Қазақ тілін орыс тілді мектептерде интерактивті оқыту технологиясы



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата14.02.2017
өлшемі493,91 Kb.
#4092
  1   2   3   4   5   6

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Қазақ тілін орыс тілді мектептерде  

интерактивті оқыту технологиясы  

 

Әдістемелік құрал  



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Астана  

2013


  

 



 

Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  Ғылыми  Ғылыми 

кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 19 тамыздағы № 4 хаттама). 

 

 

Қазақ  тілін  орыс  тілді  мектептерде  интерактивті  оқыту  технологиясы. 



Әдістемелік  құрал.  –  Астана:  Ы.Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім 

академиясы, 2013. – 48 б.  

 

 

Әдістемелік  құралда  қазақ  тілін  орыс  тілді  мектептерде  интерактивті 



оқыту  технологиясына  арналған  әдістемелік  ұсыныстар  берілген.  Қазақ  тілін 

орыс  тілді  мектептерде  интерактивті  оқыту  технологиясының  теориялық 

негіздері және құрылымдық-жүйелік моделі қарастырылған.  

Бұл  құрал  білім  беру  жүйесіндегі  әдіскерлерге,  мектеп  мұғалімдеріне 

арналған.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

                                                            

                                                             © 

Ы.Алтынсарин атындағы  

Ұлттық білім академиясы, 2013  

 



 

Алғы сөз 

 

Білім  жүйесінің  дамуы  мен  тұрақты  қызмет  етуін  қамтамасыз  ету,  қоғам 

мен  мемлекеттің  даму  шарттары  көптеген  дамыған  елдерде  мемлекеттік 

саясаттың  басым  бағыттарының  бірі  ретінде  қарастырылуда.  Мектеп 

оқушыларының зияткерлік әлеуетін қалыптастырып, оларды жеке тұлға ретінде 

дамыту мектептегі білім жүйесін жетілдірудің басты міндеті болып табылады. 

Бүгінгі  жаһандану  заманында  еліміздің  әлемнің  алпауыт  елдерінің  қатарында 

тұрып, ұлттық құндылықтарымыз бен тілімізді, тарихымыз бен мәдениетімізді 

әлемге  танытатын  зиялы,  білікті  ұрпақ  тәрбиелеу,  міндетіміз.  Сондықтан 

мұғалімнің алдында жан-жақты дамыған, өз елінің тілін, тарихын, мәдениетін 

жетік білетін, белсенді тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын білімдік 

орта  құру  міндеті  тұр.  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  2012  жылғы  27  қаңтардағы 

«Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының  басты  бағыты» 

атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында  мемлекеттік  тілді  дамыту  туралы:  «Тіл 

туралы жауапкершілігі жоғары саясат біздің қоғамымызды одан әрі ұйыстыра 

түсетін  басты  фактор  болуға  тиіс.  Біз  алдағы  уақытта  да  мемлекеттік  тілді 

дамыту  жөніндегі  кешенді  шараларды  жүзеге  асыруды  табандылықпен 

жалғастыра береміз. Кез келген тіл өзге тілмен қарым-қатынасқа түскенде ғана 

өсіп, өркен жаятынын әрдайым есте сақтаған жөн.  

Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада 

белсенді  пайдалана  отырып  дамыту.  Біз  ұрпақтарымызға  бабаларымыздың 

сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға 

түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін әрбір адам 

дербес  шешуге  тиіс  міндет.  Мемлекет  өз  тарапынан  мемлекеттік  тілдің 

позициясын  нығайту  үшін  көп  жұмыс  атқарып  келеді.  Қазақ  тілін  кеңінен 

қолдану  жөніндегі  кешенді  шараларды  жүзеге  асыруды  жалғастыру  керек. 

Сіздер біздің  саясатымыз  туралы  –  2025  жылға қарай  қазақстандықтардың  95 

пайызы  қазақ  тілін  білуге  тиіс  екендігін  білесіздер.  Бұл  үшін  қазір  барлық 

жағдай жасалған. Қазірдің өзінде еліміздегі оқушылардың 60 пайыздан астамы 

мемлекеттік тілде оқиды. Мемлекеттік тіл барлық мектептерде оқытылады. Бұл 

– 

егер бала биыл мектепке барса, енді  он-он екі жылдан соң жаппай қазақша 



білетін қазақстандықтардың жаңа ұрпағы қалыптасады деген сөз.», - деп атап 

көрсеткен  болатын  [1].  Сонымен  қатар  ҚР  «Білім  туралы»  Заңында  барлық 

білім беру ұйымдарының білім алушылары мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін 

білуі атап көрсетілген [2].  

Бүгінгі білім жүйесінің белсенді азаматтық ұстанымы бар, шығармашылық 

тұрғыдан ойлауға, өмір бойы білім алуға дайын жеке тұлғаны тәрбиелеу басты 

міндеті.  Осыған  орай,  мемлекетіміз  мектеп  оқушыларының  функционалдық 

сауаттылығын  дамыту  бойынша  бес  жылдық  ұлттық  жоспарды  қабылдау 

жөнінде нақты міндет қойды. Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге 

қабілетті  50  елдің  қатарына  кіруі  процесінде  де  маңызды  болып  табылады. 

Білім  беру  нәтижелеріне  табысты  қол  жеткізуді,  алған  білімін  оқу  және 

практикалық  қызметте  пайдалана  алуын  қамтамасыз  ететін  логикалық, 

конструктивті  және  сыни  тұрғыда  ойлау  негіздерін  қалыптастыру  үшін 

 



оқытудың  тиімді  нысандары  мен  әдістері  енгізілетін  болады.  Мұғалімдердің 

оқытудың  инновациялық  әдістерін,  қазіргі  заманғы  білім  беру  және 

ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  пайлануы  қолдау  табатын 

болады.  Интерактивті,  инновациялық,  жобалық-зерттеу  технологияларын, 

сандық инфрақұрылымдарды пайдалана отырып, сынып ұжымын жаппай оқыту 

нысанынан әрбір білім алушының жеке білім беру аймағын іске асыруға ауысу 

қамтамасыз етілетін болады [3].  

Қазақстанда мемлекеттік тілдің дамуына зор көңіл бөлініп, қазіргі заманғы 

білім  беру  жүйесі,  оқытудың  инновациялық  нысандары  мен  әдістерін  енгізу 

педагог  қызметкерлердің  тұлғасына  және  кәсіби  құзыреттілігіне  жоғары 

талаптар қойып отырғандығы атап көрсетілген [4].  

Осы  тұрғыдан  қарасақ,  бұл  тек  жаңа  технологиялық  құралдар  ғана  емес, 

оқытудың жаңа түрі мен әдістері, оқытуға жаңаша көзқарас дегенді білдіреді. 

Орыс  мектептерінде  қазақ  тілін  оқыту  барысында  жаңа  технологияларды 

пайдалану  бұл  оқушыларға  қазақ  тілін  оқытудың  сапасын  арттыру  үшін 

қолданылатын технологиялар, олардың қатысымдық мәдениетін қалыптастыру 

мен  дамытуға,  оларға  ғылым  мен  білімді  үйретуге,  ынтымақтастықта 

еңбектенуге  тәрбиелеуге,  қазақ  тілін  практикалық  тұрғыдан  меңгертуге 

арналған технологияларды қолдану болып табылады.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 





Қазақ  тілін  орыс  тілді  мектептерде  интерактивті  оқытудың 

дидактикалық негіздері  

 

 



Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында:  «Білім  беру 

жүйесінің  басты  міндеті  –  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар  мен 

практика  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға  және  кәсіби 

шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау  ...  оқытудың 

жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық 

ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген [4].  

Қазіргі  таңда  үздіксіз  білім  беру  жүйесінде  білім  беруді  дамыту, 

дүниежүзілік  білім  беру  кеңістігіне  кіру  мақсатында  елімізде  білім  берудің 

жаңа  жүйесі  құрылып  жатыр.  Білім  беруді  дамыту  негізінде  оқытушыларға 

жаңа талап, міндеттер жүктеліп отыр. Оқушыларға теориялық білім негіздерін 

меңгертумен ғана шектелмей, олардың шығармашыл әлеуетін дамыту, бәсекеге 

қабілетін арттыру, ақпаратты өзі іздеп, өзі тауып, тәжірибесінде қолдана білуге 

үйрету өмір талабы болып отыр. Бұл мәселелер оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі 

жетілдіріп  отыру  арқылы  шешімін  таппақ.  Сол  себепті  оқытудың  әртүрлі 

технологиялары  жасалып,  мектеп  тәжірибесіне  енгізілуде.  Жан-жақты 

ізденістің нәтижесінде білім беру саласына келген жаңа технологиялардың бірі 

– 

интерактивті оқыту әдістері.  



«Интерактивті»  термині  ағылшын  тілінен  аударғанда,  «бірлесіп  әрекет 

қылу», өзара әрекет етуге қабілетті («interact»: «inter»- өзара, «act»-әрекет ету) 

деген  мағынаны  білдіреді.  Яғни,  интерактивті  оқыту  дегеніміз  –  мұғалім  мен 

оқушы  немесе  оқушы  мен  оқушы  арасындағы  бірлесе  әрекет  ету  барысында 

іске  асатын  –  сұхбаттасу  арқылы  оқыту.  Бірақ  қазіргі  педагогикада 

«интерактивті  оқыту»  ұғымын  бір  ғалымдар  оқу  процесінің  түрі ретінде, енді 

біреулері оқу-танымдық қызметін ұйымдастырудың психология-педогогикалық 

жүйесі  ретінде,  үшінші  біреулері  оқыту  технологиясы  ретінде  қарастырады. 

Алайда  интерактивті  оқыту  ұғымының  бірлесе  әрекет  ету  екендігін  көптеген 

ғалымдар  мойындайды.  Мұғалім  қызметінде  мәселені  талқылау  барысында 

өзара  дауласып,  пікірлесіп  келісімге  келетін,  бір-бірін  ынталандырып, 

қарқындатып  бірлесіп  әрекет  етуші  оқушылар  тобы  басты  орын  алады. 

Интерактивті  әдіс-тәсілдерді  қолдану  адамдардың  шындықты  бірлесе  іздеу 

барысында  пайда  болған  пікірталастарының  интеллектуалды  белсенділігін 

арттыруға  қатты  әсер  етеді.  Кітаптан  оқыған  немесе  бұрыннан  белгілі 

шындықты  әңгімелеу,  түсіндіру  түрінде  өткен  сабақтарға  қарағанда,  мұндай 

сабақтарда  оқытушының  белсенділігі  мен  шығармашылығы  аса  қажет. 

Оқытушының пікірсайысқа араласуы түрліше болуы мүмкін, бірақ ол өз пікірін 

күштеп  таңуға  тиіс  емес.  Ол  пікірсайыс  барысында  нәтижелі  ойлау  мен 

шығармашылық  ізденісті  қажет  ететін  келелі  мәселелерді  туғыза  отырып, 

оқушылардың ортақ  мақсатқа бірлесе қол жеткізуін қамтамасыз етуге, оқушы 

мен  мұғалім  арасындағы  қарым-қатынастың  тең  демократиялық  жағдайын 

қалыптастыруға,  оқушылардың  басты  проблеманы  бірігіп  шешуіне,  бірлесе 

тәжірибе жинақтауларына және әр оқушының өз тарапынан нәтижелі шешімге 

 


жетуіне мүмкіндік туғызуы қажет.  

Интерактивті  оқыту  оқушылардың  еркін  тілдік  қатынасқа  түсуіне, 

танымдық, қатысымдық, сондай-ақ топпен тіл табыса әрекет ету қабілеттерінің 

жетілуіне, қойылған проблемаларды оң шеше алуына, әрбір мәселеге деген өз 

ой-пікірін  дұрыс,  анық,  дәлелді  жеткізуіне  ықпал  етеді.  Сонымен  қатар  әрбір 

оқушы  ортақ  мақсатқа  негізделген  әрекеттерді  орындау  барысында  жүзеге 

асатын тілдік қатынаста, біріншіден, өз мүддесіне сай тілдесімнің мақсаты мен 

маңызын  анықтауға,  екіншіден  сөзінің  қисыны  мен  дәлдігін  мөлшерлеуге, 

үшіншіден  пікірін  дәлелді,  дәйекті,  түсінікті  жеткізуге  дағдыланады. 

Оқушылардың  белгілі  бір  табысқа  жетуіне,  танымдық  қызығушылықтарының 

дамуына,  дүниетанымдық  көзқарасының  қалыптасуына,  коммуникативтік 

мәдениетін  тәрбиелеуіне,  өзін-өзі  бағалауына  септігін  тигізеді,  оқушылардың 

сабақта  ізденуіне,  дара  тұлғалық  қасиеттерінің  дамуына,  шешімді  таңдаудағы 

еркіндігіне жол ашады, түрлі жағдаяттардан жол тауып шығуға үйретеді. Осы 

мақсаттарға  жету  үшін  сабақтың  ұйымдастырылуы,  әдістері,  педагогикалық 

ұстанымдары дұрыс болуы тиіс.  

«Дидактика  білім  мазмұнының  ғылыми  негізін,  оқыту  әдістерін 

ұйымдастыру  формаларын,  яғни  нені  оқыту,  қалай  оқыту  жайын  зерттейді. 

Демек  дидактика  білім  мазмұнын  анықтау,  оқыту  процестерінің 

заңдылықтарын  ашу,  оқытудың  ең  тиімді  әдістері  мен  ұйымдастыру 

формаларын  табу  проблемаларын  шешіп  отырады.  Осы  мәселелер  жөнінде 

өзінің принциптерін белгілейді. Дидактикалық принципте, оқу – тәрбие ісінде 

басшылыққа  алынатын  педагогикалық  қағидада  оқытудың  мазмұнына, 

ұйымдастыру формасына қойылатын талаптар белгіленеді» [5].  

Оқыту процесін ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар ұжымы 

бір жағынан оқыту обьектісі, екінші жағынан оқыту субьектісі болады. Мұғалім 

мен  оқушы  арасындағы  қарым-қатынас  арқылы  ақпарат  алмасуы, 

ынтымақтастық немесе бірлестік іс-әрекеті оқыту процесінің табысты болуына 

игі  ықпал  етеді.  Оқытудың  мазмұны,  мақсаты,  формалары  мен  әдістері, 

нәтижесі  сияқты  компоненттері  бір-бірімен  байланысты  іске  асырылса, 

педагогикалық  процесс  оң  нәтиже  береді.  Осындай  нәтижеге  жету  үшін 

оқытуға  қойылатын  талаптардың  бастапқы  жүйесін,  яғни  оқыту  процесінің 

ұстанымдарын басшылыққа аламыз.  

Тарихи  дамудың  әр  кезеңі  жаңа  дидактикалық  ұстанымдарды  ұсынады. 

Қазақ  тілін  өзге  тілді  ұлттарға  оқыту  әдістемесін  әлем  әдістемесіне 

сәйкестендіру  әдістемеде  бұрыннан  белгілі  ұстанымдармен  бірге  басқа  да 

ауқымды ұстанымдардың өмірге келгенін көрсетеді. Оқу ұстанымдары өтілетін 

тақырыпқа  байланысты,  тілдің  жекелеген  тақырыбының  ерекшеліктеріне 

байланысты туындап, қолданылады.  

Оқытудың ғылымилық ұстанымы. Бұл ұстаным оқу бағдарламаларын, 

оқулықтарды  құрастыруда  еске  алынуы  қажет.  Үйретілуге  тиіс  тілдік 

материалдар  қазақ  тіл  білімінің  соңғы  жетістіктеріне  негізделуге  тиіс.  Яғни 

әдістеме  тұрғысынан  әбден  ойластырылған  ғылыми  жүйеде  берілуі  керек. 

Берілген тілдік материалдардағы, мәтіндер мен жаттығулардағы терминдердің 

анық  болуы  және  олардың  оқушының  түсінуіне  қиындық  туғызбауы 

 


қарастырылады. Тілдік мәтіндер ғылымның соңғы жаңалықтарына негізделген, 

жаңа  ақпараттарға  толы,  дұрыс  сарапталуы  қажет.  Оқушының  білімі  оқулық 

көлеміндегі  білім  деңгейінде  қалып  қоймауы  тиіс.  Осы  ретте  оқытудың 

ғылымилық ұстанымы зор рөл атқарады.  



Оқытудың  көрнекілік  ұстанымы.  Тіл  үйретуде  көрнекілік  ұстанымына 

сүйенбеу  мүмкін  емес.  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында: 

«Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын 

меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» деп көрсетілген [4]. Солардың бірі білім 

беруді  ақпараттандыру  барысында  дидактикалық  және  оқыту  құралы  болып 

табылатын  –  компьютер.  Сондықтан  кез  келген  білім  беру  саласында 

мультимедиалық  оқыту  құралдары  пайдаланылады.  Бұл  бағытта  ақпараттық 

технологияны  оқыту  үрдісіне  енгізу  бағытында  қолданылатын  жаңа 

технологиялардың  бірі  –  интерактивті  тақта  болып  табылады.  Интерактивті 

тақта  арқылы  интерактивті  сабақтардың  кез  келген  түрін  өткізудің  мүмкіндгі 

мол.  Мұғалім  алдын  ала  тақырыпқа  байланысты  және  қарастырылатын 

сұрақтар  бойынша  презентациялық  материалдар  дайындайды.  Слайдтарға 

талқылауды  қажет  ететін  негізгі  сұрақтарды,  сабақта  белсенділік  пен 

қызығушылықты  тудыратын  тақырыпты  түгелдей  ашуға  қажет  ақпараттық 

обьектілерді кіргізеді. Сонымен қатар тірек сызбалар мен кестелер, картиналар 

мен  суреттерді  т.б.  көрнекіліктерді  орынды  пайдалану  оқушыларды 

байқағыштыққа,  оймен  топшылауға,  ойлау  шеберлігіне  төселуге  үйретеді. 

Сонымен  қатар  тілдік  материалды  дәл,  анық  түсіндіруге,  сабақтың  сапасын 

жақсартуға  ықпал  етеді.  Оқушылардың  сөйлесім  әрекетінің  түрлері  бойынша 

(тыңдалым,  айтылым,  оқылым,  жазылым,  тілдесім)  тілдік  және 

коммуникативтік дағдылары мен біліктерін қалыптастырып, дамытады. Көрнекі 

құралдар  оқушыларды  қызықтыру  құралы  қызметін  атқарады  және  тілдік 

мәліметтің ұзақ сақталуына әсер етеді.  

Саналылық  пен  белсенділік  ұстанымы.  Саналылық  пен  белсенділік 

дегеніміз  білімді  саналылықпен  белсене  қабылдап,  оның  өмірмен  және 

практикамен  байланысын  тереңдету,  оқылатын  фактілер  мен  құбылыстардың 

мәніне түсіну. Тіл заңдылықтары мен ережелерін жаттанды түрде емес, саналы 

түрде меңгеру. Пікірсайыс, сұхбаттасу кезінде меңгерген жаңа сөздер мен сөз 

тіркестерін пайдалана отырып, тақырып аясында өз ойын жаттанды түрде емес, 

өз сөзімен әңгімелеу. Білімді саналы түрде меңгеру оқушының білімнің, оқудың 

қажеттілігін  ұғынудан,  нақты  тілдік  материалды  дұрыс  түсінуден, 

жауапкершілікті  сезінуден  басталады.  Игерген  тілдік  білімін  сөйлей  білуде 

орынды пайдаланған оқушының әр сөздің мағынасы мен мәніне терең ойланып 

көңіл  бөлуі,  сезінуі  арқылы  ғана  тілді  меңгеруі  мүмкін  болады.  Осылайша 

саналы түрде еңбек еткен оқушыда тілге, білімге деген қызығушылық оянып, 

белсенділігі  артады.  Тілдік  материалдардың  дұрыс  таңдалуы,  талқыланатын 

тақырыптардың  оқушы  жасына  лайықты,  өзекті,  қызықты  болуы,  мұғалімнің 

теориялық,  психологиялық  білімінің  терең,  әдістемелік,  педагогикалық 

шеберлігінің  мықты  болуы,  сабақты  дұрыс  ұйымдастыра  білуі,  оқытудың 

неғұрлым  озық  әдіс-тәсілдерін  пайдалануы  тілді  саналы  және  белсенді 

меңгертуді қамтамасыз етеді.  

 


Теорияны  тәжірибемен  байланыстыру  ұстанымы.  Бұл  ұстанымның 

қазақ тілін үйретуде алатын орны үлкен. Қазақ тілінен алған теориялық білімді 

күнделікті  өмір  қажетіне  қолдана  білу  теорияны  тәжірибемен  байланыстыру 

ұстанымы болып табылады. Яғни, бұл ұстаным қазақ тілінен алған теориялық 

білімін  сөйлеуде  қолдануға  жаттықтырады.  Бұл  ұстаным  бойынша  мұғалім 

теориялық  білімді  меңгерте  отырып,  оқушылардың  өз  ойларын 

байланыстырып,  жүйелі,  бірізділікпен  жеткізе  білуіне,  дұрыс  сөйлеу 

икемдіктерін қалыптастыруға көңіл бөлуі тиіс. Сонда ғана тіл саласынан алған 

теориялық  білім  сөйлеу  жағдайына  септігін  тигізеді.  Осы  тұрғыдан  келгенде, 

теориялық  білімді  тәжірибемен  ұштастыру  іскери  ойындар,  рөлдік  ойындар, 

пікірталас,  т.  б.  диалогтық  қатынаста  оқушының  байланыстырып  сөйлеуін 

дамытуға,  өз  ойын,  пікірін  еркін  жеткізуге  дағдыландыратын  түпкі,  ең  басты 

қағида  болады.  Интерактивті  оқыту  тәжірибесінде  білім  мазмұнының  тек 

оқушының  білімін,  іскерлік  дағдысын  қалыптастыру  мақсатын  ғана  көздеп 

қоймай,  сол  білімнің  оқушының  шығармашылық  жеке  тұлғасын  дамытуға, 

логикалық  ойлау  қабілетінің  ұшталуына,  өздігінен  білім  алуға  құштарлығын 

оятуға  ықпал  ету  жағына  ерекше  көңіл  бөлінеді.Оқушы  тілдік  жағдаятта 

қаншалықты  деңгейде  тілдесім  жасай  алатындығын  аңғарып,  өз  білімінің 

деңгейін бағалау және бақылау дағдысын меңгереді.  

Түсініктілік  ұстанымы  оқытуды  оқушының  дайындық  деңгейіне  сай 

ұйымдастыруды  талап  етеді.  Оқу  материалына  дәл  анықталған  материалды 

енгізуді,  оқушылар  меңгере  алатындай  ғылыми  терминдер  мен  ұғымдарды 

пайдалануды көздейді. Бұл ұстаным негізінен, оқулықтағы тілдік, практикалық 

материалдардың  тілінің  түсініктілігімен  тікелей  байланысты.  Егер  материал 

оқушының  түсінуіне  ауыр  болса,  онда  олардың  тіл  үйренуге  деген  ынтасы 

төмендейді.  Әрине,  бұл  оқушыға  тым  жеңіл  материал  беру  керек  дегенді 

білдірмейді. Бұл ұстанымның өзіндік заңдылығы бар.  

 

Жеңілден қиынға көшу.  



 

Қарапайымнан күрделіге өту.  



 

Белгіліден белгісізге өту.  



Яғни, мұғалім оқыту барысында әрбір оқушының таным мүмкіндіктеріне, 

материалдарды игеру қабілеттеріне, ойлау қабілеттерінің даму деңгейіне назар 

аударуы керек. Сыныптағы барлық оқушылардың жасы шамалас болғанымен, 

олардың мінез-құлықтары, жалпы психикалық қабілеттерінің дәрежелері бірдей 

емес.  Мұғалім  осыны  ескере  отырып,  оқушылармен  жеке  жұмыстар  жүргізіп, 

білімі  төмен  балаларға  жеңіл  тапсырмалар  беріп,  кейінірек  оны  қиындату 

арқылы деңгейлеп көтеруі керек.  

Оқытудың  жүйелілік  ұстанымы  дегеніміз  оқу  материалдарының 

логикалық  жағынан  бірізбен  сатылай  құрылу,  берілу  тәртібі.  Қазақ  тілін 

оқытуда әрбір тақырып әдістемелік жүйемен талданады. Тілдік тақырыптардың 

өтілу  тәртібін  сақтай  отырып,  өтілген  материал  мен  жаңа  материал 

байланыстырылады.  Осының  нәтижесінде  тілдік  материалдар  бірін-  бірі 

толықтырып, аясын кеңейтіп отырады. Жүйелілік ұстанымы жаңа материалды 

түсіндіруде,  білім  мен  дағдыларды  бекітуде,  тексеруде,  пысықтау  мен 

қайталауда,  үй  тапсырмасын  беруде  және  оны  тексеріп,  еске  түсіруде  іске 

 


асырылады.  Тілді  меңгертуде  оқытудың  жүйелілік  ұстанымы  міндетті  түрде 

басшылыққа  алынады.  Сонда  оқушылардың  сөздік  қоры  молайып 

интерактивтік қарым-қатынаста еркін сөйлеу дағдылары қалыптасады.  

О

қушылардың 



психикалық 

дара 

ерекшеліктерін 

ескеру 

ұстанымдары.  Интерактивті  оқыту  барысында  оқушылардың  психикалық 

қасиеттері,  оқуға  бейімділігі  мен  икемділігі  ескеріледі.  Оқушылардың  жеке 

тұлға ретіндегі субьектілік ерекшеліктері де (жасы, жынысы, интеллектуалдық 

дамуы,  қабілеттері,  жеке  адам  талабының  дәрежесі,  өзін-өзі  бағалауы,  басқа 

оқушылармен  өзара  қарым-қатынасы)  ескерілуі  тиіс.  Мұғалім  тілдік 

тапсырмаларды  олардың  психикалық  дара  ерекшеліктерін  ескере  отырып, 

деңгейіне байланысты саралап беруі қажет.  

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет