылы – қанатын көтергенде тыныс 
алып, түсірген кезде тыныс шығарады. 
27.Шеміршекті және сүйекті балықтардың қан айналу жүйесі.
Шеміршекті балықтардың Қан айналу жүйесі. Балықтардың барлығында да 
қан айналу жүйесі ланцетниктердікіне ұқсас. Барлық балықтарда,бір қан 
айналым шеңбері болады. Сондықтан жүрек арқылы тек вена қандары ғана 
өтеді. Шеміршекті балықтардың жүрегі екі камерадан: жүрекше мен 
қарыншадан тұрады. Жүрекшеге вена қаны құйылатын веноздық қуыс 
жалғасады. Қарыншаға артериялдық конус жалғасады.Артерия қаны жүрекке 
соқпай,денеге тікелей желбезектен тараралады. Қан қантамырларымен өте 


жай қозғалады және оттегіне онша бай болмайды. Тотығу процесі тым нашар 
өтеді. Сондықтан да балықтың денесінің температурасы жоғары болмайды., 
өзін қоршаған ортаның температурасынан сәл ғана артып түседі. Суық суда 
балық денесінің температурасы төмендейді,ал жылы суда-көтеріледі. 
Балықтарда қан жасайтын мүше көкбауыр бар. Көкбауырда және сол сияқты 
бауыр ұлпаларында эритроциттер,лейкоциттер және 
тромбоциттер жасалады.
Сүйекті балықтардың қан айналу жүйесі.Сүйекті балықтардың қан айналым 
жүйесі шеміршекті балықтарға ұқсас,құрсақ қолқасының кеңейген алдыңғы 
бөлігі қолқа жуашығы деп аталады.сол бүйректе ғана вена қақпа торы 
түзілген.Сүйекті балықтарда басқа балықтарға қарағанда қан айналу 
жүйесіндегі ерекшелік мынада. Тіл асты желбезектің шала дамуының 
салдарынан, оған қан әкелетін артерия жойылып кеткен. Сөйтіп қан әкелуші 
желбезек артериаларының төрт пары ғана сақталған. Сондықтан сүйекті 
балықтарда қане әкететін желбезек артериаларының төрт-ақ пары болады 
28.Жануарлардың қай түрінде жиырылғыш вакуоль кездеседі.
Қарапайымдыларда болады.Тамыраяқтылар және талшықтылар класс 
тармақтарында.бірақ споралылар мен инфузорияларда болмайды 
29.Гидраның энтодерма және эктодерма клеткаларының құрылысы және 
атқаратын қызметтері; 
Гидраның эктодерма қабаты алты түрлі клеткалардан құралған. Олар: 
жабынды пителиальді клеткалары, эпителиальды-бұлшықет клеткалары, 
интерстициальды немесе аралық, атқыш, жыныс және нерв клеткалар. 
Эпителиальды-бұлшықет клеткалары қызметі:жиырылу
Атқыш клеткаларының қызметі:қорғаныш 
Жыныс клеткалары қызметі:көбею 
Нерв клеткалары қызметі:нерв торын түзіп,гидра тітіркенсе жиыру 


Энтодерманың негізін үш түрлі клеткалар түзейді, олар эпителиальды-
бұлшықет, талшықты және без клеткалары. Эпителиальды- бұлшық ет 
қызметі:гидраның бірқалыпты қадам басуы мен алға жылжуы. 
30.Шеміршекті және сүйекті балықтардың жүйке жүйесі.
Шеміршекті балықтардың Нерв жүйесі. Балықтардың орталық нерв жүйесі 
ми мен жұлыннан құралады. Олардың миы басқа басқа омыртқалыларға 
қарағанда, кемірек жетілген. Ол алдыңғы, ортаңғы, аралық, мишық және 
сопақша мидан тұрады. Бас миының барлық бөлімдері үлкейген, олардың 
құрылысы үлкейген және химиялық тітіркендіргішті қабылдайды. 
Шеміршекті балықтардың тез қимылдауларына, жүзуіне байланысты тепе – 
теңдік жағдайын сақтау мақсатында олардың көлемі үлкейген. Сонымен 
бірге жұлынның да құрылыс күрделенген. 
Сүйекті балықтардың
Нерв жүйесі. Миы шеміршекті балықтардың миына қарағанда қарапайым 
болады. Мысалы сүйекті балықтардың миының көлемі кішірек. Олардың 
алдыңғы миы кішірек және шеміршекті – сүйекті, сүйекті балықтардың 
көпшілігінде ол үстіңгі жағынан нерв заттары жоқ эпителиимен қапталған 
сүйекті балықтарда ортаңғы ми мен мишық басқа балықтарға қарағанда 
көлемді болады. 
31.Маржан полиптерінің қаңқасы және дамуы,қурылысы.
Құрылысы: полиптер ішекқуыстылар типінің ең үлкен класы, бұлардың 6000-
дай түрі бар. Тек теңіздерде жеке және колония түрінде бекініп тіршілік 
ететін жануарлар. Жіңішке базальды мембрананың орнына қалың қабатты 
мезоглея; эпителиальды ет клеткаларының орнына ұзына бойы және 
көлденеңінен сақиналы бұлшықет клеткалары дамыған. Нерв жүйесі 
күрделіленіп – ауызы және табанша нерв сакинасын түзейді. Жыныс 
клеткалары энтодермадан құралған.Денесінің жоғарғы бөлігінде, ауыз 
тесігінің төңірегінде, сәулелі симметриялық ретте қармалауыштары 
орналасқан. Маржан полиптері планктонды организмдермен қоректенеді, ал 
ірі түрлері – жыртқыштар, олар шаянтәрізділерді,моллюскаларды т. Б. Өзінің 
қармалауыштарымен ұстап алып, атқыш жіпшелерімен жансыздандырып, 
ауыз тесігіне апарады да, жұтқыншағымен жұтып алады. Ac қорыту процесі 
клетка ішілік және қуыс ішілік бойынша жүреді. 


Қаңқасы: тіршілік ететін полиптерде қаңқасы болмайды, ал колониальды 
формаларында қаңқасы күшті дамып, рифтер мен аралдарды құрan, жер беті 
бедерін (рельефін) жасауға қатысады.Сегіз сәулелі (Octocorallia) полиптердің 
қаңқасы мезоглея қабатындағы спикула деп аталатын әр түрлі инелерден 
құралып, іштей орналасады.Спикулалар мезоглея қабатындағы склеробласт 
клеткаларынан дамып,СаСО3 (ізбестен) немесе мүйізді органикалық 
заттардан тұрады. Инелері көп болған жағдайда олар бір-бірімен қосылып 
тұтас қаңқаны құрайды.Алты сәулелілерде (НехасогаШа) ізбесті қаңқасы 
сырттай орналасып ерекше түзіледі. Ең алдымен колониядағы жеке полиптің 
эктодермасынан сыртқа қарай ізбесті табанша тақтасы бөлініп шығады. Одан 
денесін сырттай орап алатын тостағанша қаңқасы немесе текасы дамиды. 
Текадан ішке қарай, септаларды бойлай қаңқа перделері – склеросепталар 
жайылады.Склеросепталар тек бірінші реттегі жұп септаларда болады. 
Колонияның жеке особьтарының қаңқалары бірігіп мықты, бүкіл колонияға 
ортақ қаңқаны құрады.
Дамуы:Көпшілігі дара жыныстылар. Жыныс клеткалары септаның энтодерма 
мен мезоглея аралығында дамиды. Аталық клеткалары эпителий қабатын 
тесіп, гастраль қуысына өтіп, одан ауыз тесігі арқылы су ортасына шығады да, 
сумей бірге аналық особьтарына өтіп жұмыртқа клетканы ұрықтандырады. 
Жұмыртқаның алдыңғы даму кезеңі гастраль қуысында өтеді. Зигота толық 
және біркелкі бөлшектеніп, бластула, гаструла ұрығын 
Түзеп, одан кірпікшелі планула личинкасы пайда болады. Ол анасының 
ішінен ауыз тесігі арқылы су ортасына шығып, кірпікшелерінің көмегімен 
Суда жүзіп жүреді де, денесінің кеңейген алдыңғы бөлігімен субстратқа 
бекініп жас полипке айналады. Кейде планула анасының ішінде жас полип 
дңгейіне дейін дамып, содан кейін сыртқа шығады. 
32.Гидроидтылар класы.Құрылысының ерекшеліктері және 
көбеюі.Систематикасы 
Құрылысының ерекшеліктері: 


• 
Денесінің бас жағында (алдыңғы) 6-12 қармалауышпен қоршалған 
ауыз тесіп орналасқан 
• 
Гидраның эктодерма қабаты алты түрлі клеткалардан құралған. 
Олар:Жабынды пителиальді клеткалары, эпителиальды-бұлшықет 
клеткалары,Интерстициальды немесе аралық, атқыш, жыныс және нерв 
клеткалары
• 
Ұзына бойы созылған қапшық тәрізді, табанымен субстратқа Бекініп 
өмір сүреді 
• 
Гидраның денесі эктодерма және Энтодерма қабатынан құралған. 
Олардың арасындағы мезоглея қабаты өте жұқа құрылымсыз қоймалжың 
заттан тұрады 
Көбеюі мен дамуы. Гидралар жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. 
Жыныссыз көбеюі бүршіктену арқылы жүзеге асады. Денесінің бүршіктену 
белдеушесінің аймағында бірнеше бүршіктер пайда болып (гидраның 
құрылысына ұқсас), кейіннен олар аналық особь денесінен бөлініп, 
субстратқа бекініп, дербес тіршілік ете бастайды.Күзге таман гидралар 
жынысты жолмен көбейеді. Ұрықтанған жұмыртқа қатты қабықпен 
қапталып, тыныштық күйде қыстап шығады да, көктемде ол бөлшектеніп, 
бластуладан кейін қос қабатты гаструла сатысында ересек түріне айналады. 
Патшалық тармағы – Көпклеткалылар 
Бөлім үсті – Нағыз көпклеткалылар 
Бөлім – Сәулелілер 
Тип – Ішекқуыстылар 


 Класс – Гидрозалар 
Класс тармағы – Гидроидтылар
Отряд – Гидралар 
Өкілі - Тұщы су гидрасы 
33.Жорғалаушылар класына сипаттама, жіктелуі.
Бауырымен жорғалаушылар, рептилиялар (лат. Reptilia) – жер бетінде 
тіршілік ететін, жоғарғы сатыдағы омыртқалылар. 
Жер бетінде тіршілік ететін барлық жоғарғы сатыдағы омыртқалыларға тән 
белгілер бауырымен жорғалаушылардан айқын байқалады. Олардың миы 
әлде кайда жақсы жетілген. Сондықтан бауырымен жорғалаушылардың 
рефлекторлық әрекеті күрделі болады. Құрлықта тіршілік етуіне байлднысты 
бұлардың денесі амфибилер мен балықтарға қарағанда жақсы жіктелген. 
Әсіресе, басын әр түрлі бағытта қозғауына мүмкіндік беретін мойын 
бөлімінің болуы. Денесін құрғап кетуден сақтайтын терісінде мүйізді 
эпидермис қабаты мен мүйізді қабыршақтарының болуы. Өкпе арқылы 
тыныс алады. Жүрегі мен артериялық доғасы жақсы жіктелген.
Бауырымен жорғалаушылар – салқынқанды жануарлар. Бұл олардың 
денелерін қыздыру үшін күн сәулесі қажет екенін білдіреді, сондықтан да 
оларды өте суық климатта кездестіре алмайсың. Ауа райы суық кезде олар 
көбінесе тәтті ұйқыға кетеді. 
Бауырымен жорғалаушылар теңізде, тұщы суда және құрлықта тіршілік етеді. 
Бауырымен жорғалаушылардың 6500-ден астам түрі бар. Олардың ішінде ең 
көбі – 3700 түрі бар кесірткелер. Онан кейінгі орында – жыландар (2800). 
Тіршілік етіп жатқан жорғалаушылардың ең ірісі жорғалаушылардың ең аз 
тұқымтобына жататын тәмсақтар болып табылады. Олардың не бары 25 түрі 
бар. 
Жіктелуі 
І-класс тармағы: Алғашқы кесірткелер (лат. Рrоsаuгіа) 


1-отряд: Тұмсықбастылар (лат. Rһуnсһосеpһаlіа) 
ІІ-класс тармағы: Қабыршақтылар (лат. Squаmаtа) 
2-отряд. Қесірткелер (лат. Lасегtilіа) 
3-отряд. Хамелеондар (лат. Сһаmаеlеоntеs) 
4-отряд. Жыландар (лат. Орһіdіа) 
ІІІ-класс тармағы: Крокодилдер (лат. Сгосоdіlіа) 
5-отряд: Крокодилдер (лат. Сгосоdilіа) 
ІV-класс тармағы – Тасбақалар (лат. Сһеlоnіа) 
6-отряд – Жасырьш мойындылар (лат. Сrурtоdіга) 
7-отряд – Бүйір мойындылар (лат. РІеuгоdiга) 
8-отряд – Теңіз тасбақалары (лат. Сһеlоnііdеа) 
9-отряд – Жұмсақ терілілер (лат. Тгіоnусһоіdіае) . 
34.Сцифомедузалар.Кластың сипаттамасы,системасы,көбеюі және даму 
циклі,маңызы. 
Сцифомедузалар теңіздерде тіршілік етеді,200-ден аса түрлері 
белгілі.Құрылысы жағынан гидроидты медузаларға 
ұқсас,айырмашылығолардан ірі және желкенсіз болып келеді.Негізгі өкілі 
аурелия аурита болып табылады.Дене түсі мөлдір,себебі мезоглеясындағы 
судың мөлшері-97%.Шатыры жалпақ болып келеді.Қармалауыштарының 
және шатырының көмегімен суда қалқып,шарықтап 
жылжиды.Сцифомедузалар-жыртқыштар,планктондық 
организмдермен,балық шабақтарымен де қоректенеді.Корегі қарында 
қортылып,қортылмаған қалдығы ауыз тесігі арқылы сыртқа шығарылады. 
Сцифомедузалар-дара жыныстылар.Жыныс бездері қарын қалтасында 
қалыптасып,жетілген жыныс клеткалары ауыз тесігінен сыртқы су ортасына 
шығып ұрықтанады. 
Зигота толық біркелкі бластула және гаструла ұрығын түзеп,одан кірпішке 
түкпен жабылған личинка-планула пайда болады.Ол кірпікшесінің көмегімен 
суда біраз жүреді де, субстратқа бекініп,гидраға ұқсас сцифистома деп 
аталатын полипоид кезеңіне өтеді. Цифистома өсіп, оның денесі бірқатар 
көлденең бунақталып, бір-біріне қабаттаса орналасқан диск тәрізді жас 


медузалар пайда бола бастайды. Осындай көлденең бүршіктенуді 
стробиляция, ал осы сатыдағы полипты стробила деп атайды. Стробиляция 
нәтижесінде пайда болған жас медузалар бірте-бірте сцифистомадан бөлініп 
шығып, еркін тіршілік ете бастайды. Олардың шатырша шеті терең 
ойықталған, ішкі жүйелері толық дамымаған. Бұл – эфира деп аталатын 
личинкалық сатысы. Эфиралардың шатырша шеті тегістеліп, 
гастроваскулярлы жүйесі толық қалыптасып, жыныс клеткалары жетіліп 
ересек медуза пайда болады.
Медузаның экожүйедегі рөлі зоопланктонның тұтынушылары бола отырып, 
кейбір балықтардың қорегі болады. Кейбір медузаның дернәсілдері кәсіптік 
балық түрлерінің жұмыртқаларын, дернәсілдерін және шабақтарын 
жейді.Қытай мен Жапон елінде шатырдың мезоглеясын тамаққа тұтынады. 
Системасы:
Патшалық-жануарлер
Патшалық тармағы Metazoa – Көпклеткалылар 
Бөлім үсті Eumetazoa – Нағыз көпклеткалылар
Бөлім Radiata – Сәулелілер 
Тип Coelenterata – Ішеккуыстылар 
Класс Scyphozoа – Сцифомедузалар 
Отряд Semaeostomeаe – Семаеостомеа
Өкілі Аurelia aurita – Аурелия-аурита 


35.Ішекқуыстылардың көбеюі.Дамуының өзіне тән белгілері,ұрпақ 
алмасу(метагенез) оның маңызы. 
Ішекқуыстылар жыныссыз, жынысты және ұрпақ алмасуы – метагенез 
арқылы дамиды. Гидралар жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. 
Жыныссыз көбеюі бүршіктену арқылы жүзеге асады. Денесінің бүршіктену 
белдеушесінің аймағында бірнеше бүршіктер пайда болып, кейіннен олар 
аналық особь денесінен бөлініп, субстратқа бекініп, дербес тіршілік ете 
бастайды. Күзге таман гидралар жынысты жолмен көбейеді. Ұрықтанған 
жұмыртқа қатты қабықпен қапталып, тыныштық күйде қыстап шығады да, 
көктемде ол бөлшектеніп, бластуладан кейін қос қабатты гаструла сатысында 
ересек түріне айналады 
Теңіз гидроидты полиптер ұрпақ алмасу (метагенез) жолымен, яғни 
жыныссыз көбею мен жынысты көбеюдің кезектесіп отыруы арқылы 
дамиды. Осындай даму кезінде құрылысы мен көбею әдісі жағынан 
ерекшеленген екі түрлі ұрпақ алмасады. Біріншісі гидрополиптер, бекініп 
тіршілік ететін, тек қана жыныссыз жолмен көбейіп полиптер мен 
медузаларды қалыптастыратын формалар. Екіншісі – гидромедузалар, еркін 
тіршілік ететін, тек қана жынысты жолмен көбейіп гидрополиптерді 
қалыптастырады. Осыған орай гидрополиптік ұрпақ жынысты жолымен 
пайда болады да, өзі жыныссыз көбейіп гидромедузаларды 
қалыптастырады, ал жыныссыз жолымен пайда болған гидромедуза 
жынысты жолмен көбейіп гидрополиптерге бастама береді.
Ұрпақ алмасудың биологиялық маңызы – түрлердің таралуына мүмкіндік 
береді. 
36.Қосмекенділер мен жорғалаушылардың зәр шығару жүйесі.
Қосмекенділердің зәр шығару жүйесі. Олардың зәр шығару мүшелері жас 
ерекшеліктеріне қарай құрылысы өзгергіш келеді. Мысалы, 
Ұрықтың алғашқы даму кезінде пронефрос, ал ересек кезінде 
Мезонефрос зәр шығару мүшелердің қызметін атқарады. Зәр 
Заты алдымен клоакаға, одан кейін қуыққа жиналады. Жиналған 
Зәр заты қайтадан клоакаға содан кейін сыртқа шығады. 
Ыдыраған заттардың аздаған бөліктері тері арқылы да бөлінеді. 


Жорғалаушылардың зәр шығару жүйесі. Бауырымен жорғалаушыларда зәр 
шығару жүйесі күрделі дамыған. Жамбас бүйректерінен немесе 
метанефростан (metanephros) тұрады. Балықтар мен қосмекенділердің 
ересектерінде дене бүйректері немесе мезанефрос (алғашқы бүйрек) деп 
аталатын бүйректер қызмет етеді. Ал дене бүйректері бауырымең 
жорғалаушыларда ұрық жұмыртқадан шыққанша, кейде жұмыртқадан 
шыққан соң біраз жұмыс істейді. Жамбас бүйрегі дамып қалыптасқан соң, 
дене бүйрегі қызметін тоқтатады (редукцияланады). Жамбас бүйрегі 
жетілген соң зәр шығару түтігі пайда болады. Арқа жағынан келіп сол және 
оң зәр шығару түтіктері клоакаға келіп құйылады. Құрсақ жағынан клоакаға 
қуық ашылады. Крокодилдердің, жыландардың және кейбір кесірткелердің 
қуығы жетілмеген. 
37.Жалпақ құрттардың құрылысы.
Сыртқы құрылысы: 
Денесі екі жақты симметриялы. 
Денесі үш қабатты:Эктодерма,энтодерма,мезодерма. 
Дене пішіні: ұзынша келген және арқа-құрсақ бағытында қысыңқы,жапырақ, 
тақта, таспа тәріздес. 
Жалпақ құрттардың негізгі ерекшелігі – терібұлшықет қапшығының болуы. 
Жалпақ құрттардың бәрі де – қуыссыз, паренхималы жануарлар: ішкі 
мүшелері арасындағы кеңістікті мезодермадан пайда болған дәнекер 
тканьдер немесе көптеген клеткалары бар паренхима толтырып тұрады. 
Жалпақ құрттардың 12500-дей түрі
5 класқа жіктеледі:
• 
кірпікшелі құрттар,
• 
сорғыш құрттар,
• 
моногенетикалық сорғыштар, 


• 
таспа құрттар, 
• 
цестода тәрізділер. 
Ішкі құрылысы: 
Ас қорыту жүйесі эктодермальды алдыңғы ішектен немесе жұтқыншақтан 
және тұйық бітетін энтодермальды ортаңғы ішектен тұрады. Артқы ішегі 
және ерекше аналь тесігі жоқ. Кейбір паразиттік түрлерінде ас қорыту жүйесі 
толығымен жойылған. 
Протонефридия деп аталатын алғашқы зәр шығару мүшесі пайда болады. 
Олардың тарамдалған түтікшелері паренхимада кірпікше шоғы бар жұлдыз 
тәрізді клеткалармен аяқталады. 
Қан айналу және тыныс алу жүйесі жоқ. 
Нерв жүйесі бас нерв түйінінен және одан денесінің артқы жағына қарай 
жүретін, өзара сақина тәріздес өсінділермен байланысатын нерв 
бағаналарынан тұрады. Ерекше дамыған бүйірлік және құрсақтық екі ұзына 
бойы бағаналары бар. 
Жыныс жүйесі гермафродитті және өте күрделі. Іштей ұрықтануды 
қамтамасыз ететін мүшелер пайда болған. 
38.Лента тәрізді құрттар құрылысы.Адамның және жануарлардың ең негізгі 
паразиттері,олардың тіршілік,жұғу жолдары мен күресу жолдары. 
Мекен ортасы:Паразиттік тіршілік етеді,адамдардың ішегінде тіршілік етеді. 
Түрлері:3000-нан астам. 
Жұқтыратын ауру:Цестодоз. 
Құрылысы: 
Денесі:созылыңқы,арқа құрсақ бағытында жалпайып келген,лента тәрізді. 
Көбіне денелері проглоттидтер деп аталатын жеке буындардан тұрады, ал 
проглоттидтердің тізбегі стробила делінеді. 


Басы: Басы немесе сколекс домалақ, сүйір, жалпақ пішінді болып келеді. 
Басы қадалып, жабысатын мүшелерімен қаруланған, олар: бұлшықеттері бар 
сорғыштар. 
Тері жабыны: Кірпікшелі өсінділер – микротрихиялар деп аталады, өте сақ, 
тек электронды микроскоп арқылы көрінеді, құрттың коректенуінде 
маңызды қызмет атқарады. 
Базальды мембранасының астында бұлшықет талшықтарының шумағынан 
құрылған тері-бұлшықет қабы жатады. 
Ас қорыту жүйесі жойылған. Иесінің ортаңғы ішегінде паразиттік тіршілік 
етуіне байланысты, қорытылған қоректік сұйық заттың ішінде батып жатады. 
Зәр шығару жүйесі:протонефридиялы.Денесінің бүйір жағынан ұзына бойына 
созылған екі негізгі зәр шығару түтіктері өтеді. 
Қан айналу және тыныс алу жүйесі юолмайды.Анаэробты жолмен тыныс 
алады. 
Нерв жүйесі,сезім мүшелері нашар дамыған.Нерв жүйеесі жұп ми 
түйіндерінен тұрады. 
Жыныс жүйесі гермафродитті, Көпіршік пішінді аталық бездері 
паренхиманың арасында шашырап орналасқан. Аталық бездерінің тұқым 
шығару түтіктері бірігіп ортақ аталық жолын құрайды. Аталық жолы кеңейіп 
шағылыс мүшесіне айналып, буынның бүйір бөлігіндегі жыныс клоакасына 
еніп жатады. Аналық мүшесі тарамдалған екі аналык бездерінен құралып, 
аналық жолы арқылы оотипке ашылады. Оотипке екінші жағынан сарыуыз 
безі де ашылады. Оотиптен екі канал шығады. Біреуі кынап, аталық жолымен 
қатар созылып жыныс клоакасына ашылады, екіншісі буынның алдыңғы 
бөлігіне бағытталып тұйық бітетін жатын. Жұмыртқа клеткалары аналық 
безінен оотипке түсіп, осы жерде қынап арқылы келетін 
сперматозоидтармен қосылып ұрықтанады да, сарыуыз және қабыршақпен 
қапталып, тұйық бітетін жатынға өтеді. Осы жерде дамуының бірінші сатысы 
басталады. Жатынға түскен жұмыртқалардың саны өте көп, сондықтан 
жатынның орталық бөлімінен оң және сол жаққа қарай жанама тармақтары 
тарап, жұмыртқаларға толып жатады. Осылайша гермафродитті буын «пісіп 
жетілген» буынға айналады. Денесінің соңғы жағындағы пісіп жетілген 
буындар үзіліп, иесінің ішегінен сыртқы ортаға шығарылып тұрады.
Ауру және оның емдеу жолдары: 


Барлық таспа құрттар дамудың 3 кезеңінен өтеді – жұмыртқа, дернәсіл және 
ересек. Ересектер өздерінің түпкілікті иесінің: сүтқоректілердің 
етқоректілерінің ішектерін мекендейді.Негізгі иесінің ішектерінде тұратын 
ересек таспа құрттар салған жұмыртқалар нәжіспен қоршаған ортаға 
шығарылады және аралық иесі арқылы жұтылады, онда жұмыртқалар 
дернәсілге айналады, қан айналымына енеді және қабықшаға айналады. 
Аралық қожайынды шикі немесе шала піскен күйде жегенде, паразиттер 
түпкілікті иесінің ащы ішегіндегі кисталардан бөлініп, ересек таспа құрттарға 
айналады, циклді қайта бастайды. 
Емдеу: 
Антигельминтикалық празиквантел препараты цестодтардан туындаған ішек 
инфекцияларын емдеуде тиімді. Никлосамид – бұл АҚШ-та жоқ балама дәрі. 
Нитазоксанидті инфекциясын емдеу үшін қолдануға болады. 
Кейбір ішектен тыс инфекциялар антигельминтикалық препараттарға 
альбендазол және празиквантел жауап береді. 
Алдын алу: 
Шошқа етін, сиыр етін, қой етін,балықты мұқият пісіріңіз (ұсынылатын пісіру 
температурасы мен уақыты әр түрлі болады). 
Етті ұзақ мұздату. 
Иттер мен мысықтардағы гельминтоздардың үнемі алдын алу 
Хосттар арқылы қайта өңдеудің алдын алу (мысалы, иттер өлі аңды немесе 
малды жейді). 
Кеміргіштер, бүргелер және қора зиянкестері сияқты аралық иелерін азайту 
және болдырмау. 
Етті бақылау. 


39.Сүтқоректілердің тері бездері.
Сүтқоректілердің тері бездері. Тері бездері өзінің құрылысына және 
атқаратын қызметіне қарай — тер, май, иіс және сүт бездері болып бөлінеді. 
Тер бездері — түтік пішінді, астыңғы бөлімі иіріліп барып қошқар мүйізденіп 
бітеді. Бұлар бірден терінің үстіңгі бетіне немесе түк қалтасына ашылады. Бұл 
бездің продуктысы тердің құрамында су, еріген мочевина және тұз болады. 
Бұл продуктыларды тер безі жасап шығармайды, оған қан тамырларынан 
келеді. Тер безінің қызметі суды буландыру арқылы теріні салқындату және 
ыдырау өнімдерін бөліп шығару. Сөйтіп жылуды реттеп отыру және зәр 
шығару қызметін атқаратын болады. Тер бездері барлық сүт қоректілерде 
дерлік болады, бірақ барлығында бірдей жетілмеген. Мысалы ит пен 
мысықта өте аз, кемірушілердің көпшілігінің тер безі табанында, шабында 
және ерінінде болады. Кит тәрізділерде және кесіртке тәрізділерде тер безі 
болмайды.
40.Эхинакокктың дамуы. 
Эхинококк.Денесі 3-4 буыннан тұрады, ұзындығы 2-6 мм. Басында төрт 
сорғышы және ұзарған тұмсығында ілмешектері дамыған. Алдыңғы 
буындары гермафродитті, ал соңғы жетілген буыны ұрықтанған жұмыртқаға 
толы болып келеді. Ересек түрлері иттердің, қасқырлардың ішегінде тіршілік 
етеді, ал эхинококк типті личинкалары аралық иесі: үй қояндары, тышқандар, 
мысық, қой, ешкі, ірі қараның, шошқаның ішкі мүшелерінде, әсіресе 
бауырында, өкпесінде мекендейді. Адам да аралық иесі бола алады. Өте 
қауіпті кеселге ұшыратады. Эхинококктың жұмыртқалары итгің қиымен 
араласып сыртқа тарайды, көп жағдайда олардың жүніне жабысып тұрады. 
Адам итті қолымен сипап, қолын жумай тамақ ішсе, жұмыртқалары аспен 
бірге ішке кетеді. Ішекке түскен жұмыртқалардан алты ілмекті онкосфералар 
дамып, олар қан арқылы ішкі мүшелерге жетіп мекендейді (бауырға, өкпеге, 
жүрекке, миға). Осы мүшелерде эхинококк көпіршігі үлкен көлемде өсіп, 
мүшелерді ісіндіріп қатты зақымдайды. Эхинококк көпіршігін тек қана 
операция арқылы алып тастауға болады. Эхинококк көпіршігі өте жай өседі. 
Бір айдан кейін оның диаметрі 1 мм-ге жетеді, 5 айдан кейін – 1 см. Көпіршік 
жылдар бойы өседі (20-30 жыл). Адамға эхинококкоз ауруы өте қауіпті.
41.Құстар мен сүтқоректілердің қан айналу жүйесі.


Құстардың қан айналым жүйесі. Құстардың жүрегi төрт (камера) бөлiмнен: 
олар екi жүрекшеден және екi қарыншадан тұрады. Оң жақ қарынша мен 
жүрекше сол жақ бөлiмдерiнен бөлiнген. Сондықтан жүректiң оң жақ 
жартысындағы вена қаны сол жақ жартысындағы вена қаны сол жақ 
жартысындағы артерия қанымен араласпайды. Құстарда артерия және вена 
қан тамырларының өз алдына жiктелуiнiң нәтижесiнде барлық мүшелерi 
артерия қанымен қамтамасыз етiлiп отырады. Осы жағдайға байланысты зат 
алмасу жеделдейдi де құстардың денесiнiң температурасы жоғары болады 
(420). Құстардың қан айналу жүйесi екi айналым шеңберiнен тұрады: кiшi 
және үлкен қан айналым шеңберi. 
Сүтқоректілердің қан айналым жүйесі. Қанайналым жүйесі – құстарға ұқсас, 
жүрегі толық төрт қуысты. Артерия қаны мен вена қаны араласпайды. 
Сүтқоректілердің құстардан айырмашылығы – сол жақ қарыншадан 
басталатын қолқа тамыры сол жақ қолқа доғасын құрайды. Құстарда оң жақ 
қолқа доғасы болады. Қан денеде газ бен қоректік заттарды тасымалдайды. 
42.Жалпақ құрттардың жыныс жүйесінің құрылысы. 
Жалпақ құрттар – гермафродиттер: 
Аталық жүйесі – паренхимада таралған көптеген ұсақ тұқым бездерінен 
немесе қалталарынан тұрады. Тұқым бездерінен тұқым шығару түтіктері 
тарайды. Олар тұқым өткізгіш жолына жалғасады. Жұтқыншақтың екі 
жағынан созыла келіп, тұқым жолдары бірігіп, тұқым қапшығын құрайды, 
одан тұқым шашу түтігі шығады да, ол шағылыс (penis) мүшесімен аяқталады. 
Шағылыс мүшесі жыныс клоакасына еніп тұрады, одан сыртқа суырылып 
шыға алады. Жыныс клоакасына аналық жыныс жолдары да ашылады.
Аналық жүйесі – бір, екі немесе одан да көп ұсақ жұмыртқа бездерінен 
тұрады. Жұмыртқа бездерінің санының азаюы, көпшілігінің нағыз жұмыртқа 
клеткаларын шығару қабілетін жойып, сарыуызға бай клеткаларға айналуына 
байланысты. Сарыуыздар нағыз жүмыртқа клеткаларға қорек ретінде қызмет 
етеді. Жұмыртқа бездерінен артқа қарай бағытталған және сарыуыз 
бездерінің жіңішке түтікшелерін қосып алатын екі жұмыртқа жолы тарайды. 
Жұтқыншақтың артқы жағында екі жұмыртқа жолы жыныс клоакасына 
ашылатын жыныс қынабына қосылады. Соңында, жыныс клоакасына басқа 
особьтың тұқымдары жиналатын тағы бір қалташық – копулятивті қалтасы 
ашылады. Әрбір ұрықтанған жұмыртқа клеткасы сарыуыз клеткаларымен 


қоршалып, жалпы қабықпен скорлупамен қапталады. Соның нәтижесінде 
күрделі жұмыртқа түзіледі. 
43..Өгіз солитері.Құрылысының ерекшеліктері.Көбею 
жолдары(дамуы),маңызы. 
Өгіз солитері немесе қарусыз цепені. Басында тек төрт сорғышы болады, 
ілмешектерінің және тістерінің жоқтығынан қарусыз деп аталады. Денесі 
1000-нан аса буыннан тұрады, ұзындығы 18-20 м-ге дейін. Жыныс мүшесі 
200-ші буыннан бастап дамиды. Пісіп жетілген буындарының ұзындығы 16-
30 мм, ені 5-7 мм, тұйықталған жатын тармақтарының саны 17-35-ке жетеді. 
Ересек түрлері адамның ортаңғы ішегінде тіршілік етеді, ал личинкасы 
аралық иесі сиырдың немесе өгіздің ішкі мүшелерінде дамиды. 
Личинкалары цистицерк типті. Жұқтыратын ауруы тениаринхоз деп аталады. 
Өгіз солитерінің кішкене басы, қысқа мойны және буындардан құралған ұзын 
10-20 м-ге жуық денесі болады. Солитердің алдыңғы ең жас 3-4 буындары 
болмаса, басқа буындарының әрқайсысында күшті дамыған гермафродитті 
жыныс жүйесі бар. Осындай буынды – гермафродитті буын деп атайды. 
Көпіршік пішінді аталық бездері паренхиманың арасында шашырап 
орналасқан. Аталық бездерінің тұқым шығару түтіктері бірігіп ортақ аталық 
жолын құрайды. Аталық жолы кеңейіп шағылыс мүшесіне айналып, буынның 
бүйір бөлігіндегі жыныс клоакасына еніп жатады. Аналық мүшесі 
тарамдалған екі аналык бездерінен құралып, аналық жолы арқылы оотипке 
ашылады. Оотипке екінші жағынан сарыуыз безі де ашылады. Оотиптен екі 
канал шығады. Біреуі кынап, аталық жолымен қатар созылып жыныс 
клоакасына ашылады, екіншісі буынның алдыңғы бөлігіне бағытталып тұйық 
бітетін жатын клеткалары аналық безінен оотипке түсіп, осы жерде қынап 
арқылы келетін сперматозоидтармен қосылып ұрықтанады да, сарыуыз 
және қабыршақпен қапталып, тұйық бітетін жатынға өтеді. Осы жерде 
дамуының бірінші сатысы басталады. Жатынға түскен жұмыртқалардың саны 
өте көп, сондықтан жатынның орталық бөлімінен оң және сол жаққа қарай 
жанама тармақтары тарап, жұмыртқаларға толып жатады. Осылайша 
гермафродитті буын «пісіп жетілген» буынға айналады. Денесінің соңғы 
жағындағы пісіп жетілген буындар үзіліп, иесінің ішегінен сыртқы ортаға 
шығарылып тұрады. 18-20 жыл өмір сүретін өгіз солитері бір жылда 600 млн-
нан аса жұмыртқа шығарады. Сонда бүкіл тіршілігі барысында солитер 11 
млрд, жұмыртқа бөледі.


Дамуы. Адамның ішегінен нәжіспен бірге сыртқы ортаға шыққан пісіп 
жетілген буындар шіріп, ішіндегі жұмыртқалары топыраққа түседі – Дамуы 
үшін жұмыртқа аралық иесіне енуі қажет – Өгіз солитерінің аралық иесі өгіз 
немесе сиыр. 
Осылардың ішегіне түскен жұмыртқадан онкосфера деп аталатын алты 
ілмешегі бар ұрық шығады. Осы ілмешектерімен онкосфера ішек қабырғасын 
тесіп, лимфа және қан жүйесіне түседі. Қан тамырлары арқылы онкосфера 
ішкі мүшелерге көбінесе бауырға, бұлшықеттерге, өкпеге, кейде миға жетеді. 
Осы мүшелерде ұрық – онкосфера финна деп аталатын личинка сатысына 
айналады. Финна бұршақ тәрізді сұйықтыққа толы көпіршік, оның ішінде төрт 
сорғышы бар басы болады. Осыңдай личинканы цистицерк деп те атайды. 
Личинка аралық иесінде бірнеше жыл өмір сүре алады. Финна ересек 
формасына айналуы үшін негізгі (түпкілікті) иесі – адамның ішегіне түсуі 
қажет. Финнозбен ауырған сиырдың толық қуырылмаған немесе 
пісірілмеген етін жеген адамның ішегіне түскен финна басын шығарып, 
сорғыштары арқылы ішекке жабысады. Көпіршігі еріп, қалған басы 
мойнымен бірге жедел өсе бастайды да, мойны жаңа буындарды түзеп, 
денесі ұзарады. Сонымен, Taeniarhynchys saginatus-тың тіршілік циклі иесін 
алмастыру арқылы және күрделі құрылысты онкосфераның финнаға, 
финнаның таспа тәрізді ересек түрге ауысуымен байланысты. Таспа 
құрттардың басқа түрлерінің де тіршілік циклі иесін алмастыру және 
онкосфераның финна личинкасына, финнаның ересек түріне ауысуымен 
өтеді. Финнаның бірнеше формалары болады: жоғарыда көрсетілгендей 
цистицерк-сұйықтыққа толы көпіршік, ішінде жиырылып жатқан бір басы 
болады; ценур-сұйықтыққа толы көпіршіктің қабырғасында бірнеше басы 
орналасқан, олардың әрқайсысы жеке особьқа айналады; финнаның ерекше 
түрі – эхинококк, көпіршігі үлкен, ішкі қабырғасында және көпіршіктің ішінде 
бірнеше басы бар көптеген көпіршіктері түзіледі; цистицеркоид – көпіршіктің 
құйрық тәрізді өсіндісі болады; плероцеркоид – құрт тәрізді личинка. 
44.Құстардың бас қаңқасы мен омыртқа жотасының бөлімдері.
Құстардың бас қаңқасы. Құстардың бас қаңқасындағы сүйектер рептилияға 
ұқсас, бірақ оларда тек осы класс өкілдеріне ғана тән көптеген ерекшеліктер 
болады. Бас қаңқасындағы сүйектер жұқа, іші ауаға толы, осыған қарамастан 
олар жеткілікті түрде мықты болып келеді. Ми сауытының көлемі біршама 
үлкен және қарақұс тесігі рептилиялардағыдай артқа емес, құстарда астына 


қарай бағытталған. Қазіргі құстардың жақтарында тістері болмайды, жақтары 
тұмсыққа айналған, ол түрлі отряд өкілдерінде әртүрлі пішінді. Бас 
қаңқасындағы сүйектер бір-бірімен жік түзбей бірігеді, сол себепті ересек 
құстарда сүйек аралық жіктер білінбейді. Бір ғана төменгі доға болады. 
Осыған қарамастан құстардың бассүйегін редукцияланған диапсидті типке 
жатқызуға болады. Құстардың үстіңгі тұмсығы үшін кинетизм (қозғалмалық) 
тән, бұл шайнау бұлшық еттерімен бірігіп тұмсықтың жемтік ұстау, ұя салу 
және т.т. кезінде жіктелген қозғалыстар жасауға мүмкіндік береді. 
Омыртқа жотасының бөлімдері. Құстардың омыртқа жотасы – мойын, арқа, 
бел, сегізкөз және құйрық бөлімдерге бөлінген. Мойын бөліміндегі омыртқа 
бір-бірімен өте қозғалмалы байланысқан.Омыртқа жотасының 
арқа,бел,сегізкөз және құйрық бөлімдерінің омыртқалары және жамбас 
сүйектері бір-бірімен тұтасып, бір ғана күрделі сегізкөз деп аталатын сүйекке 
айналған. 
45..Жалпақ құрттар мен жұмыр құрттардың ұқсастықтары мен 
айырмашылық белгілері. 
Жұмыр құрттардың жалпақ құрттардан басты айырмашылығы, ішкі 
мүшелерінің арасында дене қуысының болуы. Бұл қуыстың өзіндік 
қабырғасы болмағандықтан оны алғашқы қуыс немесе схизоцель деп 
атайды. Сондықтан кейде жұмыр құрттарды алғашқы қуыстылар деп атайды. 
Денесінің ішкі қуысындағы сұйық заттың біркелкі қысымда болуы оның дене 
жұмырлығын тұрақты етеді. Құрттардың денесі жұмыр болып келетіндіктен 
типтің аталуы да солай. Жұмыр құрттар типінің негізгі сипаты: денесі 
бөлшектенбеген (сегменттелмеген); зәр шығару жүйесі дамымаған, зәрді 
денеден тері бездері шығарады, немесе протонефридияльды; қан айналу 
және тыныс алу жүйесі дамымаған; ас қорыту жүйесінде артқы ішегі және 
аналь тесігі дамыған; нерв жүйесі ортогонды, сезім мүшелері нашар 
дамыған; дара жыныстылар, жыныс жүйесінің құрылысы өте қарапайым. 
Жалпақ құрттар екі жақты симметрилы, үщ қабатты жануарлар. Құрттардың 
денесі ұзынша келген және арқа – құрсақ бағытында қысыңқы . Жалпақ 
құрттардың негізі ерекшелігі тері бұлшықет қапшығының болуында. Зәр 
шығару жүйесі – протонефридиялы. Қан айналу және тыныс алу жүйесі 
жоқ.Жыныс жүйесі гермафродитті. Іштей ұрықтануды қамтамасыз ететін 
мүшелер пайда болады. 


46.Кірпікшелі құрттар. Класстың сипаттамасы және системасы.
Еркін қозғалатын, теңіз және тұщы суда мекендейтін құрттар. Олардың 
денесі кірпікшелі эпителимен жабылған. Денесі созылыңқы, жапырақ тәрізді. 
Кейбір турбелляриде денесінің алдыңғы жағында екі кішкене қармалауыш 
тәрізді өсінділері болады. Денелері түссіз. Турбелляридің тері қабаттарында 
тері бездері болады. Ас қорыту жүйесі эктодермальды алдыңғы ішектен 
және тұйық бітетін ортаңғы ішектен тұрады. Артқы ішегі және аналь тесігі 
жоқ. Ауызы қоректі жұтумен қатар, қорытылмаған заттарды шығарады. Олар 
әртүрлі ұсақ жәндіктерді қорек етеді. Ауызы құрсағында орналасқан. Зәр 
шығару жүйесі – протонефридиялы. Теңіз турбелляриінде ерекше зәр 
шығаратын мүшесі жоқ, оларда қажетсіз зат алмасу өнімдерін сыртқа шығару 
қызметін паренхимадағы қозғалғыш клеткалар – амебоциттер атқарады. Қан 
айналу және тыныс алу жүйесі жоқ.Сезім мүшелері жақсы дамыған. 
Систематикасы
Ішексіз турбелляриялар отряды 
Макростомидтер отряды
Гнатостомулидалар отряды 
Көп тармақты ішекті турбелляриялар отряды 
Үш тармақты ішекті турбелляриялар отряды 
Тік ішектілер отряды 
Темноцефалида отряды 
Удонеллидтер отряды 


47.Кесірткелердің қаңқасының ерекшеліктері.
Қаңқасы 5 бөлімнен тұрады: бассүйек,омыртқа жотасы,иық белдеуі,алдыңғы 
аяқ,жамбас белдеуі+артқы аяқ,кеуде қуысы.Омыртқа жотасы: мойын, арқа-
бел,сегізкөз,құйрық тұрады.Қесірткелердің көпшілігі-нің нің омыртқа жотасы, 
процельдік омыртқалардан қалыптасқан Төменгі сатыдағы формаларының 
омыртқа денесі амфицельді, Омыртқа жотасы, амфибилерге қарағанда 
қозғалмалы болып, бес бөлікке бөлінген: мойын, арқа, бел, сегізкөз, қүйрық. 
48.Жалпақ құрттар. Типтің жалпы сипаттамасы және системасы. 
Жалпақ құрттар екі жақты симметрилы, үщ қабатты жануарлар. Құрттардың 
денесі ұзынша келген және арқа – құрсақ бағытында қысыңқы (жапырақ, 
тақта, таспа тәріздес). Жалпақ құрттардың негізі ерекшелігі тері бұлшықет 
қапшығының болуында. Бұлшықеттер бірнеше қабат түзе отырып (сақина 
тәріздес, ұзына бойы, қиғаш) эпителий астында жануарлардың денесін 
қаптайды. Жалпақ құрттар дың бәрі қуыссыз, паренхималы жануарлар. Ас 
қорыту жүйесі эктодермальды алдыңғы ішектен және тұйық бітетін ортаңғы 
ішектен тұрады. Артқы ішегі және аналь тесігі жоқ. Кейбір паразиттік 
түрлерінде (таспа құрттар класы) ас қорыту жүйесі толығымен жойылған. Зәр 
шығару жүйесі – протонефридиялы. Сыртқы ортамен протонефридиялар зәр 
шығарушы саңылаулармен байланысады.Қан айналу және тыныс алу жүйесі 
жоқ. Нерв жүйесі бас нерв түйінінен және одан денесінің арқы жағына қарай 
жүретін, өзара сақина тәріздес өсінділермен байланысатын нерв 
бағаналарынан тұрады. Жыныс жүйесі гермафродитті. Іштей ұрықтануды 
қамтамасыз ететін мүшелер пайда болады.
Бөлімі Вilateria – Екі жакты симметриялы 
Отряд Тгісlаdida – Үш тармақты ішектілер 
Өкілі Dendrоcoelum lacteum – Сүт түсті планария 
49.Құстар мен сүтқоректілердің тыныс алу жүйесі. Аскариданың дамуы. 


Құстардың тыныс алу жүйесі. Құстардың тыныс алу жүйесі өте күрделі 
құрылысты болып келеді.Құстарда сынар сақина тәрізді және жұп ожау 
тәрізді шеміршектерден түзілген жоғарғы көмекей және кеңірдектің екі 
бронхыға бөлінген жерінде төменгі көмекей болады.Төмеңгі көмекей тек 
құстарға ғана тән және ол дыбыс шығару қызметін атқарады.Құстардың өзіне 
тән ұсақ бронхы тармақтарынан қабырғасы жұқа, әрі созылмалы 5 жұп ауа 
қапшықтары түзіледі. Ауа қапшықтары ауаның сыйымдылығын 
арттырады.Ауа қапшықтары ішкі мүщелердің арасында орналасып,құс ұшқан 
кезде дене салмағын жеңілдетеді және жылудың реттелуін қамтамасыз 
етеді.Ауа қапшықтарындағы ауаның сыйымдылығы өкпеден 10 есе 
артық.Ауа қапшықтары мойын,бұғана. 
Сүтқоректілердің тыныс алу жүйесі. Ауа өтетін мүшелер мен өкпеден тыныс 
жүйесі құралады. Ауа өтетін мүшелерге танау тесіктері, жұтқыншақ, көмекей, 
кеңірдек, ауатамырлар жатады. Сүтқоректілер өкпесінің іші көптеген 
перделер арқылы қуыстарға бөлінген. Оларды өкпе көпіршіктері 
(альвеолдар) деп атайды. Өкпе көпіршектерінің сыртын қылтамырлар 
торлайды да, сол жерде газ алмасу жүреді. Кеуде қуысының кейде кеңейіп, 
кейде тарылуына сәйкес өкпеге ауа енеді және кері шығады. 
Аскарида (Ascarіdae) – жұмырқұрттар класына жататын дара жынысты құрт; 
нематод тұқымдасына жатады. Омыртқалы жануарларының ішек 
тоғышарлары. 
Негізгі аскарида туысына 18 түр жатады. ТМД-да 8 түрі бар. Оның 
кейбіреулері: адамда (Ascarіs lumbrіcoіdes), жылқыда (Parascarіs eguorum), 
қасқырда (Toxocara canіs), т.б. кездеседі.
Жұмыртқаның сыртта аралық иесінің қатынасуынсыз дамиды.
Әсіресе аскарида балалардың арасында көп тараған. Жануарлардың 
түрлеріне сәйкес, аскариданың да белгілі бір тұрі кездеседі. Өмірінің 
үзақтығы түріне қарай бірнеше айдан бір жылға дейін созылады. 
Аскаридалар бір жылдан артық өмір сүрмейді. Аскариданың патогендік 
маңызы, оның кеңінен таралуында. Әсіресе балалар организмінде жиі 
кездесіп, айтарлықтай залал келтіреді. 
50.Нематодтардың ас қорыту және зәр шығару жүйелері. 
Ac қорыту жүйесі ұзына бойы созылған тік түтік тәрізді, алдыңғы, ортаңғы 
және артқы ішектен тұрады. Ауыз тесігі дененің алдыңғы ұшында орналасып, 
көпшілік жағдайда ерекше өсінділер – еріндермен қоршалған: арқа және екі 


бүйірлік. Ауыз тесігі ауыз қуысымен жалғасады. Ауыз қуысының құрылысы 
әр түрлі. Ауыз қуысы өңешке ұласады. Өңеш үш қырлы, алдыңғы бөлімі 
қалың, бұлшыкетті, артқысы – безді. Өңештің кеңейген бөлімі бульбус деп 
аталады. Өңештің ортаңғы ішекке жалғасатын жерінде ерекше өсіндісі
болады. Ол ортаңғы ішекке еніп жатады да, ішек ішіндегі қоректік заттардың 
өңешке қарай кері қайтуына тосқауыл жасайды. 
Нематодтарда кірпікшелерінің жойылып кетуіне байланысты 
протонефридиялы зәр шығару жүйесі де жойылып, зәр шығару 
қызметінмойын безі деп аталатын бір клеткалы тері бездері және 
фагоцитарлы клеткалар атқарады. 
51.Дөңгелекауыздылар класының өкілі ретінде миноганың сыртқы пішіні мен 
құрылысы қандай.
Дөңгелекауыздылар класының өкілі ретінде миноганың сыртқы пішіні мен 
құрылысы қандай 
Миногалар сырт пiшiнi жағынан миксиндерге ұқсас . Бiрақта , миногалардын 
бiр немесе екi арқа жузу қанаттары болады . Ауызы воронка тәрiздi және 
аузының сыртқы жиегi мүйiзделiнген шашақтармен көмкерілген . Ауызында 
және тiлiнде көптеген , жетiле дамыған тістері бар . Олардын жалғыз танау 
тесiгi нің саңлауы , жұтқыншақпен жалғаспайтын, мұрынның -гипофиз 
қуысына ашылады . Денесiнiң екi жақ бүйiрiнде тесiгi сыртқа ашылған жетi -
жетіден желбезек қалталары болады . Миногаларда , кадiмгi екi көзіне қоса 
басының төбесінде , орналасқан үшiншi көзі бар . Үшінші көзінің көз бұршағы 
болмайды , ол көз тек жарықты сезеді . Миы сыртынан жарғақты қабық пен 
жабылған . Ми қуыстары кең . Жұлыннан шығатын жүйке тамырлары құрсақ 
жуйке тамырларымен жалғаспайды . Миноганың бауыры iшекпен тек 
дернәсiл кезiнде жалғасқан. Жыныс безi жалғыз және өзексiз . 
Нерв жүйесi. Барлық омыртқалылар сияқты олардың да бас миы бес 
бөлiмнен тұрады: алдыңғы, аралық, ортаңғы, мишық, сопақша ми. 
Көрсетiлген ми бөлiмдерi бiр тегiстiкте орналасқан және жоғары дамыған 
омыртқалылардiкi секiлдi олардың ми қыртысында иректерi болмайды. 
Аралық мидың үстiнде көру төбешiктерi мен эпифиз, ал оның төменгi 
жағында гипофиз орналасқан 


Қан айналу жүйесi. Басқа омыртқалылар сияқты дөңгелек ауыздыларда да 
жүрегi бар. Жүректiң жұмысын реттеп отыратын еттер көлденең салалы да, 
қантамырларының еттерi ұзын салалы болады. Жүрегi олардың екi 
камерадан (жүрекше, қарынша) тұрады.
Тыныс алу жүйесi. Негiзгi тыныс алу жүйесi – жұтқыншақ өсiндiсiнен түзiледi, 
сыртқы желбезек пластинкаларымен байланысқан. Сыртқы желбезек 
тесiктерi арқылы ашылған желбезек қапшықтарынан тұрады. Денесiнiң 
ұзына бойына бас бөлiмiнiң екi жағына 7 жұп желбезек тесiктерi ашылады.
Зәр шығару жүйесi. Негiзгi зәр шығару мүшесi бүйрек. Екi бүйрек арқа 
жағында хорданың астында орналасқан. Барлық дөңгелек ауыздылардың 
ұрықтарында алдыңғы бүйрек немесе пронефрос қызмет етедi. Ересек 
дөңгелек ауыздылардың зәр шығару жүйесi бүйрек каналдарынан тұрады, 
оны вольфов каналдары дейдi. Бұл каналдар зәр-жыныс қуысына барып 
ашылады. Ересек дөңгелек ауыздылардың көпшiлiгiнде бас бүйрек 
(пронефрос) күрделiрек дене бүйрегiне (мезонефрикалық) айналады. Дене 
бүйрегi дейтiнi ол басынан бастап, денесiнiң бiраз жерiне дейiн созылып 
жатады. 
Ас қорыту жүйесi. Ас қорыту мүшелерi ауыздан және жақсы дамыған ауыз 
қуысы мен үлкен тiлден басталады. Тiлдiң үстiнде тамақты ұстап алуына 
бейiмделген мықты мүйiз тiстерi жұтқыншақтан және iшектен құрылады. 
Жағы жоқ, аузы дөңгелек, ол жануарлардың денесiнiң қай жерiне болмасын 
сорып жабысып алуға бейiмделген. Жұтқыншақ iшекпен жалғасып, аналь 
тесiгiмен аяқталады. Дөңгелек ауыздыларда қарын жоқ. Қарыны 
дамымағандықтан өңеш бiрден iшекке келiп жалғасады. Миногаларда 
iшектiң iшкi қабырғаларында спираль тәрiздi қыртыстары болады, олар ас 
қорыту жүйесiнiң iшкi сiңiру бетiн ұлғайтады да, тамақтың iшек қуысынан 
өтуiн баяулатып, оның толық қорытылуына себепшi болады. Lшектiң 
алдыңғы бөлiмiнен бауыр дамиды, iшектiң алдыңғы бөлiмiне келiп 
құйылатын өтi бар, ұйқы безi жетiлмеген. Миногалардың iрi түрi балықтарға 
шабуыл жасап денесiн кемiрiп iшiне кiрiп барлық iшкi мүшелерiн жеп, 
зиянын тигiзедi. Миноганың ұсақ түрлерi судағы омыртқасыздармен 
қоректенедi 


Көбеюi. Жынысты жолмен көбейедi. Дөңгелек ауыздылар дара жынысты. 
Жыныс бездерi дара, көбею кезiнде дене қуысының көпшiлiк жерiн алып 
жатады. Бұл бездердiң арнаулы шығару түтiктерi болмайды. Жетiлген жыныс 
гаметалары бездерден дененiң қуысына құйылып одан арнаулы тесiктер 
арқылы зәр-жыныс қуысына құйылып, зәр түтiк өзегi арқылы суға шығып, сол 
жерде ұрықтанады 
Дамуы. Миногаларда даму түрленiп жүредi. Ұрықтанған жұмыртқалардан, 
ересек миногаларға ұқсамайтын құмқазғыш деп аталатын личинка шығады. 
Құмғазғыштар көпшiлiк уақытта топырақты қазып, соның iшiнде жатады. 
Олар бiрнеше жыл өмiр сүредi, (2-5 жыл) сол жылдардың iшiнде олар ересек 
миногаларға айналады. Құмқазғыш кейбiр белгiлерiнiң болуына қарағанда 
(эндостильдiң болуы) тiршiлк ету тәсiлдерiне қарағанда ланцетниктерге 
ұқсайды. Миксиндер қос жынысты (гермафродит) болады. Олар тура 
дамиды. 
52.Жорғалаушылардың бас қаңқасы мен омыртқа жотасының бөлімдері 
Жорғалаушылардың қаңқасы бес бөлімнен тұрады. Олар: бассүйек, омыртқа 
жотасы, иық белдеуі мен алдыңғы аяқтары, жамбас белдеуі мен артқы 
аяқтары және кеуде қуысы. Олардың қаңқасында алғаш кеуде қуысы пайда 
болған. Омыртқа жотасы – мойын, арқа – бел, сегізкөз және құйрық 
бөлімдерінен тұрады. Саусақтарының ұшында мүйізді тырнақтары бар. 
Күрделі қозғалыс жасауларына байланысты аяқтарында, жақсүйектерінде, 
мойнында және кеуде қуысында бұлшықеттері жақсы дамыған. Кеуде 
қуысындағы қабырғааралық бұлшықеттердің жиырылып – босаңсуына 
сәйкес, ауа өкпеге еніп, қайта шығады. 
Бауырымен жорғалаушылардың бас сүйегі негізінен қоректену сипатына 
және азық алу әдістеріне байланысты өзгерді. Ол қосмекенділердің бас 
сүйегінен салыстырмалы түрде ұзын тұмсықты құрайтын ұзартылған 
жақтарымен ерекшеленеді; қосмекенділердің кең және қысқа бас сүйегі 
олардың орофарингальды тыныс алу механизмі үшін қажет болды; сонымен 
бірге кең ауыз кішкентай олжаны оған лақтырылған кезде ұстауға көмектесті. 


Бас қаңқасы (бас сүйегі) : бас сүйек пен төменгі жақ сүйектерінен тұрады. 
Кесірткенің қаңқасының құрылысы 
Омыртқа жотасы 5 бөліктен құралған, олар мойын, арқа, бел, сегізкөз, 
құйрық омыртқалары Алғашқы екі мойын омыртқа басқаларынан ерекше, 
оларды атлант және эпистрофия деп атайды, олар кесірткенің басын жақсы 
қимылдатуға мүмкіндік береді Арқа және бел омыртқаларына қабырғалар 
жалғасады. Арқа омыртқаның алдыңғы жағында бес жұп қабырға жақсы 
жетіліп, екінші ұштары шеміршек арқылы төссүйекке жалғасады да 
кесірткеде кеуде қуысы пайда болады. Сегізкөзді құрайтын екі омыртқаға 
жамбастың сербек сүйектері жалғасады. 
53.Жұмыр құрттар. Типтің жалпы сипаттамасы, құрылыс ерекшеліктері. 
Негізгі өкілдері.
Жұмыр құрттардың көптеген түрлері теңіздер мен мұхиттарда, тұщы суларда, 
топырақта қозғалып өз бетімен тіршілік етсе, біразы өсімдіктермен 
жануарлардың, адамның паразиттері. Бұл құрттардың басты ерекшелігі ішкі 
мүшелерінің арасында дене қуысының болуы. Бұл қуыстың өзіндік 
қабырғасы болмағандықтан оны алғашқы қуыс немемесе схизоцель деп 
атайды. Денесінің ішкі қуысындағы сұйық заттың біркелкі қысымда болуы 
оның дене жұмырлығын тұрақты етеді. Типтің негізгі сипаты: денесі 
бөлшектенбеген, зәр шығару жүйесі дамымаған, зәрді денеден тері бездері 
шығарады, қан айналу және тыныс алу жүйесі дамымаған; ас қорыту 
жүйесінде артқы ішегі және аналь тесігі дамыған, нерв жүйесі ортогонды, 
сезім мүшелері нашар дамыған; дара жыныстылар, жыныс жүйесінің 
құрылысы өте қарапайым. 
Жұмыр құрттар типі 5 класқа бөлінеді: 

Нағыз жұмыр құрттар 

Құрсақ кірпікшелілер 



Киноринхалар 

Түкті құрттар 

Коловраткалар 
54..Нематодтар класы. Еркін тіршілік ететін және паразиттік нематодалардың 
құрылыс ерекшеліктері. Аскариданың құрылысы. 
Нематодтар өте кең таралған топ. Бұлардың денесі жіп тәрізді созылыңқы, 
цилиндр немесе ұршық тәрізді болып, ұштарына қарай сүйірлене түседі. 
Нематодтардың денесі сыртынан қалың кутикула қабатымен қапталған. 
Кутикула денені механикалық жарақаттанудан және улы заттардың әсерінен
қорғайды. Нематодтардың денесі арқа- құрсақ бұлшықеттерінің қарама – 
қарсы кезектесе жиырылуының нәтижесінде дорзо-вентральды бағытта ғана 
иіле алады, құрт оң және сол бүйірімен қоғалады. Ас қорыту жүйесі ұзына 
бойы созылған түтік тәрізді алдыңғы ортаңғы және артқы ішектен тұрады. 
Ауыз тесігі ерекше өсінділер – еріндермен қоршалған. Зәр шығару жүйесі –
мойын безі деп аталатын бір клеткалы тер бездері және фагоцитарлы 
клеткалар. Қан айналу және тыныс алу жүйесі дамымаған. Бүкіл денесімен 
тыныс алады. Топырақта және паразиттік тіршілік етуіне, тесу, қазу 
қозғалысына байланысты нематодтардың сезім мүшелері нашар дамыған. 
Нерв жүйесі ортогонды.Жыныс жүйесі дара жыныстылар. Адам Аскаридасы 
паразиттік түрде тіршілік етеді. Оның ұрғашысының ұзындығы 25 – 40 см, 
еркегінің ұзындығы 15 – 25 см-ге жетеді. Ұрғашысы тәулігіне 200 – 250 мың 
жұмыртқа салады. Сыртқы ортада 20 – 30°С жылылықта дамыған 
жұмыртқадан 10 – 15 күнде дернәсіл пайда болады.. 
55.Жыландардың қаңқасының ерекшеліктері Жүзім ұлуының қан айналу 
жүйесі. 
Жыландардың негізгі айырмашылық ерекшелігі – алдыңғы және артқы 
аяқтардың болмауы. Жыландардың бас сүйегінен, денесінен, құйрығынан 
және қабырғасынан тұратын қаңқасы бар. Торс бөлімі өте ұзартылған және 
басқа бауырымен жорғалаушыларға қарағанда әлдеқайда көп 
«бөлшектерді» қамтиды. Сонымен, оларда 140-тан 450-ге дейін омыртқа 
бар.


Жыланның қаңқасында төс сүйегі мүлдем жоқ. Әр омыртқадан екі жақта да 
бір-бірімен байланыспайтын қабырға пайда болады. Бұл үлкен тағамды жұту 
кезінде дененің көлемін бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді.
Омыртқалар мен қабырғаларды серпімді бұлшықеттер байланыстырады, 
олармен жылан денені тігінен де көтере алады. Магистральдың төменгі 
бөлігінде қабырға біртіндеп қысқарады, ал құйрықта олар мүлдем 
болмайды.
Жылан бас сүйегінің ерекше құрылымы бар. Егер омыртқа мен қабырғаның 
пайда болуы бүкіл субординарға тән болса, онда бас сүйек белгілі бір түрдің 
ерекшеліктерін ашады. Мысалы, сылдырмақты жыланның бас қаңқасы 
үшбұрышты болады. Питондарда бас сопақша түрінде ұзарып, сәл 
тегістелген, сүйектері шылдыр шоқ жыланға қарағанда едәуір кең.
Жүзім ұлуының қантарату жүйесі ашық. Алайда екі (бауыраяқтыларды) 
немесе үш қуысты (қосжақтаулыларда) «жүрек» болады. Көптеген 
былқылдақ -денелілердің қаны түссіз. Қанның түсі көгілдір (басаяқтылар) 
былқылдақденелілер де бар. Жүректің бір немесе екі жүрекшесі, бір 
қарыншасы бар. Жүректі жүрек қабы қаптайды 
56.Моллюскалар типі.Жалпы сипаттамасы және систематикасы.
Моллюскалардың 130 000- нан аса түрі бар. Мұхиттарда, теңіздерде, түщы су 
қоймаларында және құрлықта тіршілік етеді.Моллюскалар мынадай 
белгілерімен ерекшеленеді: денесі сегменттерге бөлінбеген; целом куысы 
личинка сатысында жақсы дамып ересек түрлерінде ол жүрек 
айналасындағы қапшық (перикардия), гонада куысы және саңылаулар , 
лакуналар түрінде қалған; ішкі мүшелерінің арасындағы бос қуыстар дәнекер 
ұлпалармен толған; екі жақты симметриялы жануарлар, бірақ бауыраяқты 
моллюскалар өкілдерінің бақалшағы оралуына , соған сәйкес дене 
мүшелерінің де оралуына байланысты, олардың денесі асимметриялы 
болып қалыптасқан. 
Моллюскалардың денесі бас, тұлға, аяқ немесе тек тұлға және аяқ 
(қосжақтаулылар класы) бөлімдерінен тұрады. Аяқ-бұлшықетті, бауыр 
жағына қарай жалпиып орналаскан, тұлға бөлімінің өсіндісі.Бұлшықеттерінің 
жиырылып созылып тұруы салдарынан моллюскалар субстрат бойымен баяу 
жылжиды.Моллюскалардың денесі кутикула қабатымен қапталынған, ал 
оның сыртын тек моллюскаларға тән, бірқабатты эпителиден құралған, 
мантия деп аталатын үлкен тері қатпаршағы жауып түрады. Мантия мен 


дененің аралығында мантия қуысы пайда болып, онда желбезектері, кейбір 
сезім мүшелері орналасады және бүйрек пен жыныс бездерінің, артқы 
ішектің тесіктері ашылады.
Моллюскалардың тағы бір ерекшелігі — бақалшақтың болуы. Ол мантия 
жабынында орналасқан көптеген түрлі бездердің шығарған секреттерінен 
түзіледі. Дененің сыртқы жағында орналасып, қорғаныш қызметін атқарады.
Басқа омыртқасыздардан ерекшеліктері — ас қорыту жүйесіндегі, 
жұтқыншақ бөлімінде, қоректі үсақтайтын ерекше аппарат- радула деп 
аталатын үккіштің болуы тән. 
Қан айналу жүйесі жүрекшелер мен қарыншадан түратын жүрегінің 
болуымен ерекшеленеді, қан айналу жүйесі ашық.
Тыныс алу жүйесі-ктенидиялар түрінде болады, бірақ кейбір түрлерінде олар 
жойылып, тыныс алу қызметін мантияның жұқа қабаты- өкпе атқарады. 
Зәр шығару жүйесінің қызметін жүрек маңы қапшығымен байланысқан түрі 
өзгерген бүйректер атқарады. 
Нерв жүйесі шашыранды-түйінді.
Моллюскалардың көпшілігі дара жыныстылар, гермафродиттер де кездеседі. 
Жыныс диморфизмі байқалмайды.Төменгі сатыдағы өкілдерінің 
жұмыртқасынан трохофора личинкасы, ал көпшілігінде түрі өзгерген 
трохофоралық личинка велигер шығады. 
Систематикасы: 
Тип – Моллюскалар 


Тип тармағы – Бақалшақтылар 
1.Класс – Тақтажелбезектілер
Отряд-Нағыз тақтажелбезектілер
Өкілі – Айқұлақ 
2.Класс – Бауыраяқтылар 
Класс тармағы - Өкпелілер 
Отряд- Сабақшакөзділер
Өкілі – Жүзім ұлуы 
3.Класс- Басаяқтылар 
Класс тармағы - Қосжелбезектілер
Отряд-Онаяктылар 
Өкілдері – Кальмар,Каракатица 
Отряд – Сегізаяқтылар


Өкілі- Осьминог 
Мантия мен дененің аралығында мантия қуысы пайда болады, онда 
желбезектері, кейбір сезім мүшелері (осфрадиялар) орналасады және 
бүйрек пен жыныс бездерінің, артқы ішектің тесіктері ашылады. Осы 
құрылымдар (жүрек пен бүйректердіқоса) мантия жинағы немесе мантия 
комплексі деп аталады. 
57.Сүліктер класы. Сүліктердің систематикасы, құрылысы, көбеюі және 
дамуы. Медициналық сүлік және оны пайдалану.
Сүліктер дене пішіні жағынан жалпақ құрттарға ұқсас. Денесі арқа-құрсақ 
жағына қарай қысылған, ұзындығы 20 см-ге дейін. Сүліктердің денесі 33 
сегменттен түзілген, олардың алдыңғы төртеу қосылып алдыңғы сорғышты, 
артқы жетеуі – артқы сорғышты құрайды. Параподиялары, қылтандары, 
қармалауыштары және желбезектері жоқ. Денесі тығыз кутикуламен 
қапталған, оның астын кілегейлі без клеткаларға бай эпителий астарлап 
жатады. Сүліктердің түсі – осы пигменттердің түсі. Эпителидің астында 
сақина тәрізді әрі өте күшті дамыған ұзына бойы бұлшықеттер орналасқан. 
Сонымен қатар дорзо-вентральды бұлшықетгері де бар. Жыныс жүйесі – 
гермафродитті. Барлық сүліктердің жұмыртқаның ұрықтануы іштей өтеді. 
Ұрықтанған жұмыртқаларын сүліктер пілләнің ішіне салады. Сүліктердің 
кейбір түрлерінде шағылыс мүшесі дамымаған. Бұл жағдайда 
сперматозоидтар безді заттардан түзілген сперматофора деп аталатын 
сопақша келген қалташаның ішіне шығарылады. 
Медицинада кейбір ауруларды сүлік салып емдейді. Мұны бделлотерапия 
деп атайды. Медициналық сүліктің гипертония, склероз, инсульт, көз, тері 
ауруларын емдеге қолданады. 
58.Медициналық сүлік және оны пайдалану.
Медицинада кейбір ауруларды сүлік салып емдейді. Мұны бделлотерапия 
деп атайды. Медициналық сүліктің гипертония, склероз, инсульт, көз, тері 
ауруларын емдеге қолданады. 


59..Аз қылтанды құрттар. Кластың жалпы сипаттамасы, биологиясы және 
маңызы. 
Олигохеттердің 3400-ге жуық түрі бар. Топырақта, тұщы суларда тіршілік 
ететін гермафродит буылтық құрттар. Жыныс жүйесі денесінің алдыңғы 
сегменттерінде жинақталған. Денесі созылыңкы, ұзындығы 0,5 ммден 3 
метрге дейін. Сегменттері біркелкі , саны 30-дан 600-ге дейін, кейде 7-9 
болады. Бас қалақшасында – простомиумда көздері, антенналары, 
пальпалары дамымаған. Сегменттеріндегі параподиялары жойылып, тек 
сирек орналасқан қылтандары сақталған, сондықтан құрттарды 
азқылтандылар деп атайды. Әрбір сегменттінде 8 дана қылтаны болады, 
олар бүйір және құрсақ жағында жұптасып жатады. Денесінің соңында аналь 
бөлімі – пигидиум орналасқан. Арқа мезентериясы жоқ. Іш қуысы 
целотелимен астарланған. Ас қорыту жүйесі дененің простомиум 
сегментінде орналасқан ауыз тесігінен басталып, ауыз қуысынан, 
жұтқыншақтан, өңештен (кейде жемсаудан), бұлшық етті қарыннан, ортаңғы 
және артқы ішектен, аналь тесігінен тұрады.Зәр шығару жүйесі 
метанефридиялы, сегменттеліп орналасқан нефридиялардан тұрады. Тыныс 
алуы бүкіл денесімен өтеді. Қан айналу жүйесі көпқылтандылардың жүйесіне 
ұқсас: арқа және құрсақ қан тамырларынан тұрады. Нерв жүйесі барлық 
буылтық құрттарға тән жұп жұтқыншақ үсті, жұтқыншақ асты ганглиядан, 
жұтқыншақ айналасындағы коннективтен және құрсақ нерв тізбегінен 
құралған. Жыныс жүйесі гермафродитті. 
60..Омыртқасыз жануарлардың зәр шығару системасының пайда болуы, 
дамуы, күрделенуі (протонефрия, метанефрия,целомодукт). 
Метанефридтер олар тек аннелидтер немесе құрттар, кейбір моллюскалар 
мен атроподтар тобына жататын омыртқасыздарда болатын экскреторлық 
бездің түрі.Протонефридий- жалпақ құрттар, аннелидтер – құрттардың басқа 
түрлері – және кейбір моллюскалар личинкалары сияқты жануарларда 
кездесетін нефридияның қарапайым және қарапайым түрі. Олар экскреция 
мүшесі ретінде жұмыс істейтін өте тармақталған соқыр түтіктер. Целомодукт 
– екінші қуыс немесе тұтасымен сыртқы ортамен байланысқан 
жануарлардағы каналдар. Олар ортаңғы ұрық жапырағынан, яғни 
мезодермадан дамиды Целомодукт — жыныс өнімдерін шығару.
61.Медициналық сүліктің қан айналу жүйесі. 


Қан айналу жүйесі целомға байланысты әр түрлі құрылысты. Қылтандылар 
отрядының өкілдерінде целом қуысы сақталып, ішіндегі жатқан ұзын арқа 
және құрсақ қан тамырлары сақиналы тамырларымен жалғасып, 
тұйықталған. Тұмсықты сүліктер отрядының өкілдерінде целом қуысы 
редукцияланып, оның қалдығы 4 ұзына бойы созылған түтіктер немесе 
лакуналар түрінде болады: арқа, құрсақ және екі бүйірлі. Олар бір-бірімен 
көлденең сақиналы өзектер торымен байланысады. Сонымен, сүліктерде қан 
айналу жүйесі мен целомның арасындағы байланыс субституцияға 
негізделген. Демек, пайда болу жолы әр түрлі, бірақ физиологиялық 
жағдайы бірдей екі мүшенің алмасуы – бір мүшенің жойылып, оның орнына 
екінші мүшенің ауысуы.
62.Омыртқалылар тип тармағының кластарының жамбас белдеуінің 
бөлімдері 
Құстың беломыртқалары, сегізкөз бен құйрықтың алдыңғы омыртқалары бір-
бірімен және жамбас сүйектері тұтасып, қозғалмайтындай болып 
байланысады.
Дөңгелекауыздылардың жамбас белдеуі артқы аяқпен байланысқан. 
Жамбас белдеуі екі жамбас сүйегінен тұрады. 
Қомекенділердің жамбас белдеулері балықтардікі мен салыстырғанда 
әлдеқайда жақсы дамыған. Жамбас белдеуі үш сүйектен қалыптасқан. Ұзын 
мықын сүйегі (подвздошной), шап сүйегі (лобковый), шонданай сүйегі 
(седалешной). Осы сүйектердің ұштары түйісіп, жамбас шұңқырын құрайды. 
Жамбас белдеуі өзінің ұшымен сегізкөз омыртқасымен жалғасады. 
Сондықтан қосмекенділердің артқы аяғы, балықтардың бауыр жүзгіш 
қанаттарынан гөрі бекіністері мен сүйеніштері әлдеқайда мықты болады. 
Бауырымен жорғалаушылардың жамбас белдеуі мықын сүйектен шонданай 
сүйегінен (іsсһіиm) және шап сүйегінен тұрады. Бұлардың бір жақ ұштары 
түйісіп келіп, ортан жіліктің басы еніп тұратын шұңқырды құрайды. Мықын 
сүйегі екі жағынан да сегізкөз омыртқаларының көлденең өсінділеріне 
бекінеді. Оң және сол жақ мықын сүйегі мен шап сүйектері өз ара 
байланысады. 
63.Жауын құрты. Ет-тері қапшығының құрылысы, жылжу маңызы. 


Жауынқұрты, шұбалшаң – жерқұрттары, азқылтанды құрттар туыстасына 
жататын құрттар тобы, өз құрамына әдетте ірі топырақта мекендейтін түрлері 
енеді. Тропикалық ірі түрлерінің дене ұзындығы 2,5 м дейін. Дене 
буылтықтарының саны 80 нен 450 дейін. Әр бір буылтықта жорғалауға 
көмектесетін 8 ден бірнеше оншақты қылтандар бар. Шұбалшаңның арнайы 
тынысалу мүшесі болмағандықтан, денесін қаптаған ылғалды жұқа қабықша 
арқылы газ алмастырады. Шұбалшаңның әрбір буылтығында екі-екіден 
орналасқан кішкене ақ имек түтікшелер – зәршығару мүшесі. Имек 
түтікшенің бір жағы шұқырақ тәрізденіп дене қуысына, екінші жағы келесі 
буылтық арқылы сыртқа ашылады. 
64.Сүтқоректілердің экологиясы 
Сүтқоректілер экологиясы экологияның бір саласы . Бұл салада экожүйедегі 
популяцияның тірші лік ету заңдылықгары анықталып , жануарлардың 
қоршаған ортаға бейімделуі зерттеледі 
Сүтқоректілер омыртқалы жануарлардың ең жоғарғы сатыда дамыған тобы. 
Оларда нерв жүйесі жақсы дамыған. Балаларын тірі туып, сүтпен асырайды. 
Дене температурасы тұрақты. Ұрпақтарына қамқорлық жасайды. Міне, осы 
ерекшеліктер олардың жер шарында кең таралуына мүмкіндік береді. 
Оларды ағаш басында да, жер үстінде де, жер астында да, ауада да, суда да 
көруге болады. Демек аңдардың тіршілік ортасы әралуан. Олардың дене 
пішіндері де осы ортаға тіршілік етуге бейімделген. Кит лен тюленьдердің 
тіршілігі суда өтсе, ал қолқанаттылар ауада ұшуға бейімделген. Олардың 
қоректену тізбегі де жөніне қарай әртүрлі: біреулері өсімдік тектес азықпен, 
басқалары жануар тектес азықпен, үшіншілері жыртқыш — шабуыл жасаумен 
күн көреді, ал , пирматтар, жыртқыштар, кемірушілер азық талғамай 
қоректене береді. 
Жануарлардың ішінде адамдарға ең жақыны сүтқоректілер. Олардың ішінен 
15 түрі үй жануарлары, сонымен бірге 20 түрі клеткада өсірілетін құнды терілі 
аңдар және лабораториялық (тышқаңдар, егеуқұйрықтар, теңіз шошқалары 
т.б.) жануарлар. Сүтқоректілердің ішінде пайдалы жануарлармен бірге 
адамдар мен үй малдарына шабуыл жасайтын ауру тарататын егіс бақ 
шаруашлығына зиянын тигізетін жануарлар да бар.


Сүтқоректілер немесе аңдар класыннң өкілдері адамдар өміріне өте 
маңызды. Тұяқтыларды өсіру мал шаруашылығының негізін қалайды, 
жыртқыштар мен кеміргіштер аң шаруашылығында пайдаланынады. Қазір 
респулбикамьпда сүтқоректілердің 60-тан астам түрі кәсіптік маңызда 
ауланып, халық шаруашылығына айтарлықтай үлес қосуда.
65.Жыныс жүйесі 9-15-ші сегменттер аралығында орналасқан жануар.
Жауын құртының жыныс жүйесі денесінің 9-15-шы сегмснттер аралығында 
орналасқан. Аталық бездері ұсақ денелер түрінде 10-шы және 11-ші 
сегменгтерінде капсуланың (қабығы) ішінде жұптасып орналасқан. 
Капсуланы диссепиментіпен түзілген үш жұп аталық қапшығы орап жатады. 
Аталық безінде қалыптасқан сперматозоидтар капсула арқылы аталық 
қапшығына өтіп, онда пісіп жетіліп, қайтадан капсулаға түседі. 
Сперматозоидтардың сыртқа шығуына арнайы тұқым жолдары қатысады. 
Олардың бір ұшы кірпікшелі воронка тәрізді кеңейіп капсуланың ішіне 
ашылады, ал екінші ұшы 15-ші сегментте жыныс тесігімен аяқталады. Аналық 
жүйесі тұқым бездерінен және тұқым жолдарынан құралған. Екі аналық безі 
13-ші сегментте орналасып, тұқым жолы 14-ші сегментге жыныс тесігімен 
сыртқа ашылады. 
Аналық жыныс жүйесіне ұрық қабылдағыш қапшығы да жатады. Олар екі 
жұп терең тері ойығы түрінде 9-10-шы сегменттерінде орналасқан. Шағылыс 
кезінде басқа құрттың сперматозоидтарын жинайды.
66.Нерейданың бас бөлімінің және параподияның құрылысы. 
Нереида. Теңіз түбіндегі тұнба немесе құмнан ін қазып тіршілік етеді. Басқа 
көпқылтаңды құрттар секілді денесі созылыңқы, өте көп буылтықты және 
буылтықтарында шоқтанып орналасқан қылтанды болып келеді.
Денесі шамамен үш бөліктен тұрады: басқы бөлігі, көптеген буылтықтардан 
құралатын тұлға бөлігі және қысқалау келген аналь бөлігі.


Бас бөлігі бастан және ауыздан құралады. 
Нереидтің басында көздер – екі жұп сияқты. Сондай-ақ, құрттың бас 
бөлігінде шұңқырлар, екі бөліктен тұратын пальмалар бар. 
Бас бөлімі екі пигменттен тұрады : ауыз алды немесе бас – қалқаншасы 
простомиум және ауыз сегменті – перистомиум . 
Простомиумда көру мүшелері, антенна және пальпалары орналасқан, ал 
перистомиумда – ауыз тесігі және бірнеше мұрт¬шалары – цирралары.
Тұлға бөлімі біркелкі гомономды сегменттерден тұрады, олар¬дың 
әрқайсысының бүйірінде метамерлі және жұптасқан өсінділер немесе 
параподия деп аталатын жалғанаяқтары орналасады. 
Параподия екі мүшеленбеген бұтақшадан тұрады : арқа нотоподия және 
құрсақ невроподия.
Параподидің арқа және құрсақ бөліктерінде мұртшалары цир¬ралары және 
қылтандары шоғырланған. 
67.Омыртқалылар тип тармағының кластары өкілдерінің иық белдеуінің 
бөлімдері. 
Омыртқалылардың денесінде бас, мойын, тұлға, құйрық және екі жұп 
аяқтары болады. 
Қосмекенділер. Қаңқа бөлімдері 


- 4 (бассүйек, омырқа жотасы, иық белдеуі мен алдыңғы аяқтары, жамбас 
белдеуі мен артқы аяқтары) Иық белдеуі тұрады 
-бұғана, қарға сүйек және жауырыннан. Алдыңғы аяқтары тікелей иық 
белдеуімен байланысқан.
Жорғалаушылар. Қаңқа бөлімдері 
- бас сүйек, омыртқа жотасы, иық белдеуі мен алдыңғы аяқтары, жамбас 
белдеуі мен артқы аяқтары мен кеуде қуысы (5 бөліктен)Иық белдеуі үш 
сүйектен қалыптасқан: каракоид, жауырын және жауырын үсті шеміршек. 
Құстар. Қаңқа бөлімдері 
- бассүйек, омыртқа жотасы, иық белдеуі мен қанат,жамбас белдеуі мен 
артқы аяғы, кеуде қуысы. Иық белдеуі жауырыннан, каракоидтан және 
бұғанадан құралады. Бұлардың жоғарғы жақ бастары түйісіп келіп тоқпан 
жілік бекитін ойықты қалыптастырады. Құстардың оң және сол жақтағы 
буғаналары бірігіп кетеді, мұны «айыр» сүйек деп атайды. Ол иық белдеуіне 
серпімділік қасиет береді. 
Сүтқоректілер. Қанқасы 
-бас сүйек,омырқа жотасы мен кеуде қуысы,иық белдеуімен алдыңғы аяқ, 
жамбас белдеуімен артқы аяқ. Сүтқоректілердің иық белдеуінің құрылысы 
айтарлықтай күрделі емес. Ол қарға сүйегі бітісіп кеткен жауырыннан және 
бұғанадан құралады. Сиырда (жалпы тұяқтыларда), итте бұғана сүйек 
болмайды, ал төрт аяқпен де, тік те қимылдай алатын сүтқоректілерде 
(көртышқан, жарғанат, мысық, аю, маймыл, адам) иық белдеуі бұғана 
арқылы жалғасады. Жұмыртқалаушы сүтқоректілердің (үйрек тұмсық, түрпі) 
қарға сүйегі де болады. 
68.Буылттық құрттар типі. Жалпы сипаттамасы және системасы. 


Буылтық құрттар (лат. Annelida) – омыртқасыз жануарлардың ішіндегі үлкен 
бір типі. Қазіргі уақытта 9 мыңдай түрі белгілі. Буылтық құрттар 2 тип 
тармағына бөлінеді: белдеусіздер және белдеулілер. 
• 
Белдеусіздердің 1 класы – көпқылтанды құрттар 
• 
Белдеулілердің 2 класы – азқылтанды құрттар және сүліктер бар. 
Буылтық құрттарда екі жақты симметриялы, сегменттелген, ішкі сұйыққа 
толы өзіндік қабатының болуымен ерекшеленетін целом қуысы болады. 
Қан айналу жүйесі көпшілігінде тұйық біткен, ол арқа қан тамырынан (қан 
арттан алға қарай ағады) және құрсақ қан тамырынан (қан алдан артқа қарай 
ағады) құралады. Терісімен, ал кейбір түрлері желбезек арқылы тыныс 
алады. Ас қорыту жүйесі алдыңғы, орта және аналь саңылауымен аяқталатын 
артқы ішектен құралады. Зәр шығару жүйесі – метанефридиялы (әрбір 
сегментінде орналасқан қос түтікшелер арқылы зәр шығару), кейбір 
түрлерінде протонефридиялы (қарапайым немесе тармақталған каналдар 
арқылы зәр шығару). Буылтық құрттардың көпшілігі – гермафродитті, ішінде 
дара жыныстылары да бар. Төм. Сатыдағы өкілдерінің дамуы метаморфоз 
арқылы жүреді. Олардың дернәсілін – трохофера деп атайды. Буылтық 
құрттар теңізде, тұщы суда, топырақ арасында тіршілік етеді. Олар 
Қазақстанның барлық аудандарында кездеседі. Паразиттік тіршілік 
ететіндері де бар. Көптеген түрлерімен балықтар қоректенеді. Буылтық 
құрттарға жататын Жауын құрты топырақты құнарландырады, ал сүлік 
медицинада қолданылады. 
Тип Аппеlіda – Буылтық құрттар
Тип тармағы Сlitellata – Белдіктілер 
Класс Оligochaeta – Азқылтандылар 


Отряд Lumbricomorpha – Люмбрикоморфа 
Өкілі Lumbricus terrestris – Жауын кұрты 
69.Буынаяқтылар. Типтің жалпы сипаттамасы және систематикасы. 
Буынаяқтылар (Arthropoda) — омыртқасыз жануарлар типі. Олар теңіз, мұхит 
суларында, өзен мен көлдерде, топырақта, үңгірлерде, орманда, ашық 
далада, шөлді жерлерде тіршілік етеді. 1,5 млн-нан аса түрлері белгілі. 
Буынаяқтылар 4 тип тармағына бөлінеді: желбезектыныстылар (Branchіata), 
хелицералылар (Chelіcerata), трилобиттәрізділер (Trіlobіtomorрha), 
кеңірдектыныстылар (Tracheata). Бұлардың дене құрылысы айқын 
сақиналарға жіктелген, 2 жақтаулы симметриялы. Аяқтары буын-буынға 
жіктелгендіктен Буынаяқтылар болып аталған. Денесі бас, көкірек және 
құрсақ бөлімдерінен тұрады. Дене сыртын хитин қабығы (кутикула) жабады. 
Ол қорғаныш әрі сыртқы қаңқа қызметін атқарады, оған бұлшық еттері 
жабысып бекиді. Буынаяқтылардың жүйке жүйесі жұтқыншақ маңындағы 
ганглиядан және құрсақ тізбегінен тұрады. Сезім органдары — иіс, дәм сезу 
мүшелері жақсы жетілген. Буынаяқтылардың өздігінен көре алатын фасетті 
көздері және тек жарықты сезе алатын көзшелері болады. Аяқтарының 
буындардан тұруы олардың жүрісін бағыттап отыруға, алуан түрлі күрделі 
қимылдар жасауға мүмкіндік береді. Қан айналу жүйесі ашық, жүрегі көп 
камералы. Буынаяқтылар денесіндегі целом қуысы, алғашқы қуыспен бірігіп 
кетіп, дененің тұрақты қуысын (миксоцель) құрайды, мұны аралас қуыс 
дейді. Тыныс алу жүйесі — желбезектерден (суда тіршілік ететіндерде), өкпе 
мен кеңірдектен (құрлықтағыларында) тұрады. Ас қорыту жүйесі ауыз 
қуысынан басталып, аналь саңылауымен аяқталады. Алдыңғы, ортаңғы және 
артқы (без қызметін атқаратын мальпигий түтік тәрізді өсінділерін түзеді) 
ішектері болады. Зәр шығару жүйесі суда тіршілік ететіндерінде көкірек 
аяқтарының түп жағында, ал құрлықтағыларында мальпиги түтігінде (артқы 
ішектің түтік тәрізді өсіндісі) орналасқан. Буынаяқтылар дара жынысты, 
кейбір түрлері жыныссыз (партеногенездік) жолмен көбейеді. 


Буынаяқтылардың маңызы өте зор. Мысалы, кейбір шаянтәрізділер тағам 
ретінде пайдаланылады, жібек құртынан өнеркәсіп шикізаты алынады. 
Олармен балықтар, сүтқоректілер қоректенеді. Кейбір түрлері улы келеді 
(қарақұрт, бүйі, шаян, т.б.). 
Тип Агtһгороda – Буынаяқтылар 
Тип тармағы Вгаnсһіаtа – Желбезектыныстылар
Класс Crustacea – Шаянтәрізділер 
Класс тармағы Маlаsсоstгаса – Жоғарғы сатыдағы шаянтәрізділер
Отряд Dесароda – Онаяқтылар 
Өкілі Роtаmobius аstacus – Өзен шаяны 
70.Омыртқалылар тип тармағының кластарының омыртқа жотасының 
бөлімдерін салыстыр.
Балықтар. Омыртқа жотасы – тұлға және құйрық бөлімдерінен құралады. 
Қосмекенділер. Омыртқа жотасы – мойын, тұлға, сегізкөз және құйрық 
бөлімдеріне бөлінген. Мойын мен сегізкөз бөлімдерінде бір ғана 
омыртқадан болады. 
Жорғалаушылар. Омыртқа жотасы – мойын, арқа-бел, сегізкөз және құйрық 
бөлімдерінен тұрады. 
Құстар. Омыртқа жотасының арқа, бел, сегізкөз бөлімдері жамбас 
сүйектерімен тұтасып, құстарға тән күрделі сегізкөзді құрайды. Омыртқа 
жотасының мойын бөліміндегі омыртқалар бірімен-бірі өте қозғалмалы 
байланысқан 
Сүтқоректілер. Омыртқа жотасы — мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйрық 
омыртқаларынан құралады. Мойын омыртқаларының саны әрқашан тұрақты 


болады. Алдыңғы екі мойын омыртқасын — ауыз омыртқа (атлант) және 
эпистрофей деп аталады. Мойын омыртқасы жеті омыртқадан тұрады. 
71.Антенальды және максиллярлы бездер кімдерде кездеседі 
Шаянтәрізділерде 
Шаянтәрізділердің зәр шығару жүйесі екі жүп безді мүшеден тұрады: 
антеннальды және максиллярлы. Антеннальды бездер жоғарғы сатыдағы 
шаяндарда болады, ал қалғандарында – максиллярлы, тек Leptostraca 
отрядының өкілдерінде зәр шығару бездерінің екеуі де болады. Безді 
мүшелер түрі өзгерген целомодукталар. Антеннальды және максиллярлы зәр 
шығару жүйесінің құрылысы ұқсас. Әр мүше қапшықтан және одан 
басталатын, безді қабырғалары бар, иілген түтікшеден тұрады. Түтік бірнеше 
иірім жасап кеңейген қуысқа – қуыққа ашылады. Қуық қысқа өзегімен 
антенналарының түбінде (антеннальды без) немесе П-ші максиллаларының 
(максиллярлы без) түбіңде ашылады 
72.Бас сегменттерімен санағанда жалпы 18 – ге тең сегменттері бар 
жануарлар. 
Шаянтәрізділердің әр түрлі формаларында кеуде және құрсақ сегментерінің 
саны бірдей емес, тек жоғарғы сатыдағы шаяндарда (класс тармағы – 
Malacostraca) сегменттер саны тұрақты: кеуде бөлімінде – 8, құрсақ 
бөлімінде – 6. Бас сегменттерімен бірге санағанда жалпы саны 18-ге тең. 
Құрсақ бөлімінде аналь тесігімен аяқталатын аналь қалқаны немесе 
тельсоны бар. Кейбіреулерінің тельсонында айырша немесе фурка жасайтын 
жұп өсінділері орналасады.
73.Алғашқы аңдар класс тармағына сипаттама, отрядтары.
Алғашқы аңдар (лат. Prototheria) — қазіргі сүтқоректілердің ең қарапайым 
және алғашқы класы. 
Үйректұмсық 
Оларды кейде жұмыртқа салушы сүтқоректілер деп те атайды. Бұдан 1,8 
млн.-10 000 жыл бұрын тіршілік еткен. Алғашқы жануарлардың қаңқа 


қалдықтары Аустралиядағы тау жыныстарының арасынан табылған. Алғашқы 
жануарлардың көптеген белгілері (бас сүйегінің шеміршекті болуы, 
жүрегінің, миының құрылысы т.б.) бауырымен жорғалаушыларға ұқсас 
болған. Дене тұрқының ұзындығы 30-80 см. Ересектерінің тістері, қарнында 
ас қорыту безі болмаған. Ішегі, зәр және жыныстық мүшелері тікелей 
клоакаға ашылады. Дене температурасы басқа сүтқоректілермен 
салыстырғанда біршама төмен болады (250-360 0С). 1 не 2 жұмыртқа салып 
көбейеді, ұрпағын сүтпен асырайды. Сүт бездері түтік пішінді келеді. Оның 
өзектері жеке-жеке құрсақ жағына қарай ашылып, ұрпағы ондағы сүтті жалап 
қоректенеді. 
Алғашқы жануарлар 3 отрядқа жіктеледі. Оның 2 отрядының 
(көпбұдыртістілер, үшбұдыртістілер) өкілдері жойылып кеткен. Қазіргі кезде 
жұмыртқа салушылар отрядына жататын ехидна, проехидна (лат. Zaglossus) , 
үйректұмсық тәрізді түрлері Аустралияда, Тасмания және Жаңа Гвинея 
аралдарында тіршілік етеді. Олар терісі бағалы болғандықтан ауланады.
Оларға келесі ерекшеліктер тән: 
Жұмыртқа салу арқылы көбею 
Клоаканың болуы 
Иық белдеуінің құрылысы бауырымен жорғалаушылардікіне ұқсас 
Етті еріндерінің болмауы, оның орнына құстардікіне ұқсас мүйізді 
тұмсықтарының болуы 
Арнаулы емшегінің болмауы, сүт тамшыларының, шұрықтардың шығуы. 
74.Буынаяқтылардың асқорыту зәр шығару жүйесі.(Шаянтәрізділер,өрмекші 
тәрізділер, насекомдар).
Ас қорыту жүйесінде буылтық құрттардікі сияқты үш бөлімі бар: алдыңғы, 
ортаңғы және артқы ішек. Алдыңғы және артқы ішегі эктодермальды, ішкі 
жағынан хитинді кутикуламен, ал ортаңғы – энтодермальды ішегі безді 
эпителиальды клеткалармен астарланған. Ас қорыту жүйесіне түрліше 
ферменттер бөлетін қосалқы бездері де жатады. Зәр шығару жүйесі бір 
түрлерінде буылтық құрттардың түрі өзгерген метанефридиясына ұқсас 
болса, екіншісінде – Мальпиги түтігі түрінде болады. Олар антеннальды және 
максиллярлы (шаянтәрізділерде), коксальды бездер (өрмекшітәрізділерде), 
Мальпиги түтікшелері (насекомдарда, көпаяқтыларда, кейбір 
өрмекшітәрізділерде).


Шаянтәрізділердің асқорытуы 
Ac қорыту жүйесі жақсы жетілген. Ішегі тік немесе аздап иілген түтік түрінде 
болып, алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектерден тұрады. Аналь тесігі 
тельсонның құрсақ бөлімінде орналасқан. Ішектің алдыңғы және артқы 
бөлімдері сыртқы хитинді кутикуланың жалғасымен қапталған, яғни 
эктодермальды. Түлеу кезінде осы кутикулалар да жаңарып ауыз және аналь 
тесігі арқылы түтік түрінде шығады. Жоғарғы сатыдағы шаянтәрізділердің 
(Decapoda – отряды) алдыңғы ішегі кеңейіп қарынға айналған. Ол 
кардиальды немесе шайнағыш және пилорикалық бөлімдерге ажыраған.
Шаянтәрізділердің зәр шығару жүйесі екі жүп безді мүшеден тұрады: 
антеннальды және максиллярлы. Антеннальды бездер жоғарғы сатыдағы 
шаяндарда болады, ал қалғандарында – максиллярлы, тек Leptostraca 
отрядының өкілдерінде зәр шығару бездерінің екеуі де болады. Безді 
мүшелер түрі өзгерген целомодукталар. Антеннальды және максиллярлы зәр 
шығару жүйесінің құрылысы ұқсас. Әр мүше қапшықтан және одан 
басталатын, безді қабырғалары бар, иілген түтікшеден тұрады. Түтік бірнеше 
иірім жасап кеңейген қуысқа – қуыққа ашылады . Қуық қысқа өзегімен 
антенналарының немесе П-ші максиллаларының (максиллярлы без) түбіңде 
ашылады 
Өрмекші тәрізділердің асқорытуы 
Ac қорьпу жүйесі эктодермальды алдыңғы, энтодермальды ортаңғы және 
эктодермальды артқы ішектен құралған. Алдыңғы және артқы ішектері 
қысқа, ортаңғысы ұзын. Алдыңғы ішегі әдетте кеңейген, кутикуламен 
астарланған және күшті бұлшықеттермен қапталынған, сұйық асты соруға 
бейімделген (насостың қызметін атқаратын) жұтқыншақ пен қарыннан 
тұрады. 
Зәр шығару жүйесі Мальпиги түтікшелері және коксальды бездері жатады. 
Мальпиги түтікшелері энтодермальды ортаңғы ішектен пайда болып, 
ортаңғы мен артқы ішектің шекарасында орналасып, бір жағы тұйықталып 
екінші жағымен ас қорыту жолына ашылады. Олар жалпақ эпителий 
қабатымен астарланған, клеткаларында және түтікше қуысында көптеген 
гуанин дәндері болады. Гуанин өрмекшітәрізділердің зәр шығаруының 
негізгі өнімі, сыртқа сұйық түрінде емес, құрғақ кристалл түрінде 


шығарылады. Бұл құрлықта тіршілік етуіне байланысты ішкі ылғалды 
үнемдеуге бағытталған. Мальпиги түтікшелері тек ересек түрлерінде болады. 
Насекомдардың ас қорытуы. 
Ас қорыту жүйесі. Насекомдардың ішегі барлық буынаяқтылардікі сиякты үш 
бөлімнен құралған: алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектен. Алдыңғы және 
артқы ішегі эктодермальді, яғни эмбриональді даму кезінде ұрықтың сыртқы 
(эктодерма) жагіыракдіасы ауыз және аналь тесігі арқылы ішке қарай ойысып 
алдыңғы және артқы ішек бөлімдерін құрайды. Олар хитинді кутикуламен 
астарланған. Ортаңғы ішек энтодермальді, ішкі (энтодерма) ұрық 
жапырақшасынан түзіліп, эпителиальді клеткалармен астарланған. 
Зәр шығару жүйесі. Насекомдардың зәр шығаруын бірнеше тҮ'йнділер 
атқарады, олар — мальпиги түтікшелері, май денелері, перикардиальді 
клеткалар немесе нефроциттер және фагоцитарлық мүшелер.
75.Бауыраяқты молюскалар.Кластың құрылыс ерекшеліктері, системасы, 
Көбеюімен дамуы.Маңызы. 
Бауыраяқтылардың немесе ұлулардың 90000-нан астам түрі бар, көпшілігі 
теңіздерде, сондай-ақ түщы сулар мен қүрлықта және паразиттік тіршілік 
ететін түрлері де бар. Бауыраяқтылардың дене пішіні алуан түрлі, 
көпшілігінің денесі үзынша және арқа жағы томпайып шығыңқы болып 
келеді. Жақсы жетілген басының бауыр жағында аузы, арқа жағында 1—2 
жүп қармалауышы мен жүп көздері орналасқан. Екі жүп қармалауыштың 
бірінші жүбы сипап сезу қызметін атқарады, ал артқы қармалауыштың 
үстінде көзі орналасады. Басының алдыңғы бөлігі анда-санда ұзын түмсықша 
ретінде созылып түрады.Дамуы. Бауыраяқтылардың сырттай ұрықтануымен 
қатар (қарапайым түрлерінде), көпшілігінде іштей үрықтану дамып 
қалыптасқан. Ж үмыртқаларын денесінен бөліп, ауада тез қатпайтын сүйық 
заттың — пілләнің ішіне салады. Жүмыртқаның бөлшектенуі көпқылтанды 
қүрттардікі (Polychaeta) сияқты толық, біркелкі емес, спиральді, 
детерминативті. Бүларда да төрт макромен микромерлері күралады (А,В,С,Д 
және a,B,c,d) және Д бластомерадан, оның 4d үрпағынан мезодерма 
қалыптасады. Маңызы.Бауыраяқгылардың беретін өнімдері баскд 
моллюскалармен салыстырғанда онша үлкен емес. Көптеген теңіз 
алдыңғыжелбезектілер (Prosobranchia) жеуге жарамды, мысалы, жағалық 
үлу – Littorina, түтікті үлу — Buccinum undatum, пателлидалар – Patella. Еуропа 


елдерінде жүзім ұлуын (Helix pomatia) тамаққа қолданады. Бүл мақсатта 
оларды арнайы ұлу шаруашылығында өсіреді. Негізінде жүзім ұлуы ауыл 
шаруашылық зиянкесі болып есептеледі.
76.Жорғалаушылар мен құстардың ортақ белгілері мен айырмашылықтары.
Құстардың дене қызуы Жорғалаушыларға қарағанда өте жоғары . Ол 
көбінесе 42 ° С жуық , біраз түрлерінде ол 39 ° С төмендейді , кейде ол 45 
және 45,5 ° С жетеді . Құстардың басқа биологиялық ерекшеліктері мен 
құрылысы , оның көбею ағзаларында байқалады . Жорғалаушылармен 
салыстырғанда , оның біріншіден , көбею қарқындылығы төмен , екіншіден , 
көбеюге жалғасты биологиялық құбылыстары , әрі ұрпаққа деген қамқорлық 
ерекшеліктері де күрделі . Кейінгі өсімталдығының төмендігін түсіндіреді . 
Құстардың біртіндеп тарихи дамуы , олардың ұшуға бейімделу қабылеттілігін 
алуымен тығыз байланысты екенін көрсетеді . Құс организмінде негізгі 
биологиялық , анатомиялық белгілерінің пайда болуы олардын 
жылжымалылығы пайда болып , дамуымен , қозғалу қабылетінің 
жақсаруымен бірге жүруi керек еді . Құстардың жүйке жүйесі бауырымен 
жорғалаушылардың ми қарағанда әлдеқайда жоғары ми мөлшері, ең 
алдымен ерекшеленеді. Оның салмағы ratites жылы 0.05-0.09% (салмағы 
бойынша) және ұшатын құстардың өкілдері 0,2-8% құрайды. Құстардың Bark 
алдыңғы тамтығы немесе мұрасы болып табылады. Бауырымен 
жорғалаушылар Ол салдарынан жыныс иістің пайда болуына жақсы дамыған 
77.Тимпанальды мүшенің қызметі және ол кімдерде кездеседі? 
Тимпанальды мүше (немесе тимпаникалық орган) – бұл есту мүшесі 
жәндіктермембранадан тұрады (тимпанум) ауа қапшығымен тірелген және 
байланысты рамка бойымен созылған сенсорлық нейрондар 
Тимпанальды органдар жәндіктердің кез келген бөлігінде кездеседі: көкірек, 
қанаттың негізі, ішжәндіктер тобына байланысты, аяқтар және 
т.б.Құрылымдар бірнеше рет дербес дамыған деп санайды. Нәтижесінде 
олардың орналасуы мен құрылымдары көбінесе таксономия түрдің Мысалы, 
барлық мүшелері Geometridae бірінші абдоминальды сегменттің алдыңғы 
жағына қарай ашылатын ерекше жұптасқан құрсақ тимпанальды 
мүшелерімен бөлісу. Мүше ішінде белгілі бір құрылымдар әр түрлі формада 
болады және субфамилиялардың ортақ тегін көрсету үшін қолданылады. 


Басқа отбасыларда Лепидоптера іштің тимпанальды мүшелері бар, саңылау 
басқа бағытта болуы мүмкін және құрылымдар пішінімен ерекшеленеді. 
78.Насекомдардың ауыз аппараты.
Қоректік заттардың түрлеріне және қоректену тәсілдеріне байланысты ауыз 
аппараты кеміргіш, кеміргіш — жалағыш, кеміргіш — сорғыш, шанышқыш — 
сорғыш, сорғыш, жалағыш тағы басқа типтес болып келеді.
Насекомдардың басым көпшілігінің ауыз аппараты кеміргіш типті — 
инеліктерге, тарақандарға, дәуіттерге, тікқанаттыларға, термиттерге, 
қоңыздарға және көптеген насекомдардың личинкаларына тән. Кеміргіш 
ауыз аппараты жоғарғы еріннен және үш жүп жақ аппаратынан қүралады: 
жоғарғы, төменгі жақган және төменгі еріннен. Жоғарғы ерін акронның 
жалғасы, ауыз тесігінің алдыңғы жағын көмкеріп тұрады. Келесі жұп тақта — 
жоғарғы жақ немесе мандибула. Оның ішкі жиегі тісті немесе аралы. 
Мандибула басындағы екінші сегменттің түрі өзгерген аяғы. Ал үшінші және 
төртінші сегменттердің аяқгары — төменгі жақ пен төменгі ерінді қүрайды. 
Төменгі еріннің буындары: астыңғы иек, иек, сыртқы қалақша, ішкі қалақша, 
төменгі ерін қармалауышы. Барлық жақ аппараттары бірігіп ауызға түскен 
қатты жемдерді ұсақгайды, сонымен қатар төменгі жақ пен төменгі ерін 
қармалауыштары — дәм және иіс сезу мүшелері.
Кеміргіш ауыз аппараты, насекомдардың ауыз аппараттарының ішіндегі ең 
байырғысы және алғашқы түрі. Түрлі қорекпен қоректенуге көшуіне 
байланысты насекомдардың ауыз аппараттары едәуір өзгерістерге 
үшыраған, бірақ кеміргіш ауыз аппаратының негізгі бөліктері оларда 
сакталып калған.
Сұйық тамақты қорек ететін насекомдардың ауыз аппараттары 
кеміргішжалағыш, кеміргіш-сорғыш функциясын атқарады 
/жарғаққанаттылардың көпшілігінде/. Бүлардың қүрылысы кеміргіш 
аппаратына ұқсас. Жоғарғы жактары гүл тозандарды және сотыларды 
кеміруге бейімделген, ал төменгі жақтары мен төменгі еріннің бөліктері 
бірігіп, ұзын тұмсыққа айналып гүл шырынын нектар және сұйық заттарды 
соруға немесе жалауға бейімделген.
Өсімдіктердің шырынымен және адамның, жануарлардың қанымен 
коректенетін насекомдардың ауыз аппараты шанышқыш — сорғыш болып 
келеді /масаларда, биттерде, қандалаларда, цикадаларда, т.б./. Мысалы, 
қансорғыш масалардың жоғарғы мен төменгі жақтары жөне ауыз 
қуысындағы хитинді өсіндісі — гипофаринксы ұзарып, жіңішке шанышқыш 


немесе тескіш қылтанақтарға айналған. Бұлар астыңғы еріннен түзілген 
бунакты ұзын тұмсық қыны ішінде орналасып үш қырлы қанжар типті тескіш 
аппаратын құрайды. Түмсық қыны үстіңгі ерінмен жабылған, оның жиектері 
бірігіп соратын жіңішке түтікше түзеді. Қандалалардың ауыз аппараты 
масалардікіне үқсас, тек төменгі жакдардың кылтанақтары соратын жіңішке 
түтікшені түзеді, ал үстіңгі ерні мен жоғаргы жақтары шанышқыш аппаратын 
құрайды. Төменгі ерін тын есебінде қала береді.
Сорғыш түтік ауыз аппараты көбелектерде жақсы дамыған. Бүлардың — 
төменгі жақтары үзарып сорғыш түмсыққа айналған, ал қалғандары 
редукцияға үшырап рудиментті түрде қалған. Үстіңгі еріні әрең 
ажыратылады, мандибулалары жоқ, астыңғы еріні үшбұрышты такта күйінде 
және оның үшбунақты қармалауыштары сақталған. Ал төменгі жақтары ұзын 
тұмсыққа созылған, екеуінің жиектері қосылып соратын түтікше түзеді. 
Тыныштық күйде ол спираль тәрізді оралып құрсақ жағына иіліп бастың 
астында көрінбей тұрады, ал жазылған күйінде гүлдің шырынын сорады. 
Жалағыш ауыз аппараты көбінесе шыбындарда кездеседі. Шыбындардың 
етті астыңғы ерінінің ұшында екі тақта гәрізді қалағы болады, олар жалағыш 
және сүзгіш аппаратының қызметін атқарады. Мандибулалары жөне төменгі 
жүп жақтары редукцияға-үшыраған, тек жақ қармалауыштары еақталған. 
Үстіңгі ерін және гипофаринкс астыңғы еріннің науа торізді ойықта 
орналасып астыңғы ерінімен түтас түтік түзеді, оған жаланған немесе сүзілген 
сүйық қорек заты барады. Насекомдардың кейбір түрлерінде ауыз 
агіпараттары редукцияға ұшыраған. Мысалы, бөгелектерде, біркүндіктерде. 
Бүлар ересек сатысында қоректенбейді. Насекомдардың қарапайым 
формаларында ауыз аппараттары ерекше ауыз капсуласының ішінде 
орналасып, сыртқа үштары ғана шығып түрады.
79. Құстар класына сипаттама, жіктелуі.
Құстар омыртқалы жануарлардың iшiндегi жоғары сатыдағы дамығандардың 
бiрi. Денесi қауырсынмен жабылып, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған. 
Құстардың ұшуы эволюциялық дамудың жемiсi, юра дәуiрiнiң басында 
бауырымен жорғалаушылардан құстар келiп шыққан. Эволюцияның ұзақ 
жылдар дамуының нәтижесiнде олар ағаштан ағашқа қалықтап барып 
қонады. Дамудың келесi сатысында құстардың ұшу қабiлетi дүние жүзiнде 
кең таралуына мүмкiндiк бердi. Сөйтiп құстар генетикалық жағынан 
бауырымен жорғалаушыларға жақын, оның прогрессивтi бiр бұтағы. 
Құстардың ұшуы оның денесiне көптеген өзгерiстер тудырады.


Құстарды жан-жақты зерттейтiн зоологияның бөлiмiн орнитология деп 
атайды. Құстар барлық географиялық аймақтарда таралған. Сыртқы пiшiнi 
мен тұрқы әр алуан. Ең кiшкентай құс колибри дене тұрқы арадай, ең үлкен 
құс африка түйеқұсы биiктiгi 275 см. Құстардың 9700 дерлік түрі 30-дан астам 
отрядқа топтастырылған.Палеогнаталар – таңғажайып таңғажайып заманауи 
құстар. Бұл топқа түйеқұстардың формалары, аймақ, эмус, киви және 
басқалары жатады. 
80.Басы акрон және төрт сегменттен тұратын жәндік.
Кеңірдектыныстылар тип тармағы немесе қосмұртшалылар – tracheata, 
s.antennata 
Бұлардың бас бөлімі денеден айқын ерекшеленіп акрон және төрт 
сегменттен құралған. Акронда жұп күрделі көздері, бірнеше қарапайым 
көзшелері және жұп мұртшалары немесе антенналары орналасқан. Акронға 
қосылған төрт сегменттерінің бірінші – интеркалярлы немесе ендірме 
сегменті көп жағдайда редукцияға ұшырап дамымаған, аяқтары жоқ екінші – 
мандибулярлы сегменттің жұп аяқтары жоғарғы жақ немесе мандибулаға, 
үшінші максилярлы сегменттің жұп аяқтары төменгі жақ немесе максилла I, 
ал төртінші лабиальды сегменттің жұп аяқтары төменгі ерінге немесе 
максилла ІІ-ге айналған. Бас сегментгерінің бірігіп кетуіне байланысты 
жоғарыда көрсетілген жақ тақталары қосылып ауыз аппаратын құрайды.
81..Шаянтәрізділердің қан тарату жүйесі. 
Қан айналу жүйесі ашық типті. Гемолимфа қан тамырларының ішінде 
қозғалып, кейін арнайы қабырғалармен шектелмеген дене қуысының 
бөлімдері – синустарға құйылады. Аса қарапайым формаларында жүрегінің 
құрылысы метамерлі: ол – әрбір сегментінде жұп остиясы бар бүкіл дененің 
арқа жағымен ұзына бойы созылатын түтік (кейбір желбезекаяқтыларда). 
Бірақ Cladocera-да (Phyllopoda отряды) жүректің қанды араластыруға ғана 
қабілеті бар, бір жұп остиясы бар, қапшық деңгейіне дейін қысқаруы 
байқалады. Жоғарғы сатыдағы шаяндарда да ұзын түтікті жүрегі бар 
формалары болады (Amphipoda және ауызаяқты шаяндар – Stomatopoda 
отряды). Онаяқтылардың (Decapoda отряды), мысалы өзен шаянының, үш 
жұп остиясы бар қысқа жүрегі болады. Қан айналу жүйесі тыныс алу 
мүшелерінің даму деңгейімен белгілі дәрежеде байланыста. Егер, желбезек 
қызметін кеуде аяқтарының эпиподиттері атқарса, онда жүрек түгелімен 


кеудеде жатады, ал тыныс алуға құрсақ аяқтарының эпиподиттері жұмсалса, 
жүрек құрсақта орналасады. Жүректің алдыңғы, ал кейде артқы шетінен де 
алдыңғы және артқы аорталар деп аталатын ірі қан тамырлары басталады. 
Қан айналудың тәсілдері алуан түрлі. Солардан өзен шаянының қан айналу 
жүйесін қарастырайық.). Перикардия қуысындағы жүректен бірнеше ірі қан 
тамырлары тарайды: алдыңғы аорта (қолқа); антеннальды артериялар; 
жоғарғы және төменгі құрсақ артериялары; нерв асты артериясы. Осы қан 
тамырлары тарамдалып, кейін үзіледі де, ішіндегі гемолимфа сұйықтығы 
миксоцель қуысына құйылып ішкі мүшелерінің арасымен өтіп, оттегін 
таратады. Дене қуысынан веналық қан (көмірқышқыл газына бай) венозды 
қан тамырлары арқылы желбезектерге барады, сол жерде гемолимфа 
оттегіне қанығады да, желбезек – жүрек қан тамырлары арқылы 
перикардийге, одан әрі остий арқылы жүрекке құйылады.Көп жағдайда 
шаянтәрізділердің гемолимфасы түссіз, бірақ кейбір кезде плазмада 
ерітілген гемоглобиннің әсерінен қызыл түске боялған. Кейбір онаяқты 
шаяндардың (крабтардың біразы) гемолимфасы көгілдір немесе ауа тигенде 
көкке боялады, ол құрамында мыс және оттегінің тасымалдануын реттейтін 
тыныс пигменті – гемоцианиннің болуына байланысты.
82.Қосмекенділер класының жыныс жүйесі.
Космекендылер екы ортада: суда да, курлыкиа да кездесетындыктен 
космекендылер деп аталады. Қосмекенділер класы Құйрықты Аяқсыздар 
Құйрықсыз Тритон, саламандра Көл бақа, құр бақа Сақиналы 
Құртпошым. 25 – 30 тұқымдасына бірігетін 4 мыңнан астам түрі белгілі. 
Тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарда таралған. 
Дара жынысты қосмекенділердің көбеюі мен дернәсіл дамуы су ішінде 
жүреді. 
Көпшілік түрлері сырттай ұрықтанады, ал дернәсілдері суда тіршілік етеді, тек 
түрленіп дамығаннан кейін оларда ересектеріне тән морфология-
физиологиялық ерекшеліктер қалыптасады. 
Қосмекенділердің жыныс бездері құрсақ қуысының дорсальды қабырғасына 
мезентерия арқылы бекінген.Барлық қосмекенділерде жыныс бездері 
жұптасып, клоакамен шығару жолдары арқылы жалғасады. 


83.Мальпигий түтігі, майлы дене, нефроциттер, фагоцитарлы,мүшелер 
қандай қызмет атқарады және қай жануарларда кездеседі? 
Зәр шығару жүйесі. Насекомдардың зәр шығаруын бірнеше түйнділер 
атқарады, олар — мальпиги түтікшелері, май денелері, перикардиальді 
клеткалар немесе нефроциттер және фагоцитарлық мүшелер. Ең бастысы — 
мальпиги түтікшелері. XVII ғасырда насекомлардың зәр шығару мүшесін 
алғашқы рет ашқан италия ғалымының есімімен Мальпиги түтігі деп аталған. 
Олар артқы щекген түзіліп эктодермальді болады, ортаңғы. Іолеклен аоткы 
ішектің шекарасында орналасқан, бос жатқан бір ұшы тұйық. Екінші ұшы 
ішекке жалғасады, оның ішкі қуысы бір қабатты эпителий клеткаларымен 
астарланған (141-сурет). Саны 2-ден 200-ге дейін (әр түрлі насекомдарда). 
Мальпиги түтікшелерінің негізгі қызметі — несеп қышқылын түзу. Мальпиги 
түтікшелерін гемолимфа үздіксіз шайып өтіп жатады, сондықтан денедегі зат 
алмасудың соңғы өнімдері — несеп заттары қан қысымы әсерінен мальпиги 
түгікшелердің ішіне сүзіліп өтіп түрады. Малыгаги түтікшелерінің қабырғасын 
қүрайтын эпителий клеткалары алғашқы несеп қүрамындағы суды және 
организмге кажетті еріген заттарды барынша қайтадан гемолимфаға өткізеді, 
ал сіңбей қалған заттар мен түтікшелер эпителиіндегі синтез нәтижесінде 
түзілген заттар косылып, соңғы несеп қышқылын және несеп кристалын 
қүрайды. Олар артқы ішекке түсіп, нәжіспен бірге аналь тесігі арқылы сыртқа 
шығарылады. Мальпиги түтікшелерінде несеп қүрамындағы сіңірілмей 
қалған сулар артқы ішекте ректальді бездер арқылы толығымен денеге 
сіңіріледі. Бүл, қүрлықта тіршілік ететін насекомдарға, суды үнемді 
пайдалануына жағдай жасайды. Зәр шығару қызметін мальпиги түтігінен 
басқа, майлы дене де атқарады. Ол борпылдак дәнекер ткань қүрамындағы 
клеткалардың бір бөлігі, несеп қышқылдарын дөңгелек конкреция түрінде 
жинап сақтайды. 
84.Өрмекші тәрізділер класы.Кластың сипаттамасы және систпмасы. 
Құрылыс ерекшеліктері. Маңызы. 
Өрмекшітәрізділер құрлықта тіршілік ететін, өкпемен немесе трахеямен 
тыныс алатын буынаяқтылар. Денелері – баскеуде және құрсақ болып екіге 
бөлінеді. Ал кенелерде (Асагі) баскеуде мен құрсақ бөлімі бірігіп кеткен. 
Баскеуде бөлігінде 6 жұп аяқтары орналасқан, оның бір жұбы ауыздың 
үстінде, ал қалған 5 жұбы ауыздың артқы жағында орналасқан. Аяқтарының 
алғашқы жұбы – хелицералары (сһеіісегае) қысқарған екі-үш буыннан 


тұрады, ол қысқыш немесе тырнақ тәрізді. Көпбуынды аяқтарының екінші 
жұбы – пышақтәрізді және олар қорегін ұстау мүшесінің қызметін және сезу 
қызметін атқарады – бұлар педипальпалар (pedipalpi), ал қалған 4 жұбы – 
жүргіш аяқтары. Денесінің артқы бөлігі – құрсақ – әдетте сегменттелген. 
Өрмекшітәрізділер қласында оншақты отряд, 60000-нан астам түрлері бар. 
Ұзындығы 0,1 мм-ден 17 см-ге дейін. 
Өрмекшітәрізділердің денесі екіБөліктен: баскеуде және құрсақтан тұрады. 
Баскеудені – акрон және 7 сегмент Құрайды (7-ші сегмент жетілмеген). 
Сольпуталарда және кейбір төменгі сатыдағы түрлерінде 4 жұп алдыңғы 
аяқтарының сегменттері біріккен, ал баскеуденің қалған 2 сегментіне құрсақ 
сегменттері жалғасады. Осылай, Сольпугаларда – денесінің алдыңғы бөлігі 
трилобиттердің басының Сегменттелуіне ұқсас (акрон және 4 сегмент) – ол 
пропелътидий бөлігі және Екі бос аяқтары бар кеуде сегменттері мен 
сегменттелген құрсағы болады.Сольпугалардың денесі – өрмекшітәрізділер 
класының басқа өкілдерінеҚарағанда көбірек сегменттелген. Құршаяндарда 
да баскеудесі біріккен,Құрсағы 12 сегментті (Gigantostraca сияқты), ол 7 
сегментті жалпақ алдыңғыҚұрсаққа және жіңішке 5 сегментті артқы құрсаққа 
бөлінеді. Денесі уы бар,Имек инелі тельсонмен аяқталады. 
85.Малюскалардың бақалшағының құрылысы және олардың маңызы. 
Моллюскалардың бақалшағы үш қабаттан тұрады: периостракум деп 
аталатын сыртқы жүқа қабаты, ол негізінен органикалық зат — конхиолиннен 
құралған; біршама келетін ортаңғы ізбесті немесе призмалы қабат — 
остракум. Бүндағы бірбіріне тығыз жабысқан көмір қышқыл ізбесттен 
(арагонита түрінде) тұратын призм аш ы қтар бақалш ақты ң бетіне 
перпендикуляр түрінде орналасады; ішкі жұқа маржан (перламутр) қабаты 
немесе гипостракум бірнеше қабат болып жататын ізбестті 
жапырақшаларынан құрьшған. Олардың арасында органикалық зат — 
конхиолин жатады. Осыған байланысты сәуле толқындары ет бір-бірімен 
түйіскенде, бір-біріне өзара әсер етіп интерференцияланады (латынша inter 
— аралық, ferns — тасымаддау), яғни жарқырап құбылмалы түрлі-түсті 
береді. Шаруашылықга маңызды — еті тамаққа, бакалшағы құрылыс және 
әшекей ретінде пайдаланылады. 
86.Қағанақсыз және қағанақты омыртқалыларға сипаттама беріңіз.


ҚАҒАНАҚСЫЗДАР, анамниялар (Anamnіa) – ұрығының дамуы кезінде арнайы 
ұрық қабықтары болмайтын төм. Сатыдағы омыртқалы жануарлардың жеке 
тобы. Қағанақсыздарға дөңгелекауыздылар, шеміршекті балықтар және 
сүйекті балықтар, қосмекенділер жатады. Қағанақсыздарға жататын 
омыртқалы жануарлардың көпшілік түрлерінің тіршілігі тікелей сулы ортада 
өтеді. Қағанақсыздардың көпшілік түрлері сырттай ұрықтанады, кейде іштей 
ұрықтанатын түрлері де кездеседі. Қағанақсыздардың ұрықтанған жұмыртқа 
клеткалары сулы ортада (кейде ылғалы мол жерлерде) дамиды. Олардың 
жұмыртқаларында жеткілікті мөлшерде сары уызы болады. Жұмыртқасы 
біркелкі бөлшектенбей дамиды. Жұмыртқадан сулы ортада тіршілік етуге 
бейімделген дернәсіл пайда болады. Қағанақсыздардың кейбір түрлерінің 
(балықтардың) дернәсілдері ересектеріне біршама ұқсас келеді. Ал кейбір 
түрлерінің (құйрықсыз қосмекенділердің) дернәсілдері күрделі түрленіп 
барып, ересектеріне айналады. Қағанақсыздардың кей түрлерінде 
(дөңгелекауыздыларда) үстіңгі және астыңғы жақ сүйектері болмайды. Ал 
балықтар мен қосмекенділерде жақ сүйектері жақсы дамыған. 
Қағанақсыздардың барлық түрі омыртқалы жануарлардың салқынқандылар 
(пойкилотермиялы) тобына жатады. 
Қағанақ — амниоттарда, яғни адам мен қағанақты омыртқалы жануарларда 
(құстар мен сүтқоректілерде) жақсы дамыған ұрық қабығы. Құстардың 
жұмыртқадағы ішбалапандары — эмбриогенездің 16-17 тәуліктерінде 
қағанақ сұйығын жұтып, қоректік зат ретінде пайдаланады. 
87.Басхордалылар класына сипаттама, жіктелуі.
Бұлардың хордалылары нерв түтігінен ұзынырақ, алға шығып тұратын 
болғандықтан — бас хордалылар деп аталған. Бұл класқа жататындардың 
негізгі белгілері мыналар: хордалары бас миынан да алға шығып созылып 
жатады, желбезек ерінің айналасында (атриалъдық) қуысы болады. Басы 
денесінен айқын бөлінген. Сезім мүшелері нашар дамыған. Бас ми деп нерв 
түтігінің алғашқы бөлімін атағанмен де оны қаптап тұратын бас сүйегі 
болмайды. Бас желілілер , бас хордалылар (Cephalochordata) 
– желілілер типі бассүйексіздер тармағының жалғыз 
класы. Атлант, Тынық, Үнді мұхиттары жылы теңіздерінің жағалауға жақын 
таяз жерлеріндегі құм арасында кездеседі. Оның қандауырша 
тәрізділер деген бір ғана отряды бар. Денесіндегі желісі (хордасы) құйрық 
бөлігінен басына дейін ұзына бойы созылып жататындықтан осылай аталған. 
Оған дене тұрқы 1,5 – 8 см, екі бүйірі қысыңқы ұсақ теңіз жануарлары 


жатады. Арқа бұлшық еттері 50 – 80-ге жуық ұсақ бөліктерден 
(миомерлерден) тұрады. Ауыз алды қуысында 20-дай ұсақ қармалауыштары 
бар. Жұтқыншағы көлемді әрі оның екі бүйірінде 100 жұптан астам желбезек 
саңылаулары орналасқан, оның сыртын жұқа терілі қатпар жауып тұрады. 
Аузынан кірген су арнайы атриопор саңылауы арқылы, ал қорытылмаған 
қоректік заттар аналь саңылауы арқылы сыртқа шығарылады. Денесінің 
құрамында белок мол болғандықтан, жергілікті тұрғындар тағам ретінде 
пайдаланады.
88.Суда тіршілік ететін жануар ретінде қандауыршаның сыртқы пішіні мен 
құрылысы қандай.
Қандауырша — бассүйексіздер класының туысы. Дене ұзындығы 8 см дейін. 
Денесі ланцет тәріздес, мөлдір, желісі, (хордасы) дененің алдыңғы бөлігінде 
аяқталады. 7 түрі бар. Нақтылы түрі В. Lanceolatum. Ол жылы және қоңыржай 
теңіздердің 10—30 м тереңдігінде өмір сүреді. Көбінесе теңіздің құмды 
түбінде, денесінің алдыңғы жағын құмнан шығарып жатады. Қорегі, 
планктон. Ұрықтануы сыртқы, ашық түрде. Жұмыртқалары суда дамиды. 
Дернәсілдері суда еркін жүзіп жүреді. Қарапайым желілермен 
омыртқалылардың арасындағы аралық сатыдағы жануарлар. 
Қандауыршаның алдыңғы және артқы жағы сүйірленіп бітеді. Оның арқасын 
бойлай созылған тері қатпары құйрығын қандауырдың ұшы тәрізді етіп 
жиектейді, бұл- қандауыршаның арқа және құйрық жүзбеқанаттары. 
Қандауыршаның денесі екі бүйірінен қысыңқы келеді. Денесінің соңында- 
аналь тесігі, ал құйрық жүзбеқанатының құрсаққа қарай көмкерілген 
жиегінің алдында су шығатын тесігі болады. 
Қандауыршада ми болмағандықтан, бассүйек те дамымаған, сондықтан ол 
бассүйексіз жануар болып саналады. Оның арқа жағын бойлай бас пен 
құйрықты жалғастыратын желі қандауыршаның денесіне тірек болып, ішкі 
қаңқа қызметін атқарады.Бұл желі қандауырша денесінде өмір бойы 
сақталады. 
Қоректенуі. Қандауырша судағы ұсақ жәндіктермен қоректенеді.Оның 
асқорыту жүйесі мұртшалармен жиектелген ауыз шұқырағынан 
басталады.денесін бойлай созылған желінің астыңғы жағында бірнеше 
бөліктерден құралған асқорыту түтігі жатады. Түтіктің ауызға жалғасқан бөлігі 
жұтқыншақ деп аталады.Қандауыршаның аузына түскен ұсақ қоректік заттар 
түйіршігі ауыздан жұтқыншаққа, одан түзу ішекке қарай бағытталады. 


Тыныс алуы 
Қандауырша жұтқыншақтың қабырғасындағы сансыз желбезек саңылаулары 
арасындағы перделер арқылы тыныс алады.
Қан айналымы 
Қандауыршада жүрек болмайды, түссіз қан арқа және құрсақта болатын ірі 
қантамырлардың жиырылуы арқылы бір шеңбер жасап, тұйық жүйемен 
денеге таралады. Мұның қантамырлар жүйесі буылтық құрттардың 
қантамырлар жүйесіне ұқсас. 
Қандауыршаның зәршығару мүшесі желбезек қуысында орналасады. Бөлінді 
зат желбезек қуысындағы өте ұсақ өзекшелер арқылы желбезек қуысына 
бөлініп шығады. 
Қандауырша дара жынысты, оның жұптасқан аналық безі мен аталықбезі 
желбезек саңылауының маңындағы қуысында бірнеше қатар 
бұдыртармақтар түзіп жатады. Сырттай ұрықтанған уылдырықтан тұрқы 3,6-
5,2 мм дернәсіл дамып, үш айға дейін сол сатыда тіршілік етеді. Дернәсілдер 
екінші-үшінші жылы жыныстық жағынан толысады. 
89.Қосмекенділер класына сипаттама, жіктелуі.
Қосмекенділер немесе Амфибиялар (лат. Amphіbіa) – хордалылар типі, 
омыртқалылар тип тармағының бір класы. 
Қосмекенділердің 2 класс тармағы: доғаомыртқалылар (Apsіdospondylі) 
жұқаомыртқалылар (Lepospondylі), 3 отряды (құйрықсыз қосмекенділер, 
құйрықты қосмекенділер және аяқсыз қосмекенділер), 25 – 30 тұқымдасына 
бірігетін 4 мыңнан астам түрі белгілі. Тропиктік, субтропиктік және қоңыржай 
аймақтарда таралған. Көпшілік түрлері сырттай ұрықтанады, ал дернәсілдері 
суда тіршілік етеді, тек түрленіп дамығаннан кейін оларда ересектеріне тән 
морфология-физиологиялық ерекшеліктер қалыптасады. Дернәсілдерінің 
анатомиялық құрылыстары (жүрегінің екі камералы болуы, желбезектерімен 
тыныс алуы, т.б.) балықтарға ұқсас. Ересектері өкпе және терісі арқылы 
тыныс алады. Қосмекенділер жоғары девонда саусаққанатты балықтардан 
пайда болған, балықтар мен “нағыз” құрлықтағы омыртқалылардың 
(амниоттар) арасынан орын алады. Бұларға жерде жүруге бейімделген 
буыны шар тәрізді, бірнеше бөлімдерден тұратын, бес саусақты жұп аяқтар 
тән. Бас қаңқасы аутостилиялық (үстіңгі жақсүйегі бассүйекке бітісіп кеткен). 
Қосмекенділерде үлкен қан айналу шеңберінен басқа кіші (өкпелік) қан 


айналу шеңбері пайда болған. Жүрегі екі жүрекше мен бір қарыншадан 
тұрады. Сол жақ жүрекшеде таза артерия қаны, ал оң жақ жүрекшеде вена 
қаны мен теріден келетін артерия қаны болады. Қарыншада артерия және 
вена қандары араласады. 
Алдыңғы мидың 2 жарты шар күмбезінде жүйке клеткаларының жиынтығы 
болады. Зәр бөлу жүйесі мезонефростық (дене бүйрегі) типке жатады. 
Денесінің ұзындығы 2 – 3 см-ден 180 см дейін жетеді. Терісі жұмсақ, 
жалаңаш денесі шырыш бездері бөлетін шырыштан дымқылданып тұрады. 
Тіршілігіне қажетті оттектің едәуір бөлігін терісі арқылы сіңіреді. Көпшілік 
қосмекенділердің сероз бездері бар, ол кейбір тропиктік түрлерінде өте улы 
келеді. Балықтардан айырмашылығы тері бездері ірі, көп клеткалы болады. 
Ересек қосмекенділер негізінен жәндіктермен, ал дернәсілдері су 
өсімдіктерімен де қоректенеді. Қазақстанда қосмекенділердің 12 түрі 
кездеседі, оның 3 түрі жетісу аяқтыбалығы, даната құрбақасы, қызылаяқ 
бақа, Қазақстанның “Қызыл кітабына” тіркелген. 
Кейбір түрлерінін тіршілігі сумен байланысты. Олар ерте девонда 
балықтардан бөлініп шығып, құрлық жануарларымен балықтардың 
ортасындағы жануарлар тобына айналған. Казіргі қосмекенділердің дене 
ұзындығы 2-3 см-ден 1,8 м дейін. Терісі жұмсақ, тықыр, көптеген кілегей 
бездерінің сөлімен әрдайым ылғалданады және тері арқылы әртүрлі ауа 
газдарымен су алмасу процестерін жүргізеді. Олардың арасында кейбір 
түрлері артқы аяқтарын жоғалтқан,ал кейбіреулері аяқсыз калған. Кеуделері 
жоқ, өкпеге ауа ауыз қуысының түбіндегі бұлшық еттердің жиырылуымен 
жеткізіледі. Кейбір түрлері өкпесіз, (саламандрлар). Мишық жетілмеген. 
Құйрықсыз К. ортаңғы кұлағы мен дауылпаз жарғағы бар. Жүрегі үш 
камералы, ал өкпесі жоқтарда, екі камералы. Бүйректері балықтар бүйрегіне 
ұқсас, клоакаға ашылады. Қ., пойкилотермді жануарлар. 
Қазіргі уақытта Қ. 25-30 тұқымдастарының 4000 дейін түрі белгілі. ТМД-да 13 
тұқымдастың 34 түрі таралған. Олардың көпшілігі суда көбейеді. Көпшлігі 
жұмыртқа салады, бірақ кейбір түрлері тірі туады немесе жұмыртқада тірі 
туады. Дамуы өзгеріспен өтеді. Бақашабақтары ересектеріне ұқсамайды. 
Ересектері омыртқасыздармен, бақашабақтары несекомдармен және 
өсімдіктермен қоректенеді. Қосмекенділер табиғатта өте маңызды экожүйе 
мүшесі, өйткені олар көптеген жәндіктердің санын реттеумен қатар өздеріде 
басқа жануарлардың азықтық қоры болып есептеледі. Көптеген түрлер саны 
күрт төмендеуде. Оның басты себебі су қоймаларының ластануында. ХТҚО-
ның Қызыл кітабына 41 түр, КСРО Қызыл кітабына 9 түрі енгізілген. 


90.Жорғалаушылар класына сипаттама, жіктелуі.
Бауырымен жорғалаушылар, рептилиялар (лат. Reptilia) – жер бетінде 
тіршілік ететін, жоғарғы сатыдағы омыртқалылар. 
Жер бетінде тіршілік ететін барлық жоғарғы сатыдағы омыртқалыларға тән 
белгілер бауырымен жорғалаушылардан айқын байқалады. Олардың миы 
әлде кайда жақсы жетілген. Сондықтан бауырымен жорғалаушылардың 
рефлекторлық әрекеті күрделі болады. Құрлықта тіршілік етуіне байлднысты 
бұлардың денесі амфибилер мен балықтарға қарағанда жақсы жіктелген. 
Әсіресе, басын әр түрлі бағытта қозғауына мүмкіндік беретін мойын 
бөлімінің болуы. Денесін құрғап кетуден сақтайтын терісінде мүйізді 
эпидермис қабаты мен мүйізді қабыршақтарының болуы. Өкпе арқылы 
тыныс алады. Жүрегі мен артериялық доғасы жақсы жіктелген.
Бауырымен жорғалаушылар – салқынқанды жануарлар. Бұл олардың 
денелерін қыздыру үшін күн сәулесі қажет екенін білдіреді, сондықтан да 
оларды өте суық климатта кездестіре алмайсың. Ауа райы суық кезде олар 
көбінесе тәтті ұйқыға кетеді. 
Бауырымен жорғалаушылар теңізде, тұщы суда және құрлықта тіршілік етеді. 
Бауырымен жорғалаушылардың 6500-ден астам түрі бар. Олардың ішінде ең 
көбі – 3700 түрі бар кесірткелер. Онан кейінгі орында – жыландар (2800). 
Тіршілік етіп жатқан жорғалаушылардың ең ірісі жорғалаушылардың ең аз 
тұқымтобына жататын тәмсақтар болып табылады. Олардың не бары 25 түрі 
бар. 
ЖЖіктелу 
І-класс тармағы: Алғашқы кесірткелер (лат. Рrоsаuгіа) 
1-отряд: Тұмсықбастылар (лат. Rһуnсһосеpһаlіа) 
ІІ-класс тармағы: Қабыршақтылар (лат. Squаmаtа) 
2-отряд. Қесірткелер (лат. Lасегtilіа) 
3-отряд. Хамелеондар (лат. Сһаmаеlеоntеs) 
4-отряд. Жыландар (лат. Орһіdіа) 
ІІІ-класс тармағы: Крокодилдер (лат. Сгосоdіlіа) 
5-отряд: Крокодилдер (лат. Сгосоdilіа) 


ІV-класс тармағы – Тасбақалар (лат. Сһеlоnіа) 
6-отряд – Жасырьш мойындылар (лат. Сrурtоdіга) 
7-отряд – Бүйір мойындылар (лат. РІеuгоdiга) 
8-отряд – Теңіз тасбақалары (лат. Сһеlоnііdеа) 
9-отряд – Жұмсақ терілілер (лат. Тгіоnусһоіdіае) . 
91.Сүтқоректілердің түгінің құрылысы, түрлері.
Сүтқоректілердің түгінің сыртқы бөлімін сабақ, ал теріге еніп тұрған
Бөлімін түбі деп екіге бөледі. Түк сабағын тікелей жарып микроскоп арқылы
Қарағанда мына қабаттардан өзек, сірі және сыртқы қабық қабаттарынан
Тұратынын байқауға болады. Өзегі арасында ауа болатын торлы ұлпалардан
Құралады. Сондықтан түк жылуды нашар өткізеді де, жануардың денесіндегі
Жылудың сақталуына себепші болады. Оның сыртқы сір қабаты өте тығ
ыз
Болғандықтан түу мықты болады. Ең үстіңгі жұқа қабығы түкті сыртқы
Механикалық және химиялық әрекеттерден қорғайды. Түк түйініне қан
Тамырлары келеді. Ол түк түйініндегі жасушалардың жетілуін қамтамасы
з
Етеді. Түктің тері бетіне шығып тұрған сабағы өсу қабілетін жойып,
Мүйізденіп кетеді.
92Құстар класының экологиясы.
Көп клеткалылардың шығу тегі туралы теориялар (Э. Геккельдің, И.И. 
Мечниковтың т.б. теориялары) 
Құстар — омыртқалы жануарлар ішіндегі жоғары сатыда дамығандардың 
бірі. Денесі қауырсынмен жабылған, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған. 
Дамудың келесі сатысында құстардың ұшу қабілеті жетіле түсті. Бұл қасиет 
қанаттыларға дүние жүзіне кең таралуына мүмкіндік береді.Сөйтіп тіршілікке 
қолайлы құрлықты да, суды да, ауаны да жайлады. Құстарға маусымдық 


көшіп отыру тән сипат, олардың ішінде жыл құстары ерекше көзге түседі. Сол 
сияқты құстардың ішінде отырықшы және көшіп жүретіп де тобы бар. Құстың 
әр түрлі бірнеше түрлі биогеоценозда тіршілік етуі мүмкін. Әрине құстардың 
көптеген түрлері орманда тіршілік етеді. Олар сонда тіршілік ете 
жүріп өсімдік тектес, жануар тектес азықтарымен қоректенеді және олардың 
арасынан талғамай бәрін жей беретіні де болады. Олардың бірқатар түрлері 
жемді талғап жесе, ал екіншілерінің азыққа талғамы аз байқалады. Құстар 
ұяларын ағаш қуыстарына, ағаш бұтақтарына, жерге салады. Далалы жердің 
құстары — шалғынды, дала, шөл және шөлейт жерлерде — ұяны жерге 
салады. Таулы қыратты, жерлерде биік құздарға салады. Құстарды қорғау. 
Құстардың адамның рухани өмірінде алатын орны зор. Адам құстарды 
клеткаларда ұстап өзіне жақындатуға тырысады. Отанын есте сақтау үшін 
басқа елде жүргенде өзімен бірге ала кетеді. Құстардың мәдениэстетикалық 
маңызы зор. Алайда адамдар ең алдымен кұстардың шаруашылық және 
практикалық маңызына мән береді. Құстар ауыл және орман шаруашылығы 
үшін зиянды жәндіктер мен кеміргіштерді жеп санын елеулі дәрежеде 
азайтушылар. Құстар адамға пайдалы азықты жеп, мұндайда олар зиянды 
болып шығады. Немесе олар қоректеніп жүріп, зиянды жәндіктерді құртады, 
онда құстар пайдалы болады. Насекомдармен азықтанатьшдар күніне 5-
6 рет қарның толтырады, Мысалы, тоқылдақ 300 рет жем әкеледі. Әсіресе 
осы балапандарын коректендіру кезінде зиянды на-секомдармен 
қоректенетін қанаттылардың бау-бақша, егістік, орман ағаштарын 
зиянкестерден қорғаудағы ролі зор. Ауыл шаруашылығы зиянкестері — 
тышқандар көбейген жылдары ақсары күніне 14 дана тышқан мен тоқалтісін, 
күйкентай — 9, жапалақ — 12 тышқанды қорек етеді. Мамандардың есебі 
бойынша, бір тышқан жылына 2 килограмға дейін дәнді құртатындығын еске 
алсақ, жыртқыш құстардың пайдалы екендігін өз-өзінен анық көрінеді. 
Насекомдармен қоректенуші қанаттыларды ауыл шаруашылығы дақылдары 
егісінің маңына үйір ету маңызды міндет болып отыр. Зиянды 
насекомдармен күресу үшін құстарға ұя жасап ілу, арнайы тамактандыру 
алаңдарын жасау жұмыстарын жүргізу қажет. Әсіресе, ағаш діңгегінің 
қуыстарына ұялайтын шымшықтар, қаратамақ торғайлар, шыбынқаққыштар 
т. Б. құстарды үйір ету керек. Ауыл шаруашылығының зиянкестерімен 
күресте жыртқыш құстардың ролі зор.Көп клеткалы жануарлардың шығу тегі 
Көп клеткалы жануарлардың бір ерекшелігі - онтогенездік дамуында
Бластула ұрығы бір клеткалылардың шар тәрізді колониясына өте ұқса
с.


Осындай ұқсастық белгісіне сүйенсек, көп клеткалы жануарлардың орт
ақ
Арғы тегі бір клеткалы колонияльды талшықты қарапайымдылар екені анық.
Бірақ алғашқы көп клеткалылардың қандай болғандығы, олардың
Эволюциялық даму сатысында екінші энтодерма қабаты қай жолмен
Қалыптасқаны жөнінде көптеген жорамал пікірлер айтылған. Соларды
ң
Ішінде толық қанағаттанарлық бола алатын Э. Геккельдің, И. И.
Мечниковтың, А. А. Захваткиннің, А. В. Ивановтың, В. Н. Беклемишевтің
Теориялары. 
Э. Геккель 1874жылы «гастреа» (gastrae) деген теориясын ұсынды. Э.
Геккельдің пікірі бойынша көп клеткалы жануарлардың арғы тегі бір
Қабатты, бластула тәрізді, колониальды талшықты қарапайымдылар.
Олардың эволюциялық даму процесінде бластула тәрізді тегінің вегетативті
Полюсі, инвагинация әдісі бойынша, шардың ішіне қарай тартылып
(жиырылып) екі қабатты организм пайда болған деп жорамалдады. Ос
ы
Организмді ұрықтың гаструла сатысына сәйкес «гастреа» деп атаған.
«Гастреаның» сыртқы қабатын эктодерма, ішкісін - энтодерма деп атағ
ан.
Оның ауызы және алғашқы ішегі болған. «Гастреа» көп клеткалылар
дың
Пайда болуының бастамасы. Э. Геккель ұсынған «гастреа» теориясы
Эволюциялық зоологияның дамуына үлкен жол ашқан, сонымен қатар бұл
Теорияның көп кемшілігі де бар, солардың ішінде «гастреаның» тек қ
ана
Морфологиялық жағы зерттеліп, ал экологиялық және физиологиялық жағы
Зерттелмеген және «гастреаның» энтодерма қабаты тек қана инвагинац
ия


Жолымен пайда 
болғандығы көрсетілген. Инвагинация жоғарғы сатыдағы көп
Клеткалы жануарлардың онтогенезіне тән, ал төменгі сатыдағы көп клеткалы
Жануарлардың (губкалардың, гидроидты полиптердің) гаструляциясы
Иммиграция немесе деляминация жолымен өтеді. Сондықтан Э. Геккельдің
«гастреа» теориясы төменгі сатыдағы көп клеткалы жануарлардың шығ
у
Тегіне толық сәйкес келмейді. 
И. И. Мечников төменгі сатыдағы көп клеткалы жануарлардың дамуын
Зерттеп, 1886 жылы алғашында «паренхимелла» (parenchymella), кейін
«фагоцителла» (phagocytella) теориясын ұсынды. И. И. Мечниковтың пікірі
Бойынша төменгі сатыдағы көп клеткалы жануарлардың алғашқы тегі
бір
Қабатты бластула тәрізді колонияльды талшықты қарапайымдылар болғ
ан,
Олардың эволюциялық даму процесінде колонияльді тегінің фагоцитоз
дық
Қабілеті бар клеткалары қоректік заттарды ұстап, талшығын жойып,
Колонияның іш жағына өтіп (иммиграция әдісі бойынша) ас қорытатын
Клеткалар жиынтығын құрайды. И. И. Мечников, осындай қос қабатты
Ұрықтың сыртқы қабатын кинобласт (жамылғы қабаты), ішкі қабатын
Фагоцитобласт (ішек қабаты), ал организмнің өзін «фагоцителла» деп атады.
Фагоцителланың алғашқы кезде ауызы, ішегі қалыптаспаған, осы күйде олар
Губкалардың, ішекқуыстылардың паренхимула және планула личинкаларын
а
Ұқсас болып келеді. Кейін фагоцителланың ішкі фагоцит клеткалары
Реттесіп, екінші энтодерма қабаты, ауызы, алғашкы ішек қуысы пайда
Болады. 





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет