10-дәріс кәсіпкерліктегі маркетинг



бет2/4
Дата10.12.2023
өлшемі246,57 Kb.
#136154
1   2   3   4
Байланысты:
12-дәріс МООК

Сатуды арттыру құралдары:
    • телефон қоңырауы
    • жарнамалық тарату
    • электронды хат
    • СМС-хабарлама
    • қосымша ынталандыру ұсынысы

«Ұйықтап жатқан тұтынушылар» – бір кездері оның қызметтерін пайдаланған, бірақ кейін белгісіз себептермен келмей қалған тұтынушылар болса, себебін тауып, қарым-қатынасты қайта жандандыру құралдары:
Сату түрлері
    • белсенді сату – сіз клиенттерді өзіңіз іздейсіз және қажеттілік тудырасыз.
    • пассивті сату – клиенттерге сіздің тауарыңыз, қызметіңіз қажет болады және сізді олар өздері іздеп табады.
    • адал сату – ұзақ мерзімді әрекеттестікке бағытталған сату
    • агрессивті сату – бір жолғы табыс алуға бағытталған сату
    • тікелей сату –клиентке тікелей делдалсыз сату
    • жанама сату – соңғы клиентпен байланыс жасамай, делдалдар арқылы сату, оған телефонмен сату кіреді
    • бейтаныс адамдарға сату – ұсынылған өнімге қызығушылық танытпаған және сатушымен қарым-қатынас жасауды күтпеген клиенттерге сату
    • таныстарға сату – ұсынылатын тауар туралы білетін, әрекеттесуге қызығушылық танытқан және мәмілеге даяр бұрыннан бар немесе жаңа клиенттерге тауар сату
    • мессенджерлер арқылы сату

Сегмент бойынша сату түрлері
B2B (business-to-business) – сатушы және сатып алушы ретінде заңды тұлғалар танылатын сату түрі.
B2C (Business-To-Consumer) – нарықтың жаппай сегменті, бұл жерде сатушы заңды тұлға, ал тұтынушы жеке тұлға болады.
C2C (consumer-to-consumer) – жеке тұлғалар арасында жасалатын сату түрі.
B2G (business-to-government) – нарықтың өте ірі сегменті, мемлекеттік келісім шарттар, сатушы ретінде бизнес, ал сатып алушы ретінде мемлекет болады.
G2B (Government to Business) – мемлекет сатады, ал бизнес сатып алады.
Сату кезеңдері
1. Байланыс орнату (назар аударту). Сатушының клиентпен тікелей қарым-қатынас жасауы арқылы жүзеге асырылады. Мақсаты - қарым-қатынас жасау үшін жағымды атмосфера құру.
2. Қажеттілікті анықтау. Сатушының алдында өзекті мәселелерді, клиенттің қажеттіліктері мен тілектерін анықтау міндеті тұр. Бұл жерде тек сауатты сұрақ қоя білу ғана емес, әңгімелесушіні дұрыс тыңдау да өте маңызды.
3. Тауарды (қызметті) таныстыру. Өз өнімі арқылы клиенттің сұранысын қанағаттандыру үшін құрылады. Өмірден алынған мысалдарды айтып, өнімге байланысты клиенттермен болған қызықты оқиғаларды әңгімелеген тиімді болады.
4. Қарсылықтармен жұмыс істеу. Cатушымен өзара әрекеттестік үдерісіндетуындауы мүмкін қарсылықтарға жауап беріп, жағымды атмосфераны сақтауға тырысу, клиентті қажетті арнаға бағыттап отыру керек. Тәжірибелі менеджерлер мен сатушыларда алдын ала дайындалған жауаптар болады.
5. Мәмілені аяқтау. Сатып алушыны жетекші сұрақтардың немесе ұсыныстардың көмегімен өнімді сынауға, тестілік тапсырысты жасауға ынталандыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет