10 Дәріс: Микроорганизмдер генетикасы


Қалыпты микрофлора қызметі



бет6/9
Дата14.10.2023
өлшемі13,46 Mb.
#114038
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
4-Дәріс

Қалыпты микрофлора қызметі:

  • механикалық қорғаныс (үлбір қабат түзуі)
  • антогонизм
  • иммундық жүйенің жетілуіне әсер етеді
  • Фагоцитоз

    Фагоцитоз

    • Негізгі функциясы:
    • қорғаныстық
    • ұсыну ( таныстырушылық),
    • секреторлық ( ИЛ-1)
    • Фагоцитоз сатылары (стадиялары):

    • Хемотаксис
    • Адгезия
    • Эндоцитоз
    • Фаголизосомалар пайда болуы
    • Жасуша ішілік қорытылу

    Фагоцитоз (сызбанұсқа)

    Фагоцитоз стадиясы (адгезия)

    C.albicans-пен фагоциттелген фагосома

    Фагосомалар және фаголизосомалар

    Фагосолизосома (нейтрофильді лейкоцит)

    Гуморальдық факторлар.

    Лизоцим- термостабильді ақуыз ( мурамидаза). Мононциттер және тіндік макрофагтар бөліп шығарады. Гр (+) бактерияларға айқын әсер етеді.

    Компонент жүйесі- қан сарысуының құрамында 20- дан астам реттеуші ақуыздардан тұрады ( С1,С2,С3... деп белгіленеді).

    Комплементтің белсендірілуі (активация) жолдары:

    • классикалық ( инфицирлеуші фактор-АГ+АД кешені).
    • альтернативтік ( АГ+АД қатыспайды, бактерияларды полисахаридтері және ЛПС-нің есебінен жүреді).

    Гуморальдық факторлар.

    Цитокиндер - гормон тәріздес реттегіштер (интерлейкиндер – ИЛ-1, ИЛ-2, ИЛ-3..., интерферондар, өсу факторлары), оларды организмнің әртүрлі жасушалары өндіреді; басқа немесе осы топқа жататын жасушалардың функциясына әсер ету қабілеті болады.

    Гуморальдық факторлар.

    Антигендер (anti-қарсы, genus-тек) - шығу тегіне қарамастан адам организміне енгенде спецификалық иммундық реакция қоздыратын және оның атқарылуына қатысатын заттектер.

    Антигенге тән қасиеттер.



    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7   8   9




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет