Қазақстан Республикасы ұлттық тұтастығымызды қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет1/24
Дата05.03.2023
өлшемі0,81 Mb.
#71691
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
annotation20277




КІРІСПЕ 
Қазақстан Республикасы ұлттық тұтастығымызды қалыптастыру 
мақсатында шет елдердегі қандастарымыздың этникалық тарихын, дәстүрлі 
мәдениетінің сақталуын, өзгерісін, бөгде ортадағы этникалық және 
этномәдени үдерістерін ғылыми талдауды маңызды міндет етіп қояды. 
Елбасы Н.Ә. Назарбаев дүние жүзі қазақтарының ІІ құрылтайында жасаған 
баяндамасында: «Дүниеде қазақ деген ұлт біреу, демек оның ұлттық 
болмысы, салт-санасы, әдет-ғұрпы – барша қазаққа тән, оның ғажайып мол 
рухани қазынасы да – бөліп-жаруға жатпайтын ортақ байлық. Cондықтан 
сырттағы қазақтың әдебиеті, мәдениеті, өнері деген қолдан жасалатын шек-
шекара болмауға тиіс, тағдырдың жазуымен туған топырақтан шеттеп кетуге 
мәжбүр болған ата-бабаларымыз бен олардан тараған ұрпақ жасаған мол 
рухани қазынаны шашпай-төкпей жинап алуымыз, оны атажұртта және 
барша әлемге таныстыру аса маңызды шаруа», - деп көрсетті 1, 8 б. . Осыған 
байланысты бүгінде мемлекетіміз сырттағы қазақтардың рухани-мәдени 
қажеттіліктерін, сұраныстарын зерттеп білу арқылы қол ұшын көрсетуде. 
Сондай шаралардың бірі 2012 ж. ҚР БҒМ 2012-2014 жж. гранттық іргелі 
зерттеу бағдарламасына жариялаған конкурста қазақ диаспорасы мен 
оралмандарға қатысты зерттеу жұмыстарына қаржы бөлу. Сондай зерттеу 
жобасының бірі 1147 «Қазақ диаспорасы және репатриация: этномәдени 
мұраларын зерттеу және тарихи Отанға бейімделу проблемалары» тақырыбы. 
Осындай мәселелерге байланысты ұйымдастырылған әр түрлі жобалар 
негізінде қазақ диаспорасы мен оралмандар мәселесі, Қазақстандағы 
этникалық үдерістердің барысы зерттеу нысаналарынан сырт қалып отырған 
жоқ. Мұның өзі мемлекетіміздің сырттағы қазақтардың тыныс тіршілігін қалт 
жібермей, олардың әлеуметтік мәдени қажеттіліктерін зерттеп білуге деген 
ұмтылыс деп білеміз. Бір жағынан шет жерлердегі қазақтардың жергілікті 
халықтар 
ықпалында 
қалыптастырған 
дәстүрлі 
мәдениетіндегі 
ерекшеліктерді, 
ұқсастықтарды 
сараптау 
Қазақстандағы 
этнология 
ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. 
Н.Ә. Назарбаев өз еңбегінде: «ХХ ғасырдың әлеуметтік сынағы 
қазақтардың туған жеріне жаппай босуына әкеп соқты. Үрейлі ғасырдың 
алғашқы он жылдықтарында құйындай ұйытқыған сұмдық қасіреттің бәрі 
жайында, төңкеріс пен азамат соғысынан бас сауғалап қашып, шөл далада, 
Алатау мен Памирдің мұзарт асуларында, Ираннан Қытайға дейінгі аралықта 
қаза тапқандар жөнінде, сан мың босқын қазақтардың толайым тағдыры 
туралы әлі ешкім бақайшақтап білмейді. Туған жерінен тыс бүкіл жер 
шарына шашырап өмір сүріп жатқан бес миллионға жуық қандастарымыздың 
қандай қайғылы да қорлықты жолдан өткенін бүгінгі көзі тірілердің 
ешқайсысы да өз деңгейінде барша қасірет-қайғысымен бейнелеп бере 
алмайды», - деп жазды 2, 140 б. . Иә, ақиқатында төл Отанынан жырақта 
жүрген қазақтың қай қайсысы болмасын тарихтың зобалаңынан талай қиын 
қыстау күндерді басынан өткізген. Сондықтан да осы сырттағы қазақтардың 



төл отанынан жырақта жүру себептерін, егемендік алғаннан кейін өз туған 
атамекендеріне көшіп келіп, осы ортаға әлеуметтік-мәдени бейімделуі және 
бөгде ортадағы дәстүрлі мәдениетінің сақталуы, жалғастылығы мен өзгерісін 
талдау арқылы еліміздің тұтастығын қамтамасыз ете алар едік.
Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап елбасымыз 
шетелдерде жүрген қандастарымызды өз ата мекеніне оралуға шақырды, 
сөйтіп 1991 жылы алғашқы көштің легі басталған болатын. Қазақстан 
республикасы 
шетелдердегі 
отандастарды 
қолдаудың 
мемлекеттік 
бағдарламасын қабылдап, оларды мүмкіндігіне қарай елге қайтару не ұлттық 
сана сұранысына қарай жағдай жасауда. Осы орайда 1992 жылы дүниежүзі 
қазақтарының қауымдастығының құрылуы шетелдердегі қазақтармен 
байланыс жасауда маңызды іс-шаралар мен қызметтер етуде. Сондай ақ 
тарихи отанына қайтқысы келген қандастарымызға жағдай жасау, көші қон 
мәселелерімен айналысатын орталықтар құру т.с.с. шаралар жүргізіп 
отырғаны да белгілі. Осыған байланысты шет жерлерде тұрып жатқан 
қандастарымыздың да тұрмысын зерттеп, әлеуметтік-экономикалық және 
мәдени рухани тыныс тіршілігіндегі мәселелерді де талдап ұлт бірлігін 
нығайту тарихшы-этнографтардың бірден-бір міндеті. Сондай ақ шет 
жерлердегі қандастарымызды тарихи-этнографиялық тұрғыдан зерттеу 
олардың мәдени қажеттілік сұраныстарын қанағаттандырып қана қоймай, 
халқымыздың мәдени мұраларын жоғалтпай, қайта тірілтуге, жандандыруға, 
мәдениетіміздің озық үлгілерін насихаттауға мүмкіндік береді. Қазіргі 
кезеңдегі елімізден тысқары мекендеп отырған қазақ халқының өзін-өзі 
дамыту проблемасы тек сыртқы саясаттағы ғана емес, ҚР ішкі саясаты да 
болып табылады. Түркиядағы қазақ диаспорасының этникалық тарихы, 
этнографиялық ерекшелігі тарихи, тәжірибелік және болжамдық тұрғыдан 
алғанда да халқымыздың тұтастығы мен этникалық бірлігін сақтауда да 
өзекті тақырыпқа жатады.
Түркиядағы қазақ диаспорасының қалыптасуы мен қоныстануының 
тарихи себептерін, олардың орналасуын, санын, рулық құрамын, тұрмысы 
мен 
мәдениетіндегі 
этнографиялық 
ерекшеліктерін, 
этномәдени 
мұраларының сақталуы мен өзгерісін, бөгде ортадағы өзара ықпалдастық 
үрдісінің этникалық мәдениетке тигізген ықпалын ғылыми талдау, сонымен 
бірге 
олардың 
қазіргі 
кезеңдегі 
саяси, 
әлеуметтік-экономикалық 
проблемалармен байланысты елге оралуын сараптау маңызды мәселелердің 
бірі. Түркиядағы қазақ диаспорасының этникалық тарихы мен мәдениетін 
зерттеу Қазақстан тарихының ақтаңдақ беттерін ашуға, қазақ халқының 
тұтастығы мен бірлігін қамтамасыз етуде, еліміздің тұрақты дамуында
маңызы зор. Қазақ диаспорасының этникалық тарихы мен дәстүрлі 
мәдениетінің сақталуын, өзгерісін және ондағы бөгде ортадан қабылдаған 
этнографиялық 
ерекшеліктерді 
зерделей 
отырып, 
шет 
елдердегі 
отандастарымыздың ұлттық болмысын сақтап қалуына көңіл бөлінеді.
Бұл еңбек Түркиядағы қазақ диаспорасының әлеуметтік-экономикалық, 
мәдени дамуын жақсартуға, сонымен қатар этникалық, этномәдени даму 



үдерістерін дамытуда нақты бағдарламалар мен жобалар жасауға және 
халықаралық саясатта стратегиялық бағыттар жасауға мүмкіндік береді. 
Сондай 
ақ, 
Қазақстан 
республикасының 
ішкі-сыртқы 
саясат 
құрылымдарында халықаралық қатынастарға байланысты мәселелерде осы 
зерттеудегі тұжырымдар мен қорытындыларды басшылыққа ала алады. 
1147 «Қазақ диаспорасы және репатриация: этномәдени мұраларын 
зерттеу және тарихи Отанға бейімделу» тақырыбындағы ғылыми жоба 
орындаушылары Түркиядағы қазақтарды тарихи-этнографиялық тұрғыдан 
зерттеу мақсатында ғылыми-зерттеу іссапарымен барып, олардың Түркияға 
келгенге дейінгі ауыр да, қиын тағдыры, көші-қон бағыты, қоныс аудару 
себептері, этномәдени мұраларының сақталуы мен өзгерісі, қазіргі кезеңдегі 
этникалық даму жағдайы мен проблемалары сарапталды.
Стамбул қаласындағы Зейтінбұрын, Қазақкент аумақтарындағы қазақтар 
мен Алматы облысы Қарасай ауданындағы оралмандар арасынан Түркиядан 
келген отандастырымыздың этникалық тарихы мен мәдениетіндегі 
өзгерістер, дәстүрлілік және олардың тарихи отанға бейімделу мәселелері 
жөнінде 70-ке жуық информатордан 8 баспа табақ деректер жинақталды.
Қазіргі кезеңдегі Түркиядағы қазақтардың саяси әлеуметтік, мәдени 
проблемалары, жергілікті ортадағы ассимиляциялану үдерісі және тарихи 
отанға оралуының негізгі саяси-әлеуметтік себептері, саны, олардың тарихи 
отанда қоныстану кезеңдері мен орналасу аймақтары және төл ортаға 
бейімделу проблемалары сараланып зерттелді.
Еңбекті жазу барысында Түркия қазақтарының тарихы жөнінде және 
осыған дейінгі жазылған еңбектер мен баспасөз бетіндегі және ел арасынан 
жиналған мәліметтер негізге алынды. 
Шет елдердегі қазақтардың этникалық тарихы мен тұрмыс-мәдениеті 
жөнінде біршама зерттеулер бар, дегенімізбен де олардың этнографиялық 
ерекшеліктері, қазіргі кезеңдегі жай-күйі, тарихи Отанға бейімделу 
үдерісіндегі мәселелерді сараптайтын еңбектер жоқтың қасы деуге болады. 
Солардың қатарына Түркиядағы қазақтарды жатқызуға болады. Түркиядағы 
қазақ диаспорасы жөнінде жазылған еңбектер мен жарияланымдардың негізгі 
бөлігі қазақтардың қоныс аудару тарихына көп көңіл бөледі. Қазақтардың 
азаттық, тәуелсіздік алу жолында қытай өкіметімен соғыса отырып, Тибет, 
Үндістан, Пәкістанға қоныс аудару барысындағы қиын да азапты күндерін 
нақты деректермен баяндаған Халифа Алтайдың «Алтайдан ауған ел» деген 
еңбегінде Алтайдағы қазақтардың көші-қоны, Түркияға келу сапары, ондағы 
қазақтардың көш бойында көрген азаптары өз басынан өткен, көрген 
уақиғалары мазмұнды берілген [3].
Түркия қазақтарының аталған аумаққа 
қоныс аударуының ішкі сыртқы себептерін көрсеткен Хасен Оралтай болды. 
Ол өзінің «Елімайлап өткен өмір» [4]
атты еңбегінде Шығыс Түркістан 
қазақтарының 1930 жылдардағы халқының бостандығы үшін күрескен ұлт-
азаттық күрестерін, сондай-ақ азаттық іздеп Такламакан шөліне, Гималай 
тауына одан Түркия мен Германияға ауған кезеңдерін баяндайды. Сондай ақ 
еңбекте Синьцзяннан бастап Тибет арқылы Кашмир, Пәкістанға көшкен 



қазақтардың жол бойында көрген ауыр азабын, азаттық алу жолындағы
қайраткер азаматтардың ерлігін нақты деректермен көрсете білген. Сонымен 
қатар осы кезеңдегі қилы заманның қазақ үшін ауыр жылдар болғандығы 
Дәлелхан Жаналтайдың «Қилы заман – қиын күндер» еңбегінде де жан-
жақты көрсетіледі [5].
Оның бұл еңбегі тарихи деректермен негізделіп,
қазақтың сол бір қилы замандағы Қытайда, Үндістанда көрген азабы, қоныс 
аудару себептері, қазақтың шет жерлерде азаттық жолында күрескен 
ерліктері, ел бастаған тұлғалар жөнінде де көптеген мәліметтер береді.  
Осы кезеңде
шет елдерге ауған қазақ босқындары жөнінде де шетелдік 
зерттеушілер де қалам тартты. Солардың бірі Түркиядағы қазақ 
диаспорасының тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын алғаш зерттеушілердің 
бірі швециялық ғалым Ингвар Сванберг. Оның «Түркиядағы қазақ 
босқындары» [6] атты еңбегінде де қазақтардың Синьцзяннан Үндістан, 
Пәкістанға баруы, одан Түркияға келіп жергілікті ортаға сіңісуі, олардың 
тұрмыс-тіршілігі жөнінде жан-жақты мәліметтер береді. Оның 1989 жылы 
бұл еңбегінің бір тарауы «Казахская диаспора: Проблемы этнического 
выживания» атауымен орыс тіліне аударылған [7]. Түркия қазақтарының 
этникалық тарихы, Синьцзяннан босқын болып Индия, Пакистанға қоныс 
аударған қазақтардың ауыр тұрмысы, көрген қиыншылығы, олардың сандық 
құрылымы жөніндегі зерттеулерді Годфри Лиас өз еңбегінде жан-жақты 
баяндайды [8]. Сырттағы қазақтардың
оның ішінде
Түркиядағы қазақтар 
жөнінде шетелдік деректерді кеңінен қолдана отырып жазған Г.М. 
Мендикулованың еңбегінің маңызы зор. Ол өз еңбегінде шет елдерге ауған 
қазақтардың обьективті, субьективті себептерін көрсете отырып, Түркияға 
ауған қазақтардың қоныстану тарихының ақтаңдақ беттеріне тоқталады [9]. 
Түркиядағы қазақтардың Қытайдан Тибетке, Үндістан мен Пәкістанға көшу 
себептерін мұрағат деректерімен толықтырып, Түркия қазақтарының 
этникалық тарихын тұтастай көрсетуге бағытталған Г.М. Мендикулованың 
екінші еңбегінің ғылыми-танымдық маңызы ерекше деп айтуға болады. Бұл 
еңбекте ол шет елдік қазақтардың тарихи тағдырын мұрағат деректерімен 
дәлелдей отырып, толықтай көрсетуге тырысқан [10].
Сол сияқты белгілі 
ғалым З.Қинаятұлы өзінің «Жылаған жылдар шежіресі» атты еңбегінде 
осындай тарихи зобалаңның зардабынан қазақтың бір бөлегі Монғолияға 
ауғандығы жөнінде дәйекті деректермен негіздей отырып жазады [11]. 
Түркиядағы қазақтардың тарихи тағдырына, қазіргі кезеңдегі саяси-
әлеуметтік, мәдени мәселелеріне біршама қалам тартқан түркиялық ғалым, 
отандасымыз Абдулуақап Қараны айтуға болады. Оның «Алтайдан 
Анадолыға дейін азап шегу» [12]
т.б. мақалаларында Түркия қазақтарының 
қиын-қыстау кездердегі көрген азабы, көш бастаушылардың елді соңынан 
ерткен ерлігі жөнінде жан-жақты баяндалады. Мақалада автор өз ойын 
тұжырымдай отырып, қытай билеушілерінің қысымынан қоныс аударуға 
мәжбүр болған қазақтардың көш жолындағы көрген азабы мен тарихи 
оқиғалардың себептерін көрсетеді. 



Сондай ақ ғалым Н. Мұхаметханұлы да өз еңбегінде Тарбағатай, Іле 
және Қашқар аймағындағы қазақтардың жерлерімен қытай билігі қоластына 
өтуі, сол биліктің солақай саясаты қазақтарды босқынға ұшыратқандығы 
жөнінде де айтып өтеді [13].
Еңбекте автор Қытай елінен алынған мұрағат 
құжаттарын кеңінен пайдалана отырып, босқын болған қазақтың тарихи 
тағдырын құнды қытай деректерімен дәлелдеп жазады. 
Қытай территориясындағы Іле, Тарбағатай округтары мен Барлық
Текес, Сүмбе, т.б. аумақтарындағы қазақтардың жайылымдарына қатысты 
қытайлар үнемі қысым көрсетіп отырғандығын, белгілі ғалым К.Ш. Хафизова 
өз еңбегінде көрсете отырып, бұл жағдай қазақтардың өз қонысынан 
ығысуына әкелді дейді [14. С.157].
Ал, қазақтардың ендігі бір бөлігінің 
қытай жеріне ішкерілей ену себептерін К.Л. Сыроежкиннің еңбектерінен
көруге болады
[15]. Кеңес өкіметі мен қытай елінің солақай саясаты 
зардабынан қазақтардың жайлы жер іздеп, қонысын өзгертуге мәжбүр 
болғандығы баяндалады. 
Соңғы кезеңде Жәди Шәкенұлының «Қаралы көш» атты тарихи-көркем 
романы жарық көрді. Онда 1952-1954 жж. қазақтың Түркияға ауған сапарын 
баян қылады. Онда халықтың Алтайдан анадолыға дейін босқан қанды 
тарихы яғни бүгінгі Европа қазақтарын қалыптастыруға себепкер болған 
1930-1940 жж. аралығындағы Шың-шысайлық қырғын салдарынан Гималай 
асып, Такламаканды кесіп өтіп Алтайдан Анадолыға дейін босқын болған 
халықтың тарихы тарихи-көркем тілмен баяндалады [16].
Түркиядағы қазақтардың тарихи отанынан қоныс аудару себептері 
зерттеуде алынған материалдарға қарағанда, олардың негізгі бөлігі ХІХ ғ.ІІ 
жартысы мен ХХ ғ. бас кезеңіндегі орыс отаршыларының Қазақстан жерін 
басып алуы, жайылым жерлерден айырылған қазақтардың бір тобының 
Қытайға ішкерілей енуі, осы кезеңдердегі орыс-қытай шекарасының бөлінуі, 
ұлт-азаттық көтерілістер. Сонымен бірге Кеңес өкіметі кезеңіндегі қызыл 
террорлық саясат, Сталиннің қолшоқпары болған Ф.Голощекиннің 
зұлматтарынан туындаған кампеске (тәркілеу), ауылшаруашылығын күштеп 
ұжымдастыру, күштеп отырықшыландыру, 1931-1932 жылғы қолдан 
жасалған аштық секілді аласапыран кезеңдерде көршілес елдерге Қытай
Монғолия, Ауғанстан, Иран, т.б. жерлерге ауа көшіп, кейін келе сол елдердің 
озбыр саясатына төзе алмай жайлы жер іздеп, басқа да аумақтарға қарай 
ығысқаны әсіресе олардың бір бөлігінің Қытайдан босып Тибет, Гималай 
асып Үндістан, Пәкістан арқылы Түркияға қоныстанғаны негізделді. 
Зерттеуден шығатын қорытынды аталған елдердегі қазақтардың сол елдерде 
тұрақты мекен етуі ХХ ғасырдың 40-50 жылдары екендігі айқындалды.
Түркиядағы қазақ диаспорасының этномәдени мұраларын зерттеу 
барысында олардың қолөнер бұйымдарына байланысты көптеген 
материалдар жинақталды. Олардың негізгі бөлігі сол жергілікті ортаның 
ықпалына әбден енген. Оның бір көрінісі «арқа жастығын» жиі пайдалануы, 
сол сияқты тағамдары мен отбасылық қарым қатынастарында да айқын 
байқалатындығы зерделенді. Стамбулдағы қазақ қоғамында өздерінің мәдени 



мұрасын жоғалтпау мақсатында ертеректе киген киім түрлерін орталыққа 
тапсырған. Мұның бәрі болашақ ұрпағының мәдени мұраларын насихаттау, 
ұрпағының оны жадынан тастамауын қалағандықтан еді. Әйтсе де, бұл киім 
үлгілері бүгінде шіріп бітудің алдында тұр.
ҚР БҒМ жариялаған 2012-2014 жж. гранттық іргелі зерттеу 
бағдарламасы бойынша 1147 «Қазақ диаспорасы және репатриация: 
этномәдени мұраларын зерттеу және тарихи Отанға бейімделу» 
тақырыбындағы ғылыми жоба аясында 2012 ж. Түркияға ұйымдастырылған 
іссапардан, Алматы облысы Қарасай ауданындағы оралман қазақтардан және 
осы тақырып бойынша дайындалған 77 беттік есеп материалдары 
зерделеленіп, негізге алынды [17]. Түркиядағы қазақтардан, бірнеше рет 
Алматы облысы Қарасай ауданы мен Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш 
ауданындағы, Түркістан қаласындағы оралмандардың арасына барып 
сауалнама жүргізілді. Алынған мағлұматтар негізінде Түркиядағы 
қазақтардың елден ауа көшу себептері, көші-қон тарихы, бағдары 
этномәдени мұраларының сақталуы мен өзгерісі, ерекшеліктері айқындалды. 
Сондай ақ қазіргі кезеңдегі әлеуметтік-мәдени сұраныстары мен 
қажеттіліктері, төл ортаға бейімделудегі мәселелері де қарастырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет