Сабақтың тақырыбы: Буын. Буынның түрлері: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын Сабақтың мақсаты



Дата16.10.2022
өлшемі17,79 Kb.
#43382
түріСабақ
Байланысты:
Буын. Буынның түрлері


Сабақ жоспары
Күні: 07.04.17
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 5 «б»
Сабақтың тақырыбы: Буын. Буынның түрлері: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:  оқушылардың буын және оның түрлері туралы білімдерін кеңейту, оқушылардың өздерін қатыстыра отырып түсіндіру, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
Дамытушылық: оқушылардың буын түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру, тапсырмалар беру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, талдау.
Тәрбиелік: оқушылардың рухани білімін байыту, ойын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу, адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге, елжандылыққа тәрбиелеу.
Типі: аралас
Түрі: іскерлік дағдыны қалыптастыру.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау
Көрнекілігі: плакаттар, оқу құралдары (түрлі-түсті қағаздар, қалам т.б.), кеспе қағаздар, ойындар.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті


Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгендеу, оқушыларды сабаққа дайындау(құрал-жабдықтары, дәптер, кітап, қалам)
II. Үй тапсырмасын тексеру


Жаңа сабақты түсіндіру
Сөз бірнеше фонетикалық бөлікке жіктеледі. Балалар мектепке келді деген сөйлемде үш сөз бар. Осы сөйлемдегі сөздер естілуі жағынан Ба-ла-лар мек-теп-ке кел-ді болып бірнеше шағын дыбыс тобына жіктеліп тұр. Осындай дыбыстық топқа жіктелген сөз ағымының шағын мүшесі БУЫН делінеді.
Сөздердің әрбір фонетикалық бөлшегі болған буын бір не бірнеше дыбыстан (фонемадан) құралады: Мысалы, қант, а-ла-мын сөздеріндегі буындарды алсақ, бірінші сөз бір буыннан, екінші сөз үш буыннан құралып тұр. Бірінші сөзде буын төрт дыбыстан, екінші сөздегі бірінші буын бір дыбыстан, екінші буын екі дыбыстан, үшінші буын үш дыбыстан құралған.
Демек, буын дегеніміз – Сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек. Дауысты дыбыстың бір өзі буын бола алады. Дауыссыз дыбыстар жеке тұрып өздігінен буын құрай алмайды. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Мыс:
Буын жеке дауыстыдан және дауысты мен дауыссыз дыбыстардың тіркесінен жасалатын болғандықтан, оның құрамы үнемі бір қалыпты болмайды. Қазақ тілінде буынның үш түрі бар. Олар: 1)ашық буын, 2) тұйық буын, 3) бітеу буын.
1.Ашық буын. Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыссыздан басталып дауыстыға аяқталатын буынды ашық буын деп атаймыз: а-ға, ба-ла, қа-ла, т.б. Ашық буынның ішіндегі жалғыз дауыстыдан болған буынды жалаң буын дейміз: а-дам, а-та.
2. Тұйық буын. Дауыстыдан бастылып, дауыссызға аяқталған буынды тұйық буын деп атаймыз: ат, аз, ақ, өрт, ұл, ант, т.б.
1. Тұйық буынға жалаң буын қосатын болсаң, онда буын жігі өзгереді: өрт+і=өр-ті, оқ+ы=о-ғы, еп+і= е-бі.
2. Бітеу буын. Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған (дауысты дыбыс ортада келетін) буынды бітеу буын дейміз: тал, төрт, бар, жаз, кел, кең, қант, т.б.
Сөздік қорды құрайтын түбір сөздердің көбі тұйық және бітеу буынды болып келеді. Ашық буынның өз алдына сөз болуы өте сирек.
ІҮ. Оқулықпен жұмыс. 296-жаттығу. Мәтіннен тарихи сөзді тауып, буынға бөліп жаз.
Киіз үйді құрып үйренуіміз керек. Ол үшін алдымен киіз үйдің негізгі қаңқасы кереге, уық, шаңырақ, сықырлауықты құрып алайық. Ол үшін алдымен сұрақтарға жауап берейік.
1. Қандай дыбыс буын құрай алады?
3. Буынның түрлерін ата?
4. Ашық буын дегеніміз не?
5. Тұйық буын дегеніміз не
6. Бітеу буын дегеніміз не?
Слайдпен жұмыс
І Берілген ұлттық тағамдарды топқа бөліп дұрыс орналастыр және
3 сөзге фонологиялық талдау жаса.
1. Ұлттық тағам (ет тағамдары, сүт тағамдары, ұн және дақылдардан жасалатын тағамдар)
( Бесбармақ, қазы, қарта, қуырдақ, сірне), ( айран, қатық, балқаймақ, уыз, шұбат, ірімшік, қымыз, кілегей, қаймақ), (талқан, бауырсақ, бидай, майсөк, нан, жент)
1. «Бесбармақ» 1.Айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай аралас буынды сөз. Себебі сөздің құрамындағы дауысты дыбыстар жуан және жіңішке болып араласып келіп тұр.2. Бұл сөз бес-бар-мақ болып үш буынға бөлінеді. Себебі, сөздің құрамында үш дауысты дыбыс бар. Бес-бар-мақ буыны – бітеу буындар. Себебі, буындар дауыссыз дыбыстардан басталып, дауыссыз дыбыстарға аяқталып тұр. (3 б.б)
2. «Қазы» . 1.Айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай жуан буынды сөз. Себебі сөздің құрамындағы дауысты дыбыстар – жуан дауыстылар.2. Бұл сөз қа-зы болып екі буынға бөлінеді. Себебі сөздің құрамында екі дауысты дыбыс бар. Қа-зы буыны ашық буын. Себебі, буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталып тұр. (2 а.б)
ІІ.Ұлттық киім (бешпент, камзол, тон, шапан, ішік, жадағай, шекпен, тымақ, құлақшын, бөрік, кимешек, орамал, малақай, жаулық) әр топ бір сөзге Математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру, бір топ Дауысты дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме бер , бір топ Дауыссыз дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме бер
ІV Сабақты меңгерту
1. Орфоэпиялық заңдылықпен жазылған сөзді табыңыз:
А) жұлын
В) құман
С) жұлұн
2. Қай сөз орфографиялық нормаға сай жазылған?
А) Біріңғай
В) Жаңғожа
С) Жанпейіс
3. сөз бен қосымша арасындағы кейінді ықпалды табыңыз:
А) Менің қазақ тілін үйренгім келеді
В) Менің сұрағаным бола қоймады.
С) Су айнадай тап - таза екен.
4. Естілуі бойынша жазылған сөзді табыңыз
А) хайуан
В) тайаныш
С) жиналыс
5. Орфоэпия бойынша жазылған сөзді табыңыз:
А) күндүз
В) Сарыағаш
С) кемеңгер 
VI. Үйге тапсырма:
Буын және буын түрлері туралы тақырыпты оқу, ереже жаттау,
302,303 -жаттығу.
VII. Бағалау
Әдіскер:
Пән мұғалімі:
Баға:

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет