Көрнекті жерлер - біздің заманымызға дейін жеткен, антропологиялық, археологиялық, эстетикалық, этнографиялық, тарихи, шығармашылық, ғылыми немесе көркемдік көзқарас тұрғысынан алғанда құнды топографиялық анықталған аймақтар немесе ландшафтар, табиғи, табиғи антропогендік туындылар.
Мәдени мұра нысандарының түрлері
Археологиялық - үлкен қалалардың, көне ауылдардың, тұрақтардың, бекіністердің, әскери лагерьлердің, өндірістердің, суару құрылыстарының, жолдардың, қабірлердің, діни орындардың және құрылыстардың қалдықтары, мегалиттер, жартасқа салынған бейнелер, тарихи мәдени қабаттар, бұрынғы соғыс далалары, алғашқы және көне адамдар тіршілігінің қалдықтары;
Тарихи - үйлер, құрылыстар, олардың кешендері (ансабльдері), жекелеген қабірлер және қорымдар, маңызды тарихи оқиғалармен, әйгілі тұлғалардың өмірі және қызметімен, халықтардың мәдениетімен және тұрмысымен байланысты көрнекті жерлер;
Достарыңызбен бөлісу: |