3).Дауысты дыбыс алды – артына дауыссыздарды қойып буын жасайды: тал, төрт, бар, қас т.б. Тіліміздегі буынның осындай түрін бітеу буын дейміз. Бітеу буын тұйық буын тәрізді фонема құрамына қарай жай бітеу буын және ауыр бітеу буын болып екіге жіктеледі:
а) жай бітеу буын дегеніміз – буын жасаушы элементтің екі жағы да жалаң дауыссыздан , не кілең сонордан, не кілең салдырдан тұрады: мал, жаз, қар, зат, жең, т.б.
б) ауыр бітеу буын дегеніміз – бір жағы екі дауыссызға біткен буын: төрт, бұлт, құрт, серт, т.б.
Қазақ тілінің буын құрылысы мен буынға жіктелу жағдайы дауыссыздардың өзара қатыстарына және сөз ішінде орналасуына табиғи байланысты. Буынға буын қосылғанда жіктелу сызығының өзгеру, өзгермеуінің едәуір маңызы бар. Әуелгі буында дауысты мен дауыссыз бірге келіп, одан кейінгі буын дауыстыдан басталса, онда әуелгі буынның алдындағы дауыссыз екі дауыстының аралығында қалып, буынға жіктелгенде соңғы буынға жылысады. Мысалы : күн-ім – кү-нім, ат-ым – а-тым, жаз-ыл – жа-зыл, осындай буын сызығының бір-біріне ауысуына байланысты буын жігіндегі дауыссыздардың тіркесін және олардың бір-біріне ететін әсерін де қарауымыз жөн. Осымен бірге буын жігінің ауыспайтын және ауысатын жағдайын да анықтауымыз керек:
Ашық буыннан кейін келетін өзге буындарда буын жігі жылыспайды, ауыспайды:
а-ға, кі-сі, кі-тап, т.б.
Тұйық пен бітеу буындардан кейін келетін буындар дауыссыздан басталғанда буын
жігі ауыспайды: жас-тар, ақ-шыл, оқ-та, қол-да т.б.
Дауыссызға бітетін буындарға дауыстыдан басталған буын қосылғанда буын жігі
ауысады: ат-ы – а-ты, от-ы – о-ты, ұрт-ы – ұр-ты.
Демек, буын жігінің ауысуы екі түрлі болады: бірінде-буындар жылысады, бірінде- буындар кірігеді.
Дәріс мазмұны бойынша пысықтау сұрақтары: Екпіннің анықтамасы