Әдебиетттер
1 Шепилова Л. Введение в литературоведение. – М.: Учпедгиз, 1956.
2 Қожакеев Т. Сатиралық жанрлар. – Алматы: «Мектеп» баспасы 1983.
3 Французкий сбор литературов. – М., 1928.
4 Энциклопедия. Францияның тарихы. – М., 1955.
5 Джованни Бокачо. Стиль и правописание сатириков Франции. – М., 1933.
6 Энциклопедия. Францияның тарихы. – М., 1955.
Резюме
Тема моей диссертационной работы – «Основатель казахского сатирического
жанра Темирбек Кожакеев и его исследования». Поездка по научной стажировке во
Францию дала большую возможность ознакомиться с французским сатирическим
жанром. А также, знакомство с французским сатириком помогло сделать статью
более насыщенной. В статье говорится о французском сатирическом жанре, об ее
истории, проблемах. В итоге говорится о том, что о себе представляет французский
сатирический жанр.
Summary
The founder of the Kazakh satirical genre Temirbek Kozhakeev and his research. A
trip to the scientific training in France has given a great opportunity to get acquainted with
French satirical genre. Also, familiarity with French satirist helped make the article more
intense. The article says about French satirical genre, its history, problems. As a result,
they say about what is currently a French satirical genre.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
37
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ
ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «ҮЗДІК ПЕДАГОГ – ЗЕРТТЕУШІ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ,
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР
КОНКУРСЫНА ТҮСКЕН ЖҰМЫСТАР
ЕГДІРОВА Жансауле,
Кенбай орта мектебінің жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі,
Қызылқоға ауданы, Атырау облысы, Қазақстан Республикасы
ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕР МАТЕРИАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНА ОҚЫТУДЫҢ
ТИІМДІЛІГІ
Тиянақты білім аламын десең,
Табиғаттың ұлы кітабын оқы.
Әл-Фараби
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында атап көрсетілгендей: «Білім беру жүйесін
жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі – өкілдері бәсекеге қабілетті білімді
меңгерген, ой-өрісі дамыған ғана емес, жоғары азаматтық және адамгершілік
ұстанымы, отансүйгіштік сезімі мен әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан зияткер
ұлтты қалыптастыру болып табылады».
Бүгінгі қоғам талабы бойынша әр оқушы тек қана мұғалімнен білім алып
қоймайды, сонымен қатар өзі ізденіс үстінде жүріп, әр түрлі пікірталасқа қатысып, өз
ой-пікірлерін толық жеткізіп, тәжірибеде қолдана білуі керек.
Оқушының ғылымға құштарлығын ояту, бейімділігін қалыптастыру үшін
бастауыш сыныптардан бастау алған оқушыларды өзіндік ізденіс жұмысқа үйрету
жұмыстарын жүргізіп келемін.
Мақсатым: оқушылардың шығармашылық қабілетінің ерте дамуына ықпал
ету, олардың қарым-қатынас біліктерін арттыру. Әрбір оқушының бастауыш білім
беру сатысынан өз өлкесінің тарихын, табиғатын, пайдалы қазбаларын танып,
адамдарын ардақтауды және жер-су тарихын жастайынан танып, өсу қабілетін
дамытуды көздеймін.
Жергілікті биологиялық материалдарды: топырақ, өсімдік, жануар, табиғи
ескерткіштерді жете түсініп, оларды білген адам сол жердің табиғатын қорғауға,
экологиясы үшін қол ұшын беруге икемді де ынталы тұратыны белгілі. Көбіне бұл
өлкетанумен ұштасып жатады.
Табиғат – адам өміріндегі ең керекті қазына көзі. Адам жаратылысынан бері
табиғатта кездесетін нәрселердің: ағаш, тас, құм, саз, шөптер, бәрін өз керегіне
жарата білген. Әр түрлі топырақтар, олардың пайда болған жерлердегі тау
жыныстарының құрамына, түрлі климат жағдайларына, жан-жануарлар әсері және
тағы да басқа табиғат ерекшеліктерінің әсеріне қарай әр түрлі механикалық құрамда
болып келеді.
Топырақтардың механикалық құрамын жете білудің де маңызы зор. Топырақ
жамылғысын зерттейтін топырақтану ғылым – ажас ғылым. Оның негізін салған XIX
ғасырдың 80-жылдары орыс ғалымы В.В. Докучаев топырақтың табиғи және тарихи
дене екенін анықтады.
Осы мақсатты алға қоя, бастауыш сынып табалдырығын алғаш аттаған жас
бүлдіршінді туған өлкесінің табиғи материалдармен таныстыра отырып, олардың
орналасқан жерлерін пайдалануын, ерекшеліктерін құндылықтарды білудің маңызы
зор.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
38
Біздің өлкемізде табиғи материалдарға бай. Сағыз селосының күн шығысында
Түкті ата қорымы тұсында құрылысқа қажетті құмайт-қиыршық тас қоспасы, сары
құм өндіріледі. Ақшелек өңірінде бор кен орны бар. Ақжарда – ақ балшық,
Қызылсайда – қызылбалшық қоры бар. Село аумағында кірпіш соғатын топырақтан
басқа қажетке жарамды саздың да қоры бар.
Міне, осындай жергілікті жеріміздің табиғи материалдарының тұрмысқа
қажеттілігін оқушы санасына терең сіңіру бағытында жүргізілген қандай жұмыс
болсын оқушы жүрегінен орын табады және ол білгені туралы мақтанышпен айта
жүреді.
Бастауыш сынып оқушылары жергілікті жер топырағының алуан түрлілігін
біле отырып, олардың кенге жатпайтын пайдалы қазбалар екенін 3-4 сыныпқа
арналған «Дүниетану» пәнінен «Пайдалы қазбалар» тақырыбын өткенде танысқан,
меңгерген білімдерін толықтырады [49-51 б.].
Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларға: тұз, фосфорит, әктас, мәр-мәр, гранит,
құм, саз т.б. жататынын біле отырып, олардың ішінде құрылысқа көп пайдаланатын
құм, саз, әк біздің жерімізде бар екенін біледі.
Әктас – біздің күнделікті өмірімізде өте жиі кездеседі. Әктастың 3 түрі бар:
бор, кәдімгі әктас және мәрмәр. Олар бір-бірінен қаттылығына қарай ажыратылады.
Бор – әктастың жеке түрлерінің ішіндегі ең жұмсағы. Оны қолмен оп-оңай
опыра аласыз. Үгілген, түсі ақ бормен тақтаға жазамыз. Одан үй ақтайтын әк
алынады. Бұл кен орны біздің жерімізде Ақжар өңірінде шоғырланған.
Кәдімгі әктас бордан қатты. Ол сұрғылт немесе сарғыш түсті болады. Әктастан
күйдіру жолымен әк алынады. Оған саз қосу арқылы цементтің кейбір түрлері
өндіріледі.
Әкке құмның өте сапалы түрін қосып, ақ кірпіш дайындайды. Ондай кірпіш өте
берік, күйдіруді қажет етпейді. Осындай құмдарды тас жолу төсеуге де пайдаланады.
Жергілікті жерімізден шығатын мұндай сары құмдарды пайдаланудың тиімділігі
тасымалдауға кететін шығынды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Қызылсаз – түсі қызыл, құрамында тұз аз, тұндылығымен ерекшеленетін
қоспасы жоқ топырақ. Қызылсаз – Қызылқоға өңірінің Қызылсай елді мекенінде
орналасқан, бояулы саз адам үстіне жұқпайды. Оны үй майлауға пайдаланады.
Бертін келе керамика жасауға пайдаланған.
Туған жердің топырағының ерекше қасиетін оқушыларға ұғындыра, осы
қызылсаздың құрамы одан түрлі бұйымдар, сазды аспаптар жасалатынын айта
отырып, олардың шығармашылық қабілетін, қызығушылығын арттыру мақсатында
қызылсаздан жасалатын түрлі бұйымдарды пайдаландым. Тек құрылысқа емес,
тұрмысқа қажетті бұйымдар, ыдыс-аяқтар жасалатындығын және емдік қасиеті бар
екендігін түсіндірдім.
Қызылсаздан түрлі бұйымдар жасау маманы, Қызылқоға өңірінің қасиетті
аймағы Сағыз селосың ақиқат шежіресі «Сағыз бойы ен жайлау энциклопедиясын»
жасақтаушы, саз балшықтан музыка жасау шебері, облыс әкімі сыйлығының
лауреаты, «Жылдың үздік фотосуретшісі», «Облыстық жыл адамы», өзімнің
алғашқы шәкіртім Таласов Жайлауды сынып сағаттарына, еңбек сабақтарындағы
«Табиғи материалдармен жұмыс» тақырыптарында өткізген сабақтарына
қатыстырып, шебер осы саздан өз қолымен жасаған түрлі ыдыстарды, сувенирлік
бұйымдарды және музыкалық үрмелі аспап сазсырнайды көрсетіп, жасалу жолын
қызықты да, әсерлі етіп түсіндіре тұрып, сол бұйымдардың қарапайым түрлерін
оқушылардың көз алдында жасап көрсетті.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
39
Мұндай жұмыстардың оқушылар үшін әсері өте зор болды. Мысалы: «Еңбек»
сабақтарында «Табиғи материалдар мен жұмыс» тарауын өткенде «Ермексаздан торт
жасау» аса қызықты болды.
Қызылсаздың өзіндік қасиеттерін біле отырып, оның құрамын білу үшін
теориялық біліммен ұштастыра зертханалық жұмыстар жүргізудің оқушы білімін
толықтыра түсу үшін маңызы зор. Қызылсаздың өзінен илеп, шағын мүсіндер
жасауға болғанымен сұйықтай қалыпқа құйып, аспап немесе тағы да басқа бұйымдар
жасауға жарамсыз. Қызылсазға 5-10% мөлшерінде каошты (ақ бор) қосу арқылы
құрамы байытылады.
Қызылсаздан бұйым жасау тәсілі: сазды суға езіп, араластырып, тұндырады.
Тұнған кезде бетіндегі таза суды сорып алады. Осы әрекетті бірнеше рет қайталау
керек. Тұзы көп саз құю технологиясы арқылы жасалатын материал шликер деп
аталады. Дайын шликердің тығыздығы құюға арналған өз мөлшерінде болуы керек.
Тығыздығы жоғары болса су құйылады, төмен болса суы тұндырылып алынады.
Осы дайындалған сұйықты қалыпқа құямыз, гипс қалып саздың құрамындағы
суды сорып, сұйық саз қоюланып, қатаяды. Сол кезде қалыпты ашып, ішіндегі
бұйымды алып, көлеңкеге бөлме температурасында кептіреміз. Одан кішкене
дегдіген соң тесіктері жасалады. Дайындалған сұйықты ағаштың үстіне кенеп, оған
құйып қойылтамыз. Күйіп кетпей тұрған күйінде қолмен илеп, иін қандырамыз.
Дайындалған шикізаттан мынадай қарапайым бұйымдар жасаймыз.
Биік танымдық қабілет, тұрмыс тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың
ерте жасынан туындайды. Сондықтан оқушыны ізденушілікке баулу бастауыш
сыныптан басталады. Ендеше мектепте оқушыны ізденушілкке баули отырып,
ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
40
табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз
қажет.
Ғылыми жұмысқа қатысатын оқушылардың өз бетінше ізденіп, білім игеруі,
мұнда мұғалім оқытпайды, ізденіс іс-әрекетіне бағыттайды. Оқушылар
шығармашылық қабілетіне, ғылыми ойлау дәрежесіне, зерттеу жұмысына икемділігі,
шешендік шеберлігіне қарай іріктелініп алынады.
Міне, осындай мақсатты алға қоя, дарынды оқушылармен, 3-ші сынып
оқушысы Абдолла Бибірахима және 4-ші сынып оқушысы Мұқанғали Орынжанмен
мынадай жоспармен жұмыс жасадым.
Жоба жұмысының жоспары
Жұмыс
кезеңдері
Жұмыс кезеңдерінің
мазмұны
Оқушылардың
іс-әрекеті
Мұғалімнің
іс-әрекеті
Дайындық. Тақырыбы
мен
мақсатын анықтау.
Мұғаліммен
кеңеседі
және
қосымша
ақпарат алады,
мақсат қояды.
Жобаның
мәнімен
таныстырады, оқушыларға
дәлелдеу.
Мақсатын
құруға көмектеседі.
Жоспарлау
.
а) Ақпарат іздестіру
жолдарын анықтау.
ә)
Ақпараттарды
талдау және жинақ-
тау тәсілдерін анық-
тау.
б) Нәтижені көрсету
тәсілдерін анықтау
(есеп беру үлгісі).
г) Топ мүшелерінің
міндеттерін бөлу.
Ісіне
жоспар
құрады.
Өз ұсынысын айтады,
идеялар ұсынады.
Зерттеу.
Мәлімет
жинау,
кездескен міндеттер-
ді шешу. Негізгі
құралдар: интервью,
бақылау, тәжірибе,
сауалнама.
Кездескен
міндеттерді
шешу
арқылы
зерттеу
жұмысын
орындау.
Бақылайды, кеңес береді,
жұмысты
сырттан
басқарады.
Нәтижесі
және
қорытын-
дысы.
Мәліметтерді талдау
(ақпарат).
Ақпараттарды
талдау.
Бақылайды және кеңес
береді.
Жұмысты
қорғау
немесе
есеп беру.
Нәтижені
көрсету
түрлері: ауызша есеп
беру, көрнекілікпен
ауызша есеп беру,
жазбаша есеп.
Есеп
береді,
талқылайды.
Көрермен
ретінде
тыңдайды,
сұрақтар
қояды.
Нәтижені
және
үрдісті
бағалау.
Өзін-өзі бағалау
мен
ұжымдық
талқылау
жолымен
бағалауға
қатысады.
Оқушылардың
еңбегін,
шығармашылық ойлауын,
есеп берудің сапасын,
ақпараттарды дұрыс пай-
далану сапасын, жалғас-
тыру сұранысын бақылай-
ды.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
41
Осындай жоспарлы жұмысты бастауыш сынып оқушысының жас ерекшелігін
ескере жүргізе отырып, «Жергілікті жер топырағын мүсіндеу өнерінде пайдалану»
тақырыбы бойынша оқушыларым Абдолла Бибірахима мен Мұқанғали Орынжан
ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорғап, Орынжан аудандық әдістемелік орталықтың
ұйымдастыруымен өткізілген ғылыми-зерттеу жұмыстар сайысында жүлделі I орын
және Абдолла Бибірахима оқушылардың «Жалын» ғылыми конференциясында
жүлделі III орын иеленіп, жұмысы аудандық бастауыш сынып оқушыларының
ғылыми-зерттеу жұмыс жобасын қорғауға ұсынылып отыр.
Зерттеу мақсаты: жергілікті жеріміздің топырағын зерттей отырып, мүсіндеу
өнеріне пайдалану, оқушы білімін, нәтижесін күнделікті өмірде пайдалану.
Зерттеу кезеңдері: 1. Бақылау; 2. Эксперимент жүргізу; 3. Көнекөз қариялармен
кездесіп, ақпарат жинау, зерттеу; 4. Жергілікті қолөнер шебері, көркем қыш өнерінің
маманы Таласов Жайлаудың жұмыстарын басшылыққа алып, қызыл топырақтың
ерекшеліктерін ашып көрсету.
Эксперимент әдістемесі: бақылау, эксперимент жүргізу, интернет жүйесін
қарау, материалдар жинақтау арқылы туған жердің табиғатына сүйіспеншілігін
арттыра отырып, топырақтар әлемін қорғау.
Зерттеу жаңалығы: негізінен көркем қыш өнеріне жарамды саз Атырау
облысының аумағында Сарайшық елді мекенінде бар екенін, орта ғасырдағы Алтын
Орда астанасы болған Сарайшықты академик Әлкей Марғұлан зерттеп, табиғат
өзгерістерінде су шайындыларымен, су тасқындарымен келген деген жорамал бар.
Осы материалдың нақты біздің ауыл маңында да бар екенін және сапасының өте
жоғары екенін көрсету. Ол Қызылқоға ауданы бойынша біздің жерімізде кездеседі.
Емдік мақсатта буын ауруларына пайдаланады. Біздің жерімізде сирек кездесетін
қыш бұйымдарын жасауға күнделікті өмірде, тұрмыста пайдалануға болатынына көз
жеткіздік.
Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы. Ғылыми жұмысты орындаушы өз
талдауларын қорытындылай келіп, жоғарыда келтірілген топырақтың табиғаттағы
адам өміріндегі пайдасын, тиімділігін және арзан шикізат ретінде пайдалануға
болатынын дәлелдеуге ұмтылған және мектеп бағдарламасына ауқымды орын беру
керек деп түйін жасайды.
Теориялық және практикалық маңыздылығы. Авторлар ғылыми, зертханалық
жұмыстар жүргізе отырып, дәлелдеуге ұмтылған. Өзіндік ой қорыту, нақты
тұжырым жасау және зерттеу дағдысы шәкірт бойында қалыптаса бастаған.
Бұл мақсатты алға қоя отырып, алдымен бақылау, эксперимент жұмыстарын
жүргізіп, осы топырақтың орналасқан жері, құрамы қасиеті туралы білетін көнекөз
қариялармен кездесіп, ақпарат мәліметтерін жинап, интернет жүйесінен түрлі
ақпараттар іздеп, жергілікті қолөнер шебері, көркем қыш өнерінің маманы Жайлау
Таласовтың жұмыстарын басшылыққа алып, қызылтопырақтың ерекшелігін ашып
көрсету мақсатында жұмыс істедік.
Зерттеу барысында негізінен қыш өнеріне жарамды саз Атырау облысының
аймағында Сарайшық елді мекенінде бар екенін орта ғасырдағы Алтын Орда
астанасы болған Сарайшықты академик Әлкей Марғұлан зерттеп дәлелдеген. Ал,
осы саз біздің жерімізге қалай келген деген сұраққа тоқтасақ, су тасқындарымен, су
шайындыларымен келген деген жорамал бар. Осы материалдың нақты біздің ауыл
маңында бар екенін және сапасының өте жоғары екенін біле отырып, Қызылқоға
ауданы бойынша біздің жерімізде кездесетін емдік мақсаттарда буын ауруларына
пайдалануға және біздің жерімізде сирек кездесетін қыш бұйымдарын жасауға
күнделікті, өмірде тұрмыста пайдалануға болатынына көз жеткіздік.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
42
Міне, осындай ерекше қасиеті бар туған жер топырағын 2009 жылдан бастап
зерттеуді қолға ала бастадық. Оған себеп әр түрлі сынып сағаттарында еңбек
сабақтарында кездесу өткізіп, өзінің қолөнер шеберлігімен көркем қыш өнерінің
жетік маманы Жайлау Таласовтан жергілікті жеріміздегі қызылсаздың ерекше
қасиетін одан қыш бұйымдар ыдыстарын жасау жолдары туралы айтқан қызықты да
әсерлі әңгімесі себеп болды. Қызылсаздың орналасқан жеріне барып біраз
мәліметтер жинадық. Осы жұмыс барысында көнекөз қариялармен кездесіп,
сұрастырдық. Асқан ақсақал былайша ой өрбітеді:
Қызылсай – Сағыз округіне қарасты елді мекені Сағыздан 17 шақырым жерде
орналасқан. Ертедегі байлар мекені. Жері сазды, суы мол, ертеден елге қоныс
болған. Суы тұщы – бұлақ. Тайыз, 1 м тереңдіктен шығады. Сайдың етек жағында
қызыл топырақ шығып жатыр. Бояулы саз адам үстіне жұқпайды. Оны үй майлауға
пайдаланады. Бертін келе керамика жасауға пайдаланған. Суда темір қоспасы жоқ,
қақ тұрмайды.
Осы қызылсаздан бұйымдар жасау жұмысымен көп жыл шұғылданған Жайлау
ағайдың пікірінше: қызылсаздың өзінен илеп, шағын мүсіндер жасауға болғанымен
сұйықтай қалыпқа құйып, аспап немесе тағы да басқа бұйымдар жасауға жарамсыз.
Қызылсазға 5-10% мөлшерінде каолин (ақ бор) қосу арқылы құрамы байытылады.
Сұйықты дайындау тәсілі: сазды суға езіп, араластырып, тұндырады. Тұнған кезде
бетіндегі таза суды сорып алады. Осы әрекетті бірнеше рет қайталау керек. Тұзы көп
саз көп шайылады. Құю технологиясы арқылы жасалатын материал шликер деп
аталады. Дайын шликердің тығыздығы құюға арналған өз мөлшерінде болуы керек.
Тығыздылығы жоғары болса су қосылады, төмен болса суы тұндырылып алынады.
Бұйымды дайындау әдісі:
Дайындалған сұйықты қалыпқа құямыз. Сосын қалып саздың құрамындағы
суды сорып, сұйық саз қоюланып, қатаяды. Сол кезде қалыпты ашып, ішіндегі
бұйымды алып, көлеңкеге (бөлме температурасында) кептіріледі. Одан кішкене
дегдіген соң тесіктері жасалады. Әр түрлі жұмыстар жасауға болады. Дайындалған
сұйықты ағаштың үстіне кенеп жайып, оған құйып, қойылтамыз. Кеуіп кетпей
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
43
тұрған күйінде қолмен илеп, иін қандырамыз. Қызылсаздан ұлттық аспап саз сырнай
да жасалады.
Сазсырнай – саздан жасалатын өзіміздің ұлттық үрмелі аспаптарымыздың
бірі. Сазсырнай көлемі де үлкен емес, адамның бір жұдырығындай ғана. Бірақ оны
жасау екінің бірінің қолынан келе бермейді. Оны жасау үшін гипс қалыпқа сұйық саз
балшықты құйып пайдаланамыз. Негізі, қай өңірдің болмасын топырағынан саз
сырнай жасауға болады. Бірақ, мен біздің өңірден де ұлттық аспап дайындауға
болатынына көз жеткізіп отырмын. «Өзім жұмыс барысында академик Болат
Сарыбаевтың еңбектеріне сүйенемін, - дейді Ж. Таласов, - өйткені оның дайындау
технологиясы терең зерделеуді қажет етеді». Оны дәстүрлі көзелік тәсілмен жасауға
келмейді, тек құю керек. Бұған кез келген саз жарай да бермейді. Ол тек сұйық
саздан құйылады. Мына қолымызға ұстап тұрған сазсырнай жеті ноталы, бес жарты
ноталы, барлығы он екі түрлі дыбыс шығарады. Яғни, до нотасынан келесі до-ға
дейін бір октава (октава ноталар жиынтығы).
Көзе – гүл егуге қолайлы, саздан жасалған керамикалық ыдыс. Ол ауа
өткізбейді, ылғал өткізеді. Егер де ыдысқа артық су құйылса, артық ылғалдылықты
өз бойын сіңіріп алады да, ал топырақ құрғаған кезде бойындағы ылғалдылықты кері
береді. Сондықтан мен қарапайым қызылсаздан осындай әр түрлі қолөнер
бұйымдарын жасауға болатынына көз жеткіздім. Бұған үлкен төзімділік, шеберлік
керек. Зерттеу жұмысымызды орындап, талдап, қорытындылай келе, жоғарыда
келтірілген топырақтың адам өміріндегі пайдасын, тиімділігін және арзан шикізат
ретінде пайдалануға болатынына көз жеткіздік.
Жоба қорғау нәтижесінде:
1. Оқушы тақырып мазмұнын ашуға адамдармен қарым-қатынас жасайды,
сұрақ қоя білуге дағдыланады. Жай сұрақтардан күрделі сұрақтарға қарай
бағытталады.
2. Ауызша сөйлеуге мән бере отырып, ойын дұрыс жеткізе білуге
қалыптасады.
3. Жазбаша дұрыс, сауатты жаза білуге дағдыланады.
4. Жүйелі сөйлеу дағдысы қалыптаса келе, мәтін мазмұнын әсерлі және қажетті
ақпаратпен жеткізе білуге үйренеді.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
44
5. Тақырыпқа сай өзіндік көзқарасын білдіруге назар аударады.
6. Оқушылардың танымдық және шығармашылық әрекеттерінде өзі жеке тұлға
ретінде танылады.
Бастауыш сыныптан зерттеу жұмысына бағытталған жасөспірімнің бойында
сенім, өзіндік сана-сезімі қалыптасып, рухани сау, тәрбиелі, білімді, елжанды,
азаматтық көзқарасы қалыптасқан, қоғамымызға жат қылықтан аулақ, өз Отанын қай
жерде болса да мақтан ете алатын және Қазақстанның болашақ иесінің тұлғасы
қалыптаспақ.
Өз өлкесі туралы біліп, оған мақтанышпен қарайтын оқушы да Отанына да
ерекше көзқарас қалыптасатынына күмән жоқ. Бұған мұғалім өздерінің
шығармашылық еңбегі мен ізденімпаздығының арқасында және жұмыстарын
ғылыми негіздеулерінің нәтижесінде қол жеткізеді. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың:
«Қазақстан Барысы өзі ішетін тұнық судың лайланбауын, ал өзі аясында тіршілік
ететін табиғат пен тыныстайтын ауасының жақсаруын қатаң қадағалап отырады», -
деген сөзінің үлкен мәні бар. Ендеше біз осындай барыстарды тәрбиелейміз десек,
оларға өлкетанушылық білім берудің маңызын арттыра түскеніміз абзал.
Сонымен, топырақ – тіршілік бесігі, мол байлықтың қайнар көзі. Жергілікті
жер топырағын адам қажеттілігіне жарата отырып, осы топырақтардың ішінде менің
көз жеткізгенім – туған жерде кездесетін топырағынан жасалатын бұйымдарды
болашақта тұрмысқа қажеттілігі. Қызылсаздан жасалатын керамикалық бұйымдар
тұрмыста көп пайдаланылады. Сонымен қатар керамикалық саздың адам
денсаулығына да пайдасы бар. Оны буын ауруларына пайдаланылады. Осындай
жергілікті жеріміздің сазын пайдаланып, көптеген бұйымдар жасап, сазды емге
пайдалансақ, дертке дауа, жанға шипа, күнделікті тұрмысқа қажетті болары сөзсіз.
Болашақта осындай табиғи материалдардың қажеттігі артып, қолданысқа
енетініне көз жеткіздім. Бұның ең басты артықшылығы: экологиялық тазалығы
тұрмыста қолданғанда ортада ешқандай радиациялық әсері жоқ. Оқушы бойындағы
қабілет, дарынын бала жастан ұштау – мектеп пен ұстаз алдында тұрған басты
міндеттердің бірі. Осы негізді басшылыққа ала отырып, дарынды оқушылармен
жүргізілген ғылыми ізденіс, зерттеушілік жұмыс оқушылардың білім дағдыларын
қалыптастыруға, белгілі бір ғылым саласында өз білімдерін жетілдіре, толықтыра
түсуіне үлкен ықпал ете отырып, дарынды оқушылар санын жылдан-жылға көбейте
түссек нұр үстіне нұр болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |