Жобаның ұлттық және халықаралық деңгейдегі маңыздылығы. Бұл жоба
ҚР Президентінің 07.12.2010 ж. №1118 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасының» еңбек нарығының, еліміздің ҮИИД міндеттерін
және жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын, білім беру саласындағы
үздік әлемдік тәжірибелерге сай келетін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі
білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу мақсатын жүзеге асыруға толық
бағытталған.
Біздің жобамыз жоғарыда аталған Мемлекеттік бағдарламаның жоғары білікті
ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлау бойынша бөлімінің: еліміздің
ҮИИД жобаларына сай келетін жоғары және жоо-нан кейінгі білімі бар кадрлармен
қамтамасыз ету; жоғары және жоо-нан кейінгі білімнің еуропалық аймағына
кірігуді қамтамасыз ету; білімнің, ғылымның және өндірістің кірігуін қамтамасыз
ету, зияткерлік меншік пен технологиялардың өнімдерін коммерцияландыру үшін
жағдай жасау жөніндегі міндеттерін орындауға үлкен үлес қосады. Жоба
нәтижесінде еңбек нарығының сұраныстарына арналған еліміздің жоо білім беру
бағдарламаларының икемді әрекет ету тетігі енгізіледі – модульдік білім беру
бағдарламалары әзірленеді.
Біздің жобамыздың халықаралық деңгейдегі маңыздылығы мынада – Болон
процесінің шеңберінде мынадай міндетті, ұсынымдық параметрлері орындалады:
әлеуметтік ғылымдар бағытындағы «Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша
отандық жоғары білікті ғылыми кадрларды, магистрлер мен PhD докторларын
даярлау мақсатында жоғары және жоо-нан кейінгі білімнің мазмұны мен
құрылымын Болон процесінің параметрлеріне сәйкес келтіру арқылы білімнің
еуропалық аймаққа кірігуі қамтамасыз етіледі; жетекші шетелдік әріптес жоо-мен
бірлесіп, білім беру бағдарламалары әзірленеді.
Әлеуметтік сұраныс және (немесе) жобаны жүзеге асырудағы
экономикалық және индустриалды қызығушылықты және оның нәтижесін
алу. ҚР Президентінің 19.03.2010 ж. №958 Жарлығымен ҚР ҮИИД 2010-2014
жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы бекітілген болатын. Мемлекеттік
бағдарламаның «Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету» атты бөлімінде:
«Негізгі міндет – Индустриялық-инновациялық даму шеңберінде экономиканың
басым секторларының қажеттіліктерін білікті кадрлық ресурстармен қамтамасыз
ету», - деп атап көрсетілген. Сонымен бірге Нысаналы индикаторлардың бірі ретінде
экономиканың әртүрлі секторлары бойынша басым мамандықтар (кәсіптер)
бойынша 147 кәсіби стандарттар әзірлеу қажеттігі айтылған.
Біздің жобамыздың басты стратегиясы: еңбек нарығындағы сұранысқа және
халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыс берушілер бірлестіктерін және
қызметкерлерін тарта отырып, ұлттық біліктілік жүйесін; кәсіптік стандарттарды;
құзыретті мамандар даярлаудың интеграцияланған (модульдік) білім беру
бағдарламаларын әзірлеу жолымен білім беру бағдарламаларының құрылымы мен
мазмұнын жаңарту болып табылады.
Біздің жобамыз жоғарыда атап көрсетілген ҮИИД басымдықтары бойынша
қолданбалы зерттеулер мен әзірлемелерді дамытуға бағытталған.
Ғылым мен технологияның дамуына алынған нәтижелердің әсері және
күтілетін әлеуметтік және экономикалық әсер. Жоо-лардың академиялық
қызметінде автономдық ұстанымдары іске асырылады. Отандық ғылыми
зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізудің негізінде білім мен ғылымды
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
30
біріктіру жолымен инновациялық қызмет жүзеге асырылады. Импакт-факторлы
ғылыми журналдарда жарияланымдары жарық көрген профессор-оқытушы
құрамының және ғылыми қызметкерлердің үлесі артатын болады. «Қоғамдық
байланыс» саласы бойынша еліміздің ҮИИД жобаларына сәйкес келетін жоғары
және жоо-нан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында
мемлекеттік білім беру тапсырысымен магистратурада және PhD докторантурада,
сонымен бірге жоо-ның кафедрааралық байланысы негізінде жоғары және жоо-нан
кейінгі білімі бар мамандар даярланады.
Жоба
идеясының
қолданыстағы
үлгілерден
түбегейлі
айырмашылықтарын сипаттау. Біздің жобамыздың идеясы Қазақстанда тұңғыш
рет жүзеге асырылатын болады. Атап айтқанда, «Қоғамдық байланыс» бағытындағы
мамандар даярлаудағы Австралия, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Канада, Қытай,
Ресей, Түркия және т.б. елдерінің жетекші жоо-ның тәжірибелерін танып-білу
жүзеге асырылады. Қазақстанда «Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша
ғылыми кадрлар, магистрлер мен PhD докторларын даярлау бойынша Халықаралық
ғылыми конференциялар мен семинарлар ұйымдастырылады; «Қоғамдық байланыс»
мамандығы бойынша жоғары білікті мамандар даярлаудың халықаралық және
отандық тәжірибелерді тарату бойынша арнайы Интернет-ресурс; «Қазақстандағы
және халықаралық «Қоғамдық байланыс» атты халықаралық ғылыми журнал
құрылады.
Жетекші шетелдік әріптес жоо-мен бірлесіп, ҚР ҮИИД басым салаларының
салалық біліктілік шеңберіне сәйкес «Қоғамдық байланыс» бағыты бойынша білім
беру бағдарламалары әзірленеді; «Қоғамдық байланыс» мамандығының пәндері
бойынша ОӘҚ әзірленеді және олар басып шығарылады, оқулықтар мемлекеттік
тілге аударылады. Жоба нәтижелері Австралия, АҚШ, Ұлыбритания, Германия,
Канада, Қытай, Ресей, Түркия және т.б. елдерінің рецензияланатын ғылыми
журналдарында жарияланады.
Зерттеу әдістері. Ғылыми әдістерді сипаттау. Біздің ғылыми жобамыз
қолданбалы зерттеу болып табылатындықтан, нақты тәжірибелік міндеттерді шешу
мақсатында мынадай ғылыми әдістер сипатталады. Біздің ғылыми ізденісіміздің
логикасына сәйкес зерттеудің әдістемесін жасап алу жүзеге асырылады. Ол
жобамыздың күрделі және көпқызметті нысанын барынша дәлме-дәл зерттеуге
мүмкіндік беретін теориялық және эмпирикалық әдістердің кешенді жиынтығы
болып табылады. Әдістердің осындай көптеген түрлерін пайдалану зерттеліп
отырған мәселені, оның барлық қырлары мен өлшемдерін жан-жақты ғылыми
тұрғыдан танып-білуге мүмкіндік береді.
Бақылап, қадағалау, бұл – жоба авторлары нақты деректік материал алуға
мүмкіндік беретін, жалпы бағытталған қабылдау үдерісі. Осы орайда, бақылап,
қадағалаудың тиісті жазбалары жүргізіледі. Бақылап, қадағалау жоба нысанының
алдын-ала жасалған жоспары бойынша жүргізіледі.
Бақылап, қадағалаудың мынадай кезеңдерін атап өтуге болады: міндеттер мен
мақсаттарды айқындау; зерттеу нысанын, пәні мен жағдаятты таңдау; зерттеліп
отырған нысанға барынша аз ықпал етіп, қажетті ақпаратты неғұрлым мол
жинақтауды қамтамасыз ететін бақылап, қадағалаудың тәсілдерін таңдау;
бақыланып, қадағаланған мәліметтерді тіркеп отыру әдістерін таңдау; алынған
ақпараттарды өңдеу және түсіндіру.
Теориялық талдау – жоба тақырыбы бойынша мәселенің кейбір жақтарын,
белгілерін, ерекшеліктерін, қасиеттерін бөліп алып, қарастыру болып табылады.
Кейбір деректерді талдап, топтастырып, жүйелей отырып, біз ондағы жалпы және
ерекше сипаттары мен ережелерін анықтаймыз. Талдау жасау барысында синтезге
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
31
ден қоямыз, ол жоба тақырыбы бойынша мәселелердің мәніне үңілуге мүмкіндік
береді.
Индуктивті және дедуктивті тәсілдер – бұл эмпирикалық жолмен алынған
мәліметтерді қорытудың логикалық әдісі болып табылады. Индуктивті тәсіл ойдың
жеке тұжырымдардан жалпы қорытындыларға қарай, ал дедуктивті тәсіл жалпы
тұжырымдардан жеке қорытындыларға қарай қозғалуын білдіреді.
Теориялық тәсілдер жинақталған мәліметтердің мәселелерін айқындау,
болжамдарды тұжырымдау және бағалау үшін қажет. Теориялық тәсілдер тиісті
әдебиеттерді: зерттеушілердің еңбектерін; жалпы және арнайы жұмыстарды; ресми
құжаттарды; мерзімді басылымдарды және т.б. зерттеп, танып-білумен тікелей
байланысты.
Әдебиеттерді оқып-зерттеу біздің жобамыздың тақырыбы бойынша қандай
мәселелер мен оның тараулары жеткілікті түрде жақсы зерттеліп қойғанын, қандай
тұстары бойынша ғылыми пікірталастар жүргізіліп жатқанын, не ескіріп қалғанын,
ал қандай мәселелер әлі шешімін таппағанын білуге мүмкіндік береді.
Әдебиеттермен жүргізілетін жұмыс барысында мынадай әдістерді пайдаланамыз –
библиография құрастыру – зерттелетін мәселелерге байланысты жұмыс істеу үшін
дереккөздер тізбесін жасау; рефераттау – жобаның жалпы тақырыбы бойынша бір
немесе бірнеше жұмыстардың негізгі мазмұндарын қысқаша мазмұндау;
конспектілеу – жоба тақырыбы бойынша жұмыстың басты идеялары мен
қағидаларын бөліп көрсетуге негізделген барынша нақтыланған жазба
жұмыстарының жүргізілуі; аннотациялау – кітаптың немесе мақаланың негізгі
мазмұнын қысқаша түрде жазып алу; дәйек сөз келтіру – ғылыми дереккөзіндегі
тұжырымдардың, деректік немесе сандық мәліметтердің дәлме-дәл жазылып
алынуы.
Математикалық және статистикалық тәсілдер сұрақ-жауап және сынақ
тәсілдерімен алынған мәліметтерді өңдеу, сонымен бірге зерттеліп отырған
мәселелер арасындағы сандық қатынастарды анықтау үшін қолданылады. Ол
қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін бағалауға көмектеседі, қорытындылардың
сенімділігін күшейтеді, теориялық қорытындылар жасауға негіз береді.
Сыни нүктелер, жобаны жүзеге асырудың баламалы жолдары. Зерттеу
тобының ғылыми жетекшісі PhD, ф.ғ.к., of Associate Professor, доцент Жақып М.Қ.
жобаны жүзеге асырудың баламалы жолы ретінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске
асыратын, ғылыми конференциялар, семинарлар және тренингтер өткізетін; ғылыми
монографиялар, жинақтар, оқулықтар, оқу құралдарын, әдістемелік нұсқаулар,
ғылыми журналдар шығаратын; коммерциялық емес ғылыми-зерттеу, ғылыми-білім
беру, редакциялық-баспа ұйымы болып табылатын «Зерттеуші» Республикалық
ғылыми-білім беру орталығын құрды.
Зерттеу нәтижесіне зияткерлік меншік құқығын бөлу және ресімдеу
шарттары. Зерттеу нәтижелері ғылыми монография, оқулықтар және оқу құралдары
түрінде жарияланатын болады, зияткерлік меншік қорғалатын болады, қажет
жағдайда ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің
Авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы Куәліктері
алынатын болады.
Жобаның ғылыми жетекшісінің түйіндемесі және ғылыми дәрежесі,
Жоба тақырыбына қатысты негізгі жарияланымдары.
Ғылыми жобаның жетекшісі – Жақып Мырзантай Қожабайұлы, PhD,
филология ғылымдарының кандидаты, of Associate Professor, доцент:
Жақып М.Қ. «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығының модульдік
білім беру бағдарламасы және жұмыс оқу жоспарлары. ҚР Үкіметінің 2012 жылғы
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
32
23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Жоғары білім берудің Мемлекеттік
жалпыға міндетті стандартына және «5В051400 – Қоғамдық байланыс» жоғары білім
беру мамандығының үлгілік оқу жоспарына сәйкес жасалған. – Астана, 2013.
Жақып М.Қ. Модульная образовательная программа и рабочие учебные
планы специальности «5В051400 – Связь с общественностью». Составлена в
соответствии с Государственным общеобязательным стандартом высшего
образования, утвержденным постановлением Правительства РК от 23 августа 2012
года № 1080 и Типовым учебным планом по специальности высшего образования
«5В051400 – Cвязь с общественностью». – Астана, 2013. – Орыс тілінде.
Жақып М.Қ. Модульная образовательная программа специальности
магистратуры «6М051400 – Связь с общественностью». Составлена в соответствии с
ГОСО РК 7.09.165-2010 и ГОСО РК 5.04.033 – 2011 Основные положения. – Астана,
2013. – Орыс тілінде.
Жақып М.Қ. Рабочий учебный план специальности магистратуры «6М051400
– Связь с общественностью». Составлен в соответствии с Государственным
общеобязательным
стандартом
послевузовского
образования
(Раздел
1.
Магистратура), утвержденным постановлением Правительства РК от 23 августа 2012
года № 1080 и Типовым учебным планом по специальности послевузовского
образования «6М051400 – Связь с общественностью», Приложение 240. – Астана,
2013. – Орыс тілінде.
Жақып М.Қ. Жоғары білікті «Қоғамдық байланыс» мамандарын даярлаудың
медиабілім саласындағы маңызы // Ғылым және білім ғасыры – Век науки и
образования. – Астана, 2013. – Қазақстан. – №№1-3(45-47). – 9-15 бб.
Жақып М.Қ. «Қоғамдық байланыс» – Қазақстанға өте қажет мамандық //
Ғылым және білім ғасыры – Век науки и образования. – Астана, 2013. – Қазақстан. –
№№1-3(45-47). – 16-25 бб.
Жақып М.Қ. «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша білім
беру бағдарламаларының мазмұны // Ғылым және білім ғасыры – Век науки и
образования. – Астана, 2013. – Қазақстан. – №№1-3(45-47). – 26-37 бб.
Жақып М.Қ. «Қоғамдық пікірді зерттеу» пәні бойынша дәрістердің қысқаша
мәтіні («5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығының студенттеріне арналған) //
Ғылым және білім ғасыры – Век науки и образования. – Астана, 2013. – Қазақстан. –
№№1-3(45-47). – 38-86 бб.
Жақып М.Қ. Елбасы идеяларының журналистика тарихын зерттеу мен
оқытуды жаңғыртудағы ерекше маңызы // Зерттеуші-Исследователь. – Астана, 2014.
– Қазақстан. – №№1-3(93-95). – 7-12 бб.
Әдебиеттер
1 Wilson, C., Grizzle A., Tuazon, R. Akyempong K., Cheung C.-K. (2011). Media
and Information Literacy. Curriculum for Teachers. Paris: UNESCO, 190 p.
2 Возчиков В. Педагогика журналистики в аспекте развития коммуникативных
умений: монография. – НИЦ БиГПИ, 2000. – 160 с.
3 Жилавская И. В. Медиаобразование молодежи : монография / И.В.
Жилавская. – М.: РИЦ МГГУ им. М. А. Шолохова, 2013. – 243 с. ISBN 978-5-8288-
1404-6.
4 Жилавская И.В. Диссертационный кластер магистров медиаобразования как
социальный проект // Международный электронный научно-образовательный
журнал
«Медиа.
Информация.
Коммуникация».
–
№9.
–
2014.
–
http://mic.org.ru/new/294-dissertatsionnyj-klaster-magistrov-mediaobrazovaniya-kak-
sotsialnyj-proekt.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
33
5 Зайцев А.В. PR-коммуникация: диалогическая модель связей с
общественностью и современность (Американский и Западноевропейский опыт) //
Перспективы науки и образования. – №4. – 2013. – С. 303-312.
6 Иловайская Л.Б. Особенности развития связей с общественностью в Китае //
Вестн. Волгогр. гос. ун-та. – Сер. 7. Филос. – 2011. – №1(13). – ISSN 1998-9946. – С.
157-161.
7 Корконосенко С.Г. Преподаем журналистику. Профессиональное и массовое
медиаобразование. – СПб.: Изд-во Михайлова В.А., 2004. – 240 с.
8 Корконосенко С.Г. Основы журналистики: Учебник для студентов вузов /
С.Г. Корконосенко. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Аспект Пресс, 2006. – 318 с.
9 Королько В., Некрасова О. Паблик рилейшнз: проблемы образования
(Международный опыт и украинские реалии) // Социология: теория, методы,
маркетинг. – 2004. – №2. – С. 169-184.
10 Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы. ҚР Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы
№1118 Жарлығы. – Астана, 2010.
11 ҚР Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының
жіктеуіші. ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және
метрология комитетінің 2009 жылғы 20 наурыздағы №131-од бұйрығымен бекітіліп,
қолданысқа енгізілген (енгізілген күні 2009.09.01). – Астана, 2009.
12 ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және
метрология комитетінің 2009 жылғы 20 наурыздағы №131-од бұйрығымен бекітіліп,
қолданысқа енгізілген (енгізілген күні 2009.09.01) ҚР Жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші. – Астана, 2009.
13 Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық
дамуының 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. ҚР
Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №958 Жарлығымен бекітілген. – Астана,
2010.
14 Мельник Г.С., Ким М.Н. Методы журналистики: Учеб. пособие для
студентов факультетов журналистики. – СПб.: Изд-во Михайлова В.А., 2006. – С. 37.
15 Подготовка PR-специалиста в вузе: теория и практика. Материалы
Всероссийской научно-практической конференции. Екатеринбург, 18 декабря 2010 /
НОУ ВПО «ИМС»; Гл. ред. Игошев Б.М., Скворцов О.Г. – Екатеринбург, 2010. –
363с.
16 Прохоров Е.П. Исследуя журналистику. – М.: РИП-холдинг, 2006. – 202 с.
17 Смеюха В.В. Роль журналистики и PR в подготовке специалистов
направления «Реклама и связи с общественностью» // Вопросы теории и практики
журналистики.
–
№1(5).
–
2014.
–
С.
113-118.
–
jq.isea.ru/classes/pdf.ashx?id=19012&l=1.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
34
ХАУАСБАЕВА Қарлығаш,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Телерадиожурналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының
2 курс магистранты, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы
Ғылыми жетекшісі: ЖАҚЫП Мырзантай Қожабайұлы,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Телерадиожурналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті,
PhD докторы, филология ғылымдарының кандидаты, of Associate Professor,
Астана қаласы, Қазақстан Республикасы
ФРАНЦИЯ ЕЛІ САТИРАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ
Аталмыш мақалада сатиралық жанр жайындағы зерттеулер және қазақ сатира
жанрының «жаттықтырушысы» Темірбек Қожакеевтің еңбектері өзара салыстырыла
қарастырылған. Франция еліндегі сатиралық жанр тарихы мен оның негізін
салушылар туралы мәліметтер жинақталған. Сонымен бірге өзіміздің шетелдік, атап
айтқанда, Франция мемлекетіне ғылыми тағылымдамаға баруымыздың басты себебі
болған француз сатирасымен танысып, жиналған материал ұсынылып отыр.
Әлемдегі алпауыт мемлекеттердің бірі – Франция. Ғасырлар бойы ежелгі
тарихымен ерекшеленетін бұл елді қай жағынан алып қарасақ та дамып, өркендеу
үстінде. Соңғы 10 жылда француздардың демографиялық, экономикалық
жағдайлары да жақсаруда. Басқа елге барғанда табиғаттың заңдылығы болар, барлық
жағынан өз еліңмен салыстырады екенсің.
Магистрлік диссертацияға байланысты бөлінген он күнде Франция
мемлекетінің Лион қаласында ғылыми тағылымдамадан өттік. Басты мақсатымыз бір
аптаның ішінде ғылыми диссертацияға байланысты ақпарат жинап, шетелдің БАҚ-
мен танысу болатын. Менің тақырыбым Темірбек Қожакеевтің журналистика
саласына қосқан ғылыми үлесі болғандықтан, әрине, тікелей бұл бағытта ешқандай
дерек таба алмадым.
Соған қарамастан, Темірбек Қожакеевтің ғылымға, қазақ журналистикасында
қалдырған өшпес мұрасы – ол қазақ сатирасы жайлы жарияланған зерттеулері,
еңбектері екені бәрімізге белгілі. Алғаш сатира жайлы кітабы 1983 жылы «Мектеп»
баспасынан жарық көрген, ол «Сатиралық жанрлар» деп аталды. Филология
ғылымдарының докторы, профессор Темірбек Қожакеевтің бұл еңбегінде күлкімен
әшкерелеу өнерінде қолданылатын негізгі жанрлардың тарихы, теориясы мен
тәжірибесі және топталу, жіктелу жүйесі тұңғыш рет арнайы сөз болады. Яғни,
ғалым Темірбек Қожакеевке дейін бұл саланы қазақ ғылымында ешкім зерттемеген.
Сатиралық жанрлардың алуан проблемалары қазақ әдебиеті мен баспасөзінің
мысалдары негізінде қарастырылады. Ол туралы аталмыш еңбекте әдебиет
зерттеушісі Л. Шепилова алғы сөз бетінде айтып өтеді [1].
Ғалым сатиралық жанрларға тоқталмас бұрын «жанр» деген не, оның түрлері
бір-бірінен қалай ажыратылады деген сұрақ төңірегінде қысқаша тоқталады. Жанр
дегеніміз – белгілі бір шығарманың, газет-журнал материалының, радио, телевизия
хабарының көрініс табу формасы. Нақты болмыс-құбылысты жазып, суреттеп айтып
берудің, оқиға фактілерді көрсетудің ғылым белгілеген, жұрт таныған формалары
болады. Өзіндік сипаты, өзіндік белгілері бар сол формалардың әрқайсысы жанр деп
аталады. Белгілі бір шығарманың, газет материалының өзіне ғана тән, өзін ғана
ерекшелендіріп тұрған құрылымдық-композициялық, тілдік, стильдік, тағы басқа
белгілерінің жиынтығы оның жанрын айқындайды [2].
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
35
Ал біз арнайы ғылыми тағылымдамадан өту үшін барып-қайтқан Франция
елінің сатиралық жанры қандай? Оның негізін қалағандар кімдер? Қазіргі таңдағы
сатиралық бағытта жарияланатын қандай басылымдары бар? Осы орайда, сатиралық
жанрда қаламын ұштап жүрген журналисттер жайлы көптеген ақпаратқа ие болдым.
Сатира жанрының бір түрі – фельетон. Бұл француз тілінен аударылған сөз
екенін ескере отырсақ, Францияда да сатиралық жанрдың қарқынды дамығанына көз
жеткіземіз. Оның ішінде фельетонның алатын орны ерекше. Франция сатирасының
тарихы сонау орта ғасырларда өмір сүрген сөз өнерінің шеберлері Франсуа Рабле
мен Джованни Боккаччодан бастау алады. ХІІ ғасырда ұлттық әдебиеттің дүниеге
келуімен сатира жанры да қалыптаса бастады [3]. Басында мемлекет басшылары бұл
жанрды қолдамай, жазу стиль тілі – өткір, дөрекі, қоғамның санасына зиян келтіреді
деп санаған. Кейіннен бұл жанрды қарапайым халық жақтап, ал үкімет басшылары
қадағалауға тырысқан.
Қазақ сатирасының жігін жіктеп, түсін түстеп шыққан, негізін қалаған тұлға,
біртуар сатирик Темірбек Қожакеев болса, француздарда сатира жанрын зерттеген
ғалымдар аз емес. Джованни Бокаччо памфлет жанрында көптеген әңгіме, мысалдар
жазған. Бокаччо көбінесе француз халқының сол замандағы қайғы-мұңын ашып
көрсетеді. Сын нысаны ретінде көбінесе аң-құс, жан-жануар, әр қилы заттарды алып,
солардың іс-әрекеті, жүріс-тұрысы, сиық көрінісі арқылы мемлекет басшылығын
қатты сынға алған. ХVII ғасырдың 30-жылдарындағы Францияның қоғамдық өмірін
тура суреттеген [4].
Мысалды сәтті шығару үшін сатирик әрқашанда сөз етер
болмыстың сырын дәл ашатын персонажды таңдай білуге міндетті. Бұл қағиданы
Джованни Бокаччо да ұстанған. Мысалы, қорқақты – қоян, құлқынқорды – қасқыр,
момынды – қой, қуды – түлкі бейнесінде бейнелеген [5].
Францияның сатирасы озбырлық, ұятсыздық, көзге шөп салу тақырыптарын
жиі көтерген. Тарихты алып қарайтын болсақ, неге Париж қаласы махаббат қаласы
деп аталған? Себебі мұндағы Александр көпірінің астында белгілі шенеуніктердің
немесе лауазымы жоғары тұлғалардың ашыналарымен кездесетін орны болған.
Сонымен қатар, бірнеше тарихи орындарды, зәулім сарайларды нақсүйерлері үшін
арнайы салдыртқан [6].
Франция сатирасының дамуына үлес қосқан тағы бір сатирик – Вольтер
(Франсуа Мари Аруэ, 1694-1778). Франция мәдениетіне жаңа үрдіс алып келген, ұлы
жазушы, публицист, памфлетші, философ. Еліндегі «Журналист» ұғымын жаңа бір
сатыға көтерген тұлға. Жас кезінен дін, шіркеу, князь, патшалық мәселелерін алға
тартып, ащы сатиралық жанрдағы туындыларды дүниеге әкелген. Соның салдарынан
қуғынға ұшырап, 3 жыл көлемінде Ұлыбританияға қоныс аударған. Елінен жырақта
жүріп «Ұлыбритания жайлы хаттар» атты памфлетін жазған. Аталмыш хаттар
Париж қаласындағы «Лувр» мұражайында сақталған.
Лионда өткен екі апталық тәжірибе барысында «Еуроньюс» халықаралық
жаңалықтар тарату қызметінің ұжымымен кездесуге бардық. Мақсатымыз әлем
деңгейінде, 13 тілде 24 сағат бойы хабар тарататын телеарнаның журналисттерімен
жақынырақ танысып, пікір алмасу болатын. Сол жерде мен сатиралық журналда
қосымша қызмет атқаратын журналистпен таныстым. Николя Франсуа – жасы
отыздар шамасындағы қаламгер. Лион қаласында дүниеге келген, жастайынан
шығармашылыққа қызыққаны жайлы, сатиралық шығармаларды Лионның циркінде
сайқымазақты сомдап жүргенде жазатын болыпты. Себебі цирктің өзі – сатираның
бір бөлігі деп санайды Николя.
Оның айтуынша, қазіргі таңда Францияның сатирасы өте еркін. Өткір
тақырыптардың өзектілігін ашып жазады. Мысалы, соңғы жазған сатиралық
шығармасы күздің алғашқы айында жарияланыпты. Көтерілген мәселе: Еуропадағы
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
36
біржынысты некелердің көбеюі жайлы мысқылдап, кекетіп жазғаны туралы айтып
өтті. Күліп мазақтағанымыз өз алдына, бірақ бұл қазіргі таңда дүниежүзіндегі өте
өзекті проблемалардың бірі, біз оның неге әкеліп соғатынын білеміз, ұрпақтың
құруына, елдің құлдырауына алып келетіні жайлы баяндады.
Францияның соңғы кездердегі сатиралық журналдары мұсылмандарды әжуаға
айналдырып, Ислам дінін қатты сынға алғанын бәріміз білеміз. Жуырда Парижде
орын алған үш күндік қантөгіс оқиғасын алатын болсақ, Мұхаммед пайғамбарды
мазақтап, Ислам дінін өткір карикатурамен мысқылдап жазған белгілі сатиралық
журнал журналистерінің жағдайы, өкінішке қарай, қайғылы қазамен аяқталды.
«Charlie Hebdo» – Париждің аптасына бір рет шығып туратын сатиралық басылымы.
Аталмыш журналдың баспасына күндізгі уақытта Ислам дінін ұстанушы әлдебір
қарумен жасақталған адамдар оқ атып, 12 журналисті қырып салды. Соның
салдарынан бүкіл ел дүрлікті, коменданттық сағат орнатылды. Дегенмен, қылмыс
жасағандарды жақтағаным емес, бірақ барлық пәле тілден ғой, мүмкін «Шарли
Эбдо» журналының сатириктері өткір тілмен Мұхаммед пайғамбарды сынға алмаса,
қанды оқиға орын алмас па еді...
Қорытындылай айтқым келгені, сатиралық жанр Францияда тәуелсіз.
Мемлекет тарапынан да тыйым салынып, сөз бостандығына ұшырап жатқаны
шамалы. Тақырыптары тым ашық. Сөз бостандығы бар деп басқа елдердің дінін
қорлап, сынға алып, мазақ ету – журналистік этиканы сақтамау деп түсінемін. Бізге
жат болғаны ма, білмедім, қайткенімен де болмысы басқа болғаннан шығар,
Францияның сатирасы көңілімнен шықпады.
Достарыңызбен бөлісу: |