Байланысты: 10. Абсолют атты денені оз алысыны ілгерлемелі ж не айналмал
Бернулли теңдеуі — гидромеханиканың негізгі теңдеулерінің бірі. Бұл теңдеуді швейцариялық ғалым Д. Бернулли (1700 — 1782) өзінің 1738 жылы Страсбургте жарық көрген “Гидродинамика” деген еңбегінде тұжырымдаған.
Егер ағыс жылдамдығы өте үлкен болса сұйық ішіндегі қысым теріс болуы мүмкін; бұл кезде сұйық созу күштерінің ықпалында болады. Созу күштері (сығылмайтын және созылмайтын) идеал сұйықтар үшін кез келген мәнге ие болуы мүмкін. Бірақ реал сұйықтар үшін бұл дұрыс келмейді, өйткені онда салмағы бар қатты бөлшектер мен газ бен бу бар көпіршіктері бар. Қысымның нольге жақын болып, төмендеп кету салдарынан, сұйық ағысының үздіксіздігі бұзылып, ол орындарда ішінен газ бен бу бар көпіршіктер пайда болады. Осы құбылысты кавитация дейді. Бұл төменгі қысымда сұйықтың қайнайтындығымен түсіндіріледі. Кавитацияның пайда болуы сұйықты қаптай ағатын дененің гидродинамикалық сипаттамасын төмендетіп қана қоймай оны білдіруі мүмкін.(мәселен сүңгуір қайықтың асты қалақшаларының көтеруші күші тез төмендейді).