10. 1Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер


Қазақтардың тұңғыш дүниежүзілік құрылтайы Қазақстан халқының форумы. «Нұрлы көш» бағдарламасы және отандастардың қайтып оралуы



бет4/14
Дата02.03.2022
өлшемі323,84 Kb.
#26837
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

10.2 Қазақтардың тұңғыш дүниежүзілік құрылтайы Қазақстан халқының форумы. «Нұрлы көш» бағдарламасы және отандастардың қайтып оралуы.

  • Дүние жүзі қазақтарының ІV Құрылтайында Елбасы, Н.Ə. Назарбаев «Биыл тəуелсіздікпен бірге атамекенге атбасын бұрған Ұлы көшке 20 жыл толды.... « Елге ел қосылса құт» дейді дана халқымыз. Азаттықтың елең – алаңындағы күрделі кезеңге қарамастан, көшіміз көлікті болды.Содан бері ұлы бір сəтке толастаған емес. Ат қазығын байлар атамекенге 20 жыл ішінде 300 мыңға жуық отбасы көшіп келді. Осылайша ел халқының саны 1 миллионнан астам қандасымызбен толықты. Біз дүние жүзінде өз қандастарын еліне шақырып, қаражат бөлген үш мемлекеттің біреуіміз» – деп, айтты. Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы шетелдердегі қандастарымыздың кездесуі мен араласуының аса зор тетігіне айналып отыр....Дүниежүзі қазақтар Құрылтайы шетелдердегі қандастарымыздың республика аумағына өз еркімен көшіп келуіне үлкен себепші болады .Құрылтайда қаралған өзекті мəселелерге қандастарымызға қолдау көрсетіп, қамқорлық жасаудың нақты жолдарын айқындау, көші –қон туралы заң жобасының қайта қаралуы, «Нұрлы көш» бағдарламасының 2- ші кезеңінің жобасын жоспарлап қолға алу, қандастардың Қазақстаннан жан-жақты хабар алып тұруына жағдай жасау,ұлттық өнерді кеңінен тарату, шет елдерде кіші құрылтайлардың тұрақты өткізілуі жəне оған «Самұрық-Қазына» ұлттық əл-ауқат қорының қолдау көрсету жəне т.б. келелі мəселелер қаралып бүгінде шешімін табуда. Құрылтайда Елбасы Н.Ə. Назарбаев сөйлеген сөзінде: «Жастар – біздің болашағымыз. Біздің əлемдегі барша қазақ жастарының сапалы білім алуына тиісті жағдай жасауымыз қажет.... Сондықтан, мен əлемнің əр қиырындағы қазақ жастарын атамекенде оқуға жəне қазақ еліне қызмет етуге шақырамын» деп, атап көрсетті. Жаһандану заманында, жаңа дəуірге қадам басқан қазақ елі үшін білімді жас мамандарға аса зəру, сондықтан оларды құшақ жая қарсы алу керектігіне ден қойылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет