10. Абсолют қатты дене. Абсолют қатты дененің қозғалысының ілгерлемелі және айналмалы қозғалысы.
Абсолют қатты дене- кез келген екі нүкте аралығы, әртүрлі механикалық әсер кезінде өзгеріссіз қалатын материялық дене. Дененің онымен өзгерместей болып бекітілген түзуі өзінің бастапқы қалпына параллель болып отыратын қозғалысының ілгерілемелі қозғалыс деп атайды. Абсолют қатты дене деп кез-келген нүктелерінің арасындағы қашықтық өзгеріссіз болатын және кез-келген жағдайда деформацияланбайтын денені айтады.
Қатты дененің айналмалы қозғалысының негізгі екі түрі бар.
Қозғалмайтын О нүктесіне қатысты: онда дененің барлық нүктелері центрі О нүктесінде орналасқан концентрлі сфералар беттерінің бойымен қозғалады.
Қозғалмайтын Z өсіне қатысты: онда дененің барлық нүктелері шеңбер бойымен қозғалады, және олардың центрлері бір түзудің, яғни айналу өсінің бойында жатады.
Теорема:
Ілгерілемелі қозғалыста дене нүктелерінің траекториялары, жылдамдықтары мен үдеулерінің әрбір уақыт кезінде мәндері мен бағыттары бірдей, яғни дене нүктелері конгруэнтті қозғалыста болады.
Қатты дененің айналмалы қозғалысы - берілген санақ жүйесінде денемен өзгермейтіндей болып бекітілген түзудің бойында жатқан барлық нүктелері тыныштық қалпын сақтайтын дене қозғалысы. Осы түзуді айналу осі дейді Қозғалмайтын z өсіне қатысты айналмалы қозғалыс жасап тұрған абсолют қатты денені қарастырайық. Осы денені ойша, массалары m1, m2, ….mn тең және өстен r1, r2, …rn қашықтықта орналасқан кішкене көлемдерге бөлеміз. Қатты дененің қозғалмайтын өске қатысты айналмалы қозғалысы кезінде массасы mi элементар көлемдер әр түрлі ri радиусты шеңберлер сызады және υi сызықтық жылдамдыққа ие болады. Абсолют қатты денені қарастырып отырғандықтан осы элементар көлемдердің барлығы бірдей бұрыштық жылдамдықпен қозғалады.
11. Тұтқыр ортадағы денелердің қозғалысы. Стокс заңы. Үйкеліс күшінің табиғат пен техникадағы рөлі.
Тұтас орта түсінігі механиканың газдардың, сұйықтықтардың, плазманың, деформацияланатын қатты денелердің қозғалысын және тепе-теңдігін зерттейтін бөлімі.
Ол гидроаэромеханикаға, газодинамикаға, пластик. теорияларға, т.б. ажыратылады.
Гидроaэромеханика - сұйықтар мен газдардың механикалық қасиеттерін, олардың қозғалысын және олардың ішіндегі қатты денелердің қозғалысын зерттейтін физиканың бөлімі. Газ және сұйық-бұл заттың әртүрлі агрегаттық күйлері, бірақ олардың ортақ қасиеті-аққыштығы бар. Сондықтан аққыш заттар механикасы үшін сұйықтар мен газдардың арасында үлкен айырмашылық жоқ. Дене тұтқыр ортада қозғалған кезде оған тұтқыр үйкеліс пен қысымның үлестірілген күштері әсер етеді. Олардың біріккен әрекеті FR нәтижелі күшінің (4.34, а-сурет) пайда болуына әкеледі, ол қарсы ағынның бағытымен (жылдамдық векторы o) және Fn көтеру күшімен сәйкес келетін Fc қарсылық күшіне ыдырауы мүмкін. . Сұйықтың (немесе газдың) ағысының екі түрін бақылауға болады. Біреуінде, сұйық, бір біріне қарасты, араласпастан сырғитын қабаттарға бөлінетін сияқты. Мұндай ағыс ламинарлы (қабатты) деп аталады. Жылдамдық немесе ағынның көлденең мөлшері артқанда ағын сипаты елеулі түрде өзгереді. Сұйықтың лезде араласып кетуі туындайды. Мұндай ағыс турбулентті деп аталады. Ағылшын оқымыстысы Рейнольдс ағыс сипатының мөлшерсіз шаманың мәніне тәуелді екендігін анықтаған:
Re vl/
мұнда – сұйықтың (немесе газдың) тығыздығы, v – ағынның орташа жылдамдығы, – сұйықтың тұтқырлық коэффициенті, l – сипаттық мөлшер. Бұл шама Рейнольдс саны деп аталады. Рейнольдс санының аз мәндері тұсында ламинарлық ағын байқалады. Re-ң қайсібір белгілі мәнінен бастап, ол кризистік деп аталады, ағын турбуленттік сипатқа көшеді.
Достарыңызбен бөлісу: |