Бала психологиясы — жас ерекшелігі психологиясының негізгі бөлімі. Ол адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын балалық шақтың психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясының іргетасы болған бала психологиясы 19 ғасырдың аяғында дербес пән ретінде өмірге келді. Бала психологиясының негізін қалаған — неміс ғалымы В. Прейер. Ол бала психологиясын зерттеуде тұңғыш рет интроспекция әдісінен объективті бақылауға өтуді жүзеге асырды. В. Прейердің “Бала жаны” атты кітабы (1882) — Бала психологиясын жүйелі зерттеуді бастап берген психол. еңбек. Бала психологиясының пәні — балалық шақтағы психикалық дамудың жалпы заңдылықтарын онтогенезде ашу, осы дамудың жас кезеңдері мен оған өту себептерін анықтау. Бала психологиясы үшін басты мәселе — баланың психикалық дамуының факторларын, психикалық даму шарттарын түсіндіру. Психология ғылымында баланың психикалық дамуын түсіндіретін теориялар шартты түрде 2 үлкен бағытқа бөлінеді:
1) биогенетикалық;
2) социогенетикалық.
Бұл бағыттар бір-бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды (биологиялық не әлеуметтік) алуымен ерекшеленеді. Бала психологиясы баланың дүниеге келгеннен мектеп бітіргенге дейінгі уақыт аралығын қамтиды (балалар психологиясы, бастауыш сынып оқушылары психологиясы, жасөспірімдер психологиясы, балаң жас психологиясы). Бала психологиясындағы “балалық шақ” ұғымы ғасырлар барысында өзгеріп отырды. Әлеуметтік-мәдени құбылыс болып табылатын “балалық шақ” ұғымы нақты тарихи сипатқа ие. Оның мазмұны қоғамдағы тәрбиелеу жүйесіне, этномәдени ерекшелікке байланысты. Бала психологиясында жалпы психологияның негізгі әдістері жас ерекшеліктеріне орай өзгертіліп қолданылады. Мысалы: бақылау мен эксперимент (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) және тестер, әңгімелесу, іс-әрекет нәтижесін талдау, т.б. Бала психологиясының қалыптасуы мен дамуына зор ықпалы тигізген ағым — педалогия. Баланы біртұтас зерттеуді мақсат тұтқан педалогия қазіргі Бала психологиясының құрамына енген көптеген ғылыми мағлұматтар мен күні бүгінге дейін маңызын жоймаған психология концепцияларды өмірге әкелді. Бала психологиясының мәселелерін зерттеумен айналысқан орыс психологтарының көрнекті өкілдері осы педалогия саласында қызмет етті (П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Б.М. Бехтерев, А.П. Негаев, Г.И. Россолимо, т.б.). 20 ғасырдың 30-жылдарында педалогияның “жалған ғылым” ретінде қудалануы Бала психологиясының дамуына үлкен зиянын тигізді. Бала психологиясы саласында дүние жүзіне әйгілі Дж. Уотсон, В. Штерн, К. Бюлер, Ст. Холл, К. Левин, А. Валлон, З. Фрейд, Ж. Пиаже, Э. Эриксон, Д.М. Узнадзе, А.Р. Лурия, А.Н. Леонтьев, т.б. психологтар еңбек еткен. Қазақстанда Бала психологиясына қатысты еңбектер жазған психологтар: С. Балаубаев, Е. Суфиев, Ш. Әлжанов, А. Темірбеков, М. Мұқанов, Қ. Жарықбаев, т.б.[1] Бала психологиясының қазіргі таңдағы негізгі тақырыптары қатарына жаңа туылған баланың рефлекстері, моторикасының дамуы, балалардың тіл үйренуі, социумдағы дамуы, ата-анасымен және басқа балалармен қарым-қатынасы жатады. Балалардың дамуының есептік көрсеткіштерін пайдаланудың және оларға мониторинг жүргізудің басты мақсаттарының бірі бала денсаулығында кейіннен пайда болатын проблемаларды, әсіресе аурушаңдықты, өлім-жітімді, ақыл-ойдың дамуын, созылмалы аурулар қаупін болжамдау және олардың алдын алу мен балалардың дамуындағы ауытқушылықтарды түзету бойынша тиісті шешімдер қабылдау болып табылады. Түрлі көрсеткіштер бойынша артта қалушылық олардың негізінде жатқан үдерістерді көрсетеді әрі генетикалық, гормональдық, жатырішілік факторлар секілді алуан түрлі себептік байланы- старды, сондай-ақ құнарсыз тағам, түрлі аурулар, балаларға көңіл бөлінбеу, оларға сүйіспеншілік пен еркелетудің жетіспеуі секілді қоршаған ортаның постнатальды факторларын болжамдауға мүмкіндік береді. Мысалға, салмақ-жас және салмақ-бой арасалмағының бұзылу себептері мыналар болып табылады:
◊ алиментарлық фактор — құнарсыз тағам — қатты ашығу;
◊ ауыр аурулар (жіті және созылмалы соматикалық және инфекциялық аурулар), эмоционалдық және әлеуметтік факторлар.
◊ 1 айдан 12 айға дейінгі жастағы алдыңғы 4-тен артық баласының шетінеуі;
◊ баланың туылған кездегі дене салмағы 2400,0 г. аз болуы;
◊ егіз немесе үшемнің тууы;
◊ алғашқы 3 айда 500 г. аз немесе кейінгі 3 айда 250 г. аз салмақ қосу;
◊ емшек сүтінің болмауы;
◊ балалардың 1 жасқа толғанша қайталама диарея, қызылша немесе көкжөтел сияқты ауру- лармен ауыруы.
Сенсорлық өңдеудің бұзылуы дегеніміз не? Сенсорлық өңдеудің бұзылуы - бұл балалардағы неврологиялық ауру, ол мидың сезім мүшелерінен ақпаратты қалай өңдейтініне әсер етуі мүмкін. Сенсорлық өңдеу бұзылыстары бар адамдар, олардың қалай әсер ететініне байланысты сенсорлық ақпаратқа аса сезімтал немесе жауап бермеуі мүмкін. Түртіп енгізу мысалдары мыналарды қамтуы мүмкін:
оңай
дыбыс
дәмі
түрту
иіс сезімі
Сенсорлық проблемалары бар балалар шулы орта, жарқын жарық немесе күшті иіс сияқты сезімдерін шамадан тыс ынталандыратын нәрселерден жиіркенуі мүмкін. Немесе олар сезімдерін жеткілікті түрде ынталандырмайтын орталарда қосымша ынталандыруды іздеуі мүмкін. Сенсорлық проблемалар немесе сенсорлық өңдеу бұзылыстары туралы көп нәрсе белгілі емес. Қосымша зерттеулер қажет. Сенсорлық өңдеудің бұзылуының ықтимал себептері мен белгілері және сенсорлық мәселелерді қалай емдеуге болатыны туралы көбірек білу үшін оқуды жалғастырыңыз. Сенсорлық өңдеу дегеніміз не? Сіз бес сезім туралы бастауыш мектепте білген шығарсыз, бірақ шындық мынада, сіз әлемді тек бес сезім мүшелеріңізбен ғана емес қабылдайсыз. Сенсорлық өңдеу негізінен сегіз негізгі түрге бөлінеді. Олар мыналарды қамтуы мүмкін: